Курбанбеков бакытжан алимханович



Pdf көрінісі
бет19/40
Дата16.11.2022
өлшемі3.46 Mb.
#465003
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   40
sajt-kurbanbekov-dissertacija-2021-30.04.2021-sajt

теорияның 
элементтері 
физика 
элементтері; 
Кванттық физика; Нанотехнология және наноматериалдар. Сәулеленудің 
тұтас және сызықтық спектрлерін бақылау. Дайын сурет бойынша зарядталған 
бӛлшектердің тректерін оқып үйрену. Майкельсон және Морли тәжірибесін 
компьютерлік модельдеу; 
«Физика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасына 
сәйкес жасалған зертханалық дәрістің оқыту жоспарының және СӚЖ 
тапсырмаларының ерекшелігі бұл жобалап оқыту технологиясына негізделіп 
жасалынған. Мұнда студенттер жасайтын тәжірибені ӛзі таңдап жасалған 
тәжірибесімен басқа студенттерге демонстрациялай алатындай шығармашылық 
еркіндікке ие болады. Мысалы: Механика бӛлімінде ұйымдастырылатын 
тәжірибелер тақырыбында бағдарламада кӛрсетілген зертханалық жұмыспен 
қатар әр түрлі демонстрациялық жұмысты ӛзі таңдау арқылы жоба ретінде 
жүзеге асырады. ЖМҮОБ бойынша 7-9-сынып физика курсында практикалық 
жұмыстар ретінде қарапайым құралдарды қолдан жасауға кӛп кӛңіл бӛлінсе, ал 
жаратылыстану-математикалық бағытағы 10-11-сыныптар үшін оқушыларға 
компьютерлік моделдеуге байланысыты келесідей практикалық тапсырмалар 
келеді: Нүктенің қозғалысын компьютерлік модельдеу, молекулалық 
физиканың заңын компьютерлік модельдеу, Электромагниттік тербелістерді 
компьютерлік модельдеу, электромагниттік толқындарды компьютерлік 
модельдеу, жарықтың интенференциясы мен дифракциясын компьютерлік 
модельдеу, Майкельсон және Морли тәжірибесін компьютерлік модельдеу. 
Яғни болашақ физика пәні мұғалімдері физикалық тәжірибелердің, физикалық 
құбылыстардың компьютерлік моделін жасауға дайын болуы қажет. «Мектеп 
экспериментінің 
техникасы» 
курысында 
заманауи 
техника 
мен 
технологияларды, моделдеу бағдарламаларын қолдану болашақ физика пәні 
мұғалімінің тәжірибелік дайындығын жетілдірудегі маңызы зор.


47 
Болашақ физика пәні мұғалімдерін тәжірибелік дайындауда заманауи 
техникалық құралдарды қолданудың маңыздылығына тоқталайық. Болашақ 
физика пәнінің мұғалімі ЖОО-нын бітіргеннен кейін жұмысқа орналасатын 
мектебінің материалдық техникалық базасы, ондаға физика кабинетінің 
жағдайы қандай екені белгісіз. Кезкелген белгісіздік жағдайда қиындықтардан 
шыға білетін, жұмыс орнының материалдық техникалық базасы, физика 
кабинетінің жағдайы қандай болса да физиканы оқыту үдерісінде физиканы 
оқытудың негізігі әдістерінің бірі экспериментті тиімді, мақсатқа сай қолдана 
алатын тәжірибелік құзыреттіліктері қалыптасқан маман дайындау қазіргі 
заманның талабы. Жоғарғы оқу орнындағы педагогикалық білімнің түпкі 
мақсаты 
мұғалімдерді 
жоғары 
деңгейде 
дайындау, 
тәжірибесімен 
шығармашылық қызметін және ғылыми таным әдіснамасын жетік меңгерген
ӛзінің білімін ӛзбетімен жаңартуға қабілетті, ой–ӛрісін кеңейту және 
әдістемелік шеберлігін жетілдіру мүмкіндігіне ие мамандарды дайындау болып 
табылады [100]. 
Егер 
мектеп 
заманауи 
физикалық 
аспаптар 
мен 
зерханалық 
қондырғылармен қамтамасыз етілген болса, жас маман болып барған физика 
пәні мұғаліміне сол қондырғылардың жұмыс жасау принципін, құрылысын тез 
үйреніп, физика сабақтарында тиімді қолдана білу қажет. Себебі физикалық 
тәжірибе жасау кезінде оқушыларға қондырғының жұмыс жасау принципін 
мұғалім таныстырмайтын болса, тәжірибедегі физикалық құбылыстың қалай 
жүріп жатқаны оқушыларға түсініксіз болып қалады. Ал керісінше физика 
кабинетінде эксперименттік оқу құралдары ескі, жұмысқа жарамсыз болса 
немесе физикалық асаптар жетіспейтін болса, бұл мәселені шешудің жолын 
қарастырып, заманауи ақпараттық технологиялар (мысалы компьютерлік 
бағдарламалар) мен техникаларды (мысалы 3D принтер) қолданып, мәселені 
жою немесе жеңілдету үшін тез шешім қабылдай алуы қажет.
Физиканы оқыту барысында барынша шынайы тәжірибені жасауға тырысу 
қажет. Ал қажетті құралдар физика кабинетінде болмайтын болса, оның орнын 
алмастыра алатын балама асаптарды таңдай білуі қажет. Ал егер балама құрал-
жабдық табылмайтын болса, құрылғының құрылысы қарапайым болса, онда 
қажетті құрылғыны қолдан жасау жолдарын қарастыру қажет. Неміс ғалымы 
Рудольф Гирке физика кабинеті арнайы завоттардан шыққан физикалық 
асапаптармен қаншалықты қамтамасыз етілсе де физиканы оқыту барысында 
оны жеткілікті деп айтуға болмайтынын және қарапайым қолдан жасалған 
физикалық аспаптарды физикалық тәжірибеде қолданудың бірқатар 
педагогикалық артықшылықтары бар екенін айтқан [101]. Ӛйткені қолдан 
жасалған асаптың құрылысы қарапайым және ондағы ӛтіп жатқан физикалық 
процесс те оқушылардың кӛз алдында ӛтеді. 7-9 сыныптарда физика пәні 
ЖМҮОБ-сында оқушыларға практикалық жұмыс ретінде қарапайым 
құралдарды қолдан жасау сияқты тапсырмалар берілген (кесте 2-3-4). Құрал 
жабықтарды қолдан жасау бұл теориялық білімді практикада қолдану. Егер 
құрал-жабдықты оқушы ӛзі құрастырып жасайтын болса, ол құралдың жұмыс 
жасау қағидатын жақсы түсінеді. Ал жаратылыстану бағытындағы 10-11-


48 
сыныптарда физикалық процестер мен физикалық тәжірибелерді компьютерлік 
модельдеу деген практикалық тапсырмалар кӛптеп кездеседі (кесте 5-6).
Физика сабақтарын тиімді ұйымдастырудың ұтымды жолдарының бірі – 
компьютерлік моделдерді қолдану болып табылады [102]. Модель арқылы 
кӛзбен кӛруге болмайтын кӛптеген күрделі физикалық ұғымдар мен физикалық 
процестерді түсіндіруге болады. Бұған айқын мысал ретінде «Электрон-фонон 
әсерлесуінің биполярондардың түйіндеріндегі бозе-эйенштейн конденсация 
температурасына экрандау эффектісі» атты мақаламыздағы Гольштейн 
торының үлкейтілген моделінде жүретін процестерді айтуға болады [103]. 
Физикалық білім беруде ақпараттық технологияларды қолданудың ең 
преспиктивті бағыттарының бірі – физикалық құбылыстар мен процестерді 
компьютерлік модельдеу болып табылады [104]. Қандайда бір құрал-жабдықты 
компьютерлік моделдеу сол затты ӛз қолымен жасап, құрастырып шығарғанмен 
бірдей. Ӛйткені қандайда бір нысанды моделдеу кезінде оның әр бір бӛлшегін 
және оның қозғалысын теориялық білімін пайдаланып оқушы ӛзі жасап 
шығарады. Бұл тапсырмаларды оқушыға орындату үшін мұғалімнің 
компьютерлік моделдеу дағдылары болуы қажет. Яғни болашақ физика пәні 
мұғалімдерінің тәжірибелік дайындықты жетілдіруде компьютерлік моделдеу 
саласы бойынша білім біліктерінің маңызы зор.
Студенттер 
тәжірибелік 
дайындықты 
жетілдіруге 
бағытталған 
шығармашылық тапсырмаларды орындауы кезінде физикалық асаптардың 
жетіспеушілігі, істен шығуы мәселесін жою және оқушыларға компьютерлік 
моделдеуге 
байланысты 
тапсырмаларды 
орындату 
үшін 
заманауи 
бағдарламалық құралдар (Blender) мен техникаларды (3D принтер) қолдануға 
дайын болулары қажет. Бұл құралдардың негізгілеріне тоқталып кетейік. 
ЖОО-да «Мектеп экспериментінің техникасы» курсын оқыту барысында 
студенттердің білім деңгейін анықтаудың негізі студенттерге берілген 
тапсырмалар болып табылады. Студенттердің тапсырмаларды орындауға, 
ӛздігінен ізденуіне мотивациясын тудыру үшін студенттің атқарып жүрген 
жұмыстары болашақта пайдасы бар екеніне және бұл атқарылған жұмыстар 
әлемдік деңгейдегі заманауи технологиялардың ӛзекті мәселелері екенініне 
сендіру қажет. Мысалы студенттер СӚЖ жұмыстарын тапсырған кезде әр түрлі 
ақпараттық технологиялар мен компьютерлік бағдарламалады қолданады, олар 
Microsoft Word, Power Point, т.б компьютерлік бағдарламалар болуы мүмкін. 
Бұл бағдарламалар кез келген пәндер үшін кӛптеген студенттер қолданылады. 
Біздің ойымызша физика пәні тапсырмалары үшін оның ішінде тәжірибелік 
дайындықты жетілдіру үшін студенттер 3D-модельдеу және анимация жасауға 
мүмкіндігі бар Blender сияқты шынайы әлемді бейнелей алатын 
бағдарламалармен жұмыс жасау қажет. Себебі мектеп бітірушінің базалық 
деңгейіне қойылатын талаптардың ішінде жоғарыда айтылған Microsoft Word, 
Power Point бағдарламаларымен қатар 3D-модельдеу және анимация, Blender 
бағдарламалары бар. Мысалы Жалпы орта білім беру деңгейінің 
жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған 


49 
Информатика пәні бойынша оқу бағдарламасында оқушының дайындық 
деңгейіне қойылатын талаптарына тӛмендегілер кӛрсетілген:
3D графигін;
3D объектілерімен жұмыс істеу негіздерін;
3D объектілерінің редакциялау техникасын;
3D объектілерді құруды;
3D объектілерді құрғанда модификаторларды қолдануды;
материалдарды қалыптастыруды және қолдануды;
3D қойылымдарын қалыптастыруды,
камералармен және жарықтандырғыштармен жұмыс істеуді;
құрылған құрылымдарды визуалдауды;
әртүрлі арнайы әсерлерді визуалдағанда қолдануды оқушылар білуі және 
меңгеруі тиіс. Осы меңгерген білімдерді пайдаланып, кез келген физикалық 
процестер мен физикалық қондырғыларды моделдеуге болады. Яғни 
физикалық тәжірибеге қажеті қондырғыны жоба ретінде таңдаған студент сол 
қондырғының 3D моделін жасап шығарады. Студенттердің жасаған 
моделдеріне қарап студент физикалық қондырғыны қалай елестететінін кӛруге 
болады. Студенттердің мектептен меңгеріп келген осы 3D моделдеу 
саласындағы білімдерін физика тапсырмаларын орындауда пайдаланудың 
тәжірибелік дайындығын жетілдірумен қатар тӛмендегідей көптеген 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет