Курсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі



жүктеу 1.33 Mb.
бет5/8
Дата09.06.2016
өлшемі1.33 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

1. Мекеменің алдында тұрған мәселелерді шешу мақсатында шығарылатын құжат ...

а) хаттама

ә) +бұйрық

б) мінездеме

в) сенімхат

2. Мен сенімхат мәтінімен _______________________

а) оқыдым

ә) жаздым

б) куәландырдым

в) +таныстым

3. Бұйрықтың соңғы тармағында бұйрықтың орындалуын қадағалайтын жауапты адам ______________________

а) беріледі

ә) +көрсетіледі

б) оқылады

в) айтылады

4. Белгілі бір адамның өз өкілеттілігі мен құқығы екінші бір адамға берілгенін жазбаша растайтын құжат __________________ деп атайды.

а) +сенімхат

ә) сұраныс хат

б) ресіми хат

в) ұсыныс хат

5. «Вне очередной отпуск» тіркесінің дұрыс баламасын көрсетіңіз

а) кезексіз демалыс

ә) +кезектен тыс демалыс

б) мерзімсіз демалыс

в) уақытша демалыс

6. Түсінік хаттың негізгі бөліміне не жазылады?

а) түсініктеме хат атауы

ә) тақырыбы

б) +себеп, дәлелдемелер

в) қолданылатын шара

7. Студенттің сабақта болмауының себебін баяндайтын құжат қалай аталады?

а) анықтама

ә) арыз

б) өтініш



в) +түсініктеме

8. Жасы 35 ке ... маман

а) шейін


ә)+ дейінгі

б) конкурс жариялаған мекеме

в) дейін

9. Мәжіліс ... кеш өтеді

а) залда


ә) +залында

б) залға


в) залы

10. Еңбек тәртібін бұзғаны үшін жұмысшыға ...жариялануы қажет

а) мадақтау

ә) мақтау

б) +сөгіс

в) шарт





  1. Пайдаланған әдебиеттер:

Негізгі әдебиет: Ә.Ж.Хазимова Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу: Оқу құралы. Алматы: 2010ж. 53 бет.

Қосымша әдебиет: А.Құрманов, С.Құлманов. Ресми іскери тіл. Алматы 2007ж

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

4 тақырып: Қызметтік хаттар, жолдаухат, құттықтау хат, қолхат, талап ету хат т.б.

\

2012 ж.

Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.


Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай

  1. Тақырыбы: Қызметтік хаттар, жолдаухат, құттықтау хат, қолхат, талап ету хат т.б.

  2. Мақсаты: Құжаттардың жазылу үлгісін, қолданылу аясын білуге машықтандыру.

  3. Міндеті:

  1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуге байланысты білімін тереңдетіп, бағыт беру.

  2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша іс қағаздарының мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші екенін ашып көрсету.

  3. Коммуникативті компетенция бойынша тапсырмалар арқылы ұйымдастырушылық, тілдік белгілерді дұрыс қолдану икемділігін қалыптастыру. Іс – қағаздардың түрлерін талдап, дұрыс толтыру.

  4. Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша құжаттардың заңдылықтарын меңгеріп, күнделікті күнделікті өмірге қолдануға дағдыланыру.

  1. Негізгі ұғымдар: Қызметтік хаттар, жолдаухат, құттықтау хат, қолхат, талап ету хаттары туралы түсінік беру.

  2. Сабақты өткізу жоспары (уақыты, минуты)

Ұйымдастыру барысы – 5 минут

Үй тапсырмасын сұрау – 20 минут

Жаңа тақырып – 20 минут

Жаңа сабақ бекіту – 5 минут

Мәтінмен жұмыс – 25 минут

Бақылау жұмыстары – 15 минут

Үй тапсырмасын беру – 5 минут

Студенттің білімін бағалау – 5 минут



  1. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: аударма жұмысын жасату, сұрақ-жауап, жаттығу жұмысы.

  2. Көрнекі құралдар: Құжат үлгілері, кесте, үлестірмелі карточкалар.

  3. Тапсырмалар:

  1. Мына сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз

Қарап, шара қолдану үшін – для рассмотрения и принятия мер

Жауап жазу үшін – для ответа

Қанағаттандыру үшін – для удовлетворения

Тез арада – немедленно

Бір жұмыс күні ішінде – в течение одного рабочего дня


  1. Дағдылаңыз






Семинарға




қатысу




Әдістерді




қолдану




жүргізу

бару

қабылдау




пайдалану

келу

енгізу




тарату

жіберу

насихаттау




таныстыру




  1. Бақылау жұмыстары

  1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Ресми хаттар дегеніміз не?

  2. Шағым, жолдама хаттар туралы білесіз бе?

  3. Кепіл хат дегеніміз не?

  4. Талап ету хатын жаза аласыз ба?

  5. Қол хат дегенді қалай түсінесіз?

  1. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша


1. Қызметтік хатты жазудың қалыптасқан тәртібін жазыңыз.

1. Тақырыбы

2. Күні

3. Хат жолданып отырған мекеменің аты мен адресатттың аты – жөні

4. Кіріспе сөз

5. Хаттың жалпы мазмұнын көрсететін бөлік

6. Негізгі мәтін

7. Хатты аяқтай келе айтылатын сыпайгершілік сақтау сөздері

8. Жіберушінің қолы

9. Қосымша (приложения) берілетін болса, оған сілтеме жазу

10. Қосымша

11. Құжатты дайындаушы, жіберуші туралы мәлімет

12. Постскриптум (хаттың аяқ жағына қол қойғанан кейін – «P.S.» таңбаларын қойып тұрып, одан кейін жазылған сөздер)
2. Қызметтік хаттың түрлерін жазыңыз

а) Ресми хаттар

ә) Жеке хаттар

б) Ұсыныс, кепілдемелік хаттар

в) Сұрау салу хаттар

г) Шағым хаттар

д) Жолдама хаттар


  1. Коммуникативті компетенция бойынша

Талап ету хат ( письмо-претензия) және жауап хат (письмо-ответ) жазыңыз

Аударыңыз

Қажет, қажетті, қажеттілік, қажетсіздік, қажеті жоқ, қажетін өтеу, неменеге қажет? қажетіне жұмсау, қажеті қанша?

Керек, керекті, керегі жоқ, керек қылу, керегінде, келсе керек.

Хабар, хабаршы, хабарлама, хабарлау, хабарландыру, хабардар болу, жедел хабар.




  1. Өзін-өзі дамыту компетенциясы

  1. Берілген тақырыптарға қолхат, кепілхат жазыңыз

Қарызға ақша алу, жекеменшіктегі пәтерді уақытша пайдалану, кафедраның мүлкін (теледидар, компьютер т.б) уақытша пайдалану.


  1. Берілген тақырыптарға құттықтау хат жазыңыз

● Әріптесіңізді Наурыз мейрамымен құттықтаңыз

● Бірге оқып жүрген досыңызды туған күнімен құттықтаңыз

● Ұстазыңызды 50 – ге келген мерейтойымен құттықтаңыз

● Анаңызды 8 наурыз мейрамымен құттықтаңыз





  1. Сөздер мен сөз тіркестерін жазып алыңыз

Куәландыру – удостоверять

Басқа талабым жоқ – других претензий не имею

Кепілхат – гарантийное письмо

Жекеменшік – собственник

Кепілдік – гарантия

Жоба сипаттамасы – обоснование проекта




  1. Қазақ тіліне аударыңыз

Расписка получателя, поручительство, в соответствии с договором, составлена в трех экземплярах, обязуюсь вернут указанную сумму в срок, в трехдневный срок.


  1. Мына сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құраңыз

Тексеріс, жою бойынша, қайта орналастыру бойынша, шарт, келісім, тапсыры, міндеттерді орындау, міндетті түрде, міндетті жүктеу, кепілдік беремін.


  1. Пайдаланған әдебиеттер:

Негізгі әдебиет: Ә.Ж.Хазимова Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу: Оқу құралы. Алматы: 2010ж. 57-81 бет.

Қосымша әдебиет: А.Құрманов, С.Құлманов. Ресми – іскери тіл (Официально – деловой язык) Алматы 2007 ж.

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

5 тақырып: Хабарландыру, ақпарат беру туралы (хабарламахат)



2012ж.

Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.


Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай

  1. Тақырыбы: Хабарландыру, ақпарат беру туралы (хабарламахат).




  1. Мақсаты: Іс қағаздарының өзара айырмашылығы мен ұқсастықтарын ажырата білуге

үйрету.


  1. Міндеті:

  1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуге байланысты білімін тереңдетіп, бағыт беру.

  2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша құжаттардың мазмұндық-құрылымдық жүйесін меңгерту. Құжаттарды талаптарға сай мемлекеттік тілде толтыра білу және оларды бір – бірінен ажырата білуге машықтандыру.

  3. Коммуникативті компетенция бойынша белгілі бір ортаның атқаратын жұмыстарына байланысты мәселелерде арнайы, заңды қолданылатын құжаттарды дұрыс толтырып, іске асыруға машықтандыру.

  4. Өзін-өзі дамыту компетенциясы тапсырма, бақылау жұмыстары арқылы дұрыс сөйлеу, жазу қабілетін машықтандыру.




  1. Негізгі ұғымдар: Хабарландыру, ақпарат беру туралы (хабарламахат), баянхат, түсінікхат, хаттама




  1. Сабақты өткізу жоспары (уақыты, минуты)

Ұйымдастыру барысы – 5 минут

Үй тапсырмасын сұрау – 20 минут

Жаңа тақырып – 20 минут

Жаңа сабақ бекіту – 5 минут

Мәтінмен жұмыс – 25 минут

Бақылау жұмыстары – 15 минут

Үй тапсырмасын беру – 5 минут

Студенттің білімін бағалау – 5 минут




  1. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: аударма жұмысын жасату, сұрақ-жауап, жаттығу жұмысы.




  1. Көрнекі құралдар: Құжат үлгілері, кесте, үлестірмелі карточкалар.




  1. Тапсырмалар:

Тақырып бойынша негізгі сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Баянхат дегеніміз не?

2. Хабарламахат дегенді қалай түсінесіз?

3. Түсінікхат дегеніміз не?

4. Хаттама жазуды білесіз бе?


  1. Бақылау жұмыстары:

  1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша

1-тапсырма. мәтінді баяндап беріңіз, есте сақтаңыз.
Баянхат (докладная) – ақпараттық-анықтамалық сипаттағы құжат. Ол бұл хатты жазушының өзі жұмыс істейтін ұйымның басшысына немесе жоғары тұрған органға жолдаған қандай да бір мәселе немесе деректен, қорытынды мен ұсыныстан тұру мүмкін. Мазмұны мен мақсатына байланысты баяндау хат бастама (ұсыныс жасау, өтінішті, деректі, оқиғаны баяндау) және есеп беру(қандай да бір істің, тапсырманың, жоспардың орындалу барысы, жағдайы, аяқталуы, іссапар нәтижелері, тексеріс және т.б. туралы) сипатында болуы мүмкін.
Түсінікхат (объяснительная записка) - 1) Негізгі құжаттың (жоспардың, есептің, жобаның) жекелеген ережелерінің мазмұнын түсіндіретін құжат. 2) Лауазымды тұлғаның қандай да бір іс-әрекетті, деректі, оқиғаны түсіндіріп, жоғары тұрған лауазымды тұлғаға ұсынатын хабарламасы. Түсінікхат қызметкер ішкі еңбек кестесін және еңбек тәртібі ережесін бұзған жағдайда (жұмысқа кешігіп келу, жұмыстан қалу т.б.) жазылады.

Бей (би) – араб-парсы тілдерінен енген форма, ол болымсыз мағынаны білдіреді, емес тұлғасына синоним ретінде жұмсалады: бейхабар, бейтаныс, беймәлім, бей-ресми, бейтарап.



  1. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша

1-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз

Рабочая неделя, дело спорится, увеличатся доходы, стараться, свою профессию, выгодно, решить проблемы, важные дела, деловые партнеры, первая очередь, выполненное задание.



2-тапсырма. Сөйлемдерді аударыңыз

Әр айдың бесінде ақпарат беруіңізді сұраймыз.Өз кәсібін шын сүйетін, қоғамға пайдалы іс тындырғысы келетін адам уақытты ұтымды пайдалануға тырысады. Қазіргі заманың іскер адамы үшін әрбір минут қымбат.

3-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз

Начальник отдела координации, начальник отдела контроля, заместитель начальника отдела ригистрации, начальник общего отдела, дать ответ на жалобу, нужен опытный специалисть, дайте отчет в письменном виде, выполнить поручение, необходима помощ, не могу перевести, квалифицированный врач, аккуратный служащий, подготовить документы, подать заявление.

4-тапсырма. Аударыңыз

Протокол, присутствовали, председатель, секретарь, повестка дня, слушали решение, члены комиссии, документы, допустить к тестированию, принятие решение, сделать заключение, слушание отчета, рассмотрение заявлений, проведя собеседование.



  1. Коммуникативті компетенция бойынша

1-тапсырма. Сөздерді аударып, сөйлем құраңыз

Анықтау, бағалау, ескеру, мәлімдеу, талқылау, уағдаласу, уәделесу, ұшырау.



2-тапсырма. Жұмыс, жоспар, қызмет сөздерімен сөз тіркестерін құраңыз

  1. Өзін-өзі дамыту компетенциясы

1-тапсырма. «Денсаулық ісін жақсарту» «Адам өмірінің қауіпсіздігін сақтау» туралы баянхат жазыңыз.

2-тапсырма.



Осы үлгіні пайдаланып, кестені болашақ мамандығыңыз бойынша толтырыңыз

Қауіпсіздік техникасын сақтау туралы
Қауіпсіздік техникасының бөлімі Бас инженерге

БАЯНХАТ ______№_____

_________________________№ _____ ______________

_______________________________қ. ______________


Қазіргі уақытқа дейін құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан жерлерге қоршау қойылмаған. Сізден құрылыс телімінде қауіпсіз жұмыс жүргізу бойынша жедел шара қабылдауыңызды сұраймыз.

Қауіпсіздік техникасының

инженері __________ _____________

(қолы) (аты - жөні)

3-тапсырма. Мына тақырыптар туралы түсінікхат жазыңыз

Жұмысқа кешігіп келгеніңіз үшін.

Жұмыс орнынан табылмағаныңыз үшін.

Сабақтан 10 сағат қалғаныңыз үшін.

Өздік жұмысыңызды уақытымен тапсырмағаныңыз үшін.

4-тапсырма.Топпен бірге мәжіліс өткізіңіздер



Үлгі:

№ _____хаттамасы

Қатысқандар:

Төраға:


Комиссия мүшелері:

Хатшы:


Күн тәртібі:

Тыңдалды:

Шешімі:

5-тапсырма.



Жазып алыңыз

Мәжбүр болу – быть вынужденным

Зиян шегупонести убытки

Сипат беру – дать характеристику

Әлеуметтік кесел – социальная болезнь

Қол жеткізу – достигать

Жандандыра түсу – активизировать

Кешен – комплекст




  1. Пайдаланған әдебиеттер:

Негізгі әдебиет: Ә.Ж.Хазимова Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу: Оқу құралы. Алматы: 2010ж. 57-81 бет.

Қосымша әдебиет: А.Құрманов, С.Құлманов. Ресми – іскери тіл (Официально – деловой язык) Алматы 2007 ж.

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

6 тақырып: Хаттама



2012ж.

Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.


Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай


  1. Тақырыбы: Хаттама




  1. Мақсаты: Хаттаманың түрлерінің айырмашылығы мен ұқсастықтарын ажырата білуге, толық, нақты жаза білуге үйрету. Хаттаманың құрылымын меңгерту.




  1. Міндеті:

  1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуге байланысты, соның ішінде хаттаманың түрлері, ерекшеліктері туралы білімін тереңдетіп, бағыт беру.

  2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша Құжаттарды талаптарға сай мемлекеттік тілде толтыра білу және оларды бір – бірінен ажырата білуге машықтандыру.

  3. Коммуникативті компетенция бойынша белгілі бір ортаның атқаратын жұмыстарына байланысты мәселелерде арнайы, заңды қолданылатын құжаттарды дұрыс толтырып, іске асыруға машықтандыру.

  4. Өзін-өзі дамыту компетенциясы тапсырма, бақылау жұмыстары арқылы дұрыс сөйлеу, жазу қабілетін машықтандыру.




  1. Негізгі ұғымдар: Хаттаманың деректемелері, қысқа хаттама және толық хаттама туралы мәлімет беру.




  1. Сабақты өткізу жоспары (уақыты, минуты)

Ұйымдастыру барысы – 5 минут

Үй тапсырмасын сұрау – 20 минут

Жаңа тақырып – 20 минут

Жаңа сабақ бекіту – 5 минут

Мәтінмен жұмыс – 25 минут

Бақылау жұмыстары – 15 минут

Үй тапсырмасын беру – 5 минут

Студенттің білімін бағалау – 5 минут




  1. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: аударма жұмысын жасату, сұрақ-жауап, жаттығу жұмысы.




  1. Көрнекі құралдар: Құжат үлгілері, кесте, үлестірмелі карточкалар.

  2. Тапсырмалар:

1 – тапсырма. Мәтінді аударыңыз.

Хаттама

Хаттама – жиналыстарда, кеңестерде, конференцияларда және алқалық органдардың мәжілістерінде мәселені талқылау мен шешім кабылдаудың барысы туралы мәлімет беретін құжат. Толтырудың тәсілі мен көлемі жағынан хаттамалар стенография, фонография, конспект түрінде және сөйлеген сөздердің мазмұны жазылмаған ықшамды түрде болып келуі мүмкін. Қысқа хаттамаларда күн тәртібі, сөйлеушілердің аты-жөні, сөйлеген сөздердің тақырыбы және кабылданған шешімдер көрсетіледі. Сөйлеген сөздердің толық мәтіні келтірілмейді. Толық хаттамаларда сөйлеген сөздердің барлығы көрсетіледі. Хаттаманың толықтық дәрежесін жиналыстың өзі айқындайды. Бұл жағдайда құжаттың заңдылық жарамдылығын қамтамасыз ету қажет. Құжаттың заңдылық жарамдылығы барлық қажетті деректермен, олардың дұрыс толтырылуымен және хаттамадағы мәліметтердің шындыққа сәйкестігімен анықталады. Мысалы, жиналысқа катысушылардың санының көрсетілуі маңызды, ол қабылданған шешімнің жеткілікті дауыспен қамтамасыз етілгенін көрсетеді.

Хаттаманың деректемелері: мекеменің атауы; құжаттың атауы; мәжілістің өткен күні; индексі (нөмірі); мәжіліс өткен орын; бекіту грифі (егер қажет болса); тақырыбы (жиналыстың, алқалық органның атауы); мәтін.

Мәтіннің кіріспе бөлігінде катысушылардың құрамы, күн тәртібі; негізгі бөлігінде тыңдалған мәселе, сөйлеген сөздер және қабылданған қаулы көрсетіледі. Құжаттың соңында төраға мен хатшының қолы қойылады.

Сөздік

хаттама - протокол

мәжіліс, отырыс - заседание

жиналыс - собрание

төраға - председатель

хатшы - секретаръ

тізім - список

күн тәртібі - повестка дня

баяндама - доклад

қысқаша жазба - краткая запись

есеп -отчет

құжат - документ

міндет - задача

мәселе - проблема, вопрос, задача

ұсыныс - предложение

бірауыздан - единогласно

қатысу - участвовать, присутствовать

сөйлеу - выступать

тыңдау - слушать

қаулы қабылдау - постановить

қабылданған қаулы - постановление

мақұлдау - одобрить

бекіту - утвердить

қосымша беру - прилагать

қосымша беріліп отыр - прилагается

ұсыну - предлогать

енгізу - внести

мекеме - учреждение

корытындылау - подытожить, заключить



2 – тапсырма. Мәтінге қатысты сөздердің аудармасын жаттап алыңыз

  1. Бақылау жұмыстары:

Когнитивті – білім компетенциясы бойынша

  1. Хаттама деген не?

  2. Хаттама кандай жағдайда жазылады?

  3. Хаттаманың деректемелерін атаңыз.

  4. Хаттаманың үзіндісін кім куәландырады?

  5. Хаттамада шешімін тапқан мәселелердің орындалу мерзімі көрсетіле ме?


Операционалды – дағды компетенциясы бойынша

1 – тапсырма. Үлгі бойынша жаңа хаттама үлгісін жасаңыз.



ХАТТАМА

Бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі комитет пен «ХҚЭДО-Қазақстан» ЖШС-нің жыл сайын 28 сәуірде атап өтілетін – Еңбекті қорғаудың Халықаралық күніне арналған Қазақстан жұмыс берушілерінің арасында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөнінде конкурс өткізу турасындағы кеңесі.

Астана қаласы 2011 жылғы 4 наурыз

Төрағалық етуші:

Комитет төрағасы - С.Ғ.Бисақаев

Қатысқандар:

«ХҚЭДО-Қазақстан» ЖШС-нің бас директоры – Б.А.Әшірова, «Қазақстанда еңбекті қорғау» журналының редакторы – Р.Ж.Еділов, Комитет төрағасының орынбасары – Т.К.Оспанқұлов, бас сарапшы, заңгер – Н.А.Тілеуов.

Күн тәртібінде



  1. Өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою.

  2. Конкурсты өткізу жөніндегі Ережелерді, конкурс жеңімпаздары атағын беретін комиссия туралы Ережені, Қазақстан жұмыс берушілері арасында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша конкурсқа қатысушының Сауалнамасын әзірлеу және бекіту.

ТЫҢДАЛДЫ:

Бірінші мәселе бойынша Комимтет төрағасы – С.Ғ.Бисақаев сөз сөйледі, ол жыл сайын 28 сәуірде атап өтілетін Еңбекті қорғаудың Халықаралық күніне арналған Қазақстан жұмыс берушілерінің арасында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша конкурс өткізу жөнінде Комитет пен «ХҚЭДО-Қазақстан» ЖШС арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою туралы ұсыныс жасады. Ұсыныс кеңеске қатысушылар тарапынан қолдау тапты.

Екінші мәселе бойынша «ХҚЭДО-Қазақстан» ЖШС-нің бас директоры - Б.А.Әшірова сөз сөйледі. Ол кеңеске қатысушылардың назарына конкурс жеңімпаздары атағын беретін комиссия туралы Ережені, конкурсты өткізу жөніндегі Ережелерді, Қазақстан жұмыс берушілері арасында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша конкурсқа қатысушылар толтыратын Сауалнаманы ұсынды, әзірленген жобалардың бәрі мақұлданды.


Кеңеске қатысушылардың сөздерін тыңдай отырып, мынадай шешім қабылданды:

  1. Бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі комитет пен оның аумақтық органдарына «ХҚЭДО-Қазақстан» ЖШС-мен бірге:




  1. 2011 жылғы 28 сәуірдегі Еңбекті қорғаудың бүкіл дүниежүзілік күнін атап өту мақсатында Қазақстан жұмыс берушілерінің арасында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөнінде конкурс өткізуді ұйымдастыруды тапсыру.




  1. Қосымша ұсынылған:

  1. Қазақстан жұмыс берушілері арасында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөнінде конкурс өткізудің Ережелерін;

  2. Қазақстан жұмыс берушілері арасында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі конкурс жеңімпаздары атағын беретін комиссия туралы Ережені бекіту.

«ХҚЭДО-Қазақстан» ЖШС:

  • Конкурс шарттарын «Қазақстанда еңбекті қорғау» журналында жариялайды.

  • Конкурсты өткізу жөніндегі барлық шығындарды өз мойнына алады.

  • Конкурсқа қатысушылардан құжаттар жинастыру мен оларға талдау жасауды жүзеге асырады және комиссияның қарастыруына ұсынады.

Бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі комитет:

  • Конкурсты өткізуге жәрдемдеседі.

  • Конкурс жеңімпаздарын грамоталармен марапаттайды.

  • Конкурс өткізуге ақпараттық-талдаушылық қолдау көрсетеді.

  1. Осы хаттаманың орындалуына бақылау жасауды Т.К.Оспанқұлов пен Р.Ж. Еділовке жүктеу.

Төраға С.Бисақаев

Хаттаманы ресімдеген: Н.Тілеуов



Коммуникативті компетенция бойынша бақылау жұмысы: Төмендегі үлгіні аяқтаңыз.

Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттама

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағындағы кіреберіс темір жолдарындағы бағыт ауыстырғыштарын және түсіргіш үштіктерін орталықтан электрлендіруді қайта құру» құрылысы аяқталмаған нысанды консервациялау жұмыстары бойынша конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурс

Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі 5, 3 қабат, 301 бөлме.07.08.2012 жыл. Сағат 11.00


Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия :

Конкурстық комиссия төрағасы Ж. Мелдешов,

Комиссия мүшелері : Х. Райымбеков, А. Ибадуллаева,

Конкурстық комиссия хатшысы А. Қапанов

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағындағы кіреберіс темір жолдарындағы бағыт ауыстырғыштарын және түсіргіш үштіктерін орталықтан электрлендіруді қайта құру» құрылысы аяқталмаған нысанды консервациялау жұмыстары бойынша конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді қарады.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерде ұсынылған жұмыстардың техникалық ерекшелікке сәйкестігі жөнінде қорытындыларды берген сарапшыларды тарту туралы ақпарат: сарапшылар тартылған жоқ.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі өткенге дейін белгіленген мерзімде өтінім берген мынадай әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімі :

«ЖолЭнергоҚұрылыс» ЖШС, Шымкент қ., Аль-Фараби ауданы. Самал- м/а. 565.

Ашылды және конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу кезінде барлық қатысушыларға таныстырылған мыналарды қамтиды:

«ЖолЭнергоҚұрылыс» ЖШС:


Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша тапсырма: Белгілі бір мекеменің қызметін басшылыққа алып, екі топқа бөлініп, мәжіліс өткізіп, хаттаманың түрлеріне өз үлгілеріңізді құрастырыңыздар.


1   2   3   4   5   6   7   8


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет