ІІ ТАРАУ. Ы. Алтынсариннің дидактикаға қосқан үлесі
2.1. Ы. Алтынсариннің дидактикаға қосқан үлесі
Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) – қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фолклоршы. Туып-скен жері –Қостанай облысының Қосттанай ауданы, Арқарағай ауылы. Осы жерде Тобыл өзенінің жағасынан топырақ бұйырған. 1850 ж. Орынбор шекара комиссиясының қазақ -балалары үшін ашқан мектебіне оқуға түседі. Мектепті бітірген соң Орынбор шекара комиссиясында әскери старшина болып қызмет атқаратын үлкен әкесі Балқожа Жапңбыршыұлының хатшысы болады. (1857-1859). Орынбор облыстық басқармасында тілмаштық қызмет атқарады. 1860 жылы Орынбор бекінісінде (Торғай) қазақ балалары үшін мектеп ашу тапсырылады, әрі сол мектепке орыс тілінің мұғалімі болып белгіленеді. Ыбырайдың бүкіл өмірін арнаған ағартушылық-педагогтық қызметі осылай басталады. 1864 жылы 8 қаңтарда мектептің жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашады. Ұстаздық-ағартушылық қызметке қоса Ыбырайға басқа да жұмыстарды атқару жүктеледі. Орынбор генерал-губернаторының тікелей тапсыруы бойынша Торғайда төрт уездік судья болып, (1868-1874), торғай уездік бастығының аға жәрдемшісі (1876-1879) қызметін атқарады.
Ы. Алтынсарин – қазақ өлкесіндегі тұңғыш халық мектептері орыс-қазақ мектептерінің негізін салушы. Ол қазақ халқына жоғарыда айтылғандай білім берудің системасын жасап, оны мүмкіндігінше жүзеге асырды. Ол системаның бүгінгі таңда маңызы зор.
Алтынсарин системасында екі кластық орталық училище негізгі орын алды. Алты жыл оқитын екі кластық училищелерр ұйымдастыру идеясыда өте орынды болды.
Осы сияқты білім беру жүйесі жақсара бастаған бастауыш мектептер көбейе бастады. 70-жылдары төрт жыл оқытатын бастауыш мектеп типін чуваш бастауыш мектебі бойынша инспектор И. Я. Якоблев жасады. Чуваштың Симбирскідегі мұалімдер даярлайтын орталық мектебі 6 жыл оқытатын 3 кластық еді. Ал Алтынсарин мектебі жалпы білім беруді мақсат етті. Торғай уезіндегі 4 әрқайсысынан бір-бірден орталық училище ашты. Бұл училищелердің әрқайсысында 30 орындық қазақтың ер балаларына арналған интернат болды. Торғай, Ырғыз мектептері орыс қазақ мектебі деп аталды, себебі бұл жерже екі ұлт балалары оқитын. Тройцкідегі екі кластық және Ақтөбедегі бір кластық мектептерінде қазақ балалары ғана оқыды.
Осы 4 орталық училище қазақтың ең алғашқы мәдениет ошағф болдф. Бұл мектептерді ашудағы Алтынсариннің рөлін толық көрсететін, оның бұл істі жүзеге асыру барысында кездескен қиындықтарды баяндайтын материалдарға ьтағы бір тоқталайыық. 876 жылы Орынборға бұрын халық ағарту министрі граф Толстой Орынбор оқу округінде оқу орындарынан тексеруге келгенде, бұл өлкедегі қырғыздарға білім беру мәселесі талқыланды. Мұнда қырғыздарға орысша оқи-жаза білгізу, ол үшін қырғыз тіліне орыс алфавитін енгізу мәселесі негізгі әңгіме болды. Бұл кеңеске Орынбор өлкесінің бұрынғы генерал-губернаторы генерал-адьютант Крыжановский, Орынбор оқу округінің қамқоршы өкілі Лавровский, Қазақстандағы мұғалімдер семинариасының директоры Ильминский және Торғай, Орал облыстарының губернаторлары орыс алфавитін қырғыз тіліне қолдануға әбден болатынын айтты. Бірақ далалық болыстарда ашылмақшы орыс-қырғыз мектептерінде оқу жұмысын жүргізе алатын қырғыз тілін білетін мұғалімдер жоқ еді. Ал мұндай мұғалімсіз жұмыс істеу балдармен қиын еді. Сол себеппен Торғай, Орал облыстарындағы жақын қалалардың бірінде қыорғыз мұғалімдер мектебін ашу жайлы қаулы алынды. 1879 жылы мектеп инспекторлығына Алтынсарин шақырылды. 1881 жылы Орск қаласында мұғалімдер мектебі құрылды.
Алтынсарин алғашқы кезде бірден орталық училище болып, мұнда 50 қазақ баласы және жергілікті орыс балалары жататын интернат болуын айтты. Бұл оқу орнана ол Қазан мұғалімдер семинариясын бітірушілерді мұғалімдікке шақыруды ұсынды. Барлық уездік қалаларда бір-бірден 2 кластық училищелер 5 жыл ішінде ашылып бітті. Бұл училищелер мұғалімдері өзі ұсынған Қазандағы мұғалімдер семинариясын бітірген мұғалімдер болып, ол өз істеріне өте жауапкершілікпен қарап адал істеп, жақсы нәтижеше жетіп отырған. Орыстың екі кластық мектебі мен қалалық училищесінің «қалыпты» оқу жоспарын келтірейік: 1) дін заңы; 2) шіркеу жыры; 3) шіркеу және азаматтық баспасөзді оқу; 4) арифметикадан алғашқы мәліметтер.
Қалалық училищелердің оқк жоспарында мынадан пәндер болды: 1) дін заңы 2) орыс тілінде оқу және жазу, 3) арифметика практикалық геометрия, 4) сызу және сурет, 5) отандық тарих және география.
Алтынсарин 4 орталық мектеп ашумен қатар болыстық және ауылдық мектептер түрін белгіледі. Ауылдық мектептерд берілетін білім дәрежесі болыстық мектептердің бірінші және екінші бөлімдерінен алатын білім дәрежесіндей болды. Ал қазақ қыздарына арналған тұңғыш 1887 жылы ашылған 20 орындық ырғыз қыздар училищесі еді. Мұнда білім берумен қатар қолөнерді үйретті. Алтынсарин қазақ мектептері үшін мұғалімнің маңызы мен оны дайындау туралы мәселеге орасан зор көңіл бөлген. «Біздің жұмысымызда , - деп жазды Алтынсарин, - қырғыз мектептерінің бүкіл болашағы, көбінесе қазір басталып отырған іске байланысты, - сол себепті мен қазір дүниеде жақсы мұғалімді бәрінен де жоғары бағалаймын. Халық мектептері үшін мұғалі бәрін шешеді».
Алтынсариннің пікірінше, педагогикалық жұмыстағы ең шешуші нәрсе: мұғалімнің ең жақсы оқыту әдістерін таба білуінде, балалармен дұрыс сөйлесе білуінде, үлгілі жолға қойылған, дұрыс тәртібі бар жаңа типті мектеп оқушыларды қызықтырып, оларды мәдениетке, жұмысқа және ой еңбегіне үйретуге тиіс, олардың білімге және орыс тілін білуге ынтасын мейлінше арттыруға тиіс.
Қазақ мектептеріне байланысты дидактикалық міндеттерді қоя білу және орындау саласында Алтынсарин үлкен табысқа жетті. Ол мектепте ұйымшылдық және тәртіп орнатып, оқу процесінде қатаң режим және оқушылар арасында тәртіп болуын талап етті. Алтынсариннің міндеттері мұғалімнің нұсқаулары – оларға қалай оқыту керектігі, оқушылармен балатын байланыс, оның өз заманындағы методиканы терең және жан-жақты білгенін көрсетеді. Ауызша әңгіменің ойлау мен жазбаша жаттығудың көптеген әдістері туралы түсіндірмесінде ол балалардың әрбір еңбегінің құр босқа ойсыз жаттауға жұмсалмай, мағыналы және жүйелі болуы керек екенін жазды.
Алтынсарин қандай да болмасын оқулықтардың құнды жақтарын меңгеріп, оларды қазақ мектептерінде пайдалануға бар күштерін салды. Қазақтың тұңғыш педагогтарының бірі болған ол Ушинскийдің кітаптарын өте жоғары бағалады. Оның «Балалар әлемін» алғаш рет баспадан шыққан кезінде-ақ, ол оны өзінің оқытушылық жұмысында пайдалануға асықты. Оның пікірі бойынша бұл оқулық әсіресе орыс емес балаларды оқытуға арналған деп тапты.
Оқу методтары мен балаларды оқыту тәсілдерін Ы. Алтынсарин мұғалімдерге олардың кең тәрбиелік мағнасында түсіндіретін. а) оқыту методтары – балалардың жүре келе мектепке, сабақтан кейін ғылымға, өз бетімен білім алуға құмарландыратын (ынталандыратын) жол. ә) сабақта балалардың ойлау қабілетін арттыратын жаттығулар қажет, мысалы, әңгіме, түсіндіру арқылы оқыту методы. Бұл көрнекілік заттарды жне өмір фактілерін пайдалануға көмегін тигізеді: заттарды және құбылыстарды суреттеу, олардың қасиеттерін салыстыру, әр түрлі қорытындылар жасау.
Қазақ жастары үшін орыс оқу орындарына түсу орыстың бай мәдениеті мен ғылымын меңгеру орыстың тілі мен әдебиетін білгенде ғана мүмкін еді. Осындай пікірді Алтынсарин да Абай Құнанбаев та айтқан болатын «орыс мектебі, орыстың ғылымы мен техникасы – бүкл болашағымыздың кілті міне осында».
Алтынсарин бастауыш мектепте және екі класты училищелерде сабақтың екі тілде жүргізуін ойластырды. Барлық оқу жылдарында оның жасаған хрестоматиялары бойынша орыс тілмен қатар қазақ тілі де оқытылуға тиіс. Қазақтан шыққан мұғалімдер оқыту кезінде қазақ тілінің құралы етіп орысшадан қазақшаға және керісінше аудару арқылы пайдалануы керек.
Балаларға оқу үшін ана тілінде қарапайым, қызықты, көңілді әңгімелерді, ертектерді, мысалдарды, өлеңдерді ұсына отырып Алтынсарин оларды осылар арқылы қызықтырды. Алтынсариннің хрестоматиясы тақырыптарының байлығымен және жанрлардың әр алуандығынан көзге түседі.
Украин халқының белгілі шығыстанушысы А. Е. Крымский «Қазақстан түріктерінің әдебиеті» дейтін мақаласында ағартушы-педагогтың хрестоматиялық еңбегі жөнінде мынадай құнды пікір білдірген болатын «Через учителей и учеников хрестоматия Алтынсарина и вне школы получила самое широкое распространение и сильно послужило к возбуждению национального духа у казахского народа»
Балаларды ана тілінде оқытуда Алтынсарин белгілі мөлшерде Л.Н. Толстойдың методологиялық көзқарастарын ұстады, сөйті ана тілінде оқуға және жазуға үйретудің дайындық сатысында көп тоқтау қажетсіз деп санады. Мұндай дайындық оқушыларда өзінен-өзі пайда болады. Оқушылар өздері ең жақсы жол іздеп табады.
Қазақ балаларына орыс тілін оқытуға арналған дербес оқу құралын жасай отырып Алтынсарин кітап бойынша жаттауды керек деп санамайды. Орыс тілін алғаш үйрету, оның пікірінше дұрыс сөйлей білуді, көрнекті сөз запастарын жинақтауды қамтамасыз ететін қызықты әңгіме айту, сөйлесу құралдарынан, сабақтарынан құралуға тиіс. Оқушы сөйлеу материалының белгілі бір мөлшерде меңгеріп орыс сөздерініің ең жеңіл ерекшеліктерін ажырата білу керек. Тек осындай алдын-ала жасалған дайындықтан кейін ғана әліппеге көшуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |