15
Курстық жұмыстың негізгі мәтінінің көлемі компьютерде терілген 25
беттен кем болмауы керек.
Мәтін Times New Roman шрифтісімен теріледі. Шрифт размері 12-14
кегль. Шрифт түсі қара. Мәтінді
екі шету бойынша туралау, азат жол
(абзацтың бірінші жолы) – 1,25 немесе 1,27 см, жоларалық интервал –
біржарым, абзац алдында және абзацтан соң интервал салынбайды.
Бөлім, тарау атаулары, сурет пен кестеге
қойылатын жазбалар жаңа
жолда орналасады. Бөлім, тарау атаулары бас әріппен, қою, 16 – шы
шрифтімен жазылады
.
Әрбір тарау жаңа беттен жазылады.
Тарау
атауы
мағынасына сай болуы қажет.
Оның атауы парақтың ортасына жазылады.
Сөйлемнің соңынан нүкте қойылмайды. Егер тақырып бірнеше сөйлемнен
тұрса араларына нүкте қойылады. Тақырыптардың аты мәтіннің жоғары
және төмен жағынан 3 интервалмен бөлінеді
.
А4(210х297) форматының бір жақ
бөлігіне баспаға шығарылады,
203х288 мм. форматты қолдануға болады
,
бір жолда 60-65 белгі болады
,
азат жол 5 белгіден тұрады
,
бір бетте 28 – 30 қатар болады
.
Мәтін беттерінің
рет саны төменгі жақта, парақтың ортасында араб
санымен белгіленіп, 3-беттен
басталады
.
Титулдық парақ пен жоспарға
реттік саны қойылмайды, бірақ ағымдағы түрде
курстық жұмыстың
бірінші және екінші парақтарына орналасады.
ЖОСПАР, МАЗМҰН деген сөздер бас әріппен жазылады.
Кестелер, суреттер мен сызбалар өздері бөлек нөмірленеді. Суреттер
мен сызбалардың атаулары нысанның төменгі бөлігінде ортасына
тураланып жазылады.
1-сурет. Компьютердің функционалдық сызбасы
Достарыңызбен бөлісу: