92
белгілі жағдайда іске асыру талап етіледі. Бұл кезеңдер тапсырмалар жүйесінде
кӛрініс тапты және сол ретпен оқу үдерісінде іске асырылады.
Физикалық
экспериментті
қолдануымен
байланысты,
кәсіби-
педагогикалық іс-әрекетті талдау кезінде кезеңдердің реті анықталады. Оқу
экспериментінің даярлау кезінде мұғалім оқу мақсатынан шыға отырып, ең
алдымен кӛрсетуге қажетті физикалық құбылыстарды, процестерді немесе
заңдылықтарды анықтайды, сосын оқытудың сәйкес келетін тәсілдері іріктеледі
( яғни, қандай тәсілдер арқылы берілген құбылысты кӛрсетуге болатын).
Ақырында, «қалай кӛрсету» міндеті шешіледі, яғни кӛрсету әдістемесі мен
техникасы жасалынады. Ал, берілген кӛрсетіп жасалынатын тәжірибе оқу
үдерісінде қалай қолданылатығы шешіледі.
Осындай ретпен бұл кезеңдер
тапсырмалар жүйесінде кӛрініс тапты.
Тапсырмалар жүйесін құру кезінде пәнаралық байланыстардың іске асыру
принципі, физика, электротехника және педагогикалық циклдегі пәндер
(педагогика, психология, дидактика, педагогикалық психология және физиканы
оқыту әдістемесі) бойынша білімдерді белсенді қолдануды кӛздейді.
Тапсырмалар ұсынылған жүйеде, пәнаралық сипаттағы білімдері бәрі
бірдей
«қосылмай»
біртіндеп
қосылатындай
қарастырылған.
Бұл
тапсырмаларды орындау, белгілі ретінің болуы арқасында қамтамасыз етіледі:
алдымен физикалық құбылыстарды түсіндіру әдістемесін зерттеумен,
құрылғылар мен аспап және қондырғылардың әрекет принциптерімен,
тәжірибелер сипаттамасының схемасын талдаумен байланысты тапсырмалар,
оларды кӛрсету және қолдану әдістемесімен байданысты тапсырмалар. Бірінші
жағдайда кӛбнесе жалпы физика,
электротехника, радиотехника және физика
әдістемесі бойынша білімдер қажет, ал екінші жағдайда- педагогикалық
психологиядан, психологиядан, дидактикадан және физиканы оқыту
әдістемесінен мәліметтер қолданылады.
Оқу физикалық эксперимент аймағында,
мектепте болашақ жұмысқа
практикалық дайындыққа тікелей бағыттайтын, белгілі тапсырмалар жүйесіне
қосылуды, физикалық экспериментті білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу
әдісі ретінде меңгеруін, кәсіби бағыттылық принципі қарастырады.
Оқу экспериментімен байланысты іс-әрекет үлгісін жасауға мүмкіндік,
тапсырмалардың белгілі ретпен орналасу жүйесінде қарастырылған принцип
толығымен іске асырылады. Кӛрсетілетін құбылысты іріктеуден бастап, оқу
үдерісінде тәжірибені қолданумен аяқталады. Бұл іс-әрекетті орындау кезіңде,
болашақ мұғалімде бір қатар кәсіби ептіліктер қалыптасады, олардың даму
процесі
кәсіби
бағыттылықтың
маңызды
бір
аспектісін
құрайды.
Тапсырмаларды орындау кезінде студенттердің
барлық ұсыныстарын ескеріп
талқылаудан ӛткізу және олардың ұсынған болжамдарын оқытушы кӛмегімен
тексеру маңызды [127].
Аталған аймақта дайындық талаптары мен белгіленген бағытта жұмыс
мазмұнын анықтаудан, жүйенің кәсіби бағыттылығы білінеді.
Сонымен тұжырымдай келе «Мектеп экспериментінің техникасы» курсы
негізінде білім алушылардың тәжірибелік дайындығын жетілдіру әдіс-
93
тәсілдерін ұсынып, бұл бағытта ӛзіміз ұсынған технологиялардың тиімділігіне
кӛз жеткіздік. Келесі тармақшада ӛзіміз ұсынған техникалық шығармашылық
арқылы болашақ физика мұғалімдерінің
тәжірибелік дайындығын жетілдіру
технологиясын ендіру жолдарын ұсынамыз.
Достарыңызбен бөлісу: