Курбанбеков бакытжан алимханович


Болашақ физика пәні мұғалімдерін «Мектеп экспериментінің



Pdf көрінісі
бет22/40
Дата16.11.2022
өлшемі3.46 Mb.
#465003
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40
sajt-kurbanbekov-dissertacija-2021-30.04.2021-sajt

 
1.3 Болашақ физика пәні мұғалімдерін «Мектеп экспериментінің 
техникасы» курсы негізінде тәжірибелік дайындығын жетілдіру моделі
«Мектеп экспериментінің техникасы» курсы негізінде болашақ физика 
мұғалімдерінің тәжірибелік дайындығын жетілдіру моделін әзірлеу – біздің 
зерттеуіміздің басты міндеттерінің бірі. 
Модельдеу кез-келген ғылымның негізі болып табылады. Осы арада 
«модель» ұғымын түсіну үшін біз философиялық сӛздікте берілген анықтаманы 
қолданамыз. «Модель – француз тілінде «ӛлшем, үлгі» дегенді білдіреді. Ал 
ғылымда табиғи немесе әлеуметтік тәртіптің белгілі бір бӛлігінің баламасы 
(кесте, құрылым, белгі жүйесі) болып, адамзат мәдениетінің қалыптасуы, 
тұжырымдамалық және теориялық білім және т.б. модельдің түпнұсқасы» деп 
белгіленген. Бұл балама түпнұсқа туралы білімді (ақпаратты) сақтауға және 
кеңейтуге, түпнұсқаны жобалауға, түрлендіруге немесе басқаруға қызмет етеді. 
Логика мен әдіснамада анықталған белгілі бір жағдайларда модельді әзірлеу 
және пайдалану нәтижелері түпнұсқаға қолданылады[159, 324б;]. 
Ғылыми зерттеу әдістерінің бірі бола отырып, модельдеу педагогикалық 
зерттеуде эмпирикалық және теориялық негіздерді біріктіруге, «дәйекті 
әрекеттердің күтілетін логикасын құруға, оның жұмыс істеуінің мәні мен 
тетіктерін кӛрсететін құрылымды белгілі бір бастапқы ережелер негізінде 
құруға мүмкіндік береді»[160, с.87;]. 
Теория мен практикада мұғалімдердің тәжірибесін талдау модельдеу әдісі 
педагогикалық ғылымда кеңінен қолданылады. Құбылыстарды, үдерістерді 
зерттеуге ғана емес, сонымен қатар олардың тұтастық дәрежесін таңдауға, 
олардың жүру жағдайларын сипаттауға мүмкіндік береді. Модель 
«құрылымдық түрде құрылуы керек, осыған байланысты» үдерістің немесе 
құбылыстың компоненттерін, сондай-ақ олардың ӛзара байланысын, 
тәуелділігін және ӛзара тәуелділігін анықтау қажеттілігі туындайды»[161, 66б;]. 
Модель объектіні біртұтас құрылым ретінде қарастыруға мүмкіндік 
береді. 


59 
Модель – бұл «... зерттеу объектісін бейнелеп немесе жарыққа шығара 
отырып 
оны меңгеру бізге осы объект туралы жаңа ақпарат алатындай етіп 
түсінудің 
орнын алмастыруға септігін тигізетін ойша ұғындырылатын немесе 
материалды жүзеге асырылатын жүйе» [189, б.10]. Үлгінің кӛмегімен 
объектінің құрылымдық бӛліктерінің ӛзгерістерін алдын ала болжауға болады. 
Сӛйтіп, үлгі болашақ физика пәні мұғалімдерін дайындау үдерісін кӛз 
алдымызға айқын елестетуге септігін тигізеді. 
Модельдің мақсаты – «Мектеп экспериментінің техникасы» курсы 
негізінде болашақ физика мұғалімдерінің тәжірибелік дайындығын жетілдіру 
үдерісін жүзеге асыруға теориялық негізді құрастыру. 
Болашақ мұғалімдерді даярлауда үлгілеудің әртүрлі тәсілдері бар 
(Н.В.Кузьмина, М.И.Дьяченко, Л.А.Кандыбович). Біз солардың ішінен екі 
компоненті: құрылымдық (үдерістің мазмұны, мақсаты мен нәтижесі) және 
функционалды (ұстанымдар, кезеңдер, критерийлер, деңгейлер т.б.) 
біріктірілген үлгіні таңдап алдық. 
Модельдің мазмұнында «Мектеп экспериментінің техникасы» курсы 
негізінде болашақ физика мұғалімдерінің тәжірибелік дайындығын жетілдіру 
үдерісі үшін барынша тиімді болып табылатын тәсілдер кӛрініс тапты.
А.Мұхамбетжанованың пікірінше, «Модель – материалдық нысан 
түрінде құрылымды имитациялайтын программа күйінде құрастырылады да 
қарастырылатын нысанның жұмыс жасауын зерттеу үшін қолданылады. 
Модельге койылатын негізгі талап – оның қасиеттерінің негізгі нысанға 
сәйкес келуі, яғни барабарлығы».
Педагогтің 
кәсіби 
біліктілігін 
қарастыруда 
Н.А.Бессмертнаяның: 
«...педагогтің білім беру үдерісіндегі әртүрлі мәселелерді шығармашылық 
тұрғыдан шеше білуге әлеуметтік-психологиялық дайындығын білдіретін 
жүйелі білім, дағды және шеберліктер, тұлғалық қасиеттер, кӛзқарастар мен 
ойпікірлердің, тәжірибелердің жиынтығы болып табылатын компоненттердің 
кең диапазонынан тұратын күрделі интегративті білім» – деген анықтамасына 
сүйенеміз [192, с.18]. 
Қазіргі білім беруде оның мазмұнын, оқу-тәрбие қызметін де модельдеу 
әдетке айналған. А.Н.Дахин [162, с.104;] педагогикалық модельдеудің негізгі 
ережелерін кӛрсететін кезеңдерді анықтайды: 
1) үдеріске «кіру және бӛлу» үшін әдіснамалық негіздерді таңдау, зерттеу 
нысанасын сапалы сипаттау; 
2) модельдеу есептерін қою; 
3) зерттелетін объектінің негізгі элементтері арасындағы байланысты 
нақтылаумен модельді құрастыру, объектінің параметрлерін және осы 
параметрлердің ӛзгерістерін бағалау ӛлшемдерін анықтау, ӛлшеу әдістемелерін 
таңдау; 
4) қойылған міндеттерді шешуде модельдің ықпалдылығын зерттеу;
5) педагогикалық экспериментте модельді қолдану; 


60 
6) модельдеу нәтижелерін мазмұнды түсіндіру[163, с.1263;] 
Жоғарыда айтылғандармен келісе және пікірлерді талқылай отырып, біз 
ғылыми модель дегеніміз – зерттеу пәнін зерттеу және ӛзгерту мақсатында 
адекватты түрде ұсынуға мүмкіндік беретін психикалық немесе нақты 
қалыптасудың бір түрі деп есептейміз. Зерттеу нысаны туралы барлық 
ақпаратты жан-жақты ұсыну жаңа білім алуда толық мүмкіндік ашады[163, 
с.267;]. 
Осы зерттеу шеңберінде біз модельді дерексіз жүйелік құрылым деп 
түсінеміз, оның талдауы университеттің бірнеше педагогикалық элементтерін 
қамтитын келесідей нақты педагогикалық жүйесін елестетуге мүмкіндік береді: 
құрылымдық (компоненттерінің сызбалық ӛзара байланысын кӛрсететін модель 
және нысан); функционалды (нысанды дамытудың негізгі механизмдерінің 
функционалдығына қатысты); ақпараттық (нысан туралы ақпаратты 
қамтитын)»[164, с.95;]. 
Сонымен, ӛз зерттеуімізде «Мектеп экспериментінің техникасы» курсы 
негізінде болашақ 
физика 
мұғалімдерінің 
тәжірибелік 
дайындығын 
жетілдірудің теориялық моделін болжау мен құрудың негізгі әдісі ретінде 
қолданамыз. 
Жоғары оқу орнының педагогикалық жүйесінің теориялық моделі қағаз 
жүзіндегі критерийлерге сәйкес келуі керек екендігін айтып ӛту керек. 
А.Ф.Зотовтың пікірі бойынша оларға келесілерді жатқызуға болады: модельдің 
құрылымдық элементтерінің бірлігі мен олардың ӛзара байланысын кӛрсететін 
тұтастық; сыртқы жағдайларға және әсер етуші факторлардың әсеріне 
қарамастан, объектінің жүйелік ерекшеліктерін модель арқылы сақтау арқылы 
кӛрінетін тұрақтылық; зерттелуші үшін зерттелетін құбылыстың немесе 
тақырыптың ұсынылған қасиеттерінің кӛрінуіне ықпал ететін бақыланушылық; 
ақпараттың шамадан тыс болуын болдырмау үшін модельге енгізілген нысан 
сипаттамаларының параметрлерінің санын шектігі[165, с84;]. 
Ғылыми әдебиеттерді талдаулар [166; 37б; 167, 10б;] модельдердің әртүрлі 
типтерін ажыратуға мүмкіндік береді: «теориялық», «құрылымдық», 
«құрылымдық-мағыналы», 
«құрылымдық-мағыналы-процедуралық», 
«идеалды», 
«гипотетикалық», 
«құрылымдық-функционалды», 
«тренинг 
моделі», «берілген қасиеттерді қалыптастыру моделі», «ақыл-ой моделі», 
«критерий моделі» және т.б. Модельдеу әдісіне жүгінген әрбір зерттеушінің 
оны ӛз жұмысына қатысты қолданудың пайдасына дәлелдер табуға тырысуы 
заңды болып табылады. Біз де осыдан тыс емеспіз. Осы зерттеу аясында 
жүргізілген ғылыми ізденістер ЖОО-ның «Мектеп экспериментінің техникасы» 
курсы негізінде болашақ физика мұғалімдерінің тәжірибелік дайындығын 
жетілдіруге бағытталған мақсаттар, әдістер, міндеттер мен шарттар 
жиынтығын визуалды түрде ұсыну ретінде модель жасауды кӛздейді.
Біздің жұмысымызға қатысты модельдеу әдісінің маңыздылығы физиканы 
оқыту 
әдістемесі 
туралы 
мәліметтер құрылымы 
ретінде 
«Мектеп 
экспериментінің техникасы» курсы негізінде болашақ физика мұғалімдерінің 


61 
тәжірибелік дайындығын жетілдіру моделінде ғылыми идеялар Қ.А.Ясауи 
атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің базасынан болды. 
Бұл модельдің құрылымына «Мектеп экспериментінің техникасы» курсы 
негізінде болашақ физика мұғалімдерінің тәжірибелік дайындығын жетілдіруді 
ойдағыдай қалыптастыруға келесідей элементтер қажет: мақсат, әдістемелік 
тәсілдер мен принциптер, болашақ физика мұғалімдерінің тәжірибелік 
дайындығын қалыптастырумен бірге жүретін педагогикалық жағдайлар, оның 
қалыптасу критерийлері мен деңгейлері кіріктіріледі. Модельдің белгіленген 
элементтерінің мазмұнды сипаттаумаларына тоқталайық.
Оның негізгі мақсаты - Мектеп экспериментінің техникасы» курсы 
негізінде болашақ физика мұғалімдерінің тәжірибелік дайындығын жетілдіруін
зерттеуге қажетті маңызды жеке қасиеттер. 
Болашақ физика пәні мұғалімінің тәжірибелік дайындығын тиімді 
қалыптастыру тек пәндік білім жүйесімен, оқу және сыныптан тыс 
жұмыстардың әр түрлі түрлеріне қызығушылықты қалыптастырумен ғана емес, 
сонымен қатар дағдыларды және болашақ мұғалімнің жеке қасиеттерін 
меңгерумен байланысты. Бұл мақсат әзірленген модельдегі ең жақын мақсат 
болып табылады.Құрылымдық элементтердің бірі ретінде біз жасаған модель 
университеттің оқу үрдісінің субъектілерін қамтиды. Біздің ойымызша, ол - бұл 
университеттің оқытушылары мен студенттері. Субъектілердің ерекшеліктеріне 
байланысты олардың мақсаттары, міндеттері, олардың ӛзара әрекеттесу 
формалары түзетіледі. Оның түпкілікті нәтижесі болашақ физика пәні 
мұғалімінің 
тәжірибелік 
дайындығын 
жоғары 
деңгейге 
жетуімен 
анықталады[170, 17б:].Әзірленген модельдің ең басты мақсатты – болашақ дене 
тәрбиесі мұғалімдерінің оқу үрдісіндегі әлеуметтік белсенділігін арттыру 
(сурет. 2). 
«Мектеп экспериментінің техникасы» курсы негізінде болашақ физика 
мұғалімдерінің тәжірибелік дайындығын жетілдіру міндеттері:
- «Мектеп экспериментінің техникасы» курсын оқытудың әдістемесін 
жасау; 
-заманауй физикалық аспаптар мен зертханалық қондырғылармен болашақ 
физика мұғалімдерінің тәжірибелік дайындығын жетілдіру; 
-3D моделдеу студенттердің ӛздігінен ізденуін күшейтетіндігін зерттеу; 
Жоғарыда атап ӛткеніміздей модельдің ұйымдастырушылық блогында 
«Мектеп экспериментінің техникасы» курсы негізінде болашақ физика 
мұғалімдерінің тәжірибелік дайындығын жетілдіру кезеңдері ұсынылған: 
ұйымдастырушылық-оқыту, белсенділік, тиімді рефлексивті. Оның барысында 
болашақ физика пәні мұғалімдері осы сапаны дамытады, оқытушылық 
қызметте білім, білік, практикалық дағдыларды игереді. Әрбір кезеңге 
жұмыстың нысандары мен әдістері (жеке, топтық, ұжымдық) сәйкес келеді. 


62 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет