-
Майдалау түрлері;
-
Майдалау әдістері;
-
Энергияның майдалауға шығыны.
Студент істей алуға тиіс:
-
Материалдың майдалану дәрежесін анықтай алу;
-
Балғалы үгігштің өнімділігін анықтай алу;
-
Үгігіш электрқозғалтқышының тұтыну қуатын анықтай алу;
-
Майдалауға дейінгі және кейінгі бөлшектердің орташа өлшемдерін анықтай алу;
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
-
Майдалау дәрежесі.
-
Майдалауға дейінгі және кейінгі бөлшектердің орташа өлшемдері
-
Балғалы үгігштің өнімділігі
-
Үгігіш электрқозғалтқышының тұтыну қуаты
Білім берудің және оқытудың әдістері:
Студенттер майдалау процесінің физикалық негіздерімен және балғалы үгігштің конструкциясымен танысуы керек. Виртуалды зертханалық қондырғыда:
-
Балғалы үгігштің негізгі мінездемелері бойынша тестілеуден өтіңіз.
-
Балғалы үгігште материалдың берілген мөошерін майдалаңыз.
-
Торлы талдау жасаңыз. Материалдың майдалану дәрежесін анықтаңыз
-
Үгігіш өнімділігінің және майдалану дәрежесінің решетка өлшемдеріне тәуелділігін анықтаңыз.
-
Майдаланған материал өлшемдерінің таралу графигін тұрғызыңыз.
Құрал – жабдықтар: дербес компьютер, виртуалды жұмыстың бағдарламасы.
Теориялық мәліметтер.
Қатты материалдарды майдалаудың тиімді әдістерінің бірі соққымен бұзу. Соққы әсерлі машиналардыңтехнологиялық экономикалық көрсеткіштері басқа машиналармен салыстырғанда жоғары болады. Бір сатылы майдалау кезінде жоғарыдисперсті майдаланған бөлшектер қоспасын алу үшін балғалы үгігшті қолданған тиімді болады. Балғалы үгігіштер қатырлақ материалдарды (қант, тұз, дән және т.б.) жақсы майдалайды, ал ылғал және құрамында майлар көп материалдарды майдалау тиімсіз. Балғалары еркін ілінген үгігіштер кең тараған.
Балғалардың қозғалуы кезіндегі айналу жылдамдығы ол материалды соққан сәтте оны алғашқы бұзуды қамтамасыз етуі керек.Бұл керекті жылдамдықты жобалап қозғалыс мөлшері заңынан анықтауға болады:
m(W2-W1)=P, (1)
Мұнда m- майдаланатын бөлшек массасы, кг; W2- бөлшектің балға соққысынан кейінгі жылдамдығы, м/с; W1- бөлшектің балға соққысынан дейінгі жылдамдығы, , м/с; Р- бөлшекті алғашқы бұзуға керекті соққы күші, Н; - соққы ұзақтығы, оны 10-5 м.с деп қабылдауға болады.
W1 << W2 болғандықтан, (1) теңдеуді былай жазамыз
mW2=P.
Балғалы үгігіштің тиімділігі майдалану дәрежесімен, өнімділікпен, процесті жүргізуге шығындалған меншікті энергиямен бағаланады.
Алғашқы бөлшектердің орташа өлшемінің Dср майдаланған өнім бөлшектерінің орташа өлшеміне dср қатынасын майдалану дәрежесі i деп атайды:
і = Dср/ dср
Майдалауға дейінгі және кейінгі бөлшектердің орташа өлшемдерін анықтау үшін материалдың сынамасын тесіктері әртүрлі өлшемді торлар топтамасы елейді және материалдың бірнеше фракцияларын алады. Әр фракция үшін бөлшектердің орташа өлшемдерін анықтайды. Орташа өлшем бөлшектер өткен тормен бөлшектер қалған тор тесіктері өлшемдерінің арифметикалық ортасына тең деп қабылданады.
Бөлшектердің ең үлкен өлшемі материалдың осы фракциясы өткен тор тесігінің өлшемімен анықталады, ал ең кіші өлшемі осы фракция тұрған тордың өлшемімен анықталады.
Қоспадағы бөлшектердің орташа өлшемін мына теңдеумен анықтайды:
Мұнда : х1, …,хn – қоспаның әр фракциясының салыстырмалы массасы; dcр1,… ,dcрn- қоспаның әр фракциясындағы бөлшектердің орташа өлшемі.
Мұнда Gi – і тордағы қалдықтың массасы.
Балғалы үгігіш өнімділігі материалдың түріне, қасиеттіне, балғалар орнатылған біліктің айналу санына, үгігіш өлшемдеріне, үгіштен шығардағы решетка өлшеміне тәуелді.
Балғалы үгігіш өнімділігі:
Q=R1DрLn, (6)
Мұнда К1-эмпирикалық коэффициент, рещетка түріне және өлшеміне, шикізаттың физикалық – механикалық қасиеттеріне және үгігіштің конструкциялық ерекшеліктеріне байланысты; -иайдаланған материалдың тығыздығы, кг/м3; Dр-үгігіш роторының диаметрі, м; L- үгігіш роторының ұзындығы, м; n-ротордың айналу жиілігі, с-1.
Үгігіш электрқозғалтқышының майдалау процесіне тұтынатын қуаты N:
N=К1К2 D2рn (7)
Мұнда К2- эмпирикалық коэффициент, ол майдалау дәрежесіне, шикізаттың физикалық – механикалық қасиеттеріне тәуелді.
К1,К2 эмпирикалық коэффициенттерінің мәндері:тесік диаметрі 3 мм дейінгі торлар үшін К1 = 3,6.10-5 -дан 4,7.10-5 дейін; тесік диаметрі 4 – тен 10 мм дейін қабыршақты торлар үшін К1 = 6,0.10-5 -дан 10,5.10-5 дейін ( К1 коэффициентінің кіші мәнін кіші өлшемді торлар үшін қабылдайды ), К2 = 2,0 – 4,0 (К2 коэффициентінің кіші мәнін ірі майдалауда, ал үлкен мәнін майда майдалауда қабылдайды).
Әдебиет:
негізгі:
-
Павлов К.Ф., Романков П.Г., Носков А.А. Примеры и задачи по курсу процессов и аппаратов химической технологии - Л.: Химия, 1987
-
Промышленная технология лекарств, Том 1. Под ред. Чуешова В.И. – Х.: МТК-Книга, Издательства НФАУ, 2002 – 560 с.
-
Касаткин А.Г. Основные процессы и аппараты химической технологии.9-е изд. - М.: Химия, 1973
-
Плаксин Ю.М., Малахов Н.Н., Ларин В.А. Процессы и аппараты пищевых производств. – М.: КолосС, 2008. – 760 с.
-
Ақбердиев Ә.С. Тамақ өндірісінің процестері және аппараттары, Алматы; 1998 ж.
-
Кавецкий Г.Д. Процессы и аппараты пищевой технологии. - М.: Колос, 2000.
қосымша:
-
Романков П.Г., Курочкина М.И. Гидромеханические процессы химической технологии.3-е изд. - Л.: Химия,.
-
Фармацевтическая технология. Под ред. И.И. Краснюка и Г.В. Михайловой–Москва, Академия – 2006 г.
-
Александров И. А. Ректификационные и абсорбционные аппараты. Методы рсчета и основы конструирования. 3-издание - М.: Химия,
-
Кафаров В.В. Основы массопередачи - М.: Высшая школа, 1979
Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.)
-
Қатты материалдарды майдалау не үшін қолданылады?
-
Қатты материалдарды майдалау түрлерін атаңыз.
-
Қатты материалдарды майдалау әдістерін атаңыз.
-
Балғалы үгігіштің құрылысын және жұмыс істеу принципін сипаттаңыз.
8-тақырып: Былғау кезіндегі қуат шығынын анықтау
Мақсаты: Былғауышты аппараттың құрылысымен және жұмысымен танысу.
Оқыту мақсаты:
Достарыңызбен бөлісу: |