Есепте және салыстыр.
Сары тіктөртбұрыштағы өрнектің мәнін есепте және қай өрнектікі екенін анықта:
а) 2 есе кем; б) 2 есе артық; г) 721-ге артық.
ә) 506-ға артық; в) 92-ге артық;
Өрнек
|
Сұрақ
|
Жауап
|
40 - х
|
х айнымалысы қандай мәндерді қабылдауы мүмкін?
|
0, 1, ...
| |
Өрнектің мәні қандай болуы мүмкін?
|
40, 39, ...
| |
Азайтқыштың өзгеруіне байланысты айырманың мәні қалай өзгереді?
|
Азайтқыштың өсуіне байланысты
...
| |
х айнымалысының қандай мәнінде өрнектің мәні ең үлкен болады? Ал х-тің қандай мәнінде өрнектің мәні ең кіші болады?
|
...
|
Сұрақ – жауап
(100 – 44) : 8 + 2 =
-жауабы
100 – 44 =
: 8 =
+ 2 =
-жауабы
Әлижан
Аида
Кім дұрыс шығарды?
Балалар есепті әртүрлі тәсілмен шығарды. Олардың шешу жолын тексер. Есептің сұрағына жауап бер. Жеміс бағынан 100 кг алма жинады. 44 кг алманы балабақшаға жіберіп, қалғанын 8 жәшікке тең бөліп салды. Бос жәшіктің массасы 2 кг болса, алма салынған жәшіктің массасы қанша?
1.Теңдеулерді салыстыр.
219 + (х + 325) = 935 219 + (х + 368) = 935
219 + (х + 282) = 935 219 + (х + 239) = 935
Теңдеуді шешпей, оның түбірлерін өсу ретімен жаз. Тапсырманы орындауға не көмектесті?
2.Теңдеуді шеш.
3.Теңдеудің түбірлерін салыстыр. Алдыңғыға қарағанда келесі түбір нешеге артады? Ол неге байланысты?
Орындап көр
Қорытынды Дипломдық жұмысымның негізгі бөлімінде тақырыпты оқытудың теориялық маңыздылығы жан-жақты қарастырылып, практикада қолдануға болатын әдіс-тәсілдерге шолу жасалды. Сондай-ақ, 1-4-сыныптың «Математика» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасында көрсетілген тақырыпқа қатысты оқу мақсаттары және мектеп оқулықтарында берілген алгебралық ұғымдарға қатысты тақырыптар тізбегі ұсынылды. Бұл жұмыстың маңыздылығы – мұнда алгебралық ұғымдарды бастауыш сыныпта қандай ретпен оқытылатындығы анықталып, оның оқу бағдарламасымен байланыстылығы қаралды. Жаңартылған білім беру бағдарламасына сай белсенді оқыту әдістерінің түрлері ұсынылып, соған сай бастауыш сыныптың мектеп оқулықтарынан бірнеше тапсырмалар мысал ретінде келтірілді. Дипломдық жұмысымның теориялық бөліміне оралсақ, «Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі» оқулығынан алынған теориялық мәліметтер, оның ішінде алгебралық ұғымдарды оқытуға қатысты жаттығулар, оқушыларға берілетін тапсырма үлгілерінің басым бөлігі 1-сыныптың оқушыларына арналған. 1-сыныптың оқушыларына дәл бұлайша басым көңіл бөлінуінің бір себебі – алгебралық ұғымдарға қатысты білімдер жинағының алғашқы кірпіші нақ осы кезеңде қаланбақ. Сол себепті де біз 1-сыныптан бастап балаларға білімді жүйелі әрі сапалы беретін болсақ, әрі қарай да олардың математиканы оңай ұғынуларына себепкер болар едік. Дипломдық жұмысты жазу барысында оқулықтардан бөлек, түрлі сайттардан деректер қарастырдым. Өзіме пайдалы ақпарат ретінде білікті мамандардың ашық сабақтарынан бейнеролик қарауды жөн көрдім. Мұндағы мақсат – сабақты жүргізуге қатысты тың идеяларды іздестіру еді. Осындай бейнероликтердің бірін тамашалай отыра, Астана қаласы, №64 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі - Жанар Қалдыбекқызының математика пәнінен жүргізген ашық сабағына тоқталуды жөн санадым. Оқушыларға сабақты қызықты етіп жүргізудің бір жолы – сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану. Бір сарынды оқу үдерісінен шаршаған оқушының берілген білімді дұрыс игермесі хақ. Сондықтан біз оқыту процесіне АКТ-ны орынды қолдана білсек, оқушылардың да қызығушылығын оятып, сабағымыздың нәтижелі болуына жол ашар едік. Алгебралық ұғымдар тақырыбы турасындағы сабағымыздың табысқа жетуі үшін заманауи білім берудің мазмұнына сай АКТ-ны қолдану дұрыс деп есептеймін.
Дипломдық жұмысымды мамандығым бойынша жүргізілген іс-тәжірибемен байланыстырар болсам, мен мемлекеттік машықтан №12 Жалпы орта білім беретін мектебіндегі 3 «ә» сыныбынан өткен кезде олар математика пәнінен алгебралық ұғымдардың ішінде «Құрылымы күрделі теңдеулер» тақырыбын меңгерген болатын. Сабақтың бастапқы кезеңінде оқушылар жай теңдеу туралы түсініктерін жаңғыртып, артынша құрылымы күрделі теңдеулер тақырыбына бірнеше мысалдар мен есептер шығарды. Тақырыптың өз атауы айтып тұрғандай, теңдеудің құрылымы күрделі. Оқушылардың басым көпшілігінің қателескен тұсы – күрделі теңдеуді ықшамдау, яғни қарапайым түрге келтіру. Бұл қателікпен күресу үшін оқушылар күнбе-күн теңдеулерге қатысты бірнеше мысалдарды және есептерді шығарып отырды. Бұдан бөлек оқушылардың «Өнер» тарауы бойынша алып жатқан білімдерін тексеру мақсатында мен математика пәнінен «Жас математик» атты сайыс сабағын ұйымдастырдым. Сайыс сабақтың негізгі мақсаты: «Өнер» тарауы бойынша өтілген тақырыптарды оқушылардың қаншалықты дәрежеде дұрыс игергендігін анықтау болды. Мұның ішінде мен әсіресе, құрылымы күрделі теңдеулер тақырыбына қатысты тапсырмаларды оқушылардың қалайша орындайтындығына баса мән бердім. Нәтижесі жаман болмады. Бір қызығы, сыныптағы кей оқушылардың теңдеудің қай түрін болмасын шешуде, алдарына жан салмай, қызыға орындайтындығын анық байқадым. Мұндай қызығушылық танытқан оқушыларға теңдеудің күрделі түріне бірнеше тапсырмалар ұсынып отырдым. Сөзімді қорытындылар болсам, дипломдық жұмысымда берілген ақпараттар және осы жұмыстың нәтижесі ретінде ұсынылып отырған «Алгебралық ұғымдарды оқытуда қолданылатын көрнекіліктер жинағы» атты шағын кітапша болашақта жас ұстаздарға көмекші әдістемелік құрал болады деген ойдамын.
Достарыңызбен бөлісу: |