Бастауыш сынып оқушыларын математика сабағында жазбаша көбейту және бөлу алгоритімімен таныстыру, іс жүзінде қолдана білуге үйрету
Көбейту мен бөлуге дайындық жұмысы 2-сыныпта басталады. Заттар тобын қарастыру арқылы оқушылар олардың қосындысын бірдей қосылғаштардың қосындысы түрінде табады және оларға оқушылардың назарын аударады:
3+3=6 2+2+2+2=8 2+2+2=6
Заттарды оқушыларға тең бөлу және тиісінше бөлу арқылы көрсету:
6=2-2-2 8=2-2-2-2
2. 3-сыныпта көбейту мен бөлу қатар оқытылады: Бірдей қосылғыштарды қосу арқылы көбейтудің нақты мағынасымен таныстыру.
3+3+3+3=12
Балалар бірдей қосылғыштардың қосындысы туралы қорытынды жасайды. Мұғалім осы мысалды мынадай түрде қысқаша жазуға болады. 3*4=12 – үшеуден төрт рет немесе үшті төртке көбейту. Көбейту белгісін енгіземіз: 3*4=12-3 саны нені білдіреді? / қандай қосылғышты алдық, 4 саны нені білдіреді? / осы қосылғышты неше рет алдық/. Мұндай жаттығуларды көп қолдану керек.
3. Одан соң оқушылар жеткілікті мөлшерде бірдей қосылғыштардың қосындысын көбейтіндімен, ал көбейтіндіні қосындымен, бірдей азайтқыштары бар айырманы алмастыруға және оның мәнін табуға жаттығу жұмыстарын орындайды.
4. 4*3=12 және 3*4=12 болса, онда 12/4=3 және 12/3=4, демек, көбейту мен бөлу - өзара кері амалдар.
5. 4*3=12
4*3 – көбейтінді
12 – көбейтіндінің мәні
4 – көбейткіш
3 – көбейткіш
12/4=3
12/4 – бөлінді
3 – бөліндінің мәні
12- бөлінгіш
4 – бөлгіш
Егер көбейтіндінің мәнін көбейткіштердің біріне бөлсе, онда екінші көбейткіш шығады. Егер бөлінгішті бөліндінің мәніне бөлсе, онда бөлгіш шығады. Егер бөлгішті бөліндінің мәніне көбейтсе, онда бөлінгіш шығады.
6. Көбейтудің орын ауыстырымдылық қасиеті. Бақылау мен салыстыру арқылы көбейтудің қасиеттерімен таныстырармыз.
4*5 және 5*4
2*6 және 6*2
5*3 және 3*5
Осы мысалдарды салыстыра отырып мысалдардың бірнеше жұбын қарастырамыз. Балалар көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан көбейтінді өзгермейтіндігі туралы қорытынды шығарады.
-Тік төртбұрыш неше шаршыдан тұрады?
- Әр түрлі тәсілмен есепте.
Әр жолдағы шаршының санының жол санына көбейтіндісі:
3*4= 12
Әр бағандағытшаршы санының баған санына көбейтіндісі:
4*3= 12
-Ұқсастығы неде? Айырмашылығы неде? Не байқадың?
7. Бірнеше теңдіктерді салыстырып байқаймыз.
2*3=6 5*4=20 6*2=12 3*5=15
3*2=6 4*5=20 2*6=12 5*3=15
Оқушылар көбейтудің орын ауыстырымдылық қасиетін қорытады және өрнектейді. Орын ауыстырымдылық қасиетімен таныстыру барысында көбейтудің нақты мағынасына сүйеніп нәтижелерін табатын мысалдарды қарастырады. Бақылау және салыстыру тәсілдерін қолдану арқылы «көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан көбейтінді өзгермейді» деген қорытынды жасайды. Орын ауыстырымдылық қасиетін меңгерудің үлкен машықтық маңызы бар, себебі есте сақтауға қажет жол санын қысқартады.
8. Кестелік көбейту және бөлу.
3+3=6 3*2=6
2+2+2=6 3*2=6
6-3-3=0 6/3=2
6-2-2-2=0 6/2=3
Көбейту кестесін және бөлудің сәйкес жағдайларын оқып-үйренуде: көбейту мен бөлу амалдарының мән-мазмұны жайындағы түсініктерді, көбейту амалының қосумен алмастыруының мүмкіндігін, көбейткіштердің орнын ауыстыруға және көбейту мен бөлудің арасындағы өзара байланысқа негізделген есептеу тәсілдерін қолданады. Сондықтан дайындық кезеңінде осы сияқты мәселелерді балалардың саналы игеруіне баса назар аударылуы тиіс. Оны меңгермеген оқушы сәйкес кестені құру кезінде елеулі қиыншылықтарға кездеседі. Демек, мұндай мәліметтер әсіресе сәйкес кестені енгізу қарсаңында мұқият пысықталуы тиіс. Ал әрі қарайғы кестемен жұмыс барысында олар қажетіне орай қайталанып отырады.
Жоғарыда аталған мәселелерді меңгеру дайындық кезеңінің қорытынды нәтижесі болып табылады. Оларды саналы меңгере алмаған оқушы адамдардың кестелік жағдайларын меңгеріп кетуі мүмкін емес деуге толық негіз бар.
Арифметикалық амалдардың кестелік жағдайларының төртінші тобы бір таңбалы сандарды көбейту кестесінің және бөлудің сәйкес жағдайларын қамтиды. Сондықтан мұнда, әсіресе көбейту амалының мән-мағынасы жайындағы түсінік жиі қолданылады. Жалпы алғанда көбейту амалы бірдей (тең) қосылғыштардың қосындысын табу амалы ретінде анықталады. Ал қосынды жайында сөз қозғау үшін ең кемінде екі сан алынуы тиіс. Өйткені, әңгіме ең кемінде екі санның қосындысы жайында болады. Осы уақытқа дейін оқушылар екі немесе бірнеше сандардың қосындысын табумен байланысты тапсырмалары орындаған болатын. Сондай-ақ, 2-ден, 3-тен және т.с.с. қоса немесе шегере санау қарастырылады. Демек, бірден қосылғыштардың қосындысын көбейтіндіге келтіруді, сондай-ақ көбейтіндіні қосындымен алмастыруды оқушылардың игеруі, көбейту кестесін енгізу үшін ең қажетті дайындықтың қатарына жатады. Мұны меңгеру үшін дидактикалық материалмен практикалық жұмыс жасаудың және соған сүйене отырып, сәйкес қорытындылар шығарып алудың маңызы зор. Мысалы, шаршыларға бөлінген тік төртбұрышты алайық. Тік төртбұрышты құрап тұрған шаршылардың санын әр түрлі тәсілдермен санауды әрбір оқушы өзінің дайындап алған жеке-дара материалы бойынша орындайды. Мұнда алдымен бір қатардағы шаршылардың саны ( айталық 5 шаршы болады), сонан кейін осындай қатарлардың саны (айталық, 3 қатар болсын) анықталады, ең соңында барлық шаршылар санының 5*3=3+3+3+3+3=15 екені жайында қорытынды жасалады. Осы сияқты практикалық жұмыстарды орындау барысында шаршыларды есептеудің екі тәсілі де бірдей нәтиже беретіндігіне оқушылардың назары аударылады, яғни оқушылар 5*3=3*5=15 болатынын қайталап, нақтылайды.
Бір таңбалы сандарды көбейту кестесін құру үшін қажетті дайындықтың ең бастысы көбейткіштердің орнын ауыстырумен байланысты есептеу тәсілін игеру болып саналады. Ал қажетінше көбейтуді қосу амалымен алмастыруға да тура келеді. Демек, осы топтағы кестелік жағдайлар көбейтудің бірдей қосылғыштардың қосындысы түрінде анықталатынына, көбейтуіштердің орнын ауыстырғаннан нәтиженің өзгермейтініне негізделген есептеу тәсілін қолдану арқылы енгізіледі. Бөлудің сәйкес жағдайлары көбейту амалы мен бөлу амалының арасындағы өзара байланысты қолдануға негізделген. Жоғарыда қарастырылғандай, көрнекіліктерге, дидактикалық материалдарға сүйеніп «көбейтіндіні көбейткіштердің біріне бөлсе, екінші көбейткіш шығады» деген қорытындыға оқушылардың өздері келіп жетуі жөн. Бұл қағида ілгеріде де айқын түрде жиі қолданылады.
Дайындық кезеңінде оқушылардың оқып-үйренген көптеген мәселелері, олардың жаттап алуына тиісті кестелік жағдайларының мөлшерін әлдеқайда қысқартуға да мүмкіндік туғызады. Оған қоса, ол игерген білімдері кестелік жағдайларда амал нәтижелерінің дұрыс немесе қате табылғандығын бақылаудың да тиімді құралы болып табылады. Қажетіне қарай оқушы өзінің іс-әрекетін, сәйкес материалды еске түсіріп отырып бақылайды.
Бастауыш буында математиканы оқытудың соңғы жылдардағы тәжірибесіне қарағанда кестенің балалардың көз алдында болуының тиімдірек екені байқалады. Осы орайда баспадан шыққан демонстрациялық кестелерді қолдану пайдалы. Мұнда сол кестелердегі бұрыннан белгілі жағдайлар еске түсіріледі де, кестелік жаңа жағдайларға басты назар аударылады. Үйреншікті және белгілі жағдайлар кездескенде түсіндірмеге
балалар белсенді қатыстырылады да, қандай да бір өздеріне белгілі білімге, сәйкес жауаптың оңай-ақ табылатынын айтып береді. Сонымен біртіндеп балалардың жаттап алуына тиісті жағдайлар қысқартыла түседі. Мысалы, алғашқы кезде 2*3 және 3*2 жағдайлары сәйкес 2-ні, 3-ті көбейту кестелерін құру барысында кестелік жеке жағдайлар ретінде қарастырылуы мүмкін. Ал ілгеріде бір ғана жағдайды, мысалы 3*26 болатынын еске сақтаудың жеткілікті екенін аңғарту керек. Кестелік нәтижелерді балалардың есте сақтауы бірдей деңгейде болмайды. Кейбіреулер өте тез игеріп алса, енді біреулері баяу, белгілі бір қиындықпен игереді. Мұндай балалардың кестелік нәтижелерді есте сақтауын жүзеге асыру бағытында сәйкес жағдай туғызу қажет. Оның ең бастысы – қарастырылып отырған мәселеге баланы қызықтыра түсу. Ол үшін ойын элементтерін пәрменді пайдаланған жөн. Әрдайым кесте құрылып болысымен, оны жаттап алудың қажеттігі ескертіледі. Мысалы, 2-ге көбейту және 2-ге бөлу кестелері баған түрінде құрылады делік. Алдымен оқушылардың назары бірінші бағанға аударылады, онда бір таңбалы сандар ретімен жазылған, ал сонан кейін оң жақтағы бағандағы сандар қатарын есте сақтау ұсынылады. Бұл қатарда біріншісінде 2-ні қосқанда, ал екіншісінде 2-ге көбейткенде шығатын нәтижелер берілген. Енді кестедегі 2 санының сол жағындағы сандарды оған қосқанда оң жақ қатардағы сандардың шығатынына оқушылардың назары аударылады, әрине ол қосылғыштардың және көбейткіштердің орнын ауыстыруға болатындығы туралы айтылғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Нәтижелер бағаны мен 2 санын пайдаланып азайту мен бөлудің де сәйкес жағдайларына орай кестені қалай пайдаланудың үлгісі көрсетіледі.
Мысалы, 8-2-2-2-2, 8-4-4, 8:24, 8:42. Осы кезеңде ұйымдастырылатын жұмыс сәйкес кестенің өзіндік ерекшелігі бойынша анықталады. Оның белгілі бір түрін енгізу кезеңіндегі жұмыстың, біртіндеп қосу мен көбейту кестесінің біршама ықшамдалған түріндегі жағдайларды есте сақтаудан өзгеше болуы ықтимал. Егер қосу мен азайтудың және көбейту мен бөлудің өзара байланысты кестелері құрылатын болса, онда кесте тұтасымен құрылғанымен, амалдардың дербес және ерекше жағдайлары атап өтеді де, сәйкес кестенің есте сақтауға тиісті бөлігі бірдей қосылғыштарды қосудан және бірдей көбейткіштерді көбейтуден басталады. Кестені есте сақтауды жүзеге асыру мынадай ретте ұйымдастырылады: мысалдардың бірінші бағаны жатталады, ығни балалар ретімен оларды айтып шығаруды үйренеді, шығатын сәйкем нәтижелерді есте сақтайды. Сонымен кестені әрбір оқушының қаншалаықта игергендігін бақылау және тексеру амалдарының кестелік жағдайларын оқып үйренудің төртінші кезеңінің ең басты мәселесі. Әрине тексеру түрі дағдының сапасына орай өзгеріп отырады. Бұл арнайы ұйымдастырылатын тексерудің тағы бір түрі бастауыш буынның әрбір математика сабағында ауызша есептеулерге бөлінген уақытты тиімді пайдалану болып табылады.
Әріқарай оқушыларға арналған тақырыпқа сай тапсырмалар мен сергту сәттері:
Достарыңызбен бөлісу: |