Курбанбеков бакытжан алимханович



Pdf көрінісі
бет14/40
Дата16.11.2022
өлшемі3.46 Mb.
#465003
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   40
sajt-kurbanbekov-dissertacija-2021-30.04.2021-sajt

4. Теория мен тәжірибенің байланыстылығы ұстанымына және оның 
ережелерін орындаудағы физикалық тәжірибелердің рӛліне тоқталайық. 
Бұл принцип философияның «тәжірибе - танымның ілкі бұлағы» 
қағидасына негізделген. Оның түбінде кӛптеген заңдылықтар жатыр: 
оқытудың сапасы мен тиімділігін тәжірибе кӛрсетеді, тексереді, анықтайды; 
тәжірибе - ақиқаттың кӛрсеткіші; тәжірибе ӛмірмен, тәжірибемен тығыз 
байланысты; теория мен тәжірибе байланысы оқу мазмұнына, әдістеріне
түрлеріне тәуелді; оқушыларды мамандыққа бағдарлау санасы жоғары болса, 
олар заманауи ӛндіріске тез икемделеді [59, б. 152]. 
Мектептегі физика сабақтарында педагогика ғылымындағы дидактикалық 
принциптерді жүзеге асыруға қажетті ережелерді орындауда физикалық 
тәжірибелердің алатын орны ерекше екеніне кӛз жеткіздік. Бұл ережелерді 
физикалық тәжірибелер кӛмегімен орындау оқушылардың қызығушылығын 
оятып, теорияны практикада орындауға үйретеді.
Болашақ физика пәні мұғалімдерінің тәжірибелік дайындығының 
маңызды көрсеткіштері ретінде тӛмендегілерді айтуға болады: 
- Ӛлшеуіш аспаптар мен құрал-жабдықтардың құрылысын, жұмыс жасау 
қағидаттарын білу; 
- Жетпей жатқан құрал-жабдықты балама құрал-жабдықтықтармен 
алмастыру; 
- Экспериментке қажетті құрал-жабдықтарды таңдау, оларды керек жерде 
қолдану;
- Жарамсыз құрал-жабдықтың мүмкіндігінше ақауын жою. 
Болашақ физика пәні мұғалімдерінің тәжірибелік дайындығын жетілдіруге 
қажеттілік ретінде 3-суретте кӛрсетілген блоксхеманы пайдаланамыз. 


28 
 
Сурет 3 – Тәжірибелік дайындықты жетілдіру үшін қажеттіліктер
 
Болашақ физика пәні мұғалімдерінің тәжірибелік дайындығы суретте 
кӛрсетілгендей Физиканың негізігі бӛлімдерінен және физиканы оқыту 
әдістемесі пәнінен зертханалық жұмыстарыды орындаған кезінде қалыптасады. 
Қазіргі қоғамда технологиялардың жедел дамуына байланысты Болашақ 
физика пәні мұғалімдерінің тәжірибелік дайындығын заманауи технологиялар 
негізінде жетілдіру қажеттігі туындап отыр.
Жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының талабы бойынша 
Майкельсон және Морли тәжірибесін компьютерлік модельдеу; электр және 
магнит энергиясының уақытқа тәуелділігін компьютерлік модельдеу; 
Электромагниттік 
толқындарды 
компьютерлік 
модельдеу; 
Нүктенің 
қозғалысын компьютерлік модельдеу; молекулалық физиканың заңын 
компьютерлік модельдеу және т.б. тапсырмалар мен тәжірибелер орындалуы 
тиіс 
[4],[5]. 
Бұл 
шынайы, 
дәстүрлі 
тәжірибелерді 
ұйымдастыру 
дайындықтарымен қатар болашақ мұғалімдерінің тәжірибелік дайындығын 
компьютерлік моделдеу саласы бойынша жетілдіру қажет екенін кӛрсетіп тұр. 


29 
ІІ. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 
2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 
қаулысында Мектептер химия, биология, физика пәндері кабинеттерімен, 
STEM-кабинеттермен 
жарақтандырылатыны 
айтылған. 
Бұл 
болашақ 
мұғалімдеріні физика сабағында оқу-тәжірибелерін ұйымдастыру кезінде
STEM элементтерін, сандық (цифрлық) құрылғыларды қолдануға дайын болу 
қажеттігін кӛрсетеді [6].
ІІІ. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында STEM 
элементтерін (робототехника, виртуалды шындықты, 3D принтинг және 
басқаларды) ескере отырып, бағдарламалау тілдерін қайта қарау арқылы орта 
білім беру бағдарламаларын ӛзектілендіру (5-11-сыныптар) мәселесі кӛтерілген. 
Бұл болашақ мұғалімдерінің физика сабағында оқу-тәжірибелерін ұйымдастыру 
кезінде робототехника, виртуалды шындықты, 3D принтинг технологияларын 
қолдануға дайын болу қажеттігін кӛрсетеді [7]. 
IV. "Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық 
және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен 
жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және 
ғылым Министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 97 бұйрығына ӛзгерістер 
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 
жылғы 29 қаңтардағы № 98 бұйрығында физика кабинетіне арналған 
жабдықтар мен құралдардың тізбесінде «Физика бойынша эксперименттерге 
арналған сандық интерактивтік зертхана» және «Физикалық эксперименттерді 
3D модельдеу бағдарламасы» кіріктірілген. Бұл болашақ мұғалімдерінің физика 
сабағында 
оқу-тәжірибелерін 
ұйымдастыру 
кезінде 
Физикалық 
эксперименттерді 3D модельдеп оқушыларға кӛрсете алатын дайындығы болуы 
қажет екендігін кӛрсетеді [7]. Бұл ӛз кезегінде Мектеп экспериментінің 
техникасы» курсының негізінде Болашақ физика пәні мұғалімдерінің 
тәжірибелік дайындығын жетілдіру ӛзекті мәселе екенін кӛрсетеді.
Біз келесі тармақшада «Мектеп экспериментінің техникасы» курсының 
құрылымы, мазмұндық ерекшеліктері және мектептегі физиканы оқыту 
мазмұнымен байланысын ғылыми әдіс тұрғыда зерделейтін боламыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет