Курстың міндеттері:
1) білім алушылардың азаматтық ұстанымын және өз елінің мүддесіне қызмет етуге дайындығын қалыптастыру;
2) білім алушылардың жеке қасиеттерін дамыту: адалдық, әдептілік, ізгі ниет, өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік;
3) білім алушыларда медиа сауаттылық және қаржылық сауаттылық дағдыларын қалыптастыру;
4) салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру;
5) экологиялық мәдениетті дамыту;
6) қоғам өміріндегі діннің рөлі туралы түсінік қалыптастыру.
Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Білім алушыда:
кең ауқымды дағдылар;
әлеуметтік жауапкершілік;
сыни, креативті және шығармашылық ойлау;
өз білімі мен іс-әрекеті үшін жауапкершілік, басқаларға жанашырлық пен құрмет көрсету;
салауатты өмір сүру дағдысы мен айналасындағы адамдардың әл-ауқатына ықпал ету;
өмір бойы білім алу қажеттілігі;
экстремистік, террористік діни топтар мен ағымдардың идеологиялары мен тәжірибесінің ықпалына қарсы иммунитет қалыптасады.
Білім алушы
тәжірибеде алған білімдерін;
өзінің және басқаның жаңаидеяларын;
сыни тұрғыдан бағалауды және ақпаратпен сенімді жұмыс істеуді;
зерттеушілік, жобамен жұмыс жасау және волонтерлік жұмыс дағдыларын;
тұрақты даму мүддесіндегі ашық, мейірімді қоғам құруға бағытталған білім мен дағдыларды қолданады.
Білім алушылар
өзінің оқуын және жеке дамуын қолдау үшін күшті және әлсіз жақтарын;
өзінің және басқалардың жақсы өмір сүруі үшін өмірдің түрлі аспектілерін;
басқалармен ынтымақтастық қарым-қатынасын;
мемлекеттік, саяси және діни бірлестіктер мен мәдениетаралық қатынастардың мәнін талдай алады.
Достарыңызбен бөлісу: |