Kz ресми сайтына орналастыру үшін 2011 жылдың 2 тоқсанына ақпарат



Дата26.02.2016
өлшемі24.82 Kb.
#26753
www.akimvko.gov.kz.

ресми сайтына орналастыру үшін

2011 жылдың 2 тоқсанына ақпарат
1. Мекеме атауы: «Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

  1. Жұмыс қорытындысы:

2010 жылдың 1 қарашасында Шығыс Қазақстан облысының аумағы 28322,6 мың га құрайды, оның ішінде:

- ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер - 9 753,5 мың гектар (облыс жер қорының 34,4 %);

- елді мекендер жрлері - 2978,8 мың гектар (10,5 %);

- өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер 182,1 мың гектар (0,6 %);

- ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекрециялық және тарихи-мәдени мақсатындағы жерлер - 1504,2 мың гектар (5,3 %);

- орман қорының жері - 2140,9 мың гектар (7,6 %);

- су қорының жері 572,8 мың гектар (2,0 %);

- босалқы жерлер - 11214,5 мың гектар (39,6 %).



2010 жылдың 1 қарашасына Шығыс Қазақстан

облысының жер қоры

2011 жылғы 2 шілдеге облыс бойынша 7 932,9 мың га жер көлемінде 17 372 шаруа қожалықтары, 1 645,7 мың га жер көлемінде – 476 ауыл шаруашылық өнімін өндірушілер (АҚ, ЖШС, ӨК), 168,3 мың га жер көлемінде – 153 мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындары қалыптасты.

2011 жылғы 1 шілдеге жеке меншікке жалпы көлемі 54 964,3 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы 374 жер учаскелері жалпы сомасы 306078,9 мың теңгеге сатылды, оның ішінде: жеке тұлғаларға жалпы көлемі –36 439,4 га 313 жер учаскелері жалпы сомасы 206 704,4 мың теңгеге және заңды тұлғаларға жалпы көлемі – 18 313,9 га 38 учаскелер жалпы сомасы – 90 843,1 мың теңгеге сатылды.

Жалпы облыс бойынша жер реформасы басталғаннан бері жеке меншікке көлемі 12 902,3 га 5 596 473,2 мың теңге сомаға ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес 47 189 жер учаскелері; жалдау құқығы жалпы көлемі 1 859,4 га 1 073 жер учаскелеріне 276491,8 мың теңге сомаға сатылған.

Облыстың қалалары мен аудандарының жер қатынастары бөлімдері ұсынатын мәліметтерге сәйкес, Шығыс Қазақстан облысында 2005 жылғы 1 қаңтардан 2011 жылғы 1 шілдеге дейінгі кезеңде жеке тұрғын үй құрылысы үшін 20215 өтініш берілген. Ең көп берілген өтініштер саны Өскемен қаласында – 12 115.

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін азаматтарға 11 228 жер учаскелері бөлініп берілді. 8 987 жер учаскелері жетіспейді.



2011 жылдың 1 тоқсанында жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу үшін 1 лицензия, жер учаскелерін табыстау туралы 5 қаулы қабылданған, жерлерді қорғау және пайдалану бойынша 18 сараптық қорытындылар берілген, 2 жерге орналастыру жобалары бекітілді және 6 сәйкестендіру құжаттары берілген.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет