Курстық ЖҰмыс тақырыбы


Радиотарату құрылғысын есептеу әдістемесі



бет7/10
Дата15.05.2023
өлшемі376.11 Kb.
#473713
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Қойтбай Нұрила

2.2 Радиотарату құрылғысын есептеу әдістемесі

Есептеуді соңғы каскадтан бастау қажет, содан соң шығу тербеліс жүйесі, соңғыдан бұрынғы каскад пен модуляциялатын жиіліктің екі каскады есептеледі.


Соңғы каскадты есептеудегі алғашқы маңызды көрсеткіші – соңғы каскадтың ПӘК-і.
Егер есептеу нәтижесінде ПӘК техникалық тапсырмада берілген жалпы ПӘК-нен 10% немесе одан да жоғары болса, осыған дейінгі соңғы каскад бойынша жасалған есептеулер дұрыс деуге болады. Ал ПӘК 10% төмен әлде берілген ПӘК-е тең болса мынандай шаралар қолдану қажет:
а) қоректену кернеуін өзгерту (немесе  өзгерту);
б) энергияүнемдеуіш режимдерді қолдану (ПӘК-і жоғарырақ кілттік, бигармоникалық режимдер), модуляцияның өзге сұлбаларын пайдалану;
в) кесу бұрышын өзгерту (неғұрлым кесу бұрышы аз болса, соғұрлым ПӘК жоғары болады).
Алайда мұнда бірқатар шектеулер бар: амплитудалық немесе біржолақты модуляциялық таратқыштар каскадтарында кесу бұрышы  немесе  болу керек. Бұл ереже екітакті күшейткіш каскадтарға да қатысты. Фазалық, жиіліктік модуляцияны пайдаланатын таратқыштар мен тасымалдаушы жиілікті күшейтетін каскадтарда кесу бұрышы өзгеше болуы мүмкін ( );
г) Басқа транзистор немесе шамды қолдану.
Соңғы каскад ПӘК-ін есептеген соң шығу тербеліс жүйесін есептеуге болады, өйткені ол үшін  білуіміз қажет.
АМ-таратқыштарда  деңгейі  аралығында, ЧМ, ОМ, ФМ, ИМ, РРЛ таратқыштарда  -дан кем аралықта өзгеруі керек.
Шығу тербеліс жүйесін есептеген соң соңғы каскадты есептеуді әрі қарай жалғастыруға болады. Есептеу кезінде алынған мәндер анықтамалықта көрсетілген шекті рұқсат етілген мәндерден асып кетпеуін қадағалап отыру керек: ( / транзистор),  -ден кем болуы керек, шамдар да соған ұқсас (анод-тор параметрлері). Формулалармен есептеу қуат бойынша берілу коэффициентіне дейін жасалады. Кр 5-25 тең болуы керек. Алайда, Кр ортақ базалы (ОБ) сұлбалар мен ВЧ-де 2,5-25, ал құрама транзисторлар үшін 50-ге тең болуы мүмкін, бірақ одан аспайды. Шамдар үшін Кр 20-200 (ортақ катод) немесе 5-50 (ортақ тор) болады.
Анод тізбегінің жоғарғы гармоникаларын фильтрациялау шығу тербеліс жүйесінде жүзеге асырылады.
Фильтрация коэффициенті деп шамның n-гармоникасы тогының 1-гармоника тогына, антеннағы n-гармоника тогының антеннағы 1-гармоника тогына қатысын айтады.
Анықтама бойынша n-гармоника дегеніміз, барлық гармоникалар екінші есептеулер бойынша жасалады. Бигармоникалық режимде екі есептеу жүргіземіз: n=2 мен n=3.
Фильтрация коффициентін есептеуге арналған формула
.
Сонымен қатар фильтрация коффициентін былай анықтауға болады:
- жүктеме индуктивтік тізбегіне қосылған қарапайым анодтық тізбек сұлбасындағы фильтрация коффициентінің мәні,
- жүктеме сыйымдылық тізбегіне қосылған,
n – контур үшін  ,
мұнда Q – шам жүктеме контурының сапалылығы.
Шығу тербеліс жүйесінің екі контуры үшін  - қарапайым сұлбалар коэффициенттерінің көбейтіндісіне тең болатын кез-келген күрделі сұлба фильтрация коффициенті.
Үшконтурлы жүйенің фильтрация коффициенті
– тізбектің сипаттамалық кедергісімен анықталады.
Генератор ПӘК-і мен анод контурының ПӘК-і шығындар кедергісі арқылы анықталады.
Жүктемедегі R шығындардың жалпы кедергісі  -дағы олардың мінсіз еместігінен орын алатын шығындар кедергілері мен жүктемеге энергия берілетіндіктен болатын контурдағы шығындар кедергісінің қосындысына тең.

Жүктемесі болмағанда  ,
- жүктелмеген контур немесе бос жүріс сапалылығы.
,
-дің артуы  -нің артуына алып келеді, бірақ жүктелген контур сапалылығы кемиді, ал мұнымыз анодтық жүктеме кедергісінің азаюына алып келеді. Яғни,  өскен сайын шамның  -ы кемиді.
Электрондық  -і үлкен және контурдың  -і де үлкен болатын  -дың тиімді мәндері болады; ол үшін таратқыштарда  соңғы каскад пен антеннаның байланысы реттеледі. Басқаша айсақ, таратқышты дәлдеу кезінде соңғы каскад пен антеннаның байланысы оптималды яѓни, жүгірме толқынның max коэффициентіне сәйкес болуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет