Курчатов қаласының 2005 жылдың 1 жартыжылдығына әлеуметтік-экономикалық дамуы Өнеркәсіп



Дата22.02.2016
өлшемі45.34 Kb.
#1815
Курчатов қаласының 2005 жылдың 1 жартыжылдығына әлеуметтік-экономикалық дамуы
Өнеркәсіп. Курчатов қаласында өнеркәсіп өндірісінің динамикалық өсуі сақталып отыр. 2005 жылдың қаңтары - мамыры аралығындағы өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 179,3 млн.теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 139,2 пайызды көрсетті. Э/қуатын өндіру мен тарату бойынша жұмыс көлемінің өсуі байқалып отыр (2,1 есе), сонымен қатар өңдеу өнеркәсібінде өсім азайды (78,8).

Ауыл шаруашылығы. Ағымдағы жылдың 5 айында қаланың қосылқы шаруашылығымен 12,4 тонна ет (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 125,3 пайыз), 132,0 тонна сүт (132 пайыз), 4,0 мың дана жұмыртқа (100 пайыз) өндірілді. Ірі қара мал басының саны көбейді. Негізгі қорға инвестициялар ағымдағы жылдың қаңтар - мамыр айларында 238,8 млн.теңгені, соның ішінде республикалық бюджет - 94,1 млн.теңгені, шетел инвестициялары 112,9 млн.теңгені құрады.

Бюджеттік сала.  Бюджетке түскен барлық деңгейдегі салықтар көлемі: мемлекеттік кірістер мен төлем түрлері 103,4 млн.теңге сомасында, 117,5 пайыз. Салықтар мен төлемдердің барлық түрлері бойынша уақытында төлемеу ағымдағы жылдың 1 сәуірінде 47,4 млн. теңгені құрап, 2005 жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен салыстырғанда 2,7 млн.теңгеге немесе 5,5 пайызға азайды.

Кәсіпкерлік. Қалада 2005 жылдың 1 сәуіріне дейін 490 адам жұмыспен қамтылған 320 шағын бизнес субъектілері тіркелген. Шағын кәсіпорын жұмысшыларының орташа айлық еңбек ақы көлемі 20367 теңгені құрады. Шағын бизнес субъектілерінен түскен салық бюджеттің барлық деңгейдегі салық түсімдерінің жалпы сомасынан 11,2 пайызды құрады. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен жалпы мемлекеттік бюджетке 11,6 млн.теңге, соның ішінде жергілікті бюджетке 8,9 млн. теңге салық түсті. 1 тоқсандағы тауарлар мен қызметтер көлемі - 52,1 млн. теңгені құрады.

Әлеуметтік сала. 2005 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша экономикалық белсенді тұрғындар санатындағы жұмыссыздар деңгейі 7,9 пайыз (5250 адам) болды. Қаңтар - сәуір айларында орташа айлық еңбек ақы 32106 теңгені құрайды. Жыл басынан жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жұмыспен қамту мәселелері бойынша 384 адам өтініш жасаған, олардың ішіндегі 200 адам ресми түрде жұмыссыз деп танылды, 184 адамға жұмысқа орналасу сұрақтары бойынша кеңес берілді. Жыл басынан жұмысқа 128 адам орналастырылды, бұл көрсеткіш халықты жұмыспен қамту бағдарламасының 53 пайызға орындалғандығын көрсетеді. Қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарында 170 жаңа жұмыс орындары ашылды, соның ішінде құрылыс байыту фабрикасында 35 орын, ҚР ҰЯО институттарында 89 жұмыс орны, "ФМЛ Қазақстан" ЖШС 33 жұмыс орны, басқа кәсіпорындарда 13 жұмыс орны құрылды. Жұмыспен қамту бағдарламасымен 2005 жылы 190 жұмыс орнын құру жоспарланған. Жоспардың орындалуы 1 шілдеде 89 пайызды құрады. Мақсатты топтарға жататын тұлғаларға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында қала кәсіпорындарында ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылды. Жарты жылда ақылы қоғамдық жұмыстарға 114 адам қатысты, олардың еңбек ақыларына 1613,6 мың теңге аударылды, бұл жұмыспен қамту бағдарламасының 50 пайызға орындалғандығын көрсетеді. Осы категориядағы тұлғалар үшін қала кәсіпорындарында әлеуметтік жұмыс орындары құрылды, жыл басынан әлеуметтік орындарға 4 адам жұмысқа орналастырылды, еңбек ақы төлемі жергілікті бюджет қаражаттарынан бөлшектеп қайтарумен жұмыс берушілердің қаражаттары есебінен жүргізіледі. Кәсіптік оқу орындарының түлектерімен еңбек тәжірибесін меңгерту мақсатында жұмыс жүргізілуде. Ол үшін қала кәсіпорындарында жастар тәжірибесі ұйымдастырылды. Жыл басынан жастар тәжірибесіне 4 адам қатысты. Жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру кезеңін қысқарту нысандарының бірі кәсіби даярлау және қайта даярлау болып табылады. Жарты жыл ағымында кәсіби даярлауға 6 адам жолдама алды. Олардың төлемін жүргізуге кеткен қаражаттар 94,5 мың теңгені немесе 47 пайызды құрайды. Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейінгі жағдай бойынша бөлімде 133 жұмыссыз тіркелген. Халықтың экономикалық белсенді санатындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі 2,5 пайызды құрайды, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 1 пайызға азайды. Бөлім жұмысы туралы ақпарат қала тұрғындарына бұқаралық ақпарат құралдары (жергілікті телевидение, радио, "Спектр резонанс" газеті) арқылы жеткізіледі. Бөлімде жыл басынан бос жұмыс орындарының шағын жәрмеңкесі екі рет өткізілді. Бұл іс-шара 61 адамды қамтыды, олардың ішінде 15 адам жұмысқа орналасты, 3-уі ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілді, 43 -іне кеңес берілді. Қалалық бюджет қаражаттары есебінен 77 отбасына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Ол отбасында 204 адам тұрады, бір адамға төленген жәрдемақының орташа мөлшері 1044 теңгені құрайды. Тұрғын үй жәрдемақысын 223 адамнан тұратын 138 отбасы алды, 1 отбасына жәрдемақының орташа мөлшері 1067 теңгені құрады. Материалдық көмек көрсету үшін 7 аз қамтылған азаматтардың арыздары қаралды. Соның ішінде бірінші топтағы мүгедекке емделу үшін әр аптада бір рет "Жолбарыс" ЖШС автобусымен Семей қаласына тегін жол жүру құқығы берілді. Күн сайын мүгедектер мен ҰОС ардагерлері, барлық топтағы мүгедектер, зағип балалар, тұрғын үй, атаулы әлеуметтік жәрдемақыларын алушылар, тыл еңбеккерлері жөніндегі әлеуметтік карталардың монитрингі бойынша жұмыс жүргізіледі. 1 шілдеге дейін 332 адамға деректер базасы құрылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Білім. Қалада 6 оқу орындары бар, оның ішінде:

• мектеп - гимназия - 778 оқушы;

• № 3 орта мектеп - 706 оқушы;

• мектеп - бақша - 300 бала;

• балалар саз мектебі - 60 бала;

• балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі - 10 спорт түрлері бойынша 284 бала оқиды;

• кәсіптік- техникалық мектеп - 75 оқушы.

Барлық орта мектептер компьютерленген және Интернет желілеріне қосылған.Денсаулықсақтау. Қала жұртшылығына медициналық көмекті "Курчатов қаласының қалалық ауруханасы" КМҚК көрсетеді. Бұл кәсіпорынға емхана, 55 төсекті стационар, тәулік бойғы жедел шұғыл көмек бөлімі енеді. Қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады. 6 жеке меншік дәріхана жұмыс істейді.



Ішкі саясат. Курчатов қаласында тұрақты қоғамдық- саяси жағдай сақталып отыр. Қазақ тілін дамыту және қолдану аясын кеңейту мақсатында 18 шілдеде "1001 мақал, 101 жұмбақ" зияткерлік байқауы өткізіліп, оған 18 адам қатысты. Әкім аппаратының жанында 13 адам жұмыс істейтін 4 үгіт- насихат топтары бар. Шілдеде қала тұрғындарымен 6 кездесу және 3 дөңгелек үстел өткізілді. Ағымдағы жылдың 2 тоқсаны бойынша 19 жалпы қалалық іс-шаралар өткізілді.

Тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық. Қаланың санитарлық жағдайын жақсарту, оны көгалдандыру және көріктендіру мақсатында ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 1 шілдесіне дейін санитарлық тазалық бойынша екі айлық науқан жүргізілді. Оған 53 ұйым, 4112 адам қатысты. Қаланың 42 км. көшелері мен жолдары тазаланып, 4,6 га парктер мен скверлер, 96 аула аумақтары жинастырылды. 1460 м3 қоқыс шығарылды. Санкцияланбаған 1 қоқыс орны жойылды. 904 жасыл желек орнатылды, олардың ішінде: шырша - 154 түп, терек- 300 түп, сондай-ақ 700 м. бұтақты желектер мен 120 м2 гүл отырғызылды. 34 телімге "Дегелең" бекетінде жеке тұрғын үй құрылысының жоспар - кескіні құрастырылды. 6 тұрғын үйдің шатырларына күрделі жөндеу жүргізілді. 2005-2006 жылдардың жылыту маусымдарына әзірлену бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қаланың 3 жылу жіберу орындарына қосымша 5 қазандық орнатылды. Денсаулықсақтау, білім беру және мәдениет нысандары қысқы мерзімге толықтай дайын. Су мен жабдықтау және арналар жүйелері 89 пайызға әзірленді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет