Болашақ физика пәні мұғалімдерінің тәжірибелік дайындығының
маңызды көрсеткіштері ретінде тӛмендегілерді айтуға болады:
- Ӛлшеуіш аспаптар мен құрал-жабдықтардың құрылысын, жұмыс жасау
қағидаттарын білу;
Ғылыми физикалық
тәжірибе
Зертханалық оқу
тәжірибесі
Деманстрациялық
тәжірибе
Зерттелетін объект
(физикалық құбылыс)
ақпарат
зеттеуші
Құрал- жабдықтар
оқытушы
оқушы
Құрал-жабдықтар
Зерттелетін объект
(физикалық құбылыс)
ақпарат
Зерттелетін объект
(физикалық құбылыс)
оқушы
оқытушы
Құрал-жабдықтар
ақпарат
23
- Жетпей жатқан құрал-жабдықты балама құрал-жабдықтықтармен
алмастыру;
- Экспериментке қажетті құрал-жабдықтарды таңдау, оларды керек жерде
қолдану;
- Жарамсыз құрал-жабдықтың мүмкіндігінше ақауын жою;
Болашақ физика оқытушыларының тәжірибелік дайындығын жетілдіруде,
өзара байланысты үш кезеңді ажыратуға болады.
1. Репродуктивті кезең. Осы кезеңде студенттерге физика пәнін оқыту
әдістемесі бойынша практикум сабақтарыңда оқытушы қойған міндеттерді
шеше отырып, дайын нұсқаулар бойынша зерттеу жүргізуді ұсынады.
Жұмысқа арналған нұсқаулық зерттелінетін құбылыс теориясының
сипаттамасын, эксперименттік әдіс және экспериментальды қондырғы
сипаттамасын, сондай-ақ экспериментті жүргізудің нақты жоспарының
қысқаша сипаттамасын қамтиды. Сонымен қатар, олардың шығармашылық
қабілеттерін дамыту мақсатында эксперименттің әдіснамалық құндылығын
арттыру үшін осы немесе басқа экспериментті оңтайландыруды студенттерге
ұсынуға болады.
2. Тәжірибелік дайындықты жетілдірудің ізденіс-зерттеу кезеңінде
студенттер құбылыс теориясымен, тәжірибелік әдісімен және қондырғымен
танысқаннан кейін, оқытушы қойған мақсатқа сәйкес олар ӛз бетінше зерттеу
жоспарын құрады және бұл жағдайда студенттерге қажетті демонстрациялық
(зертханалық) жабдықтардың тізімдері ұсынылады.
3. Шығармашылық кезең, студенттердің тәжірибелік әдістерді талдаумен
қатар тәжірибелік қондырғыны зертханада бар немесе ӛздері қарапайым құрал-
жабдықтарды жасаумен немесе модельдеумен сипатталады (білім
алушылардың техникалық шығармашылығы). Оқытушы тек қадағалаушы және
бақылаушы рӛлінде болады.
Физиканы оқыту үдерісінде басты назарда болатын педагогика
саласындағы ғасырлар бойы педагогтар қауымы мойындаған дидактикалық
ұстанымдар жүйесі тӛмендегідей белгіленген:
-ғылымилық,
-саналық пен белсенділік,
-кӛрнекілік,
-жүйелік пен бірізділік,
-беріктілік
-тиімділік,
-теория мен тәжірибенің байланыстылығы [92, б. 149].
Осы ұстанымдарды жүзеге асырудағы ережелер мен физикалық
эксперименттің роліне тоқталайық.
Оқытудың ұстанымдары ӛзара байланысты, олар бір бүтін жүйені
құрайды. Осы ұстанымдарды ескере отырып, эксперименттік тәжірибелерді
орындауда маңызды рӛл атқаратын негізгі ұстанымдар ретінде біз
тӛмендегілерді басшылыққа алдық:
24
1. Ғылымилық ұстанымы. Физикадан оқу материалының мазмұнын
ғылыми сенімділікпен баяндауды қамтамасыз ету – соңғы ғылыми
жетістіктерді ескеру қажеттілігін білдіреді. Физикалық тәжірибелерді жасау
арқылы оқу материалын меңгеру процесі қазіргі ғылыми таным тәсілдеріне
(эксперимент, салыстыру, бақылау, абстрактілеу, жалпылау, нақтылау, аналог,
индукция және дедукция, анализ бен синтез, модельдеу әдістеріне), сонымен
бірге математикалық, жүйелі анализге сәйкес құрылуы тиіс.
2. Проблемалық оқыту ұстанымы. Оқу танымдық іс-әрекетінің маңызы мен
сипаттамасы жағдайында оқыту. Егер білім алушы проблемалық жағдайлармен
кездескен кезде оның шешімін табу жолдарын қарастыруда оның ойлау
белсенділігі дамиды. Мұндай дидактикалық талапты дәстүрлі тәжірибелерді
қолданудан гӛрі компьютерлік тәжірибелер кӛмегімен орындау тиімді.
3. Кӛрнекілік ұстанымы. Зерттелетін обьектілерді, олардың макеттерін
немесе модельдерін сезімдік қабылдауды ескеру және білім алушының ӛзінің
бақылау, орындау, ӛлшеу, нәтижесін алу мүмкіндіктерін ашады.
Б.Е. Акитай физиканы оқыту теориясы және әдістемелік негіздері атты
оқу құралында «Физикалық тәжірибе бір мезгілде білім берудің кӛзі, оқыту
әдісі әрі кӛрнекілік болып табылады‖-деп кӛрсетеді [89, б. 36]. Физикалық
эксперимент ӛте тиімді кӛрнекілік болып табылады. Оқыту жүйесінде Я. А.
Коменский кӛрнекілік принципін оқу материалын меңгеру құралы ретінде
қарастырып, дидактиканың алтын ережесі деп атаған. Оқушылардың
дүниетанымы негізінен кӛрнекілік арқылы жүзеге асырылады; олар заттардың
ӛзін немесе бейнесін, кӛлемін тікелей кӛріп, байқап таниды. Бұл принципті
соңғы ғылыми жетістіктер де дәлелдеді. Мысалы, кӛру органдары миға есту
органдарымен салыстырғанда 5 есе, сипалау органдарымен салыстырғанда 13
есе кӛп ақпарат ӛткізеді екен. Кӛз арқылы алған мәліметтерді адам жеңіл, тез,
берік есте сақтайды [91, б. 153-154]. Физикалық тәжірибелерді орындау кезінде
ондағы болып жатқан процестер оқушылардың сезім мүшелеріне (кӛру, есту,
иіс сезу) тікелей әсер етіп құбылыстың мида тұтастай бейнеленуіне жағдай
жасайды (сурет 2), оқушылардың қызығушылығын арттырып және есте сақтау
қабілеттерін шыңдайды.
25
Сурет 2 – Ақпаратты қабылдау сапасының сабақтың түріне байланысты
Кӛрнекілік принципін жүзеге асыру үшін қолданатын ережелерге және осы
ережелерді орындаудығы физикалық эксперименттің роліне тоқталып ӛтейік.
-
"Алтын ереже": кӛруге болатынды - кӛрсету, есіте алатынды - естірту,
сезіне алатынның бәрін - оқушылардың сезім мүшелеріне сездірту, түйсік
туғызу. Физика сабақтарында бұл ережені орындау физикалық тәжірибелердің
кӛмегімен мүмкін болады. Мысалы: Толқынның интерференциясын судағы
беттік толқындар арқылы кӛрсету, тон биіктігі бойынша әр түрлі диапазондағы
дыбыстарды естірту, дифузияның ауадағы жылдамдығын анықтау тәжірибесі
арқылы иіс сезу сезімдерді де пайдаланып зерттеліп жатқан процес жайлы
түйсіктің мида оңай бейнеленуін қамтамасыз етуге болады.
-
Оқушылар тікелей түйсіну, кӛру, есту мүшелері арқылы әртүрлі
заттардың формасын, түсін, кӛлемін, бейнесін кӛріп, дыбысын естуі негізінде
оларда ой пайда болады.
-
Оқушылар заттың немесе құбылыстар мен оқиғалардың бейнелерін,
кӛлемін, түр-түстерін сӛзбен емес кӛру арқылы әрі жеңіл, әрі тез есте
сақтайтынын қамтамасыз ету. Физиканы оқыту үдерісінде бұл ережені орындау
үшін де физикалық тәжірибеге жүгінеміз. Мысалы барометр анероидтың
жұмыс жасау қағидаттарын түсіндіру кезінде кітапта кӛрсетілген
мағлұматтармен ғана шектелмей барометрдің ішкі құрылысын, атмосфералық
қысым ӛзгергенде әр бір бӛлшегінің атқаратын қызметін кӛру сезімдері арқылы
кӛрсету.
26
-
Қолданылатын кӛрнекі құралдардың ӛмірмен байланысын қамтамасыз
ету. Бұл ережені демонстрациялық тәжірибе арқылы орнындауға болады.
Мысалы: қатты денелердегі қысым тақырыбына жасалынған тәжірибеден кейін
(тақтайға жартылай қағылған шегелерді құмға түсіретін қысымын кӛрсету)
«пышақты, балтаны не үшін қайраймыз?» деген сұрақтар қою арқылы тұрмыста
жиі қолданылатын іс-әрекеттермен байланыс құруға болады.
-
Кӛрнекілік - кӛрсету мақсатында емес, логикалық ойлауды дамыту
құралы ретінде пайдаланылады. Бұл ереже логикалық тапсырмалардан тұратын
зертханалық жұмыстарды орындаған кезде жиі қолданылады. Немесе
демонстрациялық тәжірибелерді орындау кезінде арнайы логикалық сұрақтар
қою арқылы кӛрсетілген тәжірибенің ӛмірде қолданылып жүргенін кӛрсету.
- Оқушылар заттарды қолымен ұстап, кӛлемін, түр-түсін байқап, кӛзімен
кӛруге және әр түрлі дыбысын естуге жағдай туғызу. Бұл ереженің
орындалуына мынадай тәжірибелерді мысалға алсақ болады: Жиіліктің
ӛзгеруіне байланысты дыбысты сипаттайтын шамалардың қалай ӛзгеретінін
демонстрациялық тәжірибе арқылы кӛрсету. Ол үшін камертонның бір
камертонның ұшына инені бекітіп, осы иненің камертонды ұрған кездегі күйе
жағылған әйнекке түсіретін графигі арқылы дыбыс толқынының жиілігі туралы
мәлімет алып, камертонның шығарған дыбысымен салыстыру керек.
- Кӛрнекілік заттар мен құбылыстардың ӛзін тікелей кӛрсетуге мүмкіндік
болмаған жағдайда да қолданылады. Кей кездері физикалық тәжірибе жасауға
физика кабинетіндегі құрал-жабдықтардың мүмкіндігі бола бермейді. Бұл
мәселені шешудің тиімді жолы вертуалды компьютерлік тәжірибелер. Сонымен
қатар қазіргі кезде дамып келе жатқан 3D принтингті айтуға болады. Бұл
технологияның ерекшеліктерін, физикалық тәжірибедегі ролін алдағы
тақырыптарда айтатын боламыз.
- Кӛрнекіліктер оқушының құбылыстарды байқауға, қабылдауға деген
ынтасын оятып, ізденіс дағдыларын қалыптастырады. Физика техникамен
тығыз байланысты. Мектептегі физика оқулықтарында кӛптеген техникалық
қондырғылырдың жұмыс жасау қағидаттары түсіндірілген. Бірақ олар
оқушылардың сезім мүшелеріне тікелей әсер етпей, кӛрсетілмей тек сӛз
жүзінде ғана түсіндіріледі. Мысалы жаңартылған оқу бағдарламасымен
оқытылатын 7-сыныптардың оқулықтарында автомобилдің гидравликалық
тежегішін алуға болады. Тәжірибелік дайындығы бар мұғалім бұл
қондырғының жұмыс жасау қағидатын демонстрациялық тәжірибе арқылы
жасап кӛрсетіп, оқушылардың қабылдауға деген ынтасын, қызығушылығын
оятады.
- Кӛрнекілік бақылай білуге, салыстыру, қатар қоя білуге, абстракты
ұғымдарды дамытып, жетілдіруге жол ашады. Физикалық тәжірибелерді
жасағанда ондағы зерттелінетін құбылыс бақыланады және осы құбылысты
сипаттайтын шамаларды әр түрлі жағдайда бірнеше рет ӛлшеп олар
салыстырылады. Зертханалық тәжірибелерде алынған нәтиже ӛңделіп
қорытынды жасалынады.
27
- Кӛрнекілік құралдарын қолдану барысында алғаш оны бүтіндей, кейін
бас және қосалқы бӛлшектерін, соңында тағы бүтіндей кӛрсету керек. Бұл
ережені орындауына мысал ретінде қандайда бір қондырғының жұмыс жасау
қағидатын түсіндіруді алуға болады. Қондырғыны бүтіндей әкеліп, оны
бӛлшектерге бӛліп және оны қайтадан жинау немесе оқушыларға жинатып кӛру
сезім мүшелерін ғана емес қолмен ұстап кӛруге де жағдай туғызуға болады.
- Кӛрнекілікті оқушылармен бірігіп жасау. Физикалық тәжірибелерді
оқушылардың ӛздері жасау, оқушылардың білім сапасын арттыруға
кӛмектеседі. Әсіресе зертханалық жұмыстарда оқушылар ӛздігінен жұмыс
жасап тәжірибенің мақсатына қол жеткізуге тырысады.
- Кӛрнекі құралдарын оқу пәндерінде нақтылы ӛз орнында оқушылардың
жас,
таным
ерекшеліктерін
ескере
отыра
пайдалану.
Физикадан
демостарциялық тәжірибелерді ұйымдастыру кезінде ӛтіліп жатқан тақырыпқа
байлынысты тәжірибелер ғана орындалады.
Сонымен физикалық тәжірибенің кӛрнекілік ретіндегі рӛлін және
педагогикадағы кӛрнекілік принципін жүзеге асыруда орындалатын
ережелермен сәйкес екеніне кӛз жеткіздік.
Достарыңызбен бөлісу: |