Курсы және оқу семестрі: 2 курс, 4 семестр



бет11/12
Дата01.07.2016
өлшемі0.76 Mb.
#170534
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Студент білуге тиіс:


  • Кептіру әдістері;

  • Ылғалдың матералмен байланыс түрлері;

  • Кептіру кинетикасы;

Студент істей алуға тиіс:

  • Кептіргіштің материалдық балансын түзе білу;

  • Кептіргіштің жылулық балансын түзе білу;

  • Есептеулерге ылғал ауаның Hd – диаграммасын қолдана білу;

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Ылғалдылық

  2. Ауаның су буыиен қанығу дәрежесі

  3. Ылғал ауаның энтальпиясы

  4. Конвекивті кептіргіштің маитериалдық балансы.

  5. Ылғал ауаның Hd – диаграммасындағы кептіру процесі.

  6. Конвективті кептіргіштің жылулық балансы.

  7. Кептіргіште өнімді шашырату әдістері.

  8. Шашыратқышты кептіргіштердің түрлері.

Білім берудің және оқытудың әдістері:

Студенттер шашыратқышты кептіргіштің жұмысымен танысуы керек. Виртуалды зертханалық қондырғыда:



  1. Шашыратқышты кептіргіштің негізгі мінездемелері бойынша тестілеуден өтіңіз.

  2. Виртуалды шашыратқышты кептіргіш қондырғының жұмысымен танысыңыз

  3. Кептіргіштің тиімділігін сипаттайтын мінездемелерді анықтаңыз.

  4. Кептіру процесін Рамзин диаграммасында көрсетіңіз.

Құрал – жабдықтар: дербес компьютер, виртуалды жұмыстың бағдарламасы.

Теориялық мәліметтер.

Ылғал материалдан ылғалды буландыру және түзілген буды алып кету арқылы ылғалды аластау процесін кептіру деп атайды. Бұл процестің фармацевтика өндірісінде ең көп тараған әдісі конвективті кептіру. Ол кептіру агентімен (қыздырылған ауа) ылғал материал тікелей жанасу арқылы өтеді. Сонда кептіру агенті жылутасымалдағыш және материал ылғал бу түрінде өтетін орта болады. Кептіру агенті ретінде ылғал ауаның қасиеті ондағы су буының мөлшерімен және температурасымен анықталады. Кептіру агентіндегі су буының мөлшерін ылғалдылық арқылы өрнектейді.

Абсолют ылғалдылық- 1 м3 құрғақ ауаның құрамындағы су буы массасы.

. Ауаның су буымен қанығу дәрежесін ылғал ауаның салыстырмалы ылғалдылығы арқылы анықтауға болады.

1000 С температурадан жоғары ауа температурасы кезінде қаныққан будың қысымы барометрлік қысымға тең.

Егер φ = 0 болса, ауа абсолют құрғақ. Егер φ=1 болса, онда ауа су буымен толық қаныққан және оны кептіру агенті ретінде қолдануға болмайды.

Ылғал ауаның энтальпиясы 1 кг құрғақ ауаның энтальпиясы және оның құрамындағы су буының энтальпиясының қосындысы түрінде анықталады..

Кептіру процесінің техникалық есептеулерін қысқарту мақсатынадт прфессор Л.К. Рамзин 1918 жылы ылғал ауаның күйін сипаттайтын диграмма ұсынды.

Шашыратқышты кептіргіштер конвективті кептіргіштерге жатады, олар фармацевтика өндірісінде жоғары ылғалдылықты өнімдерді кептіруге қолданылады. Дамыған буландыру беттері және ылғалды алстау жылдамдығы жоғары болғандықтан кептіру уақыты аз. Бұл жағадайда өнім қызып етпейді, сондықтан өнімнің сапасы жоғары болады.

Өнімді шашырату әдістеріне байланысты кептіргіштер форсункалы және дискілі (ортадан тепкішті) болып бөлінеді.

Ауаның және өнім бөлшектерінің өзара қозғалулары бойынша кептіргіштердің үш түрлерін ажыратады:


  1. Бірбағытты - ауаның және өнім бөлшектерінің қозғалу бағыттары сәйкес келеді.

  2. Қарсыбағытты - ауаның және өнім бөлшектерінің қозғалу бағыттары қарама қарсы болады.

  3. Аралас ағынды.

Кептірілетін материалдың қасиеттеріне байланысты кептіру агентінің температурасын және кептіретін материал мен кептіру агентінің өзара қозғалу бағыттарын таңдайды.

Әдебиет:

негізгі:

  1. Павлов К.Ф., Романков П.Г., Носков А.А. Примеры и задачи по курсу процессов и аппаратов химической технологии - Л.: Химия, 1987

  2. Промышленная технология лекарств, Том 1. Под ред. Чуешова В.И. – Х.: МТК-Книга, Издательства НФАУ, 2002 – 560 с.

  3. Касаткин А.Г. Основные процессы и аппараты химической технологии.9-е изд. - М.: Химия, 1973

  4. Плаксин Ю.М., Малахов Н.Н., Ларин В.А. Процессы и аппараты пищевых производств. – М.: КолосС, 2008. – 760 с.

  5. Ақбердиев Ә.С. Тамақ өндірісінің процестері және аппараттары, Алматы; 1998 ж.

  6. Кавецкий Г.Д. Процессы и аппараты пищевой технологии. - М.: Колос, 2000.

қосымша:

  1. Романков П.Г., Курочкина М.И. Гидромеханические процессы химической технологии.3-е изд. - Л.: Химия,.

  2. Жужиков В.А. Фильтрование. 4-е изд. М.: Химия, 1986

  3. Фармацевтическая технология. Под ред. И.И. Краснюка и Г.В. Михайловой–Москва, Академия – 2006 г.

  4. Александров И. А. Ректификационные и абсорбционные аппараты. Методы рсчета и основы конструирования. 3-издание - М.: Химия,

  5. Кафаров В.В. Основы массопередачи - М.: Высшая школа, 1979

  6. Гинзбург А.С. Основы теории и техники сушки пищевых продуктов.-М.: Агропромиздат, 1985.-335 с.

Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.)

1. Кептірілетін материалды кептіру агентімен тікелей жанастыру жолымен материалды кептіру процесі:

A) радиациялық кептіру

B) жанастыру кептіру

C) конвективті кептіру

D) диэлектрлік кептіру

E) сублимациялық кептіру

2. Жылутасымалдағыш жылуын қатты қабырға арқылы беру жолымен материалды кептіру процесі:

A) радиациялық кептіру

B) конвективті кептіру

C) жанастыру кептіру

D) диэлектрлік кептіру

E) сублимациялық кептіру

3. Жылуды инфрақызыл сәулелермен беру жолымен материалды кептіру процесі:

A) конвективті кептіру

B) жанастыру кептіру

C) радиациялық кептіру

D) диэлектрлік кептіру

E) сублимациялық кептіру

4. Жоғары жиілікті ток өрісінде қыздыру жолымен материалды кептіру процесі

: A) радиациялық кептіру

B) жанастыру кептіру

C) диэлектрлік кептіру

D) конвективті кептіру

E) сублимациялық кептіру

5. Өте төмен вакуумда және тоңазытылған күйде материалды кептіру процесі:

A) радиациялық кептіру

B) жанастыру кептіру

C) сублимациялық кептіру

D) диэлектрлік кептіру

E) конвективті кептіру

13-тақырып: Суспензияны сүзу процесін оқу.

Мақсаты: Суспензияны сүзу процесінің тұрақтысын анықтау.

Оқыту мақсаты:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет