Курс–3 Семестр – 5


Курс бойынша жазба жұмыстарының тақырыптары (реферат, баяндама, курстық жұмыс т.б.)



бет9/9
Дата14.07.2016
өлшемі0.68 Mb.
#198087
1   2   3   4   5   6   7   8   9

9. Курс бойынша жазба жұмыстарының тақырыптары (реферат, баяндама, курстық жұмыс т.б.)

  1. ШКБМ-дағы бір тақырыптың, бір пәндік және әр пәндік сабақтар кестесін құру.

  2. ШКБМ-дағы сабақтар жоспарлары және сабақтың үлгілері.

  3. ШКБМ жағдайындағы пәндерді біріктіріп оқыту кестесін тиімді ұйымдастыру.

  4. Топтастырылған сыныптарда әр түрлі нұсқадағы сабақ жоспарларын дайындау, өткізу және талдау.

  5. Өзіндік жұмыс оның сипаты, функциясы және міндеттері.

  6. Өзіндік жұмыстың түрлері және оларды ұйымдастыру, өткізу жолдары.

  7. ШКБМ жағдайындағы математикадан сыныптан тыс жұмыстар, олардың түрлері.

  8. ШКБМ жағдайындағы математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу.

  9. ШКБМ жағдайындағы математиканы оқытуда көрнекілікті қолдану.


10. Оқу, өндірістік және дипломалды сараман жоспарланбаған
11. Оқу үлгерімін бақылау мен бағалау материалдары

Білімді бағалау жөніндегі мәлімет

  • Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі

U = [(P1 +P2) / 2] * 0,6 + E * 0,4

P1 - бірінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті

P2 - екінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті

Е – емтихандағы бағалаудың цифрлік эквиваленті

Яғни 30% (1 рейтинг) + 30% (2 рейтинг) + 40% (емтихан).


Бағалау критериийлері

Бағалау түрі

Жұмыс үшін ұпай

Жасалған жұмыстардың саны

Дәрістегі белсенділік

100

15

Семинардағы (практикалық жұмыстағы белсенділік)

100

15

СОӨЖ-дағы белсенділік

100

15

СӨЖ орындауы

100

15

Жеке тапсырмалар

100

2

Рубеждік бақылау

100

2

Аралық аттестация (Р1, Р2)

100

Барлық бағалардың орта арифметикалық сомасы

Ағымдық бақылау

(Р1+Р2)/2




Емтиханға жіберілетін рейтинг

Ағымдық бақылау * 0,6




Қорытынды бақылау (емтихан)

100*0,4




Қорытынды

Емтиханға жіберілетін рейтинг + қорытынды нәтиже




Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).

Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.

Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.

Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша)


Студенттердің білім, біліктіліктері мен дағдылары төмендегіше бағаланады:


Бағалау

Бағаның әріптік баламасы

Бағаның сандық баламасы

Бағаның проценттік баламасы

Бағалаудың дәстүрлі жүйесі

A

4,0

95-100

өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз


Студенттерге қойылатын талаптар:

Курс соңында студенттер педагогика ғылымының даму тарихы, жүйесі, басқа ғылымдармен байланысы, методологиялық негіздерін, педагогикалық процесстің мәнін, заңдылықтарын, кезеңдерін, ҚР “Білім туралы” және т.б. заңдарын, тұлға дамуының факторларын, оның дамуының жас және жеке ерекшеліктерін, тәрбие заңдылықтарын, принциптерін, тәрбиенің отандық және шетелдік үлгілерін, тәрбиенің әдіс-тәсілдерін, ұжымдық тәрбие негіздерін, тәрбие түрлерін, отбасы тәрбиесінің негіздерін меңгеріп шығуы тиіс.



1. Сабаққа қатысу

Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.



2. Аудиториядағы тәртіп

Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.



3. Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы міндетті түреде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.



4. Жеке тапсырмалар

Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.



5. Бақылау жұмысы.

Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі.



6. Пікірлесу.

Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін.



1-7 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.

  1. Шағын жинақты мектептегі оқыту әдістемесінің педагогикамен байланысы.

  2. Шағын жинақты мектептегі оқыту әдістемесінің психологиямен байланысы.

  3. ШКБМ-тің мақсаты мен міндеттерін анықтаңыз.

  4. Курстың әдістері және басқа оқы пәндерімен байланысын анықтаңыз.

  5. Ұйымдастырудағы қиындықтардын шығу жолдары.

  6. Оқу-тәрбие жұмысын өткізудегі қиындықтардан шығудың тәсілдері.

  7. Шағын кешенді бастауыш мектепте оқытудың ерекшеліктерін атаңыз.

  8. Шағын кешенді бастауыш мектептерге қойылатын талаптарды атаңыз.

  9. ШКБМ-те оқу-тәрбие жұмысын жүргізудегі қиындықтар немен байланысты?

  10. Шағын кешенді мектептегі негізгі қиындықтарды атаңыз.

  11. Шағын кешенді мектептерде оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың артықшылықтарын келтіріңіз.

  12. Шағын бастауыш мектепте дидактикалық материалдарды пайдалану жолдары.

  13. Шағын кешенді мектепте математика сабағының ерекшеліктерін атаңыз.

  14. Оқу-әдістемелік топтама құралын келтіріңіз, сипаттама беріңіз.

  15. 5 күндік бастауыш мектепте сабақ кестесін құру ерекшелігі неде?

  16. Шағын кешенді мектеп қандай жағдай, 1, 2 немесе одан артық кешенде құралады?

  17. Сыныптарды біріктіру түрлерін келтіріңіз,

  18. 4 жылдық мектептер үшін кестелер түрін көрсетіңіз.

  19. Әр пәндік сабақтардың ерекшеліктері неде?

  20. Бір пәндік және әр пәндік сабақтар жоспарлары қалай жасалады?

  21. Бір пәндік сабақтардың ерекшелігі неде?

  22. Бір тақырыптық сабаққа материалдар жинау.

  23. Сабақ кестесін құрудағы қиындықтар және олардан шығу жолдары.

  24. Сабақ кестесін жасаудың қандай ерекшеліктері бар?

  25. Әр түрлі сабақ кестесін «бір күндік) мысалдар келтіріңіз


8-15 апталардағы тақырыптар (немесе модулдар) бойынша тексеру сұрақтары.

  1. Бір пәндік сабақ жоспарының ерекшелігі неде?

  2. Бір тақырыптық сабақ жоспарының ерекшелігі неде?

  3. Бір пәндік, бір тақырыптық сабақтың тиімділігі неде?

  4. Біріктірілген (ортақ) және сараланған бөлімдері бар сабақтың ерекшелігін атаңыз.

  5. Ұйымдастырудағы қиындықтардан шығу жолдары.

  6. Өзіндік жұмыс оқыту әдісі ме, әлі де оқыту қағидасы ма?

  7. Өзіндік жұмыстың екі сипатын атаңыз.

  8. Өзіндік жұмыстың функциясы мен міндеттерін атаңыз.

  9. Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың қажеттілігі неде?

  10. Өзіндік жұмысты қалыптастыру үшін қажетті білім, білік, дағдылар жүйесін анықтаңыз.

  11. Өзіндік жұмысқа қойылатын талаптарды анықтаңыз

  12. Өзіндік жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптарды келтіріңіз.

  13. ШКБМ-те математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың тәсілдерін келтіріңіз.

  14. Шағын кешенді мектеп жағдайындағы сыныптан тыс жұмыстардың ерекшеліктерін айтыңыз.

  15. Сыныптан тыс жұмыстардың түрлерін айтыңыз.

  16. Математикалық бұрыш пен газеттің қажеттілігі неде?

  17. Математикалық бұрыш, газет және кешті ұйымдастыру жолдарын айтыңыз.

  18. Үйірме жұмысының мақсаты неде?

  19. Конкурстар мен олимпиадалардың мақсаттары мен міндеттерін айтыңыз.

  20. ШКБМ жағдайындағы көрнекі құралдар жасау қиындықтары.

  21. Көрнекілік құралдардың түрлерін атаңыз.

  22. Көрнекілік құралдарды қолдануға қойылатын талаптарды атаңыз.

  23. Бастауыш мектепте қолданылатын педагогикалық технологияларды атаңыз.

  24. Шағын кешенді бастауыш мектептерде білім сапасын арттырудың жолдарын атаңыз.

  25. Ресурстық орталықты түсіндіріңіз.

  26. Жаңа оқыту технологияларын атаңыз.


12. Оқу сабақтарын бағдарламалық және мультимедиялық қолдау.

«Педагогика». Панкина М.Н., Наас О.В– М.Өтемісов атындағы БҚМУ , 2005. Электронды оқулық . № 4 ғимарат, № 2 оқу залы.



www.rambler.ru

www.yandex.ru

Электронная версия учебного пособия «Педагогика в таблицах и схемах» В.П.Капленко. – ЗКГУ им.М.Утемисова, 2008.

13. Пән бойынша арнайы аудитория, лаборатория.

Қарастырылмаған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет