Курстың мақсаты



жүктеу 1.49 Mb.
бет1/12
Дата17.06.2016
өлшемі1.49 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

“Сырдария ” университеті

Химия және биология факультеті

Биология кафедрасы

“Бекітілді”


Факультеттің оқу-әдістемелік кеңесі,

№1----------- хаттама -----------07 ж

____________________________

(төраға, аты жөні)


Өсімдіктер физиологиясы

пәнінен ОБСӨЖ сабақтарының әдістемелік нұсқауы

Мамандық: 050113 “Биология ”

3-курстарға арналған
Құрастырған аға оқытушы: Шотаева. М. Т.

Жетісай – 2007ж


Кіріспе.
Курстың мақсаты.

Өсімдіктер физиологиясының ғылымдар системасындағы орны.

Биология ғылымындағы екі бағыт – анатомо – морфологиялық және физиологиялық. Құрылым (структура) мен қызметінің арасындағы өзара байланыс физиология экспериментальдық ғылым екендігі.Жануарлар физиологиясы және өсімдіктер физиологиясы. Органикалық дүниенің бірлігі. Негізге алынатын тіршіліктік процестердің ортақтығы. Өсімдік организмінің ерекшеліктері.Өсмімдіктердің космостық ролі. Өсімдіктер физиологиясы - өсімдіктер организмінде жүретін процестер туралы ғылым.

Өсімдіктер физиологиясының мақсаты.Өсімдіктер физиологиясының теориялық және практикалық мәнділігі. Өсімдіктер физиологиясы егіншіліктің ғылыми негізі екендігі. Биология ғылымдарының жетістіктері және олардың өсімдіктер физиологиясында орын тебуі.Диалектикалық тәсіл- өсімдік организмінің физиологиясын дұрыс түсіну негізі. Организмдегі барлық физиологиялық процестердің өзара байланыстылығы. Организм мен ортаның бірлігі.


Курстың міндеті
Тарихи әдістің өсімдіктер физиологиясы үшін маңызы. Химиялық , биохимиялық және биологиялық эволюция.

Өсімдіктер организмін зерттеу физикалық және химиялық тұрғыда қарау мен әдістердің маңызы. Әр түрлі деңгейде ұйымдасқан өсімдік организмін зерттеу : молекулалық субклеткалық , клеткалық, органдық организмдік, биоценологиялық.. Организмнің физиологиялық ерекшеліктерін зерттеуде күрделіден өте қарапайымға көшу. Организм құрылысының химиялық және физикалық негізін анықтау.




ОБСӨЖ № 1

ОБСӨЖ тақырыбы: Өсімдіктер клеткасының физиологиясы.

Өсімдік клеткасының құрылымы мен атқаратын қызметі.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Жасуша қабықшасы.

2.Жасушаның бөлінуі.

ОБСӨЖ мақсаты: Жасуша қабықшасы.

ОБСӨЖ мәтіні: Жануарлар организмінің жасушаларынан өзгеше, өсімдіктер жасушасының бетінде тығыз қабықша болады, оны пектоцеллюлозалық мембрана деп атайды. Қабықшаның құрамында сулы, созылғыш гель тәрізді матрикс және фмбриллалық тірек жүйесінің барлығы көрсетіледі. Бұлар біріге келе, қабықшаның беріктігі мен созылғыштығын қамтамасыз етеді. Матрикстің құрамына күрделі көмірсуға жататын гемицеллюлоза мен пектинді заттар кіреді. Осы заттарда карбоксил топтары болуының нәтижесінде олар судың едәуір мөлшерін бойына ұстап тұрады. Матриксті жасуша ішінде Гольджи аппараты деп аталатын органоид қалыптастырады және оны плазмалемма арқылы сыртқа шығарады. Жасушаның бөліну кезінде жаңа қабықшаның қалай пайда болатыны электрондық микрофотосуреттерде көрсетілген. Мұнда Гольджи көпіршіктері жасуша ішінде ортаңғы пластинка деп аталатын қабат түзеді, ол бөліну кезінде екі жас жасушаның арасынан пайда болады. Ортаңғы пластинканы екі жас жасуша жағынан алғашқы қабықша қаптап жатады, бұл да Гольджи аппаратының көпіршіктерінен түзіледі. Үш қабаттан тұратын бұл түзіндінің бәрі де гемицеллюлоза мен пектинді заттардан құралады. Ол жасуша қабықшасының матриксі деп аталады.

Жасушаның қартаюы кезінде және ұлпалардың түріне қарай қабықшада лигнин, суберин және әр түрлі тұздар жиналуы мүмкін. Жасуша қабықшасының өсуі мен жуандауы жасушаның бүкіл тіршілік әрекетіне тікелей байланысты. Жасуша қабықшасын ішкі жағынан жасуша ішіндегі заттар тудыратын гидростатикалық қысым кернеп тұрады. Жасушаға енетін және одан шығатын заттардың барлығы да қабықша арқылы өтеді. Қабықшада іші суға толы едәуір терең қуыстар болуының арқасында су қабықша арқылы айтарлықтай зор жылдамдықпен өтеді.

Мұндай қуыстар пора деп аталады. Бір жасуша қабықшасындағы поралар көршілес жасуша қабықшасындағы пораларға қарама-қарсы орналасқан, сондықтан қатар орналасқан жасушалар арасында су және еріген заттар оңай алмасады.

Жасуша қабықшасындағы поралар арқылы көбінесе плазмодесма деп аталатын жіңішке цитоплазмалық жіпшелер өтеді. Олар поралар арқылы өте отырып, бір жасушаның цитоплазмасын екінші жасушаның цитоплазмасымен байланыстырады. Темекі жапырағы жасушаларының 100 мкм2 бетінен 10-нан 30-ға дейін плазмодесма жіпшелері табылған. өзара жалғасып жатқан цитоплазманың плазмодесма жіпшелерімен байланысқан бұл торын симпласт деп атайды.

Плазмодесма көршілес жатқан жасушалар арасында заттардың қозғалуын айтарлықтай жеңілдетеді, өйткені бұл заттар айтарлықтай кедергілерге ұшырамайды. Жасуша қабықшасын зат алмасуына аз қатысатын немесе тіптен қатыспайтын инертті түзіліс деп есептейді.

Глоссарий:

1.Абсорбция, Автотропизм, Автотрофтар, Автотрофтылық, Автотрофтық, Агелиофиттер, Агрохимия, Ағынды дақыл, Адаптогенез, Аддитивтік, Аденозинфосфорлы қышқылдар.


ОБСӨЖ № 2

ОБСӨЖ тақырыбы: Жасуша мембранасы.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Жасуша мембранасы.

2. Мембраналардың атқаратын қызыметі.

ОБСӨЖ мақсаты: Мембраналардың атқаратын қызыметі мен таныстыру.

ОБСӨЖ мәтіні: Өсімдіктердің, жануарлар мен микроорганизімдердің жасушаларында мембрана тәрізді құрылым өте кең тараған. Олар тірі жүйлердің барлық бөлігінде кездеседі. Жасушалардағы әрбір органоидтың шекарасы осындай мембраналардан құралған. Мембрана кедергі ғана болмастан, метаболизим процесіне белсене қатысады және оны ретеп отырады. Жасушаның биохимиялық процестерінің көпшілігі мембраналардың бетінде өтеді немесе онымен байланысты болады. Әр түрлі объектілердің жасуша мембраналары 2 компоненттен тұратыны анықталған. Олар - липидтер мен ақуыздар.

Гликолипидтер, фосфолипидтер, сульфолипидтер және изопреноидтар (каротин мен ксанофилл)- өсімдіктердің жасуша мембранасының липидтері болып табылады. Мембранада едәуір мөлшерде стериндер де кездеседі. Хлоропластарда галактолипидтер мен фосфатидилглицериннің болатыны анықталған. Өсімдік мембраналарындағы ақуыздар да зерттелген.



Мембраналардың атқаратын қызыметі:

  1. цитоплазма орталығын түрлі бөлшектерге – компартменттерге бөлу;

  2. жасушаның заттарды сіңіруі мен бөліп шығаруын реттеу ;

  3. заттардың синтезделуіне қатысу;

  4. энергияны жинақтау және бөліп шығару (хлоропласт және митохондрия мембраналарында)

  5. рецептор ретінде сыртқы ортаның әсерін қабылдау.

Аталған мембраналық липидтердің амфифильдік қасиеті бар, басқаша айтқанда олардың мембраналарының бір ұшы гидрофильді, екінші ұшы гидрофобты болып табылады (глицерол қалдығы гидрофильді, пальмитин, стеарин, олеин т.б. май қышқылдары - гидрофобты). Суда мұндай липидтер қосарланған қабат түзеді, ал әрбір қабат липидтер молекулаларының бір қатарынан тұрады. Мұндағы молекулалар қатаң тәртіппен орналасқан, яғни олардың гидрофиьді ұштары сулы ортаға, ал гидрофобты ұштары сусыз ортаға қарай бағытталған. Қосарланған биомоекулалы липидті қабаттар мембраналардың негізі болып табылады.

Биомолекулалы қабаттардың құрамындағы липид молекулалары үнемі қозғалып, орын ауыстырып отырада. Сондықтан липидтік мембрана өте қозғалғыш, сұйық жүйе. Липидтік қабаттардың аралығына ақуыз молекулалары орналасады. Оның үстіне липидтер мен ақуыздардың арасындағы химиялық байланыс әлсіз болады. Ақуыздар алуан түрлі болғандықтан, түрліше қызымет атқарады. Олар насос ретінде кейбір иондарды мембрананың ішіне тартып немесе сыртына шығарып, әрекет етеді, мембрана ішінде иондарды өткізетін өзек түзеді, рецептор ретінде сыртқы орта эффекторларының әсерін қабылдайды, ферменттік және антиденелік жеке қызымет атқарады. Ақуыз молекулалары жеке-жеке немесе топ болып орналасады. Олардың молекулалары мембрана қабатының екі жағына шығып тұратындай болып орналасқан. Бұл жағдайда ақуыз молекуласының  - спирль және - құрылымды учаскелері мембрана қабатында, ал гидрофильді, спираль түзбеген учаскелері мембраналардың сыртына шығып тұрады. Ақуыз молекулалары да қозғалғыш келеді. Мембрананың сыртқы және ішкі беті болады. Аталған белгілері барлық мембраналарға тән, сонымен бірге мембраналар липидтер мен ақуыздардың түріне қарай әртүрлі болады. Түрлі органоидтардан алынған мембраналардың құрамы мен құрылысы, атқаратын қызыметі де түрліше деген жорамал бар.

Қазір әр түрлі әдістердің жәрдемімен өсімдік ұлпаларынан митохондрия, хлоропласт, эндоплазмалық тор, плазмалемма және тонопласт мембраналарын бөліп алу мүмкіндігі бар. Атқаратын қызыметіне қарай олардың құрылымы бірдей болуы мүмкін емес деп саналады. Ал кейбір мембрана ақуыздары жөнінде нақты мәлімет бар.

Мембрананың суда ерігіш ақуыздары электронды микроскоппен зерттеліп, оларға рентгенструктуралық анализ жасалған, атап айтқанда, галобактерияның мембраналарынан алынған бактериородопсин ақуызы жан-жақты зерттелді. Оның молекуласы амин қышқылдарының 247 қалдығынан тұратынын, олардың орналасу тәртібін Ю. Овчинников басқарған лабораторияда анықтады.

Бактериородопсиннің құрамына ретиналь деп аталатын пигмет кіреді. Бактериородопсин молекуласында 7 спиральді учаске болатыны анықталды. Олар мембранаға көлденең, ал гидрофильді спиральсіз шумақталған бөліктері мембрананың екі жақ бетіне шығып тұратындай болып орналасқан.

Мембрана қабатында кнал түзіп, әр түрлі жасушаларды өзара жалғастыратын коннексон ақуызының,сондай-ақ мембранаға орналасқан цитохром – с- оксидаза ақуызының құрылысы да белгілі болды. Осы мәліметтердің негізінде жасалған мембраналардың модеь-үлгісі жоғарыда келтірілді.



Глоссарий;

  1. Клетка – жануарлар мен өсімдіктерді тіршіліксіз жүйелерден ерекшелейтін, морфологиялық және физиологиялық сұрыпталған құрылыстық бірлік.клетканың негізгі құрамдары – ішінде органоидтар мен басқа кіріспелер орналасқан цитоплазма, вакуоль. Олардың бәрі клетка қабығымен қоршалған.

  2. Клетка-аралық заттар – клетка қабығының арасында болатын және клеткаларды өзара қиындастыратын полисахаридтік ұқсас зат.

  3. Клетка аралықтары – клеткалардың өсуіне байланысты араларының алшақтап, клетка қабықтарының ажырауынан пайда болатын қуыстар.

  4. Клетка қабығы – клетканы зақымданудан сақтап, оған белгілі пішін беретін сыртқы қабық.

  5. Клетка қабықтарының сүректенуі – клетка қабығына (негізінен орталық қабықшаға және талшық аралықтарына) ерекше заттың – лигниннің енуі.
ОБСӨЖ № 3
ОБСӨЖ тақырыбы: Цитоплазма. Цитоплазманың негізгі қасиеттері.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Цитоплазма.

2.Цитоплазманың негізгі қасиеттері.

ОБСӨЖ мақсаты: Цитоплазманың негізгі қасиеттері мен таныстыру.

ОБСӨЖ мәтіні: Цитоплазма жасуша қаюбықшасын толтырып тұратын сұйық масса. Ол сумен араласпайды, созылғыш, құрамы қайтымды өзгерістерге қабілетті келеді. Онда әртүрлі жасуша органоидтары бар, бұл органоидтар цитоплазмадан жай немесе қосарланған мембранамен бөлінген. А.Фрей – Висслинг 1976 протопластан ядро, пластидтер, митохондриялар, сияқты оргоноидтарды бөліп шығарғаннан кейінгі протопластың қалған бөлігін цитоплазма деп атайды. Сонымен қатар цитоалазмада жаңа құрылым ашылған сайын оның өзі біртіндеп жойылып кетеді, онда тек қана сұйық матрикс қалады дейді.Цитоплазманың неғұрлым гомогенді, құрылымсыз осы бөлігін гиалоплазма деп атайды.

Физикалық-химиялық тұрғыдан алып қарағанда цитоплазма дегеніміз күрделі коллоидтық жүйе.Онда бір мезгілде әр түрлі типтегі бірнеше коллоидтық жүйелер кездесуі мүмкін. Мысалы: эмульсиялар, эмульсоидтар және коацерваттар.

Колоидты түзінді ретінде цитоплазма золь күйінен гель күйіне және керісінше өтеді, коацерваттар түзуге қабілетті. Жасуша құрылымының тіршілік ету құбылысын, олардың атқаратын қызметі мен морфологиялық өзгерістерін осы тұрғыдан түсіндіруге болады. Цитоплазма алуан түрлі қызмет атқарады деп есептейді, ол барлық органоидтармен тығыз байланысқан. Тіршіліктің жасушаға тән барлық көріністері цитоплазмаға байланысты. Цитоплазма – заттарды сіңіру және бөліп шығару, өсу және даму, зат алмасу, тітіркенгіштік сияқты құбылыстардың негізінде жататын процестер өтетін орта.

Цитоплазма қозғалғыш келеді. Микроскоп арқылы традесканция және элодия жасушаларын алып қарағанда, олардың ішінде қабырға бойымен тез ағып жатқан цитоплазманы байқауға болады. Цитоплазма ағынымен қоса хлоропластар да қозғалады. Төменгі температурада қозғалыс тоқтайды. Цитоплазманың қозғалғыштығына күн сәулесі, ортаның қышқылдығы да әсер етеді. Ph 4,0-5,0 шамада болғанда, ең жоғары жылдамдық байқалады. Бейтарап ортада қозғалыс тоқталады.

Цитоплазмаға тән тағы бір қасиет – оның созылғыштығы. Егер микроманипулятордың жәрдемімен жасуша қабықшасын тілсе, цитоплазма жалаңаштанып қалады. Мұндай цитоплазманы жіңішке инемен жіпше созуға болады. Созуды тоқтатқан кезде цитоплазма бастапқы қалпына оралады.

Цитоплазманың қабықшаға қарап жатқан сыртқы бетін плазмалемма деп, ал вакуолямен шектесіп жатқан ішкі бетін – тонопласт деп атайды. Цитоплазманың негізгі ортаңғы бөлігіне қарағанда қабаттардың құрылымы басқаша болады. Олар биологиялық мембрана типінде құрылған. Жасушаның сіңіретін және бөліп шығаратын заттары плазмалемма арқылы өтеді, сондықтан оның құрылысы мен химиялық құрамына назар аудару керек.



Глоссарий;

Адсорбция, Азотбактерин, азотоген, Азотты тыңайтқыштар, Ақ тат, Ақұнтақ, Алғашқы саңырауқұлақтар,т Алмасушы иондар, Алмасып сіңу, Амилопластар, Амилофильді өсімдіктер.


ОБСӨЖ № 4

ОБСӨЖ тақырыбы: Хлоропластар.

Жоспары:

1.Хлоропластар.



2.Хлоропластар құрылысы.

ОБСӨЖ мақсаты: Хлоропластар құрылысы мен таныстыру.

ОБСӨЖ мәтіні: Хлоропластар-тек қана өсімдік жасушаларына тән органоидтар. Олардың пішіні диск тәрізді, диаметрі 4-10, қалыңдығы 1-2 мкм. Энгельмен хлоропластар фотосинтез процесі өтетін орын екенін эксперимент арқылы дәлелдеген тұңғыш ғалым. Фотосинтез нәтижесінде хлоропласта жарық энергиясы, көмір қышқылы және су сіңіріледі де, бос оттегі мен органикалық заттар бөлініп шығады. Энгельман өзінің экспериментін жасушаға енгізілген аэробтық бактериялардың жәрдемімен орындап шықты. Мұнда аэробтық бактериялар қозғалғыштық қабілетке ие болып, хлоропластардың оттегін бөліп шығарып жатқан аймағына шоғырланады. Жасушадағы хлоропластардың саны онан бірнеше жүзге дейін жетеді.Олар цитоплазманың қалың қабатында қозғала алады. Күшті жарық түскен жағдайда олар жасушаның ішкі жағына қарай ауысатыны, ал жарық жеткіліксіз кезде жасушаның жарық түсетін жағына жақын орналасқаны байқалған.Хлоропластардың мембраналық құрылысы басқа оргоноидтармен салыстарғанда едәуір айқын бөлінеді. Олардың сыртын қосарланған мембрана қоршап жатыр. Ішкі мембрана плазмалеммадан, ал сыртқы мемрана эндоплазмалық тордан пайда болады деп санауға негіз бар. Мембраналардың ішінде строма деп аталатын ұсақ түйіршікті сұйық матрикс болады. Онда фотосинтез реакцияларына қатысатын әр түрлі ферменттердің көптеген жиынтығы орналасады. Строма сұйықтығының ішінде хлоропластың ұзын осін бойлай өте жұқа мембрананлар бірінің үстіне бірі жиналған теңгелер сияқты орналасқан. Бұл мембраналар ламелла деп аталады. Ламелла – қосарланған қарапайым мембрана, оның құрылысы жасуша мембранасының құрылысына ұқсас. Ол ақуыз бен липидтер комплексінен тұрады, сонымен қатар құрамында әр түрлі пигменттер, фотосинтез процесіне қатысатын пластохинон, пластоцианин және цитохром болады. Ламелла липидтердің ішінде галактолипидтер, сульфолипидтер және фосфолипидтер басым болады. Ламеллалар хлоропластың өсуіне қарай онда біртіндеп пайда болады. Мұның үстіне, егер өсіп келе жатқан хлоропласта хлорофилл жетіспейтін болса, онда оның ламеллалық құрылымы жетілмейді. Жоғары сатыдағы өсімдіктер хлоропластарының ламеллалық құрылымының кейбір жерлері неғұрлым тығыз қабатты болып келеді. Бұл учаскелер хлорофилдің және басқа да пигменттердің едәуір көптігімен ерекшеленеді. Оларды грана деп атайды. Осыған байланысты кейбір ғалымдар хлоропластардың ламеллалық, граналық екі түрін ажыратады: біріншісінде тек қана ламеллалар жетіледі, ал екіншісінде хлоропластың құрамында ламелладан басқа граналар да болады. Хлоропластардың ламеллалық түрі балдырларға, ал граналық түрі – жоғары сатыдағы өсімдіктерге тән. Хлоропластар жасушада жай бөліну жолымен көбейе алады немесе пластидтерден түзіледі.Хлоропластармен жасалған тәжірибелер фотосинтездің негізін анықтады. Жарық реакциялары және электрондарды тасымалдау процесі ламелланың бетінде жүзеге асатыны, ал көмір қышқыл газын сіңіру жөніндегі қараңғылық реакциялары стромада өтетіні анықталды.Хлоропластардың жұқа кесінділерінен ламелланың беті тегіс сияқты болып көрінеді. Алайда мұқият зерттеп қарағанда мембрананың ішкі бетінде айрықша құрылым бар екні байқалады. Мұндай құрылымды квантосома деп атайды. Квантосоманың өлшемі, тығыздығы және массасының негізінде онда хлорофилдің 230 молекуласы болатыны есептеп шығарылған, бұл фотосинтездік бірліктегі хлорофилл молекуласының санына сай келеді. Фотосинтез хлоропласт қызметінің бірі ғана болып саналады. Хлоропластар ақуыз синтездеуге, электрондарды таысмалдауға, өзінің пішінін өзгертуге, мембрананда иондар жинақтауға қабілетті келеді. Хлоропластарда арнаулы РНК (3-7%) және ДНК (0,5%) болады. Хлоропластардың мұндай қасиеттрі олардың дербестігін сипаттайды.Хлоропластардың химиялық құрамы күрделі. Айтылып өткен, хлоропласт мембраналарын құруға қатысатын липидтер мен ақуыздардан, сондай-ақ РНК мен ДНК-дан басқа, оның құрамынан фотосинтез процесіне қатысатын алуан түрлі ферменттер және темір, мыс, мырыш сияқты микроэлементтер табылған. Бұл микроэлементтер хлоропластарда көп мөлшерде шоғырланған. Хлоропластар С, В, К витаминдеріне бай келеді. Біз өсімдік жасушаларының ішіндегі құрылым түзуші негізгі компоненттерді қарастырдық. Бұл органоидтардың барлығы да өзара тығыз байланысты екенін және олар өздерінің тіршілік үшін маңызды қызметін тірі және біртұтас жасуша мен ұлпаларда ғана атқара алатынын есте ұстаку қажет. Оған жасушаның әр түрлі бөліктерін және көршілес жасушаларды өзара біріктіретін, олардың өзара байланысын қамтамасыз ететін құрылым ерекшеліктері алғышарт болады. Басты тасымалдау жолдарының бірі эндоплазмалық тор түтікшелерінің жүйесі, симпластарды біріктіретін плазмодесмалар, ядро мен жасуша қабықшаларындағы көптеген поралар жасуша органоидтарын және түрлі жасушаларды біріктіріп тұрады.

Бақылау сұрақтары

  1. Хлоропласт. Құрылысы мен қызметі.

  2. Хлорапластар оның пайда болуы

  3. Фотосинтез және тыныс алу процестері арасындағы байланыс.

  4. Витаминдердің маңызды топтары және олардың өсімдіктердегі маңызы.

  5. Майлар мен майлардың еріткіштерінде еритін витаминдер. Суда еритін витаминдер.

ОБСӨЖ № 5

ОБСӨЖ тақырыбы: Өсімдік клеткасынан заттардың бөлінуі (секреция).

ОБСӨЖ жоспары:

1.Судың бөлінуі.

2.Шірненің бөлінуі.

3.Тұздардың бөлінуі.



ОБСӨЖ мақсаты: Өсімдік клеткасынан заттардың бөлінуі мен таныстыру.

ОБСӨЖ мәтіні: Өсімдік клеткасы сыртқы ортадан заттарды сіңірумен қатар оларды сыртқа бөліп те шығарады. Әрине, клеткаға енетін заттармен шығатын заттардың түрлері, қасиеттері біркепкі емес. Соңғыларға зат алмасу процесінің нәтижесінде пайда болған ерекшк өнімдер жатады. Олар клетканың метаболиттік ырықтығы жоғары бөліктерінен төмендеу бөліктеріне бөлініп шығады.

Бөліну (секреттік) процесі бірнеше сатыдан тұрады: а) клеткада бөлінетін заттардың пайда қажетті алғашқы өнімдердің жиналуы; б) бөлінетін заттардың синтезделуі мен жинақталуы; в) олардың бөлінуі; г) клетка құрылымының қалпына келуі.

Өсімдіктер ұлпаларынан ажыратылатын заттар екі үлкен топқа бөлінеді.Бірінші топқа жататын- су, минералдық тұздар, қанттар, амин қышқылдары және т.б. бөліп шығаратын клеткаларға қашық,ксилема, флоэма арқылы тасымалданады.Екінші топтағы полисахаридтер, гидролиздік ферменттер, гликопротеидтер, бутилен, сірке, альдегиді, этанол, протанол сияқты буланғышзаттар, алколоидтар, танниндер,лигнин, терпеноидтар бөліп шығаратын клеткалардың өздерінде синтезделеді.

Судың бөлінуі. Топырақ ылғалдығы мол, транспирация нашар болған жағдайда өсімдік жапырақтарынын су бөлінгенін гуттацияны байқауға болады. Бұл құбылыс гидатодтар деп аталатын ерекшк клеткалар тобы арқылы жүзеге асады. Гидатодтар жапырақ алақанындағы тісшелер ұшының астында, немесе ойыстарында орналачады.Олар жапырықтың жас кезінде немесе пішіндері өзгергенде қалыптасып, жапырақ өсіп жетілген кезде жойылады.

Шірненің бөлініу. Өсімдік мүшелерін ерекше бөлгіш құрлымдар – шірнеліктер арқылы қанттар бөлініпшығады.Шірнеліктер гүл бөліктерінде, сабақтарда, жапытақтарда орналасуы мүмкін.

Олардың анатомиялық құрылымы түрліше болып келеді. Ең қарапайымдары бөлуші клеткаларсыз, клеткааралық саңылаулардан құрылады. Шірне кутикула саңылаулары арқылы бөлінеді. Көбінесе шірнелік без түтікшелі эпидермалық клеткалар, устьицалар және көп клеткалы безді паренхима ұлпаларынан құрылады. Бұнда шірне эпидерма клеткалары немесе түкшелері арқылы бөлінеді. Шірнеліктің бөлуші ұлпасына өткізгіш ұлпа жанасып орналасады. Егер құрамынды қанты көп шірне бөлінетін болса, шірнелікке флоэма элементтері жалғасады да, қанттың молшері аз болса шірнелікке ксилема элементтері жалғасады.

Шірне құрамында көбірек кездесетін қанттарға сахароза, глюкоза және фруктоза жатады.Азырақ мөлшерде минералдық иондар (Са2+, Na+, Mg2+, Po43-), ди- және трикарбонды қышқылар, амин қышқылдары витаминдер, белоктар кездеседі; кейбір өсімдіктердің шірнесінде липидтер де байқалады.

Өсімдіктерде негізінен полисахаридтеі шірне бөлінетін ерекше құрылымдар болатындығы байқалады. Шірне идиобластар клеткасында пайда болып, клетка қабығымен протопласт аралығында жинақталады.

Бөлінетін полисахаридтер шірне қышқыл және бейтарап, пектинді заттарға жақын полисахаридтерден құралады.Жүгерінің гидролизденген тамыр қынабынан бөлінген шірненің құрамында глюкоза 22%, галактоза 32%, галактурон қышқылы 12%, манноза 6%, фруктоза 8%, рамноза 1%, арабиноза 7% , және 5% , кислоза болатындығы анықталды.

Тұздардың бөлінуі. Өсімдіктерде тұздардың бөлінуіне қатысатын құрылымдар үш топқа бөлінеді.

1.Галофиттердің жапырақтарындағы немесе сабақтарындағы тұз бездері клеткалардағы артық иондарды бөліп шығарады.

2. Жапырақтағы басы және аяғы деп аталатын екі клеткадан құрылған тұз түкшелері. Бас клетка вакуоліне тұз әбден толған соң өзінен-өзі түсіп қалады да, оның орнына бірнеше рет жаңадан бас пайда болады.

3. Бунақденежегі өсімдіктердегі иондарды, белоктық қосындыларды бөлетін клеткалар.

Тұздар симпластық жолмен бас вакуольге жиналады. Бунақденежегі өсімдіктердің бөлуші бездері Na+ , K+, Mg2+, Ca2+, Cl- иондарын 20 мл-ге дейінгі мөлшерге бөліп шығарады.

Глоссарий;

1.Амин қышқылдары, Аммонийлеу, Амфитрофтар, Анабиоз,Анаболизм, Анаэробиоз,

Анаэробты тыныс алу, Антагонизм, антитоксиндер, Антиферменттер, Антоциондар.

ОБСӨЖ № 6

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет