Курбанбеков бакытжан алимханович


  БОЛАШАҚ ФИЗИКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕЛІК



Pdf көрінісі
бет10/40
Дата16.11.2022
өлшемі3.46 Mb.
#465003
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   40
sajt-kurbanbekov-dissertacija-2021-30.04.2021-sajt


БОЛАШАҚ ФИЗИКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕЛІК 
ДАЙЫНДЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
1.1 Болашақ физика пәні мұғалімдерінің кәсіби дайындағын элективті 
пәндер арқылы жетілдіруді теориялық талдау 
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі 
«Сындарлы қоғамдық диалог – қазақстанның тұрақтылығы мен ӛркендеуінің 
негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Шын мәнінде, мамандар 
даярлаудың отандық жүйесі нақты еңбек нарығынан тыс қалған» деп қазіргі 
мамандырдың кәсіби дайындығын жетілдіру мәселесін кӛтеріп, «...елімізді 
дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отыр. Біз бұған 
Елбасы саясатының сабақтастығын сақтап, жүйелі реформалар жүргізу арқылы 
қол жеткізе аламыз» деп Елбасының саясаты қазіргі кездегі негізгі бағыт екенін 
кӛрсетті [59]. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев 
2021 жылы үшінші ақпанда ӛткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында «...біз 
дамыған елдерден әлі де артта қалып келеміз. Алдағы онжылдықта білім беру 
біздің ұлттық идеямыз болуы керек» деп болашақ мұғалімдерді дайындығына 
баса назар аудару қажет екендігін айтып ӛтті. Болашақ физика пәні мұғалімдері 
кәсіби дайындығы оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, 
оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен және эксперименттік ғылым болып 
табылатын физика пәнін оқыту үдерісінде физикалық оқу-тәжірибелерді тиімді 
ұйымдастыра алуымен ӛлшенеді. Жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу 
бағдарламасындағы (ЖМҮОБ) физикалық тәжірибелерді ұйымдастыруға 
қойылатын талаптарға сәйкес болашақ физика пәні мұғалімдері тәжірибелік 
дайындығын жетілдіру қажет. Ӛйткені болашақ физика пәні мұғалімдері 
дәстүрлі физикалық тәжірибелермен қатар ЖМҮОБ-сында кӛрсетілген
Майкельсон және Морли тәжірибесін компьютерлік модельдеу; электр және 
магнит энергиясының уақытқа тәуелділігін компьютерлік модельдеу; 
электромагниттік толқындарды компьютерлік модельдеу; нүктенің қозғалысын 
компьютерлік модельдеу; молекулалық физиканың заңын компьютерлік 
модельдеу және т.б. практикалық тапсырмалар мен тәжірибелерді дұрыс 
ұйымдастыра алуы қажет. [5]. Және қазіргі Қазақстан Республикасы Білім және 
ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 98 бұйрығына сәйкес физика 
кабинетіне 
қажетті 
құрал-жабдықтардың 
қатарына 
«Физикалық 
эксперименттерді 3D модельдеу бағдарламасы» қосылды [8]. Сондықтан 
болашақ физика пәні мұғалімдері дайын виртуалдық жұмыстардан бӛлек 
Физикалық эксперименттерді 3D модельдеуді білуі қажет екені кӛрінеді. Ал, 
бұл мәселе бүгінгі күні ЖОО-да Мектеп экспериментінің техникасы (МЭТ) 
және Физиканы оқыту әдістемесі пәндерінде қарастырылмаған. Сонымен 
қазіргі жағдайда физика сабақтарында физикалық тәжірибелерді ӛз деңгейінде 
ұйымдастыру үшін болашақ физика пәні мұғалімдері тәжірибелік дайындығын 
жетілдіру қажет.
Педагогикадағы дайындық және жетілдіру ұғымдарының теориялық 
және практикалық мазмұны бар. Д.Х. Шунк оқыту процесіне білім алу, 
дағдылар, 
тәсілдер, 
ұстанымдар, 
кӛзқарастар 
және 
мінез-құлықты 


14 
қалыптастыру мен оларды жетілдіру жататынын айтып, жетілдіру ұғымын жаңа 
ақпаратты толықтыру немесе оны бұрынғы ақпаратпен байланыстыру процесі 
деп кӛрсетеді [60]. Ал теориялық дайындық арнайы білімнің белгілі бір 
жиынтығы ретінде түсіндіріледі.Теориялық дайындық мазмұнына, әдетте, 
болып жатқан процестерді бақылау, олардың барысын талдау, олардың 
құрамдас компоненттерін бӛлу және олардың арасында ӛзара байланыстар 
орнату, кез- келген процестің әрбір бӛлігін ұғыну және оған тән заңдылықтарды 
табу қабілеті кіреді. Теориялық дайындық сондай-ақ ӛзінің мазмұнына 
педагогтың кез-келген іс-әрекеттің нәтижесін шындығында жасалғанға дейін 
алдын ала болжай білу қабілетін қосатын болжамдық біліктерді құрайды, бұл 
педагогикалық процестің дамуын болжауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар
теориялық дайындық білім беру процесінің мақсаты мен мазмұнын нақты 
педагогикалық міндеттерге аудару қабілеттілігінен тұратын жобалау іскерлігін 
құрайды. Бұл дегеніміз ӛз бетінше қажетті құралдарды таңдай білу, мазмұнын 
топтастыру және педагогикалық тұрғыдан ең нәтижелі жұмыс әдістерін 
пайдалану.
И. М. Кондакованың сӛздігінде "дайындық" белгілі бір білім, білік, дағды 
болуын болжайтын қандай да бір іс-әрекетті орындауға бағытталуы; іс-әрекетті 
орындау барысында кездесетін кедергілерді жою дайындығы ретінде түсініледі. 
"Дайындық" іс-әрекеттің жекелеген құрамдас бӛліктерінің кӛрінісі: іс-әрекеттің 
нейродинамикалық қалыптасуы, дене дайындығы, психологиялық дайындық 
факторлары есебінен іске асырылады[61]. 
С. Л. Рубинштейннің, Б. М. Теплованың еңбектерінде практикалық 
дайындық негізі ретінде оқытушының жұмысты жоспарлай білуі, білім 
алушыларды топтастыру, әр білім алушының жұмысын бақылау т.б. бірқатар 
ұйымдастырушылық дағдыларды кӛрсетеді [62]. 
Н. В. Кузьминаның еңбектерін талдай отырып, практикалық дайындықтың 
бір бӛлігі ӛз қызметін, оқушылардың қызметін ұйымдастырумен, оқу 
материалын ұйымдастырумен байланысты ұйымдастырушылық іскерліктер 
болып 
табылады 
деген 
қорытынды 
жасауға 
болады. 
Тек 
қана 
ұйымдастырушылық іскерлікті меңгере отырып, білім беру жүйесінің оқыту 
мазмұнын ұйымдастыру саласындағы әдістерге, технологияларға, құралдарға, 
тәсілдерге, формаларға, техникаларға қойылатын талабы кӛрініс табады [63]. 
Г. М. Андреева ӛзінің зерттеулерінде рефлексия және шындықты ӛзгерту 
үшін тұлғаның жоғары теориялық және практикалық дайындығына негізделген, 
игерілген 
коммуникативтік 
іс-әрекеттер 
кешені 
болып 
табылатын 
коммуникативті 
дағдыларды 
игеру 
тұжырымдамасында 
практикалық 
дайындықты талдайды. Коммуникативтік іскерліктер интеллектінің тұлғалық 
басым салаларының қалыптасуы мен дамуымен тығыз байланысты [64]. 
Осылайша, педагогикалық ғылымда дайындық ұғымы педагогикалық 
ойлау, жобалау, ұйымдастыру, іс жүзінде әрекет ету қабілетін қамтитын күрделі 
тұлғалық білім ретінде түсіндіріледі. 
Кәсіби дайындық түсінігі кӛбінесе тұлға теориясының санаты ретінде 
(қатынастар мен қондырғылар); Қызмет теориясының санаты ретінде (жағдайы 


15 
мен процесі); қызметке кәсіби дайындық теориясының санаты ретінде 
қолданылады. 
М. И. Дьяченко, Л. А. Кандыбович, А. А. Деркач зерттеулерінде "кәсіби 
қызметке дайындық" түсінігі жеке-әрекеттік жазықтықта тұлғаның барлық 
жақтары тұтастығының кӛрінісі, ӛз функцияларын тиімді орындаудың барынша 
мүмкіндігі ретінде қарастырылады. 
Т. А. Платонова мен А. А. Вербицкий ӛз еңбектерінде "оқытудағы 
игерілген білім, білік және дағды оқу қызметінің пәні ретінде емес, кәсіби 
қызметінің құралы ретінде әрекет етеді"деген қорытындыға келеді. Бұл оқу 
кезінде студенттерде еңбек, Кәсіби қызметтің негізі, атап айтқанда – оған 
дайындық қалыптасатынын айтуға мүмкіндік береді.
Кәсіби қызметке дайындық адамның ӛз мақсаттарын сезінуін, бар 
жағдайларды бағалауды, іс-қимылдың неғұрлым ықтимал тәсілдерін 
айқындауды; мотивациялық, ерік, интеллектуалдық күштерді, нәтижеге қол 
жеткізу ықтималдығын болжауды, күштерді жұмылдыруды, мақсаттарға 
жетудегі ӛзін-ӛзі құлшынуды қамтитын адамның психикалық жағдайы, партаға 
дейінгі белсенділігі ретінде айқындалады. (психологиялық сӛздік). 
Психологиялық зерттеулерде О. М. Краснорядцеваның кәсіби қызметке 
дайындығы байқалады: 
- кез келген психикалық құбылыстар мен кӛріністердің алдындағы 
ұстанымдар түрінде (ӛткен тәжірибенің "осы жерде және қазір" жағдайға 
проекциясы ретінде); 
- әлемнің ӛз бейнесін "тәртіпке келтіруге" уәждемелік дайындық түрінде 
(мұндай дайындық 
адамға оның мәні мен құндылығын түсіну мүмкіндігі); 
- дербестендіру процесі арқылы ӛзін-ӛзі жүзеге асыруға кәсіби-тұлғалық 
дайындық түрінде[65]. 
Н. В. Кузьминаның жұмысында "кәсіби қызметке дайындық" түсінігі 
маманның ӛз қызметін ғылым мен техниканың заманауи талаптары деңгейінде 
жүзеге асыруға мүмкіндік беретін білімі, шеберлігі мен дағдыларының 
болуымен сипатталады [66]. 
Педагогикалық зерттеулерде Т. И. Шалавиннің "кәсіби қызметке 
дайындық" түсінігі жеке тұлғаның қызметі мен қарым-қатынасы ӛрістетілетін 
объектілерге қарым-қатынасын білдіретін шындықтың жеке кӛрінісі ретінде 
қарастырылады. Бұл оқу үрдісінде мағыналық-шығармашылық қызметті 
қамтамасыз ететін жағдай жасауды кӛздейді, оның нәтижесінде болашақ 
маманның тұтас-тұлғалық дамуы және кәсіби даярлық мазмұнын субъективті 
беру қалыптасады. Нәтижесінде жоғары дайындық деңгейіне қол жеткізіледі. 
Мұнда дайындық жоғары оқу орнының дайындық жүйесінен кәсіби қызмет 
жүйесіне кӛшуді дамытатын және тұлғалық кәсіби маңызды қасиеттерді, жеке 
тұлғаның тәжірибесін, кәсіби білімдерді, практикалық іскерліктер мен 
дағдылардың жиынтығын қамтитын тұлғаның интегративті кәсіби маңызды 
қасиеті ретінде қарастырылады. [67]. 


16 
Кәсіби қызметке даярлықты анықтауға әр түрлі кӛзқарасты талдай отырып, 
"кәсіби қызметке дайындық" ұғымын анықтаудағы жалпы түсінік – бұл 
тұлғаның интегративті қасиеттерінің, сапалары мен тәжірибесінің жүйесі, 
кәсіптік қызметке жалпы теориялық және әдістемелік дайындық белгілері бар 
білім мазмұнын түсіндірудің жеке нысаны. Сондай – ақ дайындық белгілі бір 
ерекшелікке ие-бұл кәсіби шеберлік пен дағды, оларды жүзеге асырудың жеке 
стилі, іс-әрекеттің практикалық-бағытталған тәжірибесі, Кәсіби қызметтің 
рефлексиясы. 
Осылайша, кәсіби қызметке дайындық тұлғаның психикалық, белсенді - 
пәрменді жай-күйі кешенін, интеграцияланған қасиеттер жүйесін қамтиды, 
кәсіби қызметті ӛз бетінше орындауға дайындық процесінің салыстырмалы 
аяқталуының жай-күйі анықтайды. 
Болашақ физика мұғалімдерін кәсіби педагогикалық даярлау және 
тәжірибелік дайындығы бойынша бірқатар зерттеу еңбектерін қарастырайық. 
Н.Д.Артемованың зерттеу жұмысында физика мысалында педагогтарды 
оқушылардың әмбебап оқу әс-әрекеттерін дамытуға кәсіби дайындығын
қалыптастыру зерттелген [68]. И.А.Крутова болашақ физика мұғалімінің 
оқушыларды қолданбалы есептерді шешуге оқытуға даярлығын қалыптастыру 
моделін ұсынды. Модельде мақсаттық, мазмұнды және процессуалдық 
құраушыларды қамтитын әдістемелік жүйенің құрылымы алынған. Ұсынылған 
әдістемелік жүйенің мақсатты компоненті мақсаты: студенттердің – Болашақ 
физика мұғалімдерін қолданбалы есептерді шешу бойынша оқушылардың іс-
әрекетін ұйымдастыра білуін қалыптастыру деп анықталған. Ал, мазмұндық 
құраушысы студент қолданбалы есептерді шешу бойынша оқушылардың 
қызметін ұйымдастыруға дайындық барысында меңгеруі тиіс білім арқылы 
кӛрсетілген [69]. М.С.Павлова болашақ физика мұғалімдерінің құзыреттілігін 
оқу физика тәжірибесін пайдалану аумағында қалыптастыруды зерттеді[70].
Ғалымның зерттеу еңбегінің И.А.Ильдяевтің жұмыстарынан айырмашылығы, 
онда студенттерді оқу-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру арқылы кәсіптік 
қызметте физикалық экспериментті қолдануға дайындау қарастырылған. 
Болашақ жұмыс шарттарының анықталмағандығын ескере отырып, 
студенттердің алдағы кәсіби қызметін модельдеу негізінде болашақ физика 
мұғалімдерінің құзыреттілігін қалыптастыру мәселесн шешу жолдарын 
анықтаған. Зерттеу барысында "Физикалық оқу тәжірибесі" курсының 
модульдік бағдарламасы ұсынылған. Теориялық және практикалық оқу 
материалын, шарттардың белгісіздігі бар тапсырмалар кешенін қамтитын оқу-
әдістемелік кешен жасақталған [71]. 
А.В.Сорокин еңбектерінде физиканы оқытудың әдістемелік аспектілері 
пән бойынша бақылау, тәжірибе, модельдеу үштігі арқылы қарастырылған. 
[72]. 
И. В. Галузо студенттерді демонстрациялық экспериментке және физика 
бойынша зертханалық жұмыстарға дайындауда нұсқаулық-әдістемелік 
материалдарды QR-кодтармен жабдықтаудың артықшылықтарын қарастырған 
[73]. 


17 
М.В.Кириков физикадан демонстрациялық тәжірибелерді іске асырудың 
әдістемесі мен техникасын ұсынады [74]. 
Н.В. Калачев зерттеуінде, жаратылыстану ғылымдары циклі бойынша 
физика пәнін оқыту барысында жоғары оқу орындарында студенттердің 
тәжірибелік дайындығын жүзеге асырудың шарттарын қарастырған. Физиканы 
оқыту теориясы мен әдістемесінде тәжірибелік дайындыққа кез-келген 
деңгейде виртуалды эксперименттер мен модельдеуді қолдану маңызды (және 
бірін-бірі толықтыратын) болып қана қоймай, сонымен қатар кешенді құрал 
ретінде алуға болады деген тұжырым жасады [75]. 
И.А.Ильдяев, оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыра 
отырып, физикалық экспериментті қолдануға кәсіби дайындығын қарастырады 
[76].
О.В.Федина, жалпы физика бойынша зертханалық сабақта студенттерінің 
зерттеу құзіреттілігін қалыптастыру мақсаттылығы мен мүмкіндігін негіздеді. 
Физика пәні бойынша оқушының кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың негізі 
ретінде зерттеушілік құзіреттіліктің құрылымдық моделін ұсынды [77].
В.И.Коломин болашақ физика мұғалімдерінің жалпы физиканы оқытуда 
кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мәселесінің жағдайын зерттеп, кәсіби және 
педагогикалық құзіреттілікті қалыптастырудың рӛлін нақтылады. Құзыреттілік 
тәсілдің талаптарын ескере отырып, болашақ мұғалімнің арнайы пәндік 
дайындығының функциялары туралы идеялардағы ӛзгерістерді кӛрсететін 
физиканы оқытудың әдістемелік жүйесінің тұжырымдамасын ұсынды. Мектеп 
оқушыларын 
әртүрлі 
ӛмірлік-практикалық 
жағдайлар 
контекстіндегі 
мәселелерді шешуде физикалық білімді жедел қолдануға үйретуге, осындай 
жағдайларды модельдеу мен идеализациялауды жүзеге асыра білуге, оларды 
проблемалық физикалық мәселелерді шешу ретінде ұсына білуге дайын болуы 
керек екендігін және бұл болашақ физика мұғалімдерін іргелі даярлау кезінде 
ғана мүмкін екендігін дәлелдеді [78]. 
Л.Е. Изотова ӛзінің еңбегінде болашақ физика мұғалімін пәнаралық 
дидактикалық ортадағы кәсіби қызметке даярлаудың педагогикалық шарттарын 
теориялық тұрғыдан негіздеуді және эксперименттік тексеруді мақсат ете 
отырып, болашақ физика мұғалімінің кәсіби дайындығына, ӛзін-ӛзі дамытуына 
және ӛзін-ӛзі жүзеге асыруына ықпал ететін интегративті жүйе ретінде 
пәнаралық дидактикалық ортада болашақ физика мұғалімін кәсіби қызметке 
дайындаудың тұжырымдамалық негіздерін, болашақ мұғалімдердің пәндік 
даярлығының жалпы орта және жоғары кәсіптік білім беруді реформалаудың 
қазіргі кезеңінің міндеттеріне сәйкестігін қамтамасыз ету қажеттігін анықтады; 
[79]. 
В.Б. Щербакованың жұмысында болашақ физика мұғалімін пәнаралық 
дидактикалық ортадағы кәсіби қызметке даярлау моделі қарастырылады. Оқыту 
процесінде АТ қолдану моделі, болашақ физика мұғалімін пәнаралық 
дидактикалық ортада кәсіби қызметке даярлаудың ақпараттық моделі, 
ұсынылды. Кәсіби білім беру қажеттіліктері мен жаңа технологияларды 
қолдану мүмкіндіктерін талдап, болашақ физика мұғалімін пәнаралық 


18 
дидактикалық ортада кәсіби қызметке даярлаудың теориялық моделін жүзеге 
асыруға мүмкіндік қарастырды. [80]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет