Курбанбеков бакытжан алимханович


«Мектеп экспериментінің техникасы» курсының құрылымы



Pdf көрінісі
бет15/40
Дата16.11.2022
өлшемі3.46 Mb.
#465003
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   40
sajt-kurbanbekov-dissertacija-2021-30.04.2021-sajt

 
1.2 «Мектеп экспериментінің техникасы» курсының құрылымы
мазмұндық ерекшеліктері және мектептегі физиканы оқыту мазмұнымен 
байланысы 
Қазіргі ӛркениеттің ақпараттар ағыны тасқындап ӛсіп отырған жағдайында 
мектепте оқытудың мақсаттары мен қызметі елеулі ӛзгеріске ұшырады. Осыған 
байланысты, бүгінгі қоғам алдындағы мақсат – ӛмірдің барлық саласында 
белсенді шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу. Енді 
баладан аса кӛлемді ақпаратты игеру емес, оны нақты ӛмірде қолдана білу 
талап етіледі. Мектепте оқыту сапасы мәселесі қазіргі қоғам талаптарына да 
тығыз байланысты [58, б. 26].


30 
ХХІ ғасырдағы білімді жаратылыстану ғылымдарын меңгерген зиялы 
қауым экономиканың екі сегментінде қолданылады, олар: жоғары технологияға 
негізделген ӛнеркәсіп ӛндірісінде және ақпараттар ағынына қызмет етуде [64]. 
Жаратылыстану және техника ғылымдары саласының қарқынды дамуы елімізде 
жоғары білікті мамандар даярлауды талап етуде. Жалпы орта білім беретін 
мектептерде физика пәнінен бейіндік-бағдарлы білім бермей, бұл мәселені 
шешу мүмкін емес [105]. 
Қоғамның талаптарына байланысты біраз ӛзгеріске тап болып қазіргі 
уақытта біртіндеп әр жыл сайын қолданысқа енгізіліп келе жатқан мектеп оқу 
бағдарламалары ЖОО-да оқытылатын физиканы оқыту әдістемесі модуліндегі 
курстардың мазмұнына да ӛзгерістер мен толықтырулар әкелгені оның ішінде 
кӛптеген педагогикалық ЖОО-да оқытылып келе жатқан «Мектеп 
экспериментінің техникасы» курсының құрылымына да толықтырулар қажет 
екені анық. Ӛйткені қолданыстағы «Мектеп экспериментінің техникасы» 
курсының мазмұнына тоқталатын болсақ ондағы қолданылатын құрал-
жабдықтар мен әдебиетердің ескі екенін аңғаруға болады және жаңартылған 
мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасымен сәйкестендіру қажет. 
«Мектеп экспериментінің техникасы» курсы 5В011000–физика мамандығы 
бойынша оқитын студенттердің мектептегі физика сабағында қолданылатын 
тәжірибелерді ұйымдастыруға қажетті талаптар мен ережелерді түсіндіріп 
тәжірибелік дайындығын жетілдіруге бағытталған. Бұл курс болашақ физика 
пәні мұғалімдеріне жалпы физика курсының мехника, молекулалық физика 
сияқты негізгі курстары меңгеріліп болғаннан кейін оқытылады. Яғни жалпы 
физиканың негізгі курстары «Мектеп экспериментінің техникасы» курсының 
пререквезиттері болып табылады. «Мектеп экспериментінің техникасы» пәні 
мектеп физика курсында қарастырылатын негізгі заңдылықтарды әр түрлі оқу 
эксперименттерін ұйымдастыру арқылы зерттеуге арналған курсы. Оны оқып 
үйренуде студенттер негізгі физикалық құралдар мен құрал-жабдықтардың 
жұмыс жасау қағидаттарымен т.б. ақпараттармен танысады. Пәннің мақсаты 
студенттерді физика ғылымындағы зерттеудің негізігі әдісі болып табылатын 
эксперименттік әдіспен және оны мектептегі физика пәнін оқытудағы орнымен 
таныстыру. 
Курстың мақсаты мен міндеті:
- Физикалық оқу эксперименттіне анықтама бере отырып, олардың 
түрлері, ӛткізу әдістерімен және физикалық тәжірибелерді ұйымдастыруға 
қойылатын талаптармен таныстыру. 
- Физикалық оқу экспериментінің мақсаты мен маңызы туралы түсінік 
беру. 
- Оқу экспериментін ұйымдастыру жоспарын, физикалық теориямен оны 
зерттеудегі эксперименттің ролі және оны таңдай білуге үйрену. 
- Студенттерге техникалық құрал-жабдықтарды дұрыс қолдануға үйрету. 
- Теориялық және эксперименттік әдістерді шығармашалақпен қолданып, 
оқу материалын әдістемелік тұрғыдан дұрыс жүйелі түрде бере білу; 


31 
- Қазіргі кезеңдегі дидактикалық талаптарға сәйкес оқу экспериментінің 
барлық түрлерін дұрыс ұйымдастыра білу; 

Мектептің 
физикалық 
экспериментінің 
барлық 
түрлерін: 
демонстрациялық, лабораториялық практикумдарды қою әдістемесімен 
техникасын меңгерту. 
- Қиындығы әртүрлі деңгейдегі эксперименттік есептерді шығару 
жолдарын білу, есептерді құрастыра білу. 
- Әртүрлі аудиторияға ғылым мен техниканың жетістіктерін жеткізе білу. 
- Әртүрлі сабақтардан тыс жұмыстарды ұйымдастырып ӛткізе білу. Осы 
талаптарға сәйкес білім мен біліктілікті студенттер физиканы оқытудың 
әдістемесі бойынша ӛткізілетін әртүрлі сабақтардан алады. 
Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде 
«Мектеп экспериментінің техникасы» курсы ІІІ курс, 6-семестрде оқытылады 
және 3 кредит берілген, оның бір кредиті лекция, ал қалған екі кредит 
лабораториялық дәріс түрлеріне бӛлінген. Зерттеу кезеңіне сәйкес «Мектеп 
экспериментінің техникасы» курсының 2016 жылға дейінгі мазмұны мен 
құрылымына тоқталып ӛту үшін силлабустағы пәнді оқыту жоспарын тӛмендегі 
кестеге келтірдік (кесте 1). 
Кесте 1 – зерттеу кезеңіне сәйкес 2016 жылға дейінгі «Мектеп 
экспериментінің техникасы» курсын оқытудың жоспары 
Тақырып аттары 
Лекц
ия
Лабора
тори
я 
С
ӚЖ
С
ОӚ
Ж
1-Модуль. Физиканы оқытудағы эксперименттердің 
маңызы 
Физикалық демонстрациялық эксперимент, физиканы 
оқытудағы оның маңызы, оған қойылатын әдістемелік 
талаптар 



Фронталь зертханалық жұмыстар, тәжірибелер және 
бақылаулар, физикалық практикум, тәжірибелер және 
бақылаулар, үйде орындайтын тәжірибелер және 
бақылаулар 



2-Модуль. Мектептегі физика курсынан лабораториялық 
эксперименттер 
Сұйықтар мен газдардағы қысым 




Жылу берілу және жұмыс 




Молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары 




Термодинамика негіздері 




Электр ӛлшеуіш приборлар 




Электростатика 




Ток күші, кернеу, кедергі 




Электр бӛлгіш щит 






32 
Электромагниттік құбылыстар 




Электромагниттік индукция және ӛздік индукция, ӛздік 
индукция 




Трансформаторлар. 




Геометриялық оптика




Толқындық оптика 




Барлығы 
15 
30 
45 45 
Қазақстандағы 
және 
шет 
елдердегі 
ЖОО-дағы 
осы 
«Мектеп 
экспериментінің техникасы» курсын талдай келе курстың құрылымына 
ӛзгерістер мен толықтырулар енгізуге негізгі себептерді анықтадық: 
- Курстың қазіргі қолданыста болған нұсқасының мазмұны ескірген 
құрал-жабдықтармен жұмыс жасауға арналған, олардың кейбіреуі қазіргі 
уақытта ӛндірістен алынып тасталған. 
- Қолданылған әдебиеттердің ескі болуы, ӛйткені жоғарыда аталған 
себепке байланысты сол ескірген құрал-жабдықтармен жұмыс жасауға арналған 
нұсқаулықтар мен әдебиеттер қолданылған; 
- Курсты 
оқыту 
үдерісінде 
қазіргі 
замануи 
техникалар 
мен 
технологияларды қолдануға, және оларды таңдауға мүмкіндік туғызатын 
тапсырмалармен толықтыру; 
- Жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасымен сәйкестендіру 
қажеттілігі; 
- Тапсырмаларды орындау барысында студенттің шығармашылық 
еркіндіктің болуына жағдай жасау [106]; 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 
қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта 
білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес Негізгі орта білім 
беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «Физика» пәнінен жаңартылған 
мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы әзірленген. Бұл бағдарламада Физика 
пәнінің мазмұны 8 бӛлімді қамтиды:
1) физикалық шамалар мен ӛлшеулер;
2) механика;
3) жылу физикасы; 
4) электр және магнетизм;
5) геометриялық оптика;
6) кванттық физика элементтері;
7) астрономия негіздері;
8) әлемнің қазіргі физикалық бейнесі [107]. 
«Физика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің кӛлемі 7-9 сынып 
аралығында әр бір сынып үшін аптасына 2 сағаттан 68 сағатты құрайды. 
Ал Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық 
бағытындағы 10-11-сыныптары үшін «Физика» пәнінен жаңартылған 
мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасында «Физика» пәнін оқытудың негізгі 
міндеттері бірі ретінде «білім алушылардың интелектуалдық, ақпараттық, 


33 
коммуникативтік және рефлективтік мәдениетін дамытуға, физикалық 
экспериментті және зерттеу жұмыстарын орындау дағдыларын дамыту»-деп 
физика сабағында эксперименттің маңыздылығы айқындалып, оқу пәнінің 
мазмұны тӛмендегіше кӛрсетілген: 
1) механика;
2) жылу физикасы; 
3) электр және магнетизм;
4) электромагниттік тербелістер; 
5) электромагниттік толқындар; 
6) оптика;
7) салыстырмалы теорияның элементтері физика элементтері; 
8) кванттық физика; 
9) нанотехнология және наноматериалдар 
10) космология [108]. 
Болашақ физика пәні мұғалімдері мектепке барғанда қандай физикалық 
тәжірибелермен жұмыс жасайтынын, қандай тәжірибелерге дайын болу керек 
екенін, «Мектеп экспериментінің техникасы» курсын оқытқанда қандай 
тәжірибелерге баса назар аудару керек екенін анықтау үшін жоғарыдағы 
аталған бағдарлама бойынша мектептегі физика пәнінің мазмұнын ғана емес 
онда кӛрсетілген зертханалық жұмыстар мен практикалық жұмыстардың 
физиканы оқыту үдерісінде алатын орнын, қай сыныптарда қандай физикалық 
тәжірибелер орындалу қажет екеніне кӛз жеткізу керек. Сондықтан әрбір 
сыныпта жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасында (ЖМҮОБ) 
қарастырылатын зертханалық жұмыстар мен практикалық жұмыстарға тоқтала 
кетуді жӛн кӛрдік. 
ЖМҮОБ бойынша 7-сыныпта 
«Физика» пәні оқу жүктемесінің кӛлемі 
аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды. Бағдарламада 
кӛрсетілген зертханалық тәжірибелер мен практикалық жұмыстарды тӛмендегі 
кесте түрінде келтірдік (кесте 2).
Кесте 2 – ЖМҮОБ бойынша 7-сыныпта «Физика» пәнінің мазмұны және 
орындалатын физикалық тәжірибелер
Физика пәнінің 7-сыныптағы базалық 
білім мазмұны 
Практикалық жұмыстар 


Физика 
– 
табиғат туралы ғылым 
сапалық және сандық есептер шығару 
Физикалық шамалар мен ӛлшеулер 
сапалық және сандық есептер шығару, 
аспап шкаласындағы бӛліктің құнын 
анықтау 
№ 1-зертханалық жұмыс: кішкентай 
денелердің ӛлшемін анықтау;
№ 2-зертханалық жұмыс: физикалық 
шамаларды ӛлшеу; 
Механикалық қозғалыс 
координатаның уақытқа тәуелділік 
графигін зерттеу 


34 
2-кестенің жалғасы 


Тығыздық 
сапалық және сандық есептер шығару, 
электрондық және иіндік таразыларды 
қолданып, әр түрлі денелердің 
массасын анықтау 
№ 3-зертханалық жұмыс: сұйықтар 
мен қатты денелердің тығыздығын 
анықтау; 
Денелердің ӛзара әрекеттесуі 
сапалық және сандық есептер шығару, 
динамометр кӛмегімен ӛлшеу, 
ауырлық күшін зерттеу, түрлі 
денелердің созылуын зерттеу 
№ 4-зертханалық жұмыс; серпімді 
деформацияларды зерделеу; 
№ 5-зертханалық жұмыс: сырғанау 
үйкеліс күшін зерттеу; 
Қатты денелер, сұйықтар және 
газдардағы қысым 
сапалық және сандық есептер шығару, 
кез-келген пішінді қатынас 
ыдыстардағы бірдей және әртүрлі 
сұйықтардың беттерінің орналасуын 
зерттеу, атмосфералық қысымның бар 
екендігін зерттеу 
№ 6-зертханалық жұмыс: Архимед 
заңын зерделеу; 
№ 7-зертханалық жұмыс: дененің 
сұйықта жүзу шарттарын анықтау; 
Жұмыс және қуат 
сапалық және сандық есептер шығару, 
жұмыстың мәнін график бойынша 
анықтау ауырлық күші мен үйкеліс 
күшінің жұмысын салыстыру, 
транспорт түрлерінің қуатын бағалау 
Энергия 
сапалық және сандық есептер шығару, 
үстел теннисіне арналған шариктің 
тебілу биіктігін анықтау
Жай механизмдер 
сапалық және сандық есептер шығару, 
түсірілген күштің айналу осіне дейінгі 
қашықтыққа тәуелділігін зерттеу 
№ 8-зертханалық жұмыс: Жазық 
фигураның массалар центрін 
анықтау; 
№ 9-зертханалық жұмыс: иіндіктің 
тепе-теңдік шарттарын анықтау; 
№ 10-зертханалық жұмыс: кӛлбеу 
жазықтықтың пайдалы әрекет 
коэффициентін анықтау 
Жер және Ғарыш 
Астрономиялық таяқ жасау. 
Жұлдыздар арасындағы бұрыштық ара 
қашықтықты табу. 
ЖМҮОБ бойынша 8-сыныпта 
«Физика» пәні оқу жүктемесінің кӛлемі 
аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды. Бағдарламада 
кӛрсетілген зертханалық тәжірибелер мен практикалық жұмыстарды тӛмендегі 
кесте түрінде келтірдік (кесте 3).


35 
Кесте 3 – ЖМҮОБ бойынша 8-сыныптағы «Физика» пәнінің мазмұны және 
физикалық тәжірибелер мен практикалық жұмыстар 
Физика пәнінің 8-сыныптағы 
базалық білім мазмұны 
Практикалық жұмыстар 


Жылулық құбылыстар 
денені қыздыру үшін қажетті немесе оны 
суытқанда бӛлінетін жылу мӛлшерін есептеу, 
заттың меншікті жылу сыйымдылығын 
анықтау, заттың агрегаттық күйлері ӛзгерген 
кездегі жылу мӛлшерін есептеу, жылу 
мӛлшерінің дене массасына тәуелділігін 
зерттеу, жылу мӛлшерінің қыздыру 
температурасына тәуелділігін зерттеу, әртүрлі 
отынның жану тиімділігін бағалау 
№ 1-зертханалық жұмыс: 
әртүрлi температурадағы 
суларда араластырғандағы 
жылу мӛлшерлерін салыстыру 
Заттың агрегаттық күйлері 
сапалық және сандық есептер шығару, заттың 
фазалық ауысу графигін зерттеу, мұздың 
балқу температурасын зерттеу, булану 
жылдамдығының әртүрлі факторларға 
тәуелділігін зерттеу 
№ 2-зертханалық жұмыс: 
мұздың меншiктi балқу 
жылуын анықтау; 
Термодинамика негiздерi 
сапалық және сандық есептер шығару, ішкі 
энергияның механикалық энергияға айналуын 
зерттеу, жылулық тепе-теңдік орныққандағы 
энергияның сақталу заңын зерттеу 
Электростатика негіздері 
сапалық және сандық есептер шығару, бір-
бірінен қандай-да бір арақашықтықта 
орналасқан және жіңішке жіпке ілінген екі 
бірдей ауа шарының әрекеттесуін зерттеу, 
электроскопты жасау 
Тұрақты электр тогы 
сапалық және сандық есептер шығару, 
тізбектегі ток күшін ӛлшеу, тізбек бӛгіндегі 
кернеуді ӛлшеу, ӛткізгіш кедергісінің 
материал тегіне тәуелділігі, қыздыру 
шамының қуаты мен жұмысын ӛлшеу, 
тізбектей қосылған шамдардың ток қуатын 
зерттеу, параллель қосылған шамдардың ток 
қуатын зерттеу 
№ 3-зертханалық жұмыс: 
электр тiзбегiн құрастыру 
және оның әртүрлi 
бӛлiктерiндегi ток күшiн 
ӛлшеу; 
№ 4-зертханалық жұмыс: 
тiзбек бӛлiгi үшiн ток күшінің 
кернеуге тәуелділігін зерттеу; 
№ 5-зертханалық жұмыс: 
ӛткiзгiштердi тiзбектей 
қосуды зерделеу; 
№ 6-зертханалық жұмыс: 
ӛткiзгiштердi параллель 
қосуды зерделеу; 


36 
№ 7-зертханалық жұмыс: 
электр тогының жұмысы мен 
қуатын анықтау; 
Электромагниттік құбылыстар сапалық және сандық есептер шығару, су 
компасын (құбылнамасын) жасау, магнит 
ӛрісінің түрлі материалдар арқылы ӛтуін 
зеттеу, түрлі тиындардың магниттік 
қасиеттерін зерттеу, үйкеліс арқылы 
магниттеу, магниттің қасиетіне 
температураның әсері 
№ 8-зертханалық жұмыс: 
тұрақты магниттiң қасиеттерiн 
оқып-үйрену және магнит 
ӛрiсiнiң бейнесiн алу; 
№ 9-зертханалық жұмыс: 
электрмагниттi құрастыру 
және оның әсерiн сынау; 
Жарық құбылыстары 
сапалық және сандық есептер шығару, 
қарапайым перископты жасау, калейдоскопты 
жасау,жазық айнадағы кескінді зерттеу,ойыс 
айнаға түскен және шағылған стандартты 
сәулелердің жүрісі, жинағыш және 
шашыратқыш линзадағы негізгі сәулелердің 
жүрісі, кӛз бен фотоаппараттың оптикалық 
жүйелерін салыстыру 
№ 10-зертханалық жұмыс: 
шынының сыну кӛрсеткiшiн 
анықтау; 
№ 11-зертханалық жұмыс: 
жұқа линзаның фокустық 
қашықтығын анықтау; 
ЖМҮОБ бойынша 9-сыныпта «Физика» пәні оқу жүктемесінің кӛлемі 
аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды. Бағдарламада 
кӛрсетілген зертханалық тәжірибелер мен практикалық жұмыстарды тӛмендегі 
кесте түрінде кӛрсетуге болады (кесте 4).
Кесте 4 – ЖМҮОБ бойынша 9-сыныптағы «Физика» пәнінің мазмұны және 
физикалық тәжірибелер мен практикалық жұмыстар 
Физика пәнінің 9-сыныптағы базалық 
білім мазмұны 
Практикалық жұмыстар 


Кинематика негіздері 
сапалық және сандық есептер шығару, 
қозғалыстың салыстырмалылығы, 
денелердің қозғалысын сипаттау 
тәсілдері; 
№ 1-зертханалық жұмыс: теңүдемелі 
қозғалыс кезiндегi дененiң үдеуiн 
анықтау; 
№ 2-зертханалық жұмыс: горизонталь 
лақтырылған дененің қозғалысын 
зерделеу;
Астрономия негіздері 
Жұлдызды аспанның жылжымалы 
картасы 


37 
4-кестенің жалғасы 


Динамика негіздері 
сапалық және сандық есептер шығару, 
күшті ӛлшеудің практикалық тәсілдері, 
жердің ауырлық ӛрісіндегі дене 
қозғалысының параметрлерін есептеу, 
дененің еркін түсу үдеуін ӛлшеу; 
Сақталу заңдары 
сапалық және сандық есептер шығару, 
дененің кинетикалық энергиясының 
ӛзгеруіне қатысты күштің жұмысын 
салыстыру, денелердің соқтығысуы 
кезіндегі импульстің сақталу заңын 
зерттеу 
Тербелістер және толқындар 
сапалық және сандық есептер шығару, 
әр түрлі маятниктер тербелісінің 
периодын есептеу, еркін және еріксіз 
тербелістерді зерттеу, толқындардың 
сипаттамасын зерттеу, ұялы 
телефонның жұмыс істеу принципі, 
аналогті сигналдың берілуі, Морзе 
әліппесі 
№ 3-зертханалық жұмыс: 
математикалық маятниктің кӛмегімен 
еркін түсу үдеуін анықтау; 
№ 4-зертханалық жұмыс: беттік 
толқындардың таралу жылдамдығын 
анықтау. 
Атом құрылысы. Атомдық 
құбылыстар. 
сапалық және сандық есептер шығару 
Атом ядросы. 
сапалық және сандық есептер шығару, 
радиоактивтi элементтердiң жартылай 
ыдырау периодын есептеу 
Әлемнің қазіргі физикалық бейнесі 
ЖМҮОБ бойынша 10-сыныпта 
«Физика» пәні оқу жүктемесінің кӛлемі 
аптасына 4 сағатты, оқу жылында 136 сағатты құрайды. Бағдарламада 
кӛрсетілген зертханалық тәжірибелер мен практикалық жұмыстарды тӛмендегі 
кесте түрінде келтірдік (Кесте 5).


38 
Кесте 5 – ЖМҮОБ бойынша 10-сыныптағы «Физика» пәнінің мазмұны және 
физикалық тәжірибелер мен практикалық жұмыстар 
Физика пәнінің 10-сыныптағы базалық 
білім мазмұны 
Практикалық жұмыстар 


Кинематика 
Сапалық және мәтіндік есептер 
шығару 
№ 1-зертханалық жұмыс: кӛлбеу 
жазықтық бойымен қозғалатын дененің 
үдеуін анықтау 
Теңүдемелі қозғалыс кинематикасы 
Сапалық және мәтіндік есептер 
шығару 
№ 2-зертханалық жұмыс: ұшу 
қашықтығының лақтыру бұрышына 
тәуелділігін зерттеу 
Динамика 
Сапалық және мәтіндік есептер 
шығару 
№ 3-зертханалық жұмыс: кӛлбеу науамен 
сырғанайтын дененің қозғалысын оқып 
үйрену 
Статика 
Сапалық және мәтіндік есептер 
шығару 
№ 4-зертханалық жұмыс: бір-біріне 
бұрыш жасай бағытталған күштерді қосу 
Сақталу заңдары 
Сапалық және мәтіндік есептер 
шығару 
Сұйықтар мен газдардың механикасы 
Эксперименттік есептер шығару, 
нүктенің қозғалысын компьютерлік 
модельдеу. 
№ 5-зертханалық жұмыс: тұтқыр 
сұйықта қозғалатын кішкентай шардың 
жылдамдығының оның радиусынан 
тәуелділігін зерттеу 
Газдардың молекулалық-кинетикалық 
теория негіздері 
Сапалық және мәтіндік есептер 
шығару 
Газ заңдары 
Сапалық және мәтіндік есептер 
шығару, молекулалық физиканың 
заңын компьютерлік модельдеу 
Термодинамика негіздері 
Сапалық және мәтіндік есептер 
шығару 
Сұйық және қатты денелер 
мәтіндік есептер шығару 
Электростатика 
мәтіндік есептер шығару 
Тұрақты ток 
Сапалық және мәтіндік есептер 
шығару 
№ 6-зертханалық жұмыс: ӛткізгіштерді 
аралас жалғауды оқып үйрену 
№ 7-зертханалық жұмыс: ток кӛзінің 
электр қозғаушы күші мен ішкі 
кедергісін анықтау 


39 
5-кестенің жалғасы 


Әртүрлі ортадағы электр тогы 
Сапалық және мәтіндік есептер 
шығару 
№ 8-зертханалық жұмыс: шамның қыл 
сымының, резистордың және жартылай 
ӛткізгішті диодтың вольт-амперлік 
сипаттамасы 
№ 9-зертханалық жұмыс: бір валентті 
ионның электр зарядын ӛлшеу
Магнит ӛрісі 
Сапалық және мәтіндік есептер 
шығару 
Электромагниттік индукция 
Сапалық және мәтіндік есептер 
шығару 
ЖМҮОБ бойынша 11-сыныпта «Физика» пәні оқу жүктемесінің кӛлемі 
аптасына 4 сағатты, оқу жылында 136 сағатты құрайды. Бағдарламада 
кӛрсетілген зертханалық тәжірибелер мен практикалық жұмыстарды тӛмендегі 
кесте түрінде келтірдік (кесте 6).
Кесте 6 – ЖМҮОБ бойынша 11-сыныптағы «Физика» пәнінің мазмұны және 
физикалық тәжірибелер мен практикалық жұмыстар 
Физика пәнінің 11-сыныптағы 
базалық білім мазмұны 
Практикалық жұмыстар 


Механикалық тербелістер 
Электромагниттік тербелістер 
электромагниттік тербелістерді 
компьютерлік модельдеу, тербелмелі 
контурдың әртүрлі параметрлері үшін 
электрлік тербелістер кезіндегі кернеудің 
және ток күшінің, электр және магнит 
энергиясының уақытқа тәуелділігін 
компьютерлік модельдеу 
Айнымалы ток 
сапалық және сандық есептер шығару 
№ 1-зертханалық жұмыс: 
трансформатор орамасындағы орам 
санын анықтау 
Толқындық қозғалыс 
№ 2-зертханалық жұмыс: ауадағы 
дыбыс жылдамдығын анықтау 
Электромагниттік толқындар 
Эксперименттік есептер шығару, 
Электромагниттік толқындарды 
компьютерлік модельдеу және олардың 
қасиеттерін зерделеу 


40 
6-кестенің жалғасы 


Толқындық оптика 
Эксперименталдық және мазмұндық 
есептерді шығару, компьютерлік 
модельдеу (жарықтың интерференциясы 
мен дифракциясы). 
№ 3-зертханалық жұмыс: 
дифракциялық тордың кӛмегімен 
жарықтың толқын ұзындығын 
анықтау 
№4-зертханалық жұмыс: жарықтың 
интерференциясын, дифракциясын 
және поляризациясын бақылау 
Геометриялық оптика 
сапалық және сандық есептер шығару, 
ойыс айнаға түскен және шағылған 
стандартты сәулелердің жүрісі, кӛз бен 
фотоаппараттың оптикалық жүйелерін 
салыстыру 
№5-зертханалық жұмыс: шынының 
сыну кӛрсеткішін анықтау 
Салыстырмалы теорияның 
элементтері 
Атомдық және кванттық физика 
Эксперименталдық және мазмұндық 
есептерді шығару, Майкельсон және 
Морли тәжірибесін компьютерлік 
модельдеу 
№6-зертханалық жұмыс: 
сәулеленудің тұтас және сызықтық 
спектрлерін бақылау 
Атом ядросының физикасы 
№7-зертханалық жұмыс: дайын 
сурет бойынша зарядталған 
бӛлшектердің тректерін оқып 
үйрену 
Нанотехнология және 
наноматериалдар 
Компьютерлік модельдеу 
Космология
Ӛздерің тұрған жердің ендігін шамамен 
анықтап ж.а.ж.к. пайдаланып шоқ 
жұлдыздардың бату, шығуын анықтау 
Бұл кестелерден кӛретініміз мектептегі физика пәнінде тақырыпқа 
байланысты демонстрациялық тәжірибелерден бӛлек физикалық тәжірибені 
қажет ететін практикалық тапсырмалар мен зертханалық жұмыстар маңызды 
орын алады. Болашақ физика пәні мұғалімі осы тәжірибелерді ойдағыдай 
ұйымдастыра алатын тәжірибелік дайындығы болуы үшін «Мектеп 
экспериментінің техникасы» курсының мазмұны осы тәжірибелерге бағытталу 
қажет. Мектептегі физика пәнімен байланысын арттыру үшін біз осы жоғарыда 
келтірілген «Физика» пәнінен жаңартылған үлгілік оқу бағдарламасында 
келтірілген физика пәнінің мазмұнына сәйкес «Мектеп экспериментінің 
техникасы» курсын
оқыту жоспарын келесі кестеге сәйкес жасадық (кесте 7). 


41 
Кесте 7 - «Физика» пәнінен жаңартылған үлгілік оқу бағдарламасында 
келтірілген физика пәнінің мазмұнына (ЖМҮОБ) сәйкес «Мектеп 
экспериментінің техникасы» курсын оқыту жоспары 
Тақырып аттары 
Лекц
ия
Лабора
тори
я 
С
ӚЖ
С
ОӚ
Ж





1-модуль 7-9 сыныптарда орындалатын физикалық 
тәжірибелер 
Физикалық шамалар мен ӛлшеулер 




Механика бӛліміндегі физикалық тәжірибелер 




Тербелістер мен толқындар бӛліміндегі физикалық 
тәжірибелер 




Жылу физикасы бӛліміндегі физикалық тәжірибелер 




Электр және магнетизм бӛліміндегі физикалық 
тәжірибелер 




Геометриялық оптика бӛліміндегі физикалық 
тәжірибелер 




Кванттық физика элементтері бӛліміндегі физикалық 
тәжірибелер 




Астрономия негіздері




2-модуль 10-11 сыныптарда орындалатын физикалық 
тәжірибелер 
Механика (Кинематика) бӛліміндегі физикалық 
тәжірибелер 




Механика (Динамика) бӛліміндегі физикалық 
тәжірибелер 




Жылу физикасы бӛліміндегі физикалық тәжірибелер 




Электр және магнетизм бӛліміндегі физикалық 
тәжірибелер 




Электромагниттік тербелістер, Электромагниттік 
толқындар бӛлімдеріндегі физикалық тәжірибелер 




Оптика бӛліміндегі физикалық тәжірибелер 




Салыстырмалы теорияның элементтері физика 
элементтері; Кванттық физика; Нанотехнология және 
наноматериалдар 




Барлығы
15 
30 
45 45 
Мектеп экспериментінің техникасы пәнінде студенттер негізінен
физикалық тәжірибелермен жұмыс жасайды. Мектепте 7-9-сыныптарда 
орындалатын физикалық тәжірибелер 10-11-сыныптарда орындалатын 
физикалық тәжірибеге қарағанда оңайырақ, жеңілірек болады және бұл 
тәжірибелерде қарапайым құралдар қолданылады. Ал 10-11-сыныптардаға 


42 
физикалық тәжірибелер күрделірек физикалық ұғымдарды зерттеуге арналған. 
Сондықтан педагогика ғылымында дидактикалық принцитердің «Оңайдан 
қиынға, таныстан бейтанысқа, жеңілден күрделіге кӛшіп оқыту» ережесіне 
байланысты «Мектеп экспериментінің техникасы» курсын оқытудың жоспарын 
«7-9 сыныптарда орындалатын физикалық тәжірибелер» және «10-11 
сыныптарда орындалатын физикалық тәжірибелер» деп екі модульге бӛлдік. 
Бірінші модуль мектептің 7-9-сыныптарында физика пәнін оқыту кезінде 
орындалатын физикалық тәжірибелерді ұйымдастыруға бағытталған. Егер 
болашақ физика пәні мұғалімдері жаратылыстану-математикалық бағыттағы 
мектептерде тәжірибені ұйымдастыруға дайын болатын болса, онда олар 
қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы мектептерде де физикалық тәжірибені ӛз 
деңгейінде орындай алады деген қағидамен курсты оқытудың жоспарында 
екінші модуль құрылымын Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-
математикалық бағытындағы 10-11-сыныптары үшін «Физика» пәнінен 
жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасында кӛрсетілген физиканың 
бӛлімдерімен сәйкестендірдік. 
Кестедедегі «Тақырып аттары» бағанында лекция тақырыптары, ал қалған 
бағандарында дәріс түріне байланысты кредит сандары кӛрсетілген. ЖОО-да 
лекциялық, семинар, лабораториялық дәріс түрлері бір бірімен байланыста 
болып, студент лекцияда алған білімін семинар сабақтарында және 
лабораториялық сабақтарда қолдану мүмкіндігі болуы керек. Сондықтан 
зертханалық дәрістің жоспарын жасау барысында зертханалық жұмыстардың 
тақырыбы лекциялық дәріспен, сондай-ақ мектепте оқытылатын физика пәнінің 
мазмұнымен сәйкес келуіне мән берілу қажет. Ӛйткені «Мектеп 
экспериментінің техникасы» курсының негізгі мақсаттарының бірі болашақ 
физика пәні мұғалімдерін осы мектептегі физикадан демонстрациялық 
жұмыстарды ұйымдастыра білуге және зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру 
кезінде туындайтын қиындықтарды шеше білуге үйрету. Сонымен мектепте 
физика сабақтарында қандай демонстрациялық және зертханалық жұмыстар 
жүргізілетінін қарастыру үшін негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-
сыныптарына арналған «Физика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу 
бағдарламасында Физика пәнінің мазмұнына байланысты орындалатын 
демонстрациялық тәжірибелерді және зертханалық жұмыстардың жұмыстар 
мен практикалық жұмыстарды бӛліп кесте түрінде келтірдік (кесте 8). 
Кесте 8 - «Мектеп экспериментінің техникасы» курсындағы лаборториялық 
дәрістер мен СӚЖ тапсырмалары. 
1-модуль 7-9 сыныптарда орындалатын физикалық тәжірибелер 
Лаб 
кре
ди
т 
са
ны
Лаборториялық дәріс 
СӚЖ



Физикалық шамалар мен 
ӛлшеулер 
Физикалық шамаларды ӛлшеу,
Кішкентай денелердің ӛлшемін анықтау, 
Сұйықтар мен қатты денелердің 
тығыздығын анықтау мәселелері 



43 
Серпімді деформацияларды зерделеу; 
Сырғанау үйкеліс күшін зерттеу; Архимед 
заңын зерделеу мәселелері 

Механика бӛліміндегі 
физикалық тәжірибелер 
Теңүдемелі қозғалыс кезiндегi дененiң 
үдеуiн анықтау;

Горизонталь лақтырылған дененің 
қозғалысын зерделеу; 

Тербелістер мен 
толқындар бӛліміндегі 
физикалық тәжірибелер 
Математикалық маятниктің кӛмегімен 
еркін түсу үдеуін анықтау; 

Беттік толқындардың таралу 
жылдамдығын анықтау 

Жылу физикасы 
бӛліміндегі физикалық 
тәжірибелер 
Әртүрлi температурадағы суларды 
араластырғандағы жылу мӛлшерлерін 
салыстыру; 

Мұздың меншiктi балқу жылуын анықтау; 

Электр және магнетизм 
бӛліміндегі физикалық 
тәжірибелер 
Электр тiзбегiн құрастыру және оның 
әртүрлi бӛлiктерiндегi ток күшiн ӛлшеу; 
Тiзбек бӛлiгi үшiн ток күшінің кернеуге 
тәуелділігін зерттеу; 

Ӛткiзгiштердi тiзбектей және паралель 
қосуды зерделеу; Электр тогының 
жұмысы мен қуатын анықтау; 
Электрмагниттi құрастыру және оның 
әсерiн сынау; 

Геометриялық оптика 
бӛліміндегі физикалық 
тәжірибелер 
Шынының сыну кӛрсеткiшiн анықтау; 

Жұқа линзаның фокустық қашықтығын 
анықтау; 

Кванттық физика 
элементтері бӛліміндегі 
физикалық тәжірибелер 
Фотоэффект құбылысын зерттеу.

Резерфорд тәжірибесі арқылы атомның 
құрылысын зерттеу. 

Астрономия негіздері 
Аспан сферасының моделі кӛмегімен 
аспан сферасының элементтерін зерттеу 

Жұлдызды аспанның жылжымалы картасы 
арқылы шоқжұлжыздардың батуын және 
шығу уақыттарын анықтау. 

2-модуль 10-11 сыныптарда орындалатын физикалық тәжірибелер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет