Курстық ЖҰмысты (жобаны) орындауға арналған әдістемелік нұСҚау шымкент, 2016 ж


Курстық жұмыстар туралы жалпы ережелер



Pdf көрінісі
бет4/10
Дата15.02.2024
өлшемі357.28 Kb.
#491949
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
1 (10)

1.Курстық жұмыстар туралы жалпы ережелер. 
Курстық жұмыс мамандықтардың типтік оқу жоспары мен оқу жоспарына сәйкес, 
оқытушының бақылауымен орындалады; Курстық жұмыстардың тақырыптары кафедра 
мәжілісінде талқыланып, университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде бекітіледі, әр оқу 
жылында қайта жаңаланады, толықтырылады; Кафедрада курстық жұмысты орындауға 
арналған әдістемелік нұсқау дайындалады. Әдістемелік нұсқауда курстық жұмыстың 
құрылымы, орындау тәртібі, курстық жұмыстың тақырыптары мен әдебиеттер тізімі 
беріледі; 
Кафедрада 
курстық 
жұмыстың 
дипломдық 
жұмысқа 
жалғасуы 
қалыптастырылады; Курстық жұмыстың жетекшілерін (пән лекторларын) кафедра 
меңгерушісі бекітеді; Курстық жұмыс университетте немесе басқа мекемелер мен ӛндіріс 
орындарында да орындалуы мҥмкін; Студенттер курс жұмысын оқытушының 
бақылауымен орындайды, орындалған курс жұмысы оқытушыға тексеруге тапсырылып, 
дұрыс орындалған жұмыс қорғауға жіберіледі; Курс жұмысы студентке қайтарылып 
берілмейді, кафедраға тапсырылып, ол оқу- әдістемелік басқармаға ӛткізіледі; Курстық 
жұмыстар оқу жылының соңына дейін оқу-әдістемелік басқармада сақталады.
2. Курстің жұмысының құрылымы 
Курстық жұмыс анықтамалық мазмұны мен графикалық бӛлімінен тұрады. 
Анықтамалық мазмұнға тӛмендегідей құрылымдық бӛліктер кіреді: - сыртқы мұқаба - 
тапсырма - мазмұны - кіріспе - екі-ҥш тараудан құралған жұмыстың негізгі мазмұны - 
қорытынды - пайдаланылған әдебиеттер тізімі - қосымшалар Курстық жұмыстың сыртқы 
мұқабасы А4 форматтағы параққа (қолжазба, компьютерде терілген ) Үлгіге № 2  сәйкес 
толтырылады. Сыртқы мұқабадағы сӛздер мен тақырыптар тасымалданбайды. Соңында 
нҥкте қойылмайды. Курстық жұмыстың тақырыптары оқу ҥрдісінің кестесіне сәйкес 


ағымдағы семестрдің бірінші аптасында беріледі. Тапсырмада мыналар қарастырылады: 
курс жұмысын орындайтын оқу пәні, тобы, студенттің аты-жӛні; жұмыс тақырыбы, 
бӛлімдері мен орындау мерзімі; қорғауға ұсыну мерзімі; жетекшісінің аты-жӛні, оның 
қызметі, қолы және тапсырманы берген кҥні. Тапсырмалар бӛлек қағаздарда 
орындары.Тапсырмада студент тапсырманы алған кҥні белгіленіп қолы қойылады. ҚР 
заңнамалық актілерді, оқулықтарды, оқу құралдарын, монографияларды, анықтамалық 
әдебиеттерді, статистикалық материалдарды, мерзімді баспаларды пайдалануды 
ұсынылады. Курс жұмысының құрылымы кіріспе, негізгі бӛлім, қорытынды, 
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құрылады. Курстық жұмысты мына мерзімде 
орындауды ұсынылады: Әр тарауға 2-3 апта, Қорытынды-1-2 апта, пайдаланылған 
әдебиеттер тізімін құруға-3-5 кҥн. Сонымен қатар жұмыстың құрлымдық элемменттерінің 
келесі кӛлемдері ұсынылады: Кіріспе 1-2 бет, қорытынды –1-2 бет, әр тарауға 10-15 бет, 
пайдаланылған әдебиеттер тізіміне –1 бет. Графикалық есептеу бӛлімінде слайдтардың, 
плакаттардың орындалу мерзімі, беттер саны кӛрсетіледі. Кемінде А4 форматта 3 слайд 
орындау ұсынылады. Аннотацияда (аңдатпа) курс жұмысы жайлы қысқаша мәлімет және 
жалпы сипаттамада курс жұмысының кӛлемі, кестелер, схемалар, қосымшалар жайлы 
мәлімет кӛрсетіледі.
Жоспарда кіріспе, бӛлімдер мен білімшелердің аталуы, қорытынды, пайдаланылған 
әдебиеттер, қосымшалар кӛрсетіледі. Кіріспеде тақырыптың ӛзектілігі, қаралатын негізгі 
сұрақ мәселелері, жұмыстың алдына қойған мақсаты мен міндеті, теориялық және 
тәжірибелік мақсаттары қысқаша анықталады. Қандай әдіс - тәсілдерді қолданғанын 
(бақылау, тәрбие жҥргізу, салыстырмалы сараптау т.б.), қандай материалдармен жұмыс 
жасағанын (әдебиеттер, тыңдалған баяндамалар, оқу құралдары) кӛрсетеді. Кіріспе 
ықшамдалып, қысқаша 1-2 бетке жазылып беріледі. Негізгі бӛлімде тақырып жоспар 
бойынша баяндалады, бұл бӛлім бірнеше бӛліктерден немесе тауарлардан құрылады, онда 
жұмыста қолданылған әдістер мен материалдар, шешілген проблемалық есептер, ғылыми- 
теориялық және есептеу- теориялық нәтижелер (мамандық және тақырыпқа байланысты) 
енгізіледі. Негізгі бӛлімнің кӛлемі А4 форматтағы компьютерде терілген 20-25 бетті, 
қолжазбамен 30-40 бетті құрайды. Қорытынды бӛлімінде жоспарда қойылған және негізгі 
бӛлімде жазылған сұрақтардың тҥйіндері тұжырымдалады. Қорытынды 1-2 бетке 
ықшамдалып жазылады. Жұмыстың соңында қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымша 
материалдар тіркеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет