1-сынып.
- Санды және әріпті өрнектерді (қосынды, айырма)/теңдік, теңсіздіктерді ажырату, құрастыру, жазу және оқу.
- Әріптің берілген мәніндегі бір амалды әріпті өрнектің мәнін табу;
- Қосу мен азайту амалдары арасындағы қатынасты әріпті өрнектер түрінде көрсету және қолдану.
- Қосу және азайту жағдайында 0-дің қасиетін әріпті өрнек түрінде көрсету;
- Жақшасыз әріпті, санды өрнектерді салыстыру;
- Екі амалды жақшалы және жақшасыз өрнектердің мәнін табу.
- Теңдік және теңсіздікті, теңдікті тану; тура және тура емес теңдікті айыра білу.
- «таңдап алу» әдісімен және қосу мен азайту амалдарының байланысы негізінде теңдеулерді шешу.
Математика пәнінен оқу бағдарламасы бойынша алгебра элементтерін оқыту процесі былайша жүзеге асады:
2-сынып.
- Санды және әріпті өрнектерді (көбейтінді/бөлінді) теңдіктер мен теңсіздіктерді ажырату, құрастыру, жазу және оқу.
- Әріптің берілген мәніндегі екі амалды әріпті өрнектің мәнін табу.
- Қосу мен көбейтудің қасиеттерін әріпті теңдік түрінде көрсету және қолдану.
- Санды 1-ге көбейту және бөлу жағдайларын әріпті теңдік түрінде көрсету.
- Жақшалы және жақшасыз әріпті, санды өрнектерді (екі амалдан артық қосу мен азайту/5 көлемінде көбейту және бөлу) салыстыру.
- Екі-үш амалды жақшалы-жақшасыз өрнектердің мәнін табу.
- Теңсізідіктерге сәйкес келетін сандарды анықтау.
- Көбейту мен бөлуге берілген қарапайым теңдеулерді; күрделі теңдеулерді шешу.
3-сынып.
- Бір-екі әріпі бар өрнектерді ажырату, құрастыру, жазу және оқу.
- Әріптердің берілген мәндерінде екі әріпі бар әріпті өрнектің мәнін табу.
- Көбейтудің үлестірімділік және терімділік қасиеттерін әріпті теңдік түрінде көрсету және қолдану.
- Санды 0-ге көбейту, 0-ге бөлуге болмайтын жағдайларды әріпті теңдік түрінде көрсету.
- Әріпті, санды өрнектерді (үш амалдан артық) салыстыру.
- Төрт амалды жақшалы және жақшасыз өрнектерде амалдардың орындалу тәртібін анықтау, олардың мәнін табу.
- Формулаларды шамалардың арасындағы өзара қатынасты орнатушы теңдік ретінде түсіну.
- Қарапайым теңсіздіктердің шешімдер жиынын табу.
- Көбейту мен бөлуге берілген қарапайым теңдеулерді, құрылымы күрделі теңдеулерді теңдеулерді шешу.
4-сынып.
- Санды және әріпті өрнектерді түрлендіру.
- Әріптердің берілген мәндеріндегі бірнеше әріпі бар әріпті өрнектің мәнін табу.
- Әріпті өрнектерді құру және есептер шығару барысында қолдану.
- Бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қосу және азайту алгоритмін әріпті теңдік түрінде көрсету және қолдану.
- Бөлшектің негізгі қасиетін әріпті теңдік түрінде көрсету және қолдану.
- Бөлшек санды өрнектерді салыстыру.
- Төрт амалдан артық жақшалы және жақшасыз өрнектерде амалдардың орындалу тәртібін анықтау, олардың мәнін табу.
- Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыстағы арақашықтық формуласын қуып жету қозғалысы мен қалып қою қозғалысына байланысты формулаларды/қалдықпен бөлу формуласын шығарып алу және қолдану.
- Қос теңсіздіктердің шешімдер жиынын табу.
Достарыңызбен бөлісу: |