Курстық жұмыс Тақырыбы: Зайсан қаласының сандық картасын құру


 Географиялық ақпараттық жүйе ұғымы



Pdf көрінісі
бет7/14
Дата19.12.2023
өлшемі0.76 Mb.
#486974
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Ералы Асемай курсовой цифр

Географиялық ақпараттық жүйе ұғымы 
Географиялық ақпараттық жүйе (ГАЖ), кеңістік базасының 
құрастырушысы және әркелкі мәліметтер мен ақпараттарды біріктірудің 
негізі ретінде аумақтық басқармалардағы шешімдерді қабылдаудың басты 
элементі болып саналады. 
Әлемдік тәжірибе табиғи ресурстарды, инфрақұрылымдарды, қоршаған 
ортаның ахуалын, жалпы аумақты тиімді басқару ГАЖ-дың ықпалына 
қатысты екенін көрсетіп отыр. ГАЖ өз бағытын дамыта отырып, ақпараттық 
технологиялармен 
шешілетін 
көптұрғыдағы 
мәселелерді 
шешуде 
қолданылуда. 
Бұл технология негізгі үш рөлді атқарады - геоақпараттық қосымшалар 
үшін қолданбалы технологиялық тұғыр ретінде, геокеңістіктік мәліметтерді 
ақпараттық жүйеде басқару және кеңістіктік мәліметтер базасындағы әр 
түрлі ақпараттарды біріктіру ортасы ГАЖ-дың технологиялық ортасы 
басқару шешімдеріне ықпал ете отырып, жан-жақтан тоғысқан талдауларға 
қолдау көрсетеді. 
ГАЖ (географиялық ақпараттық жүйе) – бұл деректердің жиналуын, 
сақталуын, өңделуі мен бейнеленіп көрсетілуін және таратылуын, сонымен 
қатар осылардың негізінде кеңістіктік-координацияланған құбылыстар 
туралы жаңа ақпараттар алу бойынша ақпараттық жүйе. Сондай-ақ, ГАЖ 
туралы бұл кеңістіктік-координацияланған деректердің жиналуын, өңделуін, 
бейнелеп көрсетілуі мен таратылуын, қоршаған орта мен қоғамның аумақтық 
құрылымдалуы арасындағы инвентаризация, талдау, моделдеу, болжамдау 
және басқару істерімен байланысты ғылыми және қолданбалы 
тапсырмаларды шешу үшін тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ететін 
аппараттық-бағдарламалық адам-машина кешені. 
ГАЖ-технологияларының ішкі мазмұны жергілікті жердегі нақты 
орынға қатысты (жер бедері, ландшафт, су көзі т.с.с.) нысанды дәлме-дәл 
бейнелеп көрсетеді және жер пайдаланылуы, сумен қамтамасыз етілуі, 
тұрғын үй қорының, жүйелік магистралдық су жолдарының, суағар 
коллекторларының т.б. қалалар мен аудандарда түрлі сипаттағы 
кадастрлардың орналасуын көрсетеді. Сондай-ақ, бұл технология тек 
шаруашылық нысандарын дәлме-дәл бейнелеп көрсетуде ғана емес, түрлі 
медициналық-экологиялық құбылыстардың, үдерістердің бейнеленуін де 
қамтамасыз 
ете 
алады, яғни 
қоздырушылардың қоршаған 
орта 
нысандарындағы айналымын, адамдардың ауруға шалдығуын т.с.с. Жалпы 
алғанда геоақпараттық технологиялардың мәнін кеңістіктік деректердің 
енгізілуі, өңделуі және оларды қорытындылау мәліметтері құрайды. 
ГАЖ үшін кеңістіктік деректердің көзі – ақпараттық қамтамасыз ету 
негізі. Геоақпараттық жобалардың ақпараттық қамтылуына кететін 
шығындар жалпы құнының 90 пайызын құрайды. ГАЖ, әдетте алуан түрлі 
тәртіпке келтірілген деректер жинағын қолданады. Олардың ішінде дәстүрлі 


11 
түрде картографиялық, статистикалық, аэрокосмостық материалдар 
қолданылады, бұл материалдар түрлендіріліп, ГАЖ ортасына енгізіледі. 
Сонымен қатар, сирек болса да далалық зерттеулер мен түсірімдердің 
материалдары пайдаланылады. Ақпарат көзі генетикалық түрде біртекті 
көптеген бастапқы материалдарды біріктіреді, олардың әрқайсысы 
сипаттамалар кешеніне қатысты ерекшеленеді. 
Бастапқы дерек көзі ретінде деректер базасын құру үшін географиялық 
карталарды пайдалану, бірқатар себептерге орай өте ыңғайлы. Біріншіден, 
картографиялық көздерден алынатын атрибуттік сипаттамалар аумақтық 
қолданысқа ие, екіншіден, оларда бейнеленіп көрсетілетін кеңістіктер 
(аумақтар, акваториялар) аясында ақ дақтар, белгілер жоқ, үшіншіден, осы 
материалдарды сандық түрге ауыстыратын көптеген технологиялар бар. 
Картографиялық көздер алуан түрлілігімен ерекшеленеді – жалпы 
географиялық пен топографиялық карталармен қатар ондаған, жүздеген 
тақырыптық карталар бар (табиғат, тұрғындар, экономика карталары). 
ГАЖ үшін басты көздердің бірі қашықтықтан зондылау материалдары 
болып саналады. Олар ғарыштық және авиациялық тасымалдаушылардан 
алынатын барлық дерек түрлерін біріктіреді. Бұл жер беткейінің түрлі 
түсірімдері. 
Аса қауіпті инфекциялардың эпизоотологиялық талдауын өткізу аса 
маңызды, өйткені түрлді ауруларды профилактикалау кезінде кешенді 
шаралар өткізу үшін басты негіз болып табылады. Эпизоотологиялық талдау 
орасан көп деректерді өңдеуді қарастырады. Заманауи техникалық әдістер 
мен материалдарды өңдеу үшін ақпараттық технологияларддың пайда болуы 
бұл үдерісті едәуір жеңілдетеді де өңдеу нәтижелерінің сенімділігін 
арттырады. Географиялық ақпараттық жүйе (ГАЖ) тұтынушыларға 
ақпараттарды өңдеу, кеңістіктік тұрғыда бейнелеп көрсету, талдау 
мүмкіндігін береді, сондықтан эпизоотологиялық талдау үшін қосымша әдіс 
болып есептеледі. 
Географиялық ақпараттық жүйелердің пайда болуын өткен ғасырдың 
60-шы жылдарының басына жатқызады. Нақты сол кезеңде географиялық 
кеңістіктерді моделдеуге қатысты қызмет аяларын ақпараттандыру мен 
компьютерлендіру және кеңістіктік тапсырмаларды орындау қарекеттеріне 
қатысты алғышарттар мен жағдайлар жасала бастады. 
ГАЖ – кеңістіктік деректердің жинақталуын, сақталуын, өңделуін, 
бейнеленіп көрсетілуі мен таратылуын қамтамасыз ететін, сонымен қатар, 
осының негізінде кеңістіктік-координарлық құбылыстар жайында жаңа 
ақпараттар мен білім алу мүмкіндігін береді. 
Географиялық ақпараттық жүйе (ГАЖ) тұтынушыларға ақпараттарды 
кеңістіктік тұрғыда өңдеу, бейнелеп көрсету, талдау мүмкіндігін береді және 
сол себептен қосымша әдіс ретінде эпизоотологиялық талдау үшін 
пайдаланыла алады. 
Сондай-ақ, ГАЖ туралы айтылуы тиісті жайт бұл адам-машина 
аппараттық-бағдарламалық кешен, ол кеңістік-тік-координацияланған 


12 
деректерді жинау, өңдеу, бейнелеп көрсету және таратылуын, қоршаған орта 
мен қоғамның аумақтық ұйымдастырылуын инвентаризациялау, талдау, 
моделдеу, болжамдау және басқаруға қатысты ғылыми және қолданбалы 
тапсырмалардың шешілуі кезінде тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді. 
Геоақпараттық жүйелер бес негізгі құрамдас бөліктен тұрады: 
аппараттық құралдар, бағдарламалық қамтамасыздандыру, мәліметтер, 
орындаушылар және әдістер. 
Аппараттық құралдар дегеніміз - бұл геоақпараттық жүйелер 
орнатылған компьютер. Қазіргі таңда геоақпараттық жүйелер компьютерлік 
платформалардың әр түрлерінде жұмыс жасай береді: орталықтандырылған 
серверлерден жеке немесе байланыстырылған үстелдік компьютерлер 
желісіне дейін.
Геоақпараттық жүйелердің бағдарламалық қамтамасыздандырылуы 
географиялық (кеңістіктік) ақпаратты сақтау, талдау және визуализациялауға 
қажетті функциялар мен құралдардан тұрады. Бағдарламалық өнімдердің 
негізгі компоненттері болып табылады: 
- мәліметтер базасын басқару жүйесіне географиялық ақпарат енгізу 
және жүзеге асыруға арналған құралдар; 
- кеңістіктік сұраныстар, талдау және визуализацияны (бейнелеу) 
қолдайтын құралдар; 
- құралдар мен функцияларға оңай қол жетуге арналған графикалық
қолданбалы интерфейс. 
Мәліметтер ең маңызды компонент болып табылады. Кеңістіктік 
орналасқан (географиялық орналасу) және онымен байланысты кестелік 
мәліметтер қолданушының өзімен жиналып, дайындалуы немесе 
жабдықтаушылардан алынуы мүмкін. Кеңістіктік мәліметтерді басқаруда 
географиялық ақпараттық жүйе географиялық ақпаратты басқа типтегі 
мәліметтермен байланыстырады. Мысалы, электронды картаның белгілі 
бөлігімен сол жердің халқы, топырақ сипаттамасы, жақын арадағы қауіпті 
нысандар (ГАЖ-дың көмегімен шешілетін міндетке байланысты) туралы 
жинақталған мәліметтер байланыстырылуы мүмкін. Ақпаратты өңдеу мен 
жинаудағы күрделі, таратылған жүйелерде картадағы нысанмен бар 
мәліметтер емес, тек оның дерек көзі ғана бейнеленеді. Мұндай әрекет орман 
өрттері 
немесе 
індеттермен 
күресумен 
байланысты 
жағдайларда 
қолданылады. 
Орындаушылар деп бағдарламалық өнімдермен тікелей жұмыс 
істейтін және нақты міндеттерді шешуге жоспарлар құратын адамдарды 
айтады. 
Бағдарламалық 
өніммен 
жұмыс 
жасайтын 
адамдардың 
геоақпараттық жүйелердің бір бөлігі ретінде қарастырылуының да өз мәні 
бар. Географиялық ақпараттық жүйелердің тиімді жұмыс істеуі үшін 
өндірушілер жасаған әдістерді қолдану міндетті болып табылады, сондықтан 
арнайы мамандандырылған орындаушылар болмаса, кез келген өнімнің 
мәнісі болмайды. 


13 
ГАЖ қолданушылары болып жүйені жасайтын және ретке келтіріп 
отыратын арнайы мамандарымен қоса, күнделікті ағымдағы жұмыстары мен 
мәселелерін шешу үшін пайдаланатын қарапайым қызметкерлер саналады 
[7]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет