Курстық жұмыс Пән бойынша:Қозғалмалы ойындар және оны оқыту әдістемесі Тақырыбы: Дәстүрлі қазақтың ұлттық ойындарын мектептегі дене тәрбиесі жүйесінде қолдану



бет3/3
Дата10.01.2024
өлшемі285 Kb.
#488835
1   2   3
kur -qazaqtyn-ulttyq-oyyny-zhane-dene-tarbiesi 2 (1) (1)

Ойын тәртібі мен ережесі:
Төреші кенейлерді арасы табан толарғып тігіп шығады.
Ойынға қатысушылардың сақасын соқайластырады да ұту кезегін анықтайды.
Сақа иіріттен жерді белгілейді.
4.Ұшқан асықты табандайды,сақа бір табан, кеңей 3 табанға толуы шарт. 5.3 табанға толмаған кенейді көнге кайта тігу-тікпеу төрешінің өз еркінде.
6. Көп еңкейгендер мен жерлетіп атқандарға ескерту жасайды.
7. Кезегінсіз сақата қол тигізгендерді сол ойыннан шеттетеді.
8. Дүтіншіні "соңғы" көнге жақын иірітпейді.
9.Ойыншыға жақын аралықтағы табанға толмайтын кеней мен сақаны атқызбайды.
Қыңыр тұрған сақа (кеней) қайта шертіледі.
Ойыншылардың алдына тіккен сақаның иесі егер өзі кінәді болса, ойыннан шығады. Кінә басқада болса, төреші нұсқаған жерден атады.
Шертіп алуға болатын-болмайтынын төреші өзі шешеді.
Кенейді ұшырған сақа алшы не тәйкі тұрса, қайта атқызу-атқызбау төрешінің өз еркінде.
14. Ұту алаңының ұзыңдығын ойыншылар өзі таңдайды.
Ойыншы оң аяғы көнде тұрып, ұтуға міндетті. Ойын үстінде ұшқан жерінен атқысы келмесе, басқа жерге иіруге бола береді.
Бір топта 2-ден 5-ке дейін ойыншы болуы керек
«Тоғызқұмалақ» дене тәрбиесі сабағында
Қазақ халқының ескі мұрасының бірі — тоғызқұмалақ ойыны. Тоғызқұмалақ ойыны бүкіл Орта Азияда, әсіресе қазақ халқының арасында көп ұшырайды. "Тоғызқүмалақ" ойыны — дене тәрбиесінің құрамдас белігі. Ол оқушылардың өз бетімен шұғын шешім қабылдауға, ойлау қабілетін арттыруға, бір-бірімен қарым-қатынасын жақсартуға, жауапкершілігін көте-руге, мінездерін калыптастыруға, адамгершілік және ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу, жеке адамның касиеттерін дамытуға, шыдамдылыққа, ұстанымды-лыққа, ауызша тез есентеуге, есте сактау қабілетін жетілдіруге үлкен көмегін тигізеді.
Қазіргі дене тәрбиесі сабағындағы бағдарламада шаңғы дайындығы мен суға жүзуге алты сағат берілген. Шаңғы дайындығына қажетті құралдардың жетіспеуінен жәпе суға жүзу бассейні жоқтығына байланысты кросстық жүгіру сабағына ауыстырылған. Кей аудандарда ауа-райының суықтығына байланысты баскетбол, футбол ойындарын қайталап өткізуге тура келеді. Сонымен қатар, ауыл мектептерінде спорт залдың жоқтығы және спорттық құрал-жабдықтармен тотық қамтамасыз етілмеуі де дене тәрбиесі сабақтарының талапқа сай жүргізілмеуіне зиянын тигізеді.
"Тоғызқұмалақ" сабағын өткізу мектептер үшін қиындыққа түспейді, көп құралжабдықтарды қажет етпейді. Сабақ өткізу үшін әрбір сабаққа 10-12 ойын тақтасы мен тастары боса жеткілікті.
Сабақтың жоспар кестесі.
1 -сынын
"Тоғызқұмалақ" ойынының шығу тарихы туралы жалпы түсінік. 2-сағат
Ойын тақтасымен танысу. 2-сағат
Ойын ережелері туралы. 2-сағат
2-сынып
"Тоғызқұмалак" онынының Қазақстанда дамуы. 2-сағат
Оң жақтан бастап құмалақты оң қолмен тарату. 2-сағат
Ойнау ережесі. 2-сағат 3-сынып
Отаулардың аттары. 2-сағат
Ойнау ережелері. 2-сағат
Екі жақты ойындар. 2-сағат 4-сьшып
Ойынның мақсаты мен міндеттері. 2-сағат
Ойнау ережелерін қайталау. 2-сағат
Екі жақты ойындар. 2-сағат 5-сынып
Жүру әдістері. 2-сағат
"Тоғызқұмалақ" терминдері. 2-сағат
Екі жақты ойыіщар. 2-сағат 6-сьшып
Қазақстанның танымал ойыншықтары. 2-сағат
"Тоғызқұмалақ" иотциясы жазу әдістері. 2-сағат
Екі жақты ойындар. 2-сағат 7-сынып
Ауызша және жазбаша есептеу әдістері. 2-сағат
Екі жакгы ойындар. 2-сағат
Жарыс сабақтар. 2-сағат 8-сынып
"Атсұрау" тәсілі /атсыз қалу/. 2-сағат
Екі жақты ойындар. 2-сағат
Жарыс сабақтар. 2-сағат 9-сынып
"Тұздық алу" әдістері. 2-сағат
Екі жақты ойындар. 2-сағат Тасалау әдістері. 2-сағат 10-сынып
Жүріс дәлдігі. 2-сағат Екі жақты ойындар. 2-сағат
Жарыс сабакгар. 2-сағат 11-сынып
Ойынға байланысты пайдалы кеңестер. 2-сағат
Жарыс сабақтар. 2-сағат
Танымал ойыншылардың партиясын талқылау. 2- сағат
3.2 Дене тәрбиесі сабағын жүргізу әдістемесі

Сабақтың тақырыбы: «Теңге алу»


Сабақтың мақсаты: Балаларды ұлттық рухта тәрбиелеу қозғалыс
сапасын дамыту.
Өтілетін орыны: Спорт алаңы
Көрнекі құралдар: Ысқырық, Шыбықтар



Кезеңдер

Сабақтың тақырыбы

Жаттығудың орындалу уақыты

Сабақта назар аударатын жағдай

Ұйымдастыру

Сапқа тұру,рапорт беру. Сәлемдесу.Сабақтың тақырыбымен таныстыру.Орында «оңға», «солға» бұрылу.

5 мин

Оқушылар бұрылған кезде дұрыс бұрылуын қадағалау

Дайындық бөлімі

Алға жүру.
1.Екі қол жоғары,аяқтың ұшы мен жүру




Дененің тік ұстауын қадағалау




2. Екі қол белде,өкшемен жүру
3. Жылдам жүру
4.Жеңіл жүру
5.Тізені алға көтеріп жүру

6.Аяқты артқа көтеріп жүру


7. Екі қол белде,аяқты алдыға түзу ұстап жүргізу
8Аяқты артқа түзу ұстап жүргізу
9. Әрбір адымды секіріп жүру
10.Екі қол белде,жартылай отырып жүру
11.Толық отырып жүру
12.Дем алуға арналған жаттығулар

2мин
1 мин
3 мин
1 мин
1 мин
1 мин
1 мин
1 мин
30 сек
30 сек
2 мин

Қолдың дұрыс жұмыс істеуін қадағалау.

Денені тік ұстап жүгіру керек


Аяқты бүкпеу керек

Аяқты тізеден бүкпеу керек.


Мүмкіндігінше жоғары секіру керек.
Денені тік ұстау
Жаттығуды дұрыс орындауына назар аудару.




Ұлттық ойын «Теңге алу»Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді.Әрқайсысы жеке-жеке шыбық мінеді.Ойын кезегі басталатын жерге көлденең сызық сызылады. Одан әрі 20-30 метрдей жерден тереңдігі 15-20 см екі шұңыр қатар қазылады.Шұңқыр қол сыятындай және сайыскерге ыңғайлы етіп қазылады. Шұңқырға ұзындығы бармақтай тастар салынады.Ойынға қатысушылардың санына қарай екі топтан екі сайыскер шығады да сызыққа келіп қатарласып тұрады.Бастаушының белгісі бойынша шыбық аттарын құйғытып шаба жөнеледі.Сол беттерімен әлгі шұңқырға жетіп қол сұғып жібередіде тасты іліп алып әрі өтіп кетеді.Ұпай әр сайыскердің іліп алған тасына қарай есептелінеді.Қай топ көп тас жинаса сол жеңімпаз болады.

23 мин

Сайыскерлер бір – біріне кедергі жасауы керек.
Ойын бастаушының белгісі бойынша.Шұңқырдың жанында бөгелуге немесе тоқтауға болмайды.
Жеңген топқа баға беру.

Сабақты қорытындылау

Сапқа тұрғызу.
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды атап өту.
Үйге тапсырма







Қорытынды


Қорыта айтқанда ұлттық ойындардың тәрбиелік мүмкіндіктерін қарастырғанда оны дене тәрбиесінің ажырамас бір атрибуты ретінде ежелгі тарихи кезеңдерден бірге даму барысын, өзгеріс үрдістерін де үнемі назарда ұстаймыз. Әр ұлттық ойында сол халықтың жағрапиялық ортасы мен экономикалық жағдайы, тәлім-тәрбиелік ерекшеліктері көрініс береді. Оған қоғам дамуындағы түбегейлі өзгерістер де ықпал етеді. Мұның айқын көрінісін қазақ ұлтық ойындарының даму барысынан көрсетілді. Мысалы, "Қасқыр қақпан" ойыны баланың тілін, есте сақтау қабілетін дамытып, акқыл-ойын өсіреді, ұйымшылдық, патриоттық сезімін қалыптастырады және саптық қозғалыс дағдыларын меңгеруге жәрдемдесетіндіктен, бастауыш сынып оқушылары үшін аса қолайлы ойын түрі деген тоқтамға келдік. "Үлек пен тайлақ", "Қара кие", "Қоян", "Қыры қаяқ", "Кім жылдам", т.б. соңдай көлтеген ойын түрлерімен таныстыра отырып, оларды жүргізу ережелері мен қолдану амалдары таныстырылды.Ойын түрлері әр сынып сайын күрделене түсетіндігі нақты мысалдар арқылы көрсетілді.
Қазақ ұлттық ойындарының дені арнайы жабдықталған бөлме мен құралжабдықтарды қажетсінбейді. Сондндықтан оларды қажет уақытында кез-келген орында ойнай беруге болады. Және ор ойынның уақыт мөлшері де шамалы. Сонымен бірге бұл ойындардың тек дене шынықтыру ғана емес. жастардың әр жақты дамуына да тиімді әсері бар, байқауымызға болады. Отарлық дәуірге ентеннен бастап, қазақ ұлттық ойындары жаттығу-үйрену ,а деңгейімен шектелуге мәжбүр болды. Ал кеңестік кезеңде ол өзінің құлдырау шегіне жетті. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері қарай ұлттық ойындарды оқу-тәрбие үрдісіне енгізу қолға алына бастады.
Мұғалім ұлт ойынының мазмұнын, ойналу тәртібін, мақсатын жете білуімен қатар, оқу жылының басында оқу материалында пайдаланатын ұлт ойындарын тиісті тақырыптарға сәйкес белгілеп, пән бірлестігінін отырысында қарап, күнтізбе тақырыптық жоспарға енгізуі тиіс. Ұлт ойынын сабақтың қай кезеңінде қолдану тиімділігін анықтап, негізгі оқу материалымен ұштастыра біту абзал. Оқушылардын жас ерекшелігіне қарай ойынның тәрбиелік мүмкіншілігін танып білуте дағдыланудың маңызы зор. Ойынды тез әрі жылдам меңгертудін жолдары мен әдістерін алдын ала белтілеудің де мәні зор.
Ұлт, ойындарының бойында тұтас педагогикалық үрдістің негізі бар. Бұл үрдіетің құрамына оқу, оқыту, білім беру, тәрбие, дамыта оқытып, дамыта тәрбиелеу үрдістерінің табиғи бірлігі жатады. Оның дидактикалық негіздері кімге нені қалай оқыту керек деген мәселені қамтитыны белгілі. Осы орайда оқушы өз іс-әрекетін саналы түрде түсіне білуі мұғалімнің педагогикалық шеберлігімен тікелей байданысты екенін ескергеніміз жөн. Оқу мақсаты білу болса, оған қозғаушы күш - түрткі. Ойын түрткісі — жеңіс, ол шиеленіскен тартыс негізінде көрініс береді. Батаның осы жеңіске деген ұмтылысы оның дене күшін дамытуға, ақыл-ойын арттыруға, үздіксіз еңбек негізіндегі іс-әрекетін қалыптастыруға себепкер болады.
Баланың дамуы күрделі қайшылықтары бар ішкі және сыртқы факторлар жиынынан турады. Олар —тұқым қуалаушылық, орта және тәрбие. Тұқым қуалаушылық адам бойындағы мүмкіндік нышандардың даму бағыты мен аясын белгілейтін ішкі факторға жатады. Ал орта мен тәрбие өзара байланысы сыртқы факторларды құрайды. Ұлт ойындарын саналы түрде пайдаланудың нәтижесінде жоғарыдағы факторлар үйлесімі іске асырылады. Сабақтың мазмұны байытыпың, оқушының білімге деген ынтасы артып, таным аясы кеңіп, өмірге құштарлығы күшейеді. Дене шынықтыру сабағы осы мақсатта құрытып, ал ұлттық ойын дене шынықтыру сабағынын сапасын арттыру мақсатында қолданылуы тиіс. Және осы орайда әр сыныптағы жас ерекшеліктері де ескеріледі. Біз осыған байланысты бастауыш, негізғі, жоғарғы сынып оқушылары үшін дене шынықтыру сабағында пайдаланута болатын ұлттық ойын түрлеріне және оларды өткізу жолдарына біршама тоқталдық. Олардың тәрбиелік қыыметтері мен өзіндік ерекшеліктері де ұлттық ойындарды сыныптан тыс тәрбие сағаттарында пайдалану жолдарына, олардың пәнаралық бақланыстарына (қазақ тілі, қазақ әдебиеті, шет тілдері, математика, биология, тарих, жағрапия, т.б.) назар аудара отырыл, олар нақты мысалдар арқылы дәйек дәлелденді. Әр пән блоктарында ұлттық ойындарды пайдалану үлгілері, олардың тиімділігі көрсетіле отырып, "Мектептегі дене тәрбиесінің" жаңа бағдарламасы" жасалды. Ол арнайы іс-тәжірибеден өткізіледі.Нәтижесінде дене шынықтыру пәнінің ебдейліклері және осы мақсатта халықтық педагогика элементтерін пайдаланудың тиімді жолдары анықталды. "Тұлға қарымы" атты 1-11 сыныптардағы дене шынықтыру сабақтарының бағдарламасы құрылды. Мұнда дайындық және дамыта үйрету жаттьнулары, акробатиеалық, ырғақты би, жүгіру, секіру, лақтыру жаттығулары, қозғалмалы ойындар, қарусыз айқасу қимылдары қамтылады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


А.Асарбаев. «Ерттедегі қазақтың ұлттық ойындары», «Мектептегі дене шынықтыру» №1 2008,


Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030: Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына үндеуі. Алматы 1997. 256 бст.
Дене тәрбиесі және спорт арқылы Қазақстан Республикасының халқың сауықтыру бағдарламасы. Алматы 1999.
Балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қамтамасыз етудегі дене тәрбиесі Республикалық ғылыми әдістемелік тұтас жинақ бағдарламасы 2001-2005 жылдарға. Алматы 2001.
Ашмарин Б.А. Дене тәрибесінің ілімі мен әдістемесі.- М.,1999.
Ашмарин Б.А. Дене тәрбиесіндегі педагогикалық ізденістің ілімі мен әдістемесі. -М., ФиС, 1978
Осокина Т.И. Бала-бақшадағы дене тәрбиесі. -М.,1973
ХухЛева Д.В. Мектеп жасына деиінгі балалардың дене тәрәиесі. М.,1976 .Фомин И.А.,Филин В.П. Дене тәрбиесінің жас ерекшелік негізі. -
М.,ФиС, 1972 12.Дене тәрбиесі іліміне кіріспе. Дене тәрбиесі институттарына арналған
Оқу құралы. Матвеев Л.П. редакциясы бойынша. -М., ФиС, 1983 13. Дене тәрбиесі мұғалімдеріне арналған кітап. Каюрова С. редакциясы
бойынша. -М., ФиС, 1973 Н.Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі. Дене тәрбиесі институттарына арналған оқу құралы. Матвсев М., Говиков А.Д. басқаруымен. 2-ші басылым. —М.:ФиС, 1976. Т.1,1-2тарау.
Понамарев Н.И. Дене тәрбиесінің әлуметтік қызметі. -М., ФиС. 1974
Жалпы дене тәрбиесі ілімін қалыптастыру мәселелері. СССР-дің ҒА,
1980,-31-41.
Жалпы білім беретін мектептердегі 1-4- сыныптар дене тәрбиесінің кешендік бағдарламасы. Алматы, Рауан, 1994
«Мектептегі дене тәрбиесі» журналы. 1985-1992 жылдардағы. Матвеев
Сағындықов «Қазақтың ұлттық ойындары» Алматы «Рауан»1991ж
М. Болғамбаев «Қазақтың ұлттық спорт түрлері», «Қайнар»1998ж
Қобланов Ж. Күрес өнері.Шымкент 1993ж
Жалпы білім беретін мектеп оқушылары дене тәрбиесінің ережесі.
Алматы 1993.
Есмағанбетов 3. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі.Қарағанды. 1995
Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің лекция сабапқтарының тезисі. Қызылорда. 1992
Денсаулық сақтау толғапыстар. Алматы, «Қазақстан» 1989
Төтенаев Б.У. Казахские национальные игры и виды спорта. Алматы. 1976
Пашевский С.А, Старцева И.Д. Дене шынықтыру және мамандық. -М,:ФиС, 1983
Жалпы білім беретін мектептердегі 1-11 сыныптар дене тәрбиесінің кешендік бағдарламасы.-М.,1985

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет