Курбанбеков бакытжан алимханович



Pdf көрінісі
бет34/40
Дата16.11.2022
өлшемі3.46 Mb.
#465003
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   40
sajt-kurbanbekov-dissertacija-2021-30.04.2021-sajt

«Мектеп экспериментінің техникасы» курсы негізінде жетілдірілетін 
тәжірибелік дайындық құрылымына, біздің ойымызша, мыналар кіруі керек:
1) физикалық эксперименттің мақсатын тұжырымдау;
2) экспериментті жүргізу, нәтижесін ӛндеу және талдау;
3) сабақта қолдану үшін экспериметті және оны ӛткізудің тиімді түрін 
таңдау;
4) экспериментке қажетті құрал жабықтарды таңдау, оларды керек жерде 
қолдану, жетпей жатқан құрал жабықтарды сәйкес келетін балама құралмен 
алмастыру,
5) мектепте лабораториялық жұмыстарға және оларды жасап кӛрсетуге 
қойылатын педагогикалық талаптарға сәйкес тәжірибелік қондырғыны құру;
6) экспериментті жүргізу және оны бақылау бойынша оқушылардың іс-
әрекетін ұйымдастыру;
8) алынған ақпараттын маңызын және мәнін анықтау, физикалық талдау 
жасап, түсіндіру, оқу үдерісінде теориялық және тәжірибелік компоненттердің 
үйлесімділігін қамтамасыз ету;
9) экспериментті жүргізу кезінде оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін 
белсенлендіру;
10) экспериментті қабылдау және түсіну бойынша оқушылардың іс-
әрекетің басқару;
11) экспериментте жаңғыртылған физикалық құбылысты оқушылар 
менгергенін тексеру;
12) физикалық құрал-жабдықтардың, қондырғылардың жұмыс жасау 
принципін білу және т.с.с;


122 
13) ӛлшеуіш құралдардың қажетті режимдерін таңдауды білуі; 
14) оқушылардың жеке, дербес экспериментті жүргізуін басқару 
(практикумдар, фронтальды немесе үйдегі тәжіребиелер) және т.б. [93]. 
«Мектеп экспериментінің техникасы» курсы бойынша практикум 
жұмыстары студенттердің бойында келесі тәжірибелік дайындықты жетілдіруге 
бағытталған:
- апсаптың 
мақсатын, 
оның 
жұмыс 
принципін, 
техникалық 
мүмкіндіктерін білу;
- демонстрациялық және зертханалық қондырғыларды жинау икемділігі; 
оқу үдерісіне жасап кӛрсету экспериментің енгізу икемділігі;
- зертханалық жұмыстарды, физикалық практикум жұмыстарын жүргізуді 
ұйымдастыру, тәжірибелік тапсырмаларды шешу икемділігі [94].
Педагогикалық эксперименттегі аталған үш кезңінде де болашақ физика 
мұғалімдерін тікелей бақылау негізгі қызмет атқарады. Тікелей бақылау 
дегеніміз – оқыту нәтижелі болды ма, жоқ па дегенді бағалау мақсатымен 
оқушылардың мінез-құлқын бақылау. (Тікелей бақылаудың есептік бақылаудан 
айырмашылығы – есептік бақылау кезінде мұғалімдер оқушылардың мінез-
құлқын бақылау нәтижесі туралы есеп береді.) Мұғалімдер тікелей бақылауды 
ұдайы жүргізіп отырады. МЭТ курсының оқытушысы білім алушылардың 
зертханалық әдістерді білгенін қалайды. Сондықтан зертханада жұмыс істейтін 
білімалушылардың дұрыс тәсілді таңдауын үнемі қадағалап отырады. 
Студенттің эксперименттік дайындығын дамыту бойынша аудиториядан 
тыс жұмыстардың бағыттарының бірі ӛз қолымен оқу жабдықтарын құрастыру 
бойынша тапсырмаларды орындау, сондай-ақ оның негізінде эксперимент 
схемаларын жасау болуы мүмкін. Сонымен қатар, қолдан жасалған құрал-
жабдықтарды жобалау және құрастыру процесін, мазмұны мен күрделілігі 
әртүрлі тапсырмалардан тұратын бір қатар кезеңге бӛлуге болады: 1) құрал-
жабдық дайын үлгісін немесе ұсынылған техникалық нысанды таңдауды және 
онымен бақылау немесе зерттеу сипатындағы тәжіребиелерді ӛткізуді
қарастыратын тапсырмалар; 2) техникалық құрылғы немесе дайын 
бӛлшектерден немесе студенттер сипаттама, сурет, схема негізінде жартылай 
жасаған тәжірибелік қондырғы үлгілерін құрастыру, сосын бақылау немесе 
зерттеу сипатыңдағы тәжіребиелерді ӛткізуді қарастыратың тапсырмалар. 3) 
аспап схемасына немесе техникалық нысан үлгісіне, оның жұмыс шарттарында 
аталған ӛзгерістеріге сәйкес, сондай-ақ оны жетілдіру мақсатында ӛзгерістерді 
енгізуді қарастыратын тапсырмалар. 
Құрал-жабдықты жасағаннан кейін, студент оны пайдалану туралы 
қысқаша нұсқаулықты құрастыруы керек, ол құрал-жабдық атауы, схемалық 
диаграмма, мақсаты (сынып, тақырып), құрал-жабдық тобы (демонстрациялық, 
зертханалық, практикум үшін және т.б.), құрал-жабдық жаңалығы және 
ӛндіруші сияқты мәліметтерден тұрады. Жасалған құрал жабықтарды оқу 
үдерісіңде қолдануға және мектептегі физика кабинеттеріне беруге болады. 
Болашақ физика оқытушыларының шығармашылық тәжірибелік дағдыларын 
дамыту үшін әр қарастырылған кезеңдер үлкен маңызға ие, сондықтан оқу 


123 
барысыңда (аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтарда) студенттер 
ӛздеріне сәйкес іс-әрекетті игеруі қажет, ӛйткені студенттерді жұмыс істеу 
дағдыларын үйрету, олардың шығармашылық белсенділігін табысты іске 
асуының шарты болып табылады. Болашақ физика оқытушыларының 
тәжірибелік дайындығын жетілдіру процесі белсенді, бәсекеге қабілетті 
мамандарды қалыптастыруда жетекші жүйелі рӛл атқаратың педагогикалық 
тәжіребиемен аяқталады. 
Болашақ физика оқытушыларының әдіснамалық, оның ішінде тәжірибелік 
дайындығын жетілдіру және дамыту педагогикалық тәжірибе барысында 
студенттер 
алатын 
тапсырмалар 
жүйесі 
арқылы 
анықталады. 
Біз 
тапсырмалардың тӛрт тобын анықтадық. Бірінші топ – теориялық сипаттағы 
тапсырмалар, оған білімдерді жетілдіру және ғылыми-педагогикалық 
әдебиеттерді оқу арқылы, оларды кеңейту мен тереңдету мақсатыңда
педагогика, психология және физиканы оқыту әдістемесі бойынша сұрақтарды 
қайталау енгізіледі. Екінші топ – практикалық сипаттағы тапсырмалар, яғни 
нақты педагогикалық құбылыстарды бақылау, фактілерді жинақтау, 
студенттермен сабақ және сабақтан тыс уақытта жұмыс жасау, ол кезде 
олардың кәсіби-педагогикалық икемділіктері қалыптасады. Үшінші топ – 
синтездеу сипатыңдағы тапсырмалар, теориялық негіздемесі, жалпыламасы бар 
және қортыңдылары тұжырымдалған педагогикалық акттерді таңдаудан, 
жіктеуден және талдаудан тұрады. Тӛртінші топ – жобалау сипатыңдағы 
тапсырмалар, олар жұмыс тәжірибесі негізінде құрылады, сабақ және сабақтан 
тыс уақытта студенттердің іс-әрекетін жобалауды қамтиды. 
Физика саласы басқа ғылымдарға қарағанда зерттеу жұмыстары кӛп 
орындалатындығымен ерекшелінеді. Студенттер физиканы оқу барысында 
кӛптеген тәжірибелер жасап, сол тәжірибеге сәйкес теориялық білімді 
меңгереді, жаңа нәрсені іздеп зерттеуді одан ары қарай дамытады. Бұл жағдай 
ғылымдағы соңғы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді, жаңалық ашуға 
бағыттайды. «Мектеп экспериментінің техникасы» курсында тапсырмаларды 
орындауда жасаған іс-әрекеттерін, тәжірибелік дайындығын болашақ физика 
пәні мұғалімдері мектеп оқушыларына физиканы оқытуда ең кӛрнекі, әрі ең 
қызықты болып саналатын физикалық тәжірибелер әдісін пайлануға қолдана 
алады. 
Сонымен, айқындау кезеңінде жоғарыда аталған оқу орындарындағы оқу-
тәрбие үдерісінің нақты жағдайы мен осы даярлаудың бастапқы деңгейін 
анықтау үшін мына міндеттер қойылып шешімі іздестірілді: 

эксперименттік зерттеудің мәселесін және мақсатын анықтау;

эксперимент жұмысының объектісін, тақырыбын таңдау және оны 
жүргізуді теориялық тұрғыда негіздеу; 

эксперименттің болжамын тұжырымдау; экспериментке (эксперимент 
және бақылау тобы) қатысатын студенттер санын анықтау; 

эксперимент барысында жүргізілетін жұмыс түрлерін анықтау; 


124 

студенттердің тәжірибелік дайындығын жетілдіруге бастапқы дайындық 
деңгейін анықтауға қажетті әдістемелерді таңдау және оның тиімділігін 
тексеру; 

студенттердің физика бойынша дайындық деңгейін жетілдіруге 
байланысты дидактикалық кешен жасау; 

эксперимент нәтижесінде студенттер дайындығында болған ӛзгерістерді, 
педагогикалық ықпалдарды анықтау. 
Кӛптеген зерттеу әдебиеттерінде оқыту нәтижесін бағалаудың түрлі 
кӛрсеткіштерін ұсынылады, маңызды түрлерінің бірі білім беру тиімділігі және 
оны ұймдастыруға жұмсалатын уақыт. Біз педагог-ғалымдар ұсынған 
тәжірибелік дайындықты жетілдіру деңгейін бағалау кӛрсеткіштеріне талдау 
жүргіздік, түрлі пікірлермен таныстық. 
В.П.Беспалько зерттеушілік-тәжірибелік дайындықтты жетілдіру деңгейін 
бағалау кӛрсеткіштеріне ӛз еңбегінде: іс - әрекетті меңгеру деңгейі; оқу 
тапсырмаларын орындауда қажетті іс-әрекетті дұрыс таңдай білу қабілеті; іс-
әрекетті орындаудың автоматтандырылу дәрежесі деп кӛрсетеді [97]. 
А.В. Усова іс-әрекетті орындаудың жүйелілігі [129] деп жазады.
Г.И. Некипелова болса, зерттеу жұмысының мақсатын және іс-әрекеттің 
ғылыми негізінің деңгейі; зерттеушілік іс-әрекеттің жоспары және орындалу 
деңгейі [130] деген пікір білдіреді. 
2016-2017 жылдapы тәжipбиeлiк - экcпepимeнттiк жұмыстың eкiншi кeзeңi 
– қaлыптacтыpу экcпepимeнтi ӛткiзiлдi. Eкiншi кeзeңдe oқытудың ұcынылғaн 
әдicтемелік жүйесінің тиiмдiлiгi мeн ғылыми бoлжaмның дәлдiгiн тeкcepу 
мaқcaты eтiп қoйылды. Қoлдaнылaтын әдicтep – oқытушылap жәнe 
cтудeнттepмeн cұxбaттacу, oлapдaн caуaлнaмa жәнe тecт қaбылдaу, байқау, 
бақылау, oқу жaттығулapын opындaу, cтудeнттepдiң ӛзiндiк жұмыcтapын АКТ 
мүмкiндiктepiн, эвристикалық әдістерді қoлдaну apқылы ұйымдacтыpу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет