Әдістемелік нұскау
Зертханалық сабақ тақырыбын біле отырып, оған алдын-ала дайындалу керек. Ол үшін сабақ тақырыбына сәйкес дәріс материалын және оқытушы ұсынған әдебиеттердегі материалды оқып шығу керек. Сол сияқты алдыңғы дәрісте немесе зертханалық сабақта берілген өз бетінше орындауға ұсынылған жұмыстардағы тапсырмаларды орындау керек.
Зертханалық жұмысты орындау барысында студенттер бағдарламалық жабдықпен жұмыс жасаудың жеткілікті дағдысын меңгеруі керек. Зертханалық жұмыстардың тиімділігіне қол жеткізу үшін оларды орындау әдістері маңызды болып табылады.
Желілік кабель — желі элементтерін (компьютерлерді және басқа құрылғыларды) бір-біріне қосудың негізгі жолы. Заманауи компьютерлік жергілікті желілерде қолданылатын кабельдердің бірнеше түрі бар. Есулі қосақ. Қазіргі уақытта жергілікті желілерде қолданылатын кабельдің негізгі түрі. Ол 16 қос-қостан өрілген сымнан (сымның атауы осы жерден келіп шығады) тұрады (1.7-сурет). Есулі қосақөткізу қабілеті 100 Мбит / с және одан көп желілерді құруға мүмкіндік береді. Дегенмен, бір кабельдің ұзындығы бойынша шектеулер бар (100 м дейін), сондықтан егер үлкен қашықтаорналасқан компьютерлерді қосу қажет болса, қосудың басқа түрлері қолданылады. Есулі қосақты компьютерге немесе басқа құрылғыға қосу үшін кабельдің ұштарына арнайы жалғағыштар орнатылады (1.8-сурет). Мұндай жалғағыш RJ-45 халықаралық белгісімен белгіленген.
Əдебиет:
АлдешовС.Е. Компьютерлік желілер, интернет және мультимедиа-технологиялар, 2018
Медешова, А. Б.Компьютер архитектурасы, 2017
Қазбекова Г.Н. Дербес компьютерді жөндеу және модернизациялау 2012.
Казбекова Г.Н. Ремонт и модернизация персонального компьютера, 2012.
Қазбекова Г.Н.Дербес компьютер қызметі, 2011
Цай Д. Устройство и ремонт персонального компьютера: Учебник., 2007
Таненбаум Э.С. Компьютерлік желілер: Окулык, 1-бөлім, 2013.
№9 зертханалық жұмыс
Достарыңызбен бөлісу: |