Курчатов қаласының 2007 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы



Дата23.02.2016
өлшемі64.94 Kb.
#9868
Курчатов қаласының 2007 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы
Курчатов қаласы 1949 жылы 21 тамызда құрылған, Қазақстандағы алпыс қалалардың бірі, бұрынғы Семей сынақ полигонының орталығы болған Курчатов қазірде облыстық маңызы бар қала болып табылады. Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында орналасқан. Павлодар және Қарағанды облыстарымен шекараласып, қала аумағы 11 мың га жерді алып жатыр.

1947-1991 жылдары Қазақстанның солтүстік-батысында сынақ өткізу үшін күшті база жұмыс істеді, зерттеулер жүргізіп, жүйені өңдеу үшін бұрынғы Совет Одағының қорғаныс кешені мүддесінде жабдықталды. Курчатов қаласы ядролық сынақ бағдарламасын дайындау және оны жүзеге асыру үшін құрылды. Қаланың барлық тұрғындарының жұмысы ядролық сынақ бағдарламасымен байланысты болған.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1991 жылдың 29 тамызында 40 жыл бойы от ауыз айдаһардай болған Семей ядролық полигоны жабылды. 1992 жылдың 15 мамырында бұрынғы полигонының ғылыми-зерттеу кешені базасында Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық полигоны құрылды.

Бүгінгі күні ядролық орталықпен толықтай кешенді мәселелер жөнінде ірі халықаралық жобалар шешіледі: экология, атомдық энергетика қауіпсіздігі, ядролық қарудың таратылмауын бақылау, тау кен ісі, медицина және т.б.

1991 жылға дейін қаланың өзіндік ерекшелігі болып осы аумақта бірде бір өндіріс кәсіпорнының жұмыс істемегендігі саналады, бар бағыт әскери өндіріс кешенін қамтамасыз етуді көздеген.  1991 жылдан бастап қалада өнеркәсіп өндірісі де, шағын және орта бизнес те дами бастады. Курчатов қаласының өндіріс кәсіпорындарымен 2007 жылы өнеркәсіп өнімдері қолданыстағы бағада 659,3 млн. теңгеге өндірілді, бұл көрсеткіш 2006 жылға қарағанда 2,1 есе артық. 2007 жылы Курчатов қаласы бойынша өнеркәсіп өнімдері көлемінің айтарлықтай өсуі 2006 жылдың аяғында «химиялық өнеркәсіп» және «машина жасау» саласында өндіріс көлемінің артуы мен флюорит кенін өңдеу бойынша кен-байыту кешенінің іске енуіне байланысты қалыптасты. Кен өндірісінде өткен жылдың сәйкес кезеңінде 296,9 млн. теңге сомасында өнім өндірілді.

Өңдеу кәсіпорнында 154,8 млн. теңге сомасына өнім өндірілді, яғни 2006 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30,5% жоғары. «Химия өнеркәсібі» өндіріс кәсіпорны өнімінің көлемі 71,5% ға, «машина жасау» - 27,7 % ға жетті.





2007 жылы электр қуатын, су және газ бөліп өндіруде өнімдер өндіру 207,6 млн. теңгені құрады. Электр қуатын өндіру 21,3% ға өсті, 21,3% ға көтеріліп, табиғи су таратылды, жіберілген жылу энергиясы өткен жылға қарағанда, 18,9% ға аз өндірілді..

2007 жылғы жағдай бойынша малшаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 83,8 млн. теңге деңгейінде қалыптасты.сонымен қатар мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі 37,4 млн. теңге болып, 33,5 пайызға артты. Қаланың барлық шаруашылық санатындағы мал және құс етін сату тірідей салмақта 120,5 тоннаны құрады, яғни 2006 жылдың сәйкес деңгейінен 56,3% ға жоғары, сүт өндіру – 568,6 тоннаға (11,9%), жұмыртқа – 30 мың дана, 2006 жылға қарағанда 6,2 есе төмен.  Курчатов қаласының аумағында негізгі ет өнімдерін жұмыртқа және сүт өнімдерін өндірушілер тұрғындардың үй шаруашылығы болып табылады. 2007 жылда 1,7 %-ға ірі қара мал басының, қой және ешкі 546,2%-ға, шошқа 2,2% -ға, түйе 18,2%-ға артқандығы байқалды.





2007 жылда толық алаңы 1365 шаршы метр болатын тұрғын үй пайдалануға берілді, соның ішінде пайдалы алаң 1296 кв. метрді құрады, яғни 2006 жылдың деңгейімен салыстырғанда 2,2 есе жоғары. Курчатов қаласы бойынша тұрғын үйлердің жалпы алаңы құрылысының 1 шаршы метрінің орташа нақты құны 49,1 мың теңгені құрады. 
Бөлшек тауарайналым көлемі 2007 жылы сатудың барлық жолдары бойынша 2006 жылдың деңгейінен 100% ға артып, 728,8 млн. теңге сомасында қалыптасты. 2007 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша нарықтағы белсенді жұмыс істейтін шағын бизнес кәсіпорындарының саны 17 бірлікті құрады, яғни 2006 жылға қарағанда, 23,1% ға артық, 272 – жеке кәсіпкерлер, 1- шаруа қожалығы бар. Шағын кәсіпкерлікте жұмыс істейтіндер саны 700-ден артық адамды құрады. 2007 жылдың осыған сәйкес кезеңінде шағын кәсіпорын жұмысшыларының орташа айлық еңбекақы төлемі 28 165 теңгені құрады.

2007 жылдың 9 айында шағын кәсіпкерлік субъектілерінен түскен салық түсімінің көлемі 54,7 млн. теңгені құрайды, яғни 6,8 млн. теңгеге немесе өткен жылдың талдауына қарағанда 14,3% ға артық, соның ішінде 2006 жылдың деңгейін 16,3% ға артып, жергілікті бюджетке 38,9 млн. теңге түсті.

Курчатов қаласы бойынша негізгі қорға инвестиция көлемі 2007 жылдың қаңтар - қараша айларында бағалау есебімен 2 млрд.228 млн. теңгені, немесе 83,9% құрады.




Негізгі қордағы инвестиция көлемінің төмендеуі «ФМЛ Қазақстан» ЖШС геологиялық барлау бойынша жұмыстың аяқталуына байланысты шетел инвестицияларының айтарлықтай азаюынан болды. Курчатов қаласы бойынша негізгі қордағы салыстырмалы толық инвестиция Шығыс-Қазақстан облысы бойынша инвестицияның барлық көлемінің 2,4% құрайды немесе облыс қалаларының және аудандарының арасында 19 орынды алады. Курчатов қаласының негізгі қорындағы инвестицияның негізгі бөлігі немесе 97,5 пайызы республикалық бюджеттен және кәсіпорындардың меншік қаражатынан түскен инвестицияны құрайды.

2007 жылы тұрғын үй құрылысындағы инвестиция 114,9 млн. теңгені құрады, 2006 жылдың деңгейінен 14,3 есе артып, олардан 84,9 млн. теңге «Ядролық технологиялар паркі» акционерлік қоғамымен тұрғын үйді қалпына келтіруге жіберілді, 30,0 млн. теңге мемлекеттік тұрғын үй қорынан көп пәтерлі тұрғын үйді қалпына келтіруге жіберілді. 


Инвестиция құрылымында тұрғын үй құрылысына республикалық бюджет қаражатынан 73,9%, облыстық бюджеттен 26,1% құрайды. 2007 жылдың қаңтар-қараша айларына Курчатов қаласы бойынша жалданушы жұмысшылар саны ірі және орта кәсіпорындарда, филиалдарды қосқанда, сонымен қоса барлық санаттағы денсаулық сақтау, білім беру, басқару органдары, қоғамдық, банктік, сақтандыру ұйымдарында 2006 жылдың деңгейінен 1,8% ға артып, 3,4 мың адамды құрады.

2008 жылдың 1 қаңтарында Курчатов қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметі бойынша қаланың жұмыспен қамту қызметіне 674 адам, олардан жұмысқа орналасу мәселесі бойынша – 358 адам, кеңес алу үшін – 316 адам жүгінген. 

Жұмыспен қамту қызметінің ықпалымен 283 адам жұмысқа орналастырылды, олардың 57,7% әйелдер. Өткен кезеңде жұмысқа орналасу деңгейі 79% құрады. 
2007 жылдың 1 қаңтарында әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімінде тіркелген жұмысшылар саны 72 адамды құрайды. Экономикалық белсенді тұрғындар санында тіркелген жұмыссыздар санының үлесі 1,1% деңгейінде қалыптасты, яғни облыстық көрсеткіштен 0,1% ға төмен. 2007 жылда жұмыспен қамту органы ұйымдарымен және кәсіпорындары мәлімделген, жұмысшылар қажеттілігі 473 адамды құрады. 2007 жылдың қаңтар – желтоқсан аралығы кезеңінде қаланың ұйымдарында және кәсіпорындарында 281 жаңа жұмыс орындары құрылды, немесе 167,3% құрайды.




Курчатов қаласында күн көріс деңгейі 2007 жылдың желтоқсанында 9 833 теңге болды, 2007 жылдың қарашасындағы деңгейге қарағанда 6,4 пайызға жоғары, ал 2006 жылдың желтоқсанына қарағанда 126,3 пайызды құрады. 2007 жылдың қаңтар – қараша айларына ірі және орта кәсіпорындарында жұмысшылардың еңбекақы төлемінің жалпы қоры, филиалдарды қосқанда сонымен қоса барлық санаттағы денсаулық сақтау, білім беру, басқару органдары, қоғамдық, банктік, сақтандыру ұйымдарында 1 млрд.770 млн.теңгені құрады немесе 2006 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 119,2 % құрады. Жұмысшылардың орташа айлық еңбекақы төлемі, 2007 жылғы 11 айында қамтылған барлық экономикалық қызмет түрлеріне 50 689 теңгені құрады және 2006 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,6% ға өсті. 2008 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай мен алдын ала мәліметтер бойынша қаланың тұрғындар саны 10,5 адамға жетті, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейдің 1,8 % өсімімен 191 адамды құрайды.

2007 жылдың қаңтар-қараша айларына Курчатов қаласында 63 некеге отыру және 37 некені бұзу тіркелген. Осы жылы 135 нәресте дүниеге келген, 56 адам қайтыс болды. Алдын ала мәліметтер бойынша көші-қон ауысымы нәтижесінде қаладан 180 адам кетіп, 322 адам келген, көші-қон өсуі 142 адамды құрайды. 2007 жылдың 11 айында Курчатов қаласының құқық қорғау органдарымен 79 қылмыс анықталған, яғни өткен жылмен салыстырғанда 24,8% ға төмен, оның ішінде 9-ы ауыр және өте ауыр қылмыстар санатынажатады.  Білім саласында 8 білім беру ұйымдары жұмыс істейді, соның ішінде 6 қалалық бюджет қаражатынан қаржыландырылады. 2005-2007 жылдарға арналған білім мекемелерінде материалдық-техникалық базаны нығайту және күрделі жөндеу бойынша Өңірлік бағдарламаларды жүзеге асыру жалғасуда.





2007 жылы Бағдарламаның іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында қала бюджеті қаражатынан 13 693 мың теңге сомасында қаражат бөлінді:

- білім мекемелерін күрделі жөндеуден өткізуге 6 889 мың теңге сомасында, соның ішінде күрделі жөндеу өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттар дайындауға 2088 мың теңге; 

- материалдық-техникалық базаны нығайтуға – 4 384 мың теңге;
- оқу әдебиеттерін сатып алуға және жеткізуге – 1 886 тыс. тенге, соның ішінде оқу әдебиеттерін сатып алуға республикалық бюджет қаражатынан 534мың теңге бөлінді.

Республикалық бюджеттен жұмыссыздар мен барлық тілек білдірушілерді компьютерлік сауаттылыққа тегін оқытуды көздейтін электронды үкімет құру аясында адам қорын дамытуға 1 911 мың теңге қаражат бөлінді. Сондай-ақ, қала мектептерінде Елбасының қатысуымен Интернет желісі арқылы интерактивті ашық сабақ өткізуге 1 865 мың теңге бөлінді.

Мәдениет саласында қалалық кітапхана және Қалалық мәдениет үйі жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңын, 2001-2010 жылдарға арналған тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында қалалық бюджеттен лингафонды кабинет жұмыс істейтін мемлекеттік тілді оқыту орталығын құру үшін 3226,0 мың теңге сомасында қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта Орталықта 139 мемлекеттік қызметші оқиды.

Тұрғын үй – комуналдық шаруашылығы саласында көшелерді жарықтандыру бойынша жұмыстар аяқталды, 2007 жылы қала бюджетінен осы мақсатқа және Победа 2,4,6; Ленина 17; Абай 22; Алексеенко 1,3. көшелері бойынша мөлтекаудандарды абаттандыруға 18,1 млн. тенге сомасында қаражат бөлінді.



Денсаулық сақтауда қаржыландыру жылдан жылға өсіп келеді. 2007 жылы Қалалық аурухананың жылдық бюджеті 94,3 млн. теңгені құрады және өткен жылға қарағанда 37,5% ға өсті. Осы жылы күрделі жөндеуді өткізу жалғасуда осы мақсатқа 15,0 млн. теңге қарастырылған, яғни 2006 жылдың деңгейінен 1,5 есе жоғары, облыстық бюджеттен материалдық-техникалық базасын нығайтуға 1,725 млн. теңге бөлінді.

 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет