II ТАРАУ. ЖҰМБАҚ ПЕН МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК РӨЛІ.
2.1 Бастауыш сыныптарда мақал-мәтел , жұмбарды оқыту.
Мақал - сөз анасы. Әдемі ұйқасты, үйлесімді ырғақты, өлеңді өрнекпен не шешендік қара сөзбен айшықталған қысқа да нұсқа айтылған нақыл сөздердің мәйегі.Көбінесе екі тармаңтан құрылады. Бірінші тармағында ойдың түп нұсқасы пайымдалады, екіншісінде ой қорытындыланып түйінделеді. Мақал сөздер тура және ауыспалы мағынада қолданылады.
Мәтел-мақалға ұқсас, бірақ мақалдай екі-үш тармақты емес, өлең сипатында құрылатын ықшамды, кестелі нақыл сөз. Ұмытылмай ұрпақтан-ұрпаққа жаттала тараған өнеге, үлгі, өсиет сөздердің киелі түзілімі. Бастауыш сыныпта мақал-мәтелдер тақырып сайын және әр бөлім сайын оқытылады. Олар арнайы сағат ретінде де өткізіледі.
Жұмбақ - халық шығармаларының ең көне түрінің бірі және барлық жұрттың фольклоріне ортақ тұр. Ерте заманда пайда болғанымен жұмбақ бергі заманда да, тіпті, бүгінгі біздің дәуірімізде де маңызын жойған жоқ.
Қай кезді алсақ та жұмбақ өткір, ұшқыр сөз есебінде халық арасында бағалы болған. Жұмбақты халықтың өзге тапқырлың сөздері мен бірге саяси құрал есебінде жауға қарсы қолданған.
Сырт қарағанда, соңғы уақыттарда жазба әдебиеттің күшейуімен "Жұмбақ азайған шығар. Жаңадан жасалмайтын шығар" деген ойлар болушы еді. Анығында бұл теріс боп шықты. Жұмбақ қазақ халқы мен қатар басқа халықтардың арасында да әлі күнге, өмір сүріп, дамып келеді. Олай болса халықтың жұмбақ қорын жинап, зерттеу қажет.
Жалпы, жұмбақты сөз образының кілті есебінде тануға болады. Жұмбақ ақындықтың ұрығы - дәні тәрізді.
Біздің уақытымызда жұмбақ өз бағасын жойған жоқ, оны мектеп балалары тілді ұстарту мақсатымен оқып, жаттайды.
Халық жұмбақтарының тақырыбы өте көп. Жаратылыс дүниесі, табиғат жайы, еңбек - кәсіп құралдары, хайуанаттар мен өсімдіктер, адам және оның өмірі, өнер -білім, техника, т.б. жұмбақтардың басты тақырыбы болуымен қатар, мазмұнына айналды. Бұл тақырыптардың бәрі жұмбақ әлеміне енгенде, әрқайсысы жалпылама емес, бөлшектене, жекелене алынады.
Мақал-мәтелді қазақ тілі сабағында көптеп қолдануға болады.
Мысалы: Сын есімді өткенде:
Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
Бейнетің қатты болса, татқаның тәтті болады.
Бұлттан шыққан күн ащы, жаман кісінің тілі ащы,-деген сияқты сан есімдерді өткенде:
"Ел құлағы елу.
Қырықтың бірі - қыдыр.
Қызға қырық үйден тыю.
Ұлға отыз үйден тыю.
Алыстан алты жасар бала келсе,
Алпыстағы шал келіп сәлем берер.
Бірінші байлық - денсаулық,
Екінші байлық - ақ жаулық,
Үшінші байлық - он саулық.
деген сияқты есімдіктерді өткенде:
Кісі еліне сұлтан болғанша,
Өз еліңе ұлтан бол.
Бұлай тартсаң, өгіз өледі,
Олай тартсаң, арба сынады.
деген мақал-мәтелдерді қолдану, олардың мағынасын ашу жоғарыдағы қойылған мақсаттардың кейбірін іске асырады. Мұндай сабақтарда оқушыларға да тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдерді жазып келуге тапсырма беруге болады.
Мұны оқушылар ынтамен орындайды, өйткені, мақал-мәтелдер - сөз мәйегі, әрі қысқа, әрі нұсқа, оқушылардың жаттауына да жеңіл, әрі балалардың тілін дамытып, ой-өрісін өсіре түсері сөзсіз. Тиісті жерде тыныс белгілерін қойғызып, оларды сөйлем мүшелеріне талдауды оқушылардың қызығушылығын туғызып, сауаттылығын арттырады.
Балалардың тіл байлығын, сөздік қорын молайту және де сауаттылығын нығайту мақсатында қазақ тілі пәнінен 3-сыныпта "Жалпы және жалқы есімді" қайталау сабағының бекіту бөлімінде оқушыларды 3 топқа бөліп мақал сайысын өткізуге болады. I бөлімінде: Еңбек туралы мақал айтып жарысу.
II бөлімінде: Мақалдың соңын жалғастыру және мәнін-мағынасын айту.
III бөлімінде: Белгілі тақырыпқа байланысты мақал айту.
Мысалы: Ат айналып қызығын табар,
Ер айналып елін табар.
Тіліңмен жүгірме
Біліммен жүгір.
Адам баласының ең жаманы
талапсыз.
IV бөлімінде: Әр топқа белгілі тақырып беріліп, сол
тақырыпқа байланысты мақал айтып жарысу. Мысалы:
I топқа: "Оқу білім туралы мақал"
Ақыл азбайды, білім тозбайды.
Қына тасқа бітеді.
Білім басқа бітеді.
II топқа: Мал жөнінде:
Мал өсірсең қой өсір,
Өнімі оның көл көсір.
Ат ерінді келеді,
Ер мүрынды келеді.
III топқа: Тіл өнері туралы мақал:
Өнер алды қызыл тіл.
Өнер - ердің қанаты.
Сонымен қатар "Әрі қарай жалғастыр" жарысында топ басшыларына арналған өлең шумағын жалғастыру.
1. Бар кітапқа бас болған
Әліппе ғылым анасы
М.Мақатаев.
2. Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай мақтанба.
А. Құнанбаев.
3. Кел балалар оқылық,
Оқығанды көңілге ыңыласпен тоқылық.
Ы. Алтынсарин.
Бұл жарыста III топ басшысы толық жауап беріп жеңіске жетті.
Мақал-мәтелдер әр бөлімнің, әр тараудың соңында беріледі.
Оқушылар сабаққа белсенді түрде қызығушылықпен қатысады.
2.2 Жұмбақтар мен мақал-мәтелдер. Тәрбиелік рөлі,жанрлық ерекшеліктері.
Қазақ ауыз әдебиетінен орын алған және ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу үстінде келе жатқан жанрдың бірі — жұмбақтар. Ол барлық елдің ауыз әдебиетін е ортақ жанр. Жұмбақ түрін зерттеген ғылымдардың айтуынша, жұмбақ ертедегі адамдардың бүкіл коллективтің , еңбек-кәсіп ету, тұрмыс тіршілігі құру тәжірбиесінен туған. Жұмбақ заттың өзін айтпай оның түр-түсін , сыртқы белгілерін, жұмбақ болып отырған затқа ұқсас жақтарын сипаттайды, ал заттың өз атын жасырып ұстайды. Ойға алған нәрсенең өзін айтпай, оның сырт көріністерін, сыртқы белгілерін қысқаша сипаттауды, солар арқылы жұмбақ етілген затты табуды жұмбақ дейміз. Жұмбақ айту әр халықтың әріден келе жатқан дәстүрінің бірі. М. Әуезов қазақтың ертедегі әдет-ғұрып салтында жұмбақтың ерекше орын алғандығын айта келіп былай деген: Кейде бүкіл бір ертек жұмбақтан туады. Әңгімелі әсем жыр, дастан атаулының талайының жұмбаққа соғып кете тіні болады. Ертеде ердің даналығын, жүйріктігін жұмбақпен сынау машық болған. Бұл тарихи шындыққа негізделген пікір. Қазақтың көптеген ертегілерінде мазмұн болғанда немесе ондағы көп әңгімелердің түйінін шешетін де жұмбақ болғанын білеміз. Бұған “Қарттың ұлына айтқан өсиеті”, “Қарт пен тапқыр жігіт”. Ерте заманда күйеу таңдаған қыздар : жұмбағымды шешкен жігітке ғана тиемін, — деп жұмбақты өнер салыстыру, жігіттің ақыл – ойын сынау ретінде қолданған. Жұмбақ оқушы балалар мен жастарға білім берерлік тәрбиелік мәні бар құралдардың бірі.Халық жұмбақтарының тақырыбы өте көп. Жаратылыс дүнеиесі, табиғат жайы, еңбік-кәсіп құралдары, хайуанаттар мен өсімдіктер, адам және оның өмірі, өнер – білім, техника т. б жұмбақтардың басты тақырыбы болуы мен қатар мазмұны да болады. Мысалы : білім техника жайында шығарылған жұмбақтар бергі кезде, XIX ғасырдың ішінде туа бастағанын байқаймыз. “Аяғы жоқ жүреді, аузы жоқ сөйлейді” (хат). “Өзі жаңа, өзі тесік” (елгезер). Қазақ жұмбақтарының күрделі бір тақырыбы төрт түлік мал, жалпы хайуанаттар жайына арналады. Мал өсіріп кәсіп еткен өлеңнің сырын жақсы білген халық төрт түліктің өзіне тән мінезі мен қасиетін, адам баласы үшін жасайтын қызметін келтірер пайдасын айтып жұмбағына қосады. Төрт түлікті жұмбақ еткенде, әрбір малдың аты айтылмайды, тек мүшелері айтылады. Мысалы : “Төсек астында төрт бауырсақ” (сиырдың емшегі). “Екі кісі қарауыл қарады, бір кісі шепшек терді” (түйенің өркеші, ерні).
Ауыз әдебиетінің басқа түрлері секілді жұмбақтардың да өзіне тән ерекшеліктері болады. Ең алдымен жұмбақтар тақырыпқа құрылады. Жұмбақтың өзі де, оның шешуі де асқан тапқырлықпен құрылуға тиіс. Ол сонда жұмбақ болады. Жұмбақта фантазиядан да деректілік, нақтылық басым келеді. Жұмбақ көлеміне енетін нәрселерді, алыстаған бұлдырдан емес, адамның көз алдындағы, күн сайын көріп, біліп отырған нәрселерін жұмбақ етеді. Мысалы : жұмбаққа сиырды енгізгенде оның өзін айтумен бірге, мүйізін де, емшегін де, етін де бөлек жұмбақ етеді. Жұмбақтарда көп кездесетін ерекшеліктердің бірі – заты жақын заттарды пар лап, қосарлап айтуында. Ай мен күн, жер мен көк, қыс пен жаз, күн мен түн, қол мен аяқ т. б жұбымен алысып жұмбаққа қосылады. Қазақтың жұмбақтары өзінің құрылысы, сөз айшығы жағынан мақал мен мәтелге ұқсайды және көбінесе өлең түрінде келеді, ұйқасым, ырғақтарды сақтап отырады. Сонымен бірге, жұмбақтарда дыбыс үндестігі, дыбыс қайталанушылық сонымен айтайын деген ойға тыңдаушының көңілін бөлушілік көп кездеседі. “Жаралғанда жабысқан” (адамның не заттың аты), “Өлсең де өлмейді, өлмесең де өлмейді” (адамның есімі) осы сияқты жұмбақтардан көреміз.
Халық мақалдарының тақырыбы өте көп солардың ішінде ең күрделі бір саласы адам баласының еңбек ету жайына арналған.Еңбек адамды мақсат – мұратқа жеткізіп абырой әперетін іс екендігін халық мақалдары арқылы дәлелдеп көрсетеді. Еңбегі бардың өнбегі бар, Еңбек түбі мереке деп халық адал еңбекті ардақтады. Еңбек етпеген адамды жатып ішер жалқауды халық өзінің мақалы арқылы сынап шенейді. Бұған еңбегі аздың өнбегі аз, еріншектің ертеңі таусылмас деген мақалдар келтіруге болады. Еңбек мақалының тақырыбына арналған қай – қайсысы болса да, ақыл өсиет түрінде айтылады. Бейнетсіз рахат жоқ, Әрекет болмай берекет бол. Түлік төлден өседі дей отырып сол түліктерді өсіру үшін қажырлы еңбек керектігін ескертеді. Жатқанға жан жуымас, жалқауға мал жуымас, Ат шаппайды, бап шабады. Мал жисаң қоныс тап, Бақпасаң мал кетеді деп ақыл айтады. Адал еңбекті сүйген халық мал басын өсіру үшін аянбай жұмыс істе, ерінбей еңбек ет, сонда ғана мал құралады дейді. Ал еңбек етпей, ұрлық немесе барымта жолымен мал жинап баюды көздеуші адамды халық қатты сынға алады, шенейді, Ұрыға мал қатаймас, ұрлық түбі –қорлық, деп сипаттайды. Халық мақалараның қоғамдық мәні бар тақырыптарын 1- ші оқу білім, тазалық тәрбие, мінез құлық, әдет ғұрып жайлары бұлар жөнінде халықтың ой, көз қарасы, шығарар қортындысы, айтар ақылы қандай екені байқалады. Жақсы нәрсені үлгі ету жаманнан жиеркеніш тауып бездіру, аталған тақырыптағы басты мәселесі оқу білім, ғылым жайын сөз қылғанда халық мақалыың, адам баласына тигізетін пайдасы көп екендігінен басталады. Қазақ мақалдарына жоғарыда жасалған қысқаша шолу ауыз әдебиетінің бұл түрі мазмұны жағынан болсын тақырыбы жағынан болсын орасан көп дүние екендігін көрсетеді.
Мақалдардың өзіне тән ерекшеліктері. Қазақ мақалдарынын өзіне тән негізгі бірінші ерекшелігі аз сөзбен көп мағына беретінінде аз сөз алтын- көп сөз көмір — дей отырып халық өзінің мақалдарында мазмұнды әңгіменің тобықтай түйінін береді. Ой пікірін көз қарасын әрі терең әрі ашық айтады. Мақалдың сөз саралауы, олпы-солпы болмайды, етек-жеңі жинала келеді. Ішкі құрылысы жағынан алғанда мақалдар екі түрлі біріншісі айтайын деген ойын ашық етіп, бірден турасынан білдіреді. Жауды алған жаралы қалады, Бірлігі жоқтың тірлігі жоқ, т.б.
Екіншісі негізгі ойды астарлап айтады. Ғибрат білдіретін мақалдар. Қазақ мақалдарының біразы осы соңғы түрге енеді. Бұған мысалы: жығылсаң нардан жығыл, Сырын білмеген аттың артынан жүрме деген мақалдарды жатқызуға болады.
Жығылсаң нардан жығыл дегенде, нардан жығылып құлауды айтып тұрған жоқ, нардан үлкенге ұмтыл, мақсатыңа жете алмасаң, ол айып емес деген ойды білдіреді. Сырын білмегеннен аттың сыртынан жүрме дегенде тура маған болумен қатар, астарлап айтылған жанама мағана бар. Ол сырлас болмаған сырын білмеген адаммен бір ден ашша-жай болудың қолайсыз жағдайға душар еткенін аңғартады.
Мәтел. Мақал мен мәтел құрылысы, түрі, сөз саптасы жағынан бір-біріне жақын және ұқсас келеді. Бірақ бұлардың өзара айырмашылығы бар. Басты айырмашылық бұлардың мазмұнында. Мақалды алсақ оның мазмұнында өмірде болған елеулі оқиға , әңгімелер жатады. Мәтел айтайын деген ойын турасынан білдірмей жанама түрінде , әр түрлі салыстыру, теңеу арқылы жеткізеді. Кейбір сөзді тыңдаушы өзі аңғарып түсінер деген оймен әдейі қалдырып кетеді. Бұл мәтелдің өзіне тән ерекешелігі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |