Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері


Курстық жұмыстың жоспарын орындау тәртібі



бет4/32
Дата13.10.2022
өлшемі138.98 Kb.
#462628
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Курсты ж мысты ма саты мен міндеттері

Курстық жұмыстың жоспарын орындау тәртібі

Студент жұмыстың мазмұнын (жоспарын) құрастырғаннан кейін жұмыстың кіріспеден бастап, әдебиеттер тізімі мен қосымшалармен бірге барлық құрылымдық элементтерін жазу керек.


Курстық жұмыстың кіріспесі 1,5-2 бетте жазылып келесілерді қамтиды: тақырыптың актуалдылығы; жұмыстың мақсаты мен міндеттері; жұмыстың объектісі; әдістемелік негізі мен тәжірибелік маңыздылығы. Осы элементтердің әрбірін кезекпен жеке-жеке қарастыру барысында, студент курстық жұмыстың нақты кіріспесін алады.
Курстық жұмыс құрылымы (жоспары) бойынша сәйкесті сұрақтарды қамту қажет (үлгілік жоспарды қараңыз). Жұмыс мәтінінде олар сұрақтар (мазмұны) бойынша кезектесіп, логикалық, тәжірибелік материалмен байланысты жоғары теориялық деңгейде (мысалдармен және жағдайлармен) жазылу керек.
Сұрақтардың атауы жоспарда қарастырылған сұрақтармен сәйкес болу керек. Әрбір сұрақтың мәтіні жаңа беттен басталады, ал бөлімшелердің мәтіні бет қалдырмай ары қарай жалғастырылып жазылады.
Курстық жұмыста студент жоспардың әрбәр сұрағы бойынша теориялық негізді баяндау тиіс, жаңа экономикалық әдебиеттерден алған терең білімді көрсету керек.
Теориялық негізін студент рәсімделген құжаттармен, материалды-жауапты тұлғалардың есептерімен, есептік регистрлермен, қаржылық есептілікпен дәлелдейді. Берілген қосымшалар курстық жұмыста қолданылу реті бойынша номерленіп, жұмыстың соңында орналасады.
Курстық жұмыста қолданылатын нақты кәсіпорынның тәжірибелік материалы студент тарапынан тәжірибелік бағалануы тиіс.
Жоспардың сұрақтарына жауап жазу барысында студент оқығандарды теріп жазумен шектелмей, мәтінді өз сөзімен жазу керек. Кітаптардан, оқу құралдарынан, стандарттардан көшіріліп жазылған курстық жұмыс қорғауға жіберілмейді және студентке қайта жөндеуге беріледі.
Курстық жұмыстың мәтінін цитаталармен әрлендірген дұрыс емес. Келтірілген цитаталарды тырнақшаға алып, алынған қайнар көзді көрсету керек. Көрсетілген сілтемеде бұл цитата алынған әдебиеттер тізіміндегі кітап номері мен беті жазылады.
Берілген әдістемелік нұсқаулықтарда курстық жұмыстардың тақырыптарына сай қосымшалар тізімі келтірілген. Студент оларды курстық жұмыстың нақты тақырыбымен байланыстыру керек. Қосымшалардың саны студенттің қалауымен көбейтілуі мүмкін.
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды зерттеу және нақты мәліметтерді жинақтау барысында студент заң актілерін қолдануда құқық бұзушылық фактілері мен бөлімшелерде кәсіпорынның белгіленген есеп саясатына сәйкес келмейтін жағдайлар, сонымен қатар бухгалтерлік есепті жүргізудің алдыңғы қатарлы тәжірибесі бар ма екенін анықтау керек. Сонымен қатар жүргізілетін есеп есептік ақпаратты пайдаланушыларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етілетіндігіне назар аудару қажет.
Нақты пайдаланылатын материалды жинақтау мен өңдеу кезінде студент есепті жүргізу барысында анықталған қателіктер мен жетіспеушіліктерді жоюға, есептің әдістемесі мен ұйымдастырылуын жетілдіруге септігін тигізетін ұсыныстарды қалыптастыра білу керек.
Сандық мәліметтер топтастырылған және жүйелендірілген түрінде кестелер мен графиктерде көрсетіледі. Соңғыларды әзірлеу маңызды. Кестелер оларға сілтемеден кейін мәтінде орналастырылады, бірақ кестелерді бір беттен екінші бетке көшіру рұқсат етілмейді; кестенің атын оның құрылымымен бөлектеуге болмайды, кестелерде реттік номер, олардың мазмұнын ашатын аты, ал соңында ескерту - қайнар көзге сілтеме болу керек.
Сандық мәлімет курстық жұмыстың мазмқнына сәйкес болу керек. Берілген материалға тікелей қатысы жоқ мәліметтерді келтіруге болмайды.
Кестелерде және мәтінде үлкен сандарды толығымен жазған дұрыс емес. Ол үшін қажетті нақтылыққа сәйкес өлшем бірліктерін ірілендіру керек. Жалпы белгіленген сөздерден басқаларын мәтінде қысқартуға болмайды. Курстық жұмыс көлемі қосымшаларды санамағанда компьютерде терілген 15-20 беттен кем болмауы тиіс. Курстық жұмыстың беттері мен қосымшалар кіріспеден №3 бастап номерленеді.
Курстық жұмыстың бірінші бетін үлгіге сәйкес рәсімделуі тиіс (қосымшаны қараңыз). Күндізгі бөлім студенттеріне оны рәсімдеу одан да жеңіл, жұмыс орыны мен мекен-жайы көрсетілмейді.
Сұрақтардың мәнін толығымен ашқан соң қорытынды жазылады. Көлемі бойынша 2,5-3 беттен аспауы тиіс. Қорытындының мәтіні резюме негізінде жазылады, яғни әрбір сұрақ бойынша қысқаша мәлімдеме. Қорытынды мәтіні тақырыпты жетілдіру ұсыныстарымен аяқталады.
Қорытынды мәтінінің соңғы бетінде студенттің қолы мен жұмысты аяқтау күні қойылады.
Ары қарай пайдаланылған әдебиеттер тізімі беріледі. Ол 15-тен кем болмауы тиіс. Олардың реті келесі бөлімдер мен жалғасымдылықты қамту тиіс.

  1. Заңдар мен басқа да нормативті актілер – мәнділігі мен мерзімі бойынша беріледі.

  2. Кітаптар, монографиялар, оқу құралдары авторлардың аты-жөні бойынша алфавиттік ретте.

  3. Соңғы екі жылдағы анықтамалық әдебиет.

  4. Баспасөз беттерінде жарияланған мәлімет (автордың аты-жөні, мақаланың аты мен қайнар көзі, авторлар бойынша алфавиттік ретте)-соңғы екі жылдағы мәліметтер болған дұрыс.

Қосымшалар мәтінде берілуіне байланысты номерленіп, негізгі мәтінмен бірге ары қарай жалғастырылып бет номері қойылады; беттер кіріспедегі 3 номерден бастап соңғы қосымшаға дейін сандарды үзбей қойылады.
Курстық жұмыстың құрылымдық элементтері:
- Титулды бет (қосымшаны қараңыз)
- Мазмұны (қосымшаны қараңыз)
- Кіріспе
- Теориялық бөлім
- Тәжірибелік бөлім
- Қорытынды
- Қолданылған әдебиеттер тізімі
- Қосымшалар




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет