Курсы және оқу семестрі: 2 курс, 4 семестр



бет10/12
Дата01.07.2016
өлшемі0.76 Mb.
#170534
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Студент білуге тиіс:


  • Буландыру процесі туралы жалпы мәліметтер;

  • Буландыру түрлері;

  • Буландырудың физикалық-химиялық негіздері;

  • Бір рет буландыру;

  • Көпрет буландыру.

Студент істей алуға тиіс:

  • Буландыру процесінің материалдық балансын түзе білу;

  • Буландырылған су мөлшерін анықтай алу;

  • Қыздыру буының шығынын анықтай алу;

  • Пайдалы температура айырмашылығын анықтай алу;

  • Жылуалмасу бетінің ауданын анықтай алу.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Көпкорпусты буландыру аппараты.

  2. Ерітіндінің температуралық депрессиясы.

  3. Температура айырмашылығының гидростатикалық шығыны.

  4. Температура айырмашылығының гидродинамикалық шығыны.

  5. Пайдалы температура айырмашылығы.

  6. Буландыру ға шығындалатын энергия.

  7. Жылуалмасу бетінің ауданы.

Білім берудің және оқытудың әдістері:

Студенттер екі корпусты буландыру қондырғысының жұмысымен танысуы керек. Виртуалды зертханалық қондырғыда:



  1. Буландыру қондырғысының негізгі мінездемелері бойынша тестілеуден өтіңіз.

  2. Табиғи айналым жағдайындағы сұйықты буландыру процесін оқыңыз.

  3. Бірінші корпустағы жылуберу коэффициентін және екінші корпустағы жылуалмасу коэффициентін тәжірибе мәліметтері бойынша анықтаңыз.

  4. Жылудың қоршаған ортаға шығынын анықтаңыз.

Құрал – жабдықтар: дербес компьютер, виртуалды жұмыстың бағдарламасы.

Теориялық мәліметтер.

Ұшпайтын құрамдастың концентрациясын көтеру үшін жеңіл ұшатын құрамдасын сұйықтың қайнауы кезінде ерітіндіден немесе біртекті емес сұйық жүйеден аластауды буландыру деп атайды.

Ұшпайтын заттың ұшатын еріткіштегі біртекті ерітіндісін (мысалы, қанттың немесе тұздың судағы ерітіндісі) және фамацевтика өндірісінің арнайы біртекті емес жүйелері (мысалы, қан, сорпа, экстрактар, сүт өнімдері және т.б.) буландырылады..

Буландыру булану процесінен бөлек. Булану сұйық жүйенің сыртқы бетінен кез келген температурада жүреді, ал буландыру сұйық жүйенң барлық көлемінде және берілген қысымға сәйкес қайнау температурасында жүреді. Ол буланға қарағанда қарқынды процесс.

Буландыру процесінде жүйенің ұшатын құрамдасы қайнайды және одан бу күйінде аластатылады. Жүйенің қалған бөлігі азаяды, ал ұшпайтын құрамдас мөлшері тұрақты қалады. Сонда құрғақ заттың концентрациясы процесс барысында үздіксіз өседі.

Буландыру қарқынын және буландыру аппаратының өнімділігін анықтайтын негізгі фактор температура айырмашылығы ∆t. Ол жылутасымалдағыш температурасы (мысалы, қыздыру буының температурасы tг.п.) мен сұйық жүйе температурасының t айрмашылығына тең.

Ерітіндінің қайнау температурасы еріткіштің қайнау температурасынан барлық уақытта жоғары. Ол еріген заттың, еріткіштің химиялық табиғаттарына тәуелді. Және ол ерітіндінің концентрациясы және сыртқы қысымы өскен сайын өседі.

Бірдей сыртқы қысымдағы ерітіндінің және еріткіштің қайнау темпертураларының айырмашылығын температуралық депрессия ∆ деп атайды. Кейде оны физикалық – химиялық депрессия деп те атайды. Ерітіндінің қайнау температурасының көтерілуі температуралық депрессиямен қатар гидростатикалық және гидравликалық депрессиялармен де анықталады.

Сұйық құбыр ішінде қайнайтын болса, онда оның бетіндегі қайнау температурасы қайнату құбырының төменгі жағындағы қайнау температурасынан кіші болады. Өйткені бу көлеміндегі екіншілей будың қысымына сұйық бағанасының гидростатикалық қысымы қосылады.

Егер ерітінді үстіндегі екіншілей будың қысымы Рв..п. белгілі болса, су буы қасиеттерінің кестесінен екіншілей будың температурасын tв.п. анықтауға болады.

Бу қысымына Рг..п қосымша қысым ∆Р шамасын қосу арқылы жалпы қысымды анықтайды. Қосымша қысымды ерітінді қабаты биіктігінің Н ортасы бойынша қабылдайды.

Ерітіндінің қайнау температурасы екіншілей будың ұстағыш, сепаратор, бу құбырлары және т.б. арқылы өткендегі гидравликалық кедергісі салдарынан да көтеріледі. Қайнау температурасының бұл көтерілуін гидравликалық депрессия ∆д деп атайды.

Көпкорпусты буландыру аппаратында бірінші корпуста алынған екіншілей бу екінші корпусты қыздыруға беріледі. Екінші корпустың қайнау аймағындағы қысым бірінші корпустағы екіншілей будың қысымынан кіші болуы керек. Сонымен екінші корпустағы буландыру бірінші корпустан шыққан екіншілей будың жылуы арқылы өткізіледі.

Әдебиет:

негізгі:


  1. Павлов К.Ф., Романков П.Г., Носков А.А. Примеры и задачи по курсу процессов и аппаратов химической технологии - Л.: Химия, 1987

  2. Промышленная технология лекарств, Том 1. Под ред. Чуешова В.И. – Х.: МТК-Книга, Издательства НФАУ, 2002 – 560 с.

  3. Касаткин А.Г. Основные процессы и аппараты химической технологии.9-е изд. - М.: Химия, 1973

  4. Плаксин Ю.М., Малахов Н.Н., Ларин В.А. Процессы и аппараты пищевых производств. – М.: КолосС, 2008. – 760 с.

  5. Ақбердиев Ә.С. Тамақ өндірісінің процестері және аппараттары, Алматы; 1998 ж.

  6. Кавецкий Г.Д. Процессы и аппараты пищевой технологии. - М.: Колос, 2000.

қосымша:

  1. Романков П.Г., Курочкина М.И. Гидромеханические процессы химической технологии.3-е изд. - Л.: Химия,.

  2. Фармацевтическая технология. Под ред. И.И. Краснюка и Г.В. Михайловой–Москва, Академия – 2006 г.

  3. Александров И. А. Ректификационные и абсорбционные аппараты. Методы рсчета и основы конструирования. 3-издание - М.: Химия,

  4. Кафаров В.В. Основы массопередачи - М.: Высшая школа, 1979

  5. Таубман Е.И. Выпаривание.- М.: Химия, 1982.- 328 с.

  1. Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.)

1. Буландыру процесіне анықтама беріңіз.

A) Жоғары концентрациялы ерітінді алу

B) Еріткішті оның қайнау температурасында ерітінді көлемінен аластау

C) Ұшпайтын немесе аз ұшатын заттарды ұшатын сұйық еріткіштерде концентрациялау

D) Еріткішті оның қайнау температурасынан кіші температурада ерітінді көлемінен аластау

E) еріткішті таза түрінде бөлу

2. Буландыру процесі үшін қолданылатын жылутасымалдағыш:

A) қатты жылутасымалдағыштар

B) су

C) су буы



D) жоғары жиілікті ток

E) жылулық сәулелену

3. Буландыру процесінде қыздыру агенті ретінде су буы қолданылады. Оны тағы да қалай атайды:

A) құрғақ

B) екіншілей

C) қыздырушы

D) экстра-бу

E) қаныққан

4. Қайнап тұрған ерітіндіні буландырғанда түзілген бу:

A) құрғақ

B) қыздырушы

C) екіншілей

D) экстра-бу

E) қаныққан

5. Буландыру процесінен басқа мақсатқа алынатын бу:

A) құрғақ

B) екіншілей

C) экстра-бу

D) қыздырушы

E) қаныққан

6 Буландыру процесінің қозғаушы күші:

A) қысым айырмашылығы

B) ауырлық күші

C) температура айырмашылығы

D) ортадан тепкіш күш

E) концентрация айырмашылығы



12-тақырып: Шашыратқышты кетіру процесін зерттеу.

Мақсаты: Шашыратқышты кетіргіштің құрылысымен және жұмысымен танысу.

Оқыту мақсаты:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет