Kz $$$umkd name$Қаржы нарығы және делдалдары $$$umkd avtors$ Г. М. Шакаримова, И. С. Жұртыбаева



бет1/14
Дата13.06.2016
өлшемі1.86 Mb.
#131252
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
$$$UMKD_LANG$KZ

$$$UMKD_NAME$Қаржы нарығы және делдалдары

$$$UMKD_AVTORS$ Г.М.Шакаримова, И.С.Жұртыбаева

$$$UMKD_YEAR$2010


@@@

###000-001#

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ

БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


ПӘННІҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Қаржы нарығы және делдалдары»



«5В050800» – «Есеп және аудит» мамандығы үшін

Құрастырғандар:


Шакаримова Г.М., аға оқытушы

Т.А.Ж., қызметі



Жұртыбаева И.С., оқытушы__

Т.А.Ж., қызметі




Семей , 2010

&&&
ПЭОӘК мазмұны


###000-002#Мазмұны


  1. Жұмыс бағдарламасы

  2. Глоссарий

  3. Дәрістер конспектісі

  4. Практикалық және семинарлық сабақтар

  5. Білім бақылау бөлімі

&&&


###001-000#1 Жұмыс бағдарламасы

1.Қолдану саласы

2.Нормативтік сілтемелер

3.Жалпы ережелер

4. Әдебиеттер және қорлар

5. Пәннің мазмұны және пәннің модульдік бөлінуі

6. СӨЖ тақырыптары тізімі және мазмұны

7. Пәнді оқу бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулар

8. Пәнді оқу бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулар

9. Курс форматы

10.Курс саясаты

11.Баға қою саясаты

12.Студент білімін бақылау

13. Қашықтықтан кеңестер беру және оқу үдерісінің күнтізбелік графигі

&&&

###002-001#1.1 Қолдану саласы

Берілген құжатқа сәйкес пән бойынша оқу процесін ұйымдастырудың негізгі процедураларын жүйелеп, реттейді және «Қаржы» кафедрасында қолдануға ұсынылады.

«Қаржы нарығы және делдалдары» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен 5В050800, мамандығының студенттеріне арналған. Ол студенттерді курс мазмұнымен, оның көкейкестілігі және қажеттілігімен, курс саясатымен таныстырып, студенттердің оқу процесінде меңгеретін талаптары мен дағдылларын арттыруға мүмкіндік береді. Электронды оқу - әдістемелік кешен пәнді оқып үйренуде негізгі құрал болып табылады.

&&&

###002-002#1.2 Нормативтік сілтемелер



«Қаржы нарығы және делдалдары» пәнінің оқу-әдістемелік кешені Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде өңделген «Пәннің электронды оқу-әдістемелік кешені туралы ереже» талаптарына сәйкес өңделген.

2004 ж 01.09.2004 ж. ҚР Білім және Ғылым министрлігінің бұйрығымен енгізіліп бекітілген, 050508 «Есеп және аудит» мамандықтарының білім берудің мемлекеттік стандарты, ГОСО РК 3.08. 063 -2004.

&&&

###002-003#1.3 Жалпы ережелер



  • Лектор - Шакаримова Г.М., «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы;

  • Ассистент - Жұртыбаева И.С., «Қаржы» кафедрасының оқытушысы

  • Кафедра – Қаржы;

  • Хабарласу ақпараты – тел: 53-03-16, Оқу ғимараты № 8, кабинет № 211,212;

  • Контактілі сабақтардың өткізілу орны – аудитория № 211,212;

  • Пән атауы – «Қаржы»;

  • Кредит саны – 3;

1 кесте - Жұмыс оқу жоспарынан көшірме





Курс

Семестр

Кредиттер

Аудиториялық жұмыс

СӨЖ

(сағ)


Барлығы

(сағ)


Қорытынды бақылау түрі

АС (сағ)

ҚК (сағ)

1

2

2

3

3

84

90

емтихан

1.3.1 Пәннің қысқаша мазмұны

Қазipгi каржы нарыктарының кызмет eтyі және әртүрлі каржы институттарының кызметі. Осы берілгендер қазіргі кезеңде Қазакстан экономикасының дамуында өте маңызды болып табылады. Қаржы нарығындағы жас мамандар санының жетіспеушілігі Республикадағы каржы нарығының әсіресе, қор нарығының дамымауының негізгі факторы болып табылады.
1.3.2 Курстың мақсаты:

Пәннің мақсаты болып студенттерді негізгі курс бөлімдерімен таныстыру және қаржы нарығы және делдалдары саласындағы ғылыми - практикалық білімді беру.

Қaзipгi каржы нарықтарындағы операцияларды тиімді басқару бойынша білімді жәее әдістерді тыңдаушылардың терең ұғынуы берілгсн курстың мақсаты болып табылады. Курс бағдарламасында қарастырылатын көптсгсн сурақтарды толық ұғыну экономикалық тсориямсн халықаралык, экономикалық катынастар жалпы курстары бойынша студенттер толық білімі болуын талап етсді.

- қаржылық-несиелік қызмет көрсету аясындағы кәсіби білімді беру;

- ақша және несие жүйесінің әрекет ету негізінің, халықаралық несиелік есеп айырысу мен валюталық қатынастардың, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығының ерекшеліктерінің теориялық аспектілері бойынша жиынтық білімді кешенді түрде көрсетуге бағытталған.

- пәннің мәнін және мазмұнын сипаттайтын терминологиялық ұғымдық ақпарат беру;

- барлық ұғымдардың өзара байланысын, олардың ішкі мазмұнын ашу.


  • 1.3.3 Пәнді оқытудың негізгі міндеттері – әртүрлі қаржы институттарын және олардың ұсынатын қызметтерін баға белгілеу әдістерін, оларды басқару стильдсрін, ішкі және халықаралық қаржы нарықтарындағы қызмет ету стратегияларын оқу;

  • әр турлі елдердің қаржы институттарының қызметтерін оқу;

  • Қазақстандағы қаржы нарықтарының қызмет ету етуінің ерекшсліктерін ашу;

  • каржы делдалдарын, каржы нарықтарындағы кәсіби қатысушылардың қызметін оқу және талдау;

  • қаржы институттарының /делдалдар/ мүмкін болатын тәускслдерді бағалау және олардың зардаптарын төмендету жолдарын анықтау.

1.3.4 Пәнді оқу нәтижесінде студенттер:



  • Қаржы нарықтарына қатысты негізгі терминдерді білуі;

  • Тәжірибиде теориялық білімдерді қолдануына ие болуы;

  • Пән бойынша қаржы саласының мамандарына керекті практикалық игеруі;

  • Қазақстан Республикасында қаржы нарықтар және делдалдарының маныздылығын түсінуі;

  • Қаржы нарықтар және делдалдар саласының қажетті білімдерге үйренуі тиіс.

1.3.5 Курс пререквизиттері: қаржы, ақша, несие, банктер


1.3.6 Курс постреквизиттері: бағалы қағаздар нарығы, банк ісі.
&&&

###001-004#1.4 Әдебиеттер және қорлар

1.4.1. Заңдылық және нормативті-құқықтық актілер:

1.4.1.1 Қазақстан Республикасының Конституциясы

1.4.1.2 Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі

1.4.1.3 «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының заңы ( 4.07. 2003 ж.)

1.4.1.4 «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының заңы (5.03.1997 ж.)

1.4.1.5 «Бағалы қағаздар рыногы туралы »Қазақстан Республикасының заңы (5.03.1997/2.07.2003 ж)

1.4.1.6 «Акцтонерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңы (10.08.1998 ж./13.05.2003 ж.)

1.4.1.7 «Инвеститциялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасының заңы (6.03.0997 ж.)

1.4.1.8 «Вексельдік айналым туралы» Қазақстан Республикасының заңы (28.04.1997 ж.)

1.4.1.9 «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңы (20. 06. 1997 ж).

1.4.1.10 «Мемлекеттік және кепілденген мемлекеттік займ алу және қарыз туралы» Қазақстан Республикасының заңы ( 2.08.1999 ж.)

1.4.1.11 «Сыртқы қарыз алу және сыртқы қарызды басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңы (10.04. 1997 ж.)

1.4.1.12 «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін туралы »30.03.1995 ж. заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы

1.4.1.13 «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктер қызметі туралы» 31.08.1995 ж.заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы

1.4.1.14 «Валюталық реттеу туралы туралы» Қазақстан Республикасының заңы ( 24.12.1996 ж)

1.4.1.15 «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңы ( 18.01. 2000 ж.)

1.4.1.16 «Қымбат бағалы металдар және қымбат бағалы тастармен байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының заңы ( 20.05. 1995 ж.)


        1. Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының заңы

( 23.12.1995 ж)

1.4.1.18 «Төлемдер және ақша аударымдары туралы» Қазақстан Республикасының заңы ( 29.06.1998 ж.)

1.4.1.19 «Лицензиялау туралы 17.04.1995 заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы

1.4.1.20 «Ақша жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының заңы (12.12.1993 ж.)

1.4.1.21 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қаулысы «Капитал қозғалысымен байланысты валюталық операцияларды тіркеу ережесі » (31.032001 ж.)

1.4.1.22 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қаулысы « Валюталық бағалықтарды пайдаланумен байланысты қызметті лицензиялау ережесі» (31.03. 2001 ж. №88)

1.4.1.23 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қаулысы « Экспорттық-импорттық бақылауды ұйымдастыру туралы»

1.4.1.24Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногының дамытудың 1996-1998 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

1.4.1.25 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногының дамытудың 1998-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

1.4.2 Негізгі оқу құралдары ретінде келесі көздері оқу және қолдану ұсынылады:

Негізгі әдебиет:

1.4.2.1 Смагулова А.Б. Қаржы нарығы, Алматы, 1998 ж

1.4.2.2 Искаков У.М., Бохаев Д.Т., Рузиева Э.А. «Финансовые рынки и посредники», Алматы 2005 г.

1.4.2.3 Дэвид С. Кидуэлл, Ричард Л. Петерсон, Дэвид У. Блэкуэлл Финансовые институты, рынки и деньги, С-П.: «Питер», 2000

1.4.2.4 Белых Л.П. Основы финансового рынка, М.: ЮНИТИ, 1999 г.

1.4.2.1 Пособие для подготовки специалистов к Государственной аттестации (колл.авторов )// под ред. Туркебаева Э. А. «Брокеры регистраторы на рынке ценных бумаг».

1.4.2.5 Михайлов Д. М. «Мировой финансовый рынок: тенденции и инструменты» М, 2000 г.

1.4.2.6 Баймұратов О. Қазақстан қаржы нарығы: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2007. -Әлемдік экономикалық ғылым. Сер. 7-том.- 296с.

1.4.2.7 Қаржы нарығы және делдалдары Ұ.М. Искаков, Д.Т. Бохаев, Э.А. Рузиева, Алматы, 2008ж.

1.4.2.8 Мақыш С.Б. Банк ісі: Оқулық.-Алматы: Жеті жарғы, 2009. – 552 бет.

&&&

###001-005#1.5 Пәннің мазмұны және пәннің модульдік бөлінуі



2 кесте - Пәннің мазмұны және пәннің модульдік бөлінуі


Модульдің атауы

Тақырып атауы

Мазмұны

Әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының құрамдас бөліктері

1 - такырып. Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның құрамдас бөліктері


Қаржы нарығының мәні мен түсінігі. Экономиканың дамуында қаржы нарығының рөлі. Қаржы нарығының құрылымы. Қаржы нарығының жіктелімінің ерекшеліктері. Қазақстанның қаржы нарығы және оның құрамдас бөліктері. Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының құрамдас бөліктері.

1. Қаржы нарығы және делдалдары Ұ.М. Искаков, Д.Т. Бохаев, Э.А. Рузиева, Алматы, 2008ж.




2 - Тақырып. Ақша нарығы және оның қаржы құралдары


Ақша нарығының түсінігі. Ақша нарығының мағынасы мен мәні. Экономикада ақша нарығының рөлі. Ақша нарығының құралдары. Қолма-қол және қолма-қолсыз (айналыстағы) қаржыларды пайдалану арқылы төлемдер. Вексель айналысы. Банктік акцептер. Чекпен есеп айырысу. Қолма-қол ақша және оның қызметтері. Төлем міндеттемелері, төлем талаптары. Аккредитивтер. Пластикалық карточкалармен есеп айырысу. Қаржы құралдарының басқа да түрлері.

1. Баймұратов О. Қазақстан қаржы нарығы: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2007. -Әлемдік экономикалық ғылым. Сер. 7-том.- 296с.

2. Қаржы нарығы және делдалдары Ұ.М. Искаков, Д.Т. Бохаев, Э.А. Рузиева, Алматы, 2008ж.






3 - Тақырып. Депозит нарығының қызмет етуінің ерекшеліктері


Депозит нарығының мәні. Депозиттер, коммерциялық банктердің ресурстық базасы ретінде. Депозиттердің типтері. Талап еткенге дейінгі депозиттер. Талап еткенге дейінгі депозиттік шоттардың ерекшеліктері. ATS-шотына орналастыру. Контокорренттік шот. Овердрафпен ағымдағы шот. Чектік депозиттер. Коммерциялық банктердің чектік депозиттермен жұмыс жасауы. Нау-шоттың ерекшеліктері, Жинақ депозиттер. Жинақ кітапшаларындағы шот.

1. Баймұратов О. Қазақстан қаржы нарығы: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2007. -Әлемдік экономикалық ғылым. Сер. 7-том.- 296с.

2. Қаржы нарығы және делдалдары Ұ.М. Искаков, Д.Т. Бохаев, Э.А. Рузиева, Алматы, 2008ж.






4 - Тақырып. Несие нарығы және оның мағынасы мен мәні


Қаржы нарығы жүйесіндегі несие нарығының орны. Ұдайы өндірістік процесс кезіндегі несиенің ролі. Несие мен ақшаның өзара байланысы. Несиенің құрылымы. Қазақстандағы несие нарығының жағдайы. Несие нарығының құралдары. Несие түрлері. Мемлекеттік несие. Коммерциялық несие. Ипотекалық несие. Халықаралық несие.

1. Баймұратов О. Қазақстан қаржы нарығы: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2007. -Әлемдік экономикалық ғылым. Сер. 7-том.- 296с.

2. Қаржы нарығы және делдалдары Ұ.М. Искаков, Д.Т. Бохаев, Э.А. Рузиева, Алматы, 2008ж.






5 - Тақырып.

Валюта нарығы және валюталық операциялар




Валюта нарығы: турлері және оның дамуындағы негізгі кезеңдер. Валюта нарығы дамуындағы негізгі кезеңдер мен түрлері. Валюта нарығының қатысушылары. Биржалық және биржадан тыс валюта нарықтары. Қазақстан Республикасындағы валюталық саясат және валюталық реттеу. Валюталық реттеудің нысандары мен әдістері. Қазақстандағы валюталық реттеудің негізгі бағыттары. Жаһандандыру жағдайында Қазақстан Республикасының валюталық саясаты. Валюталық бағам және валюталық операциялар. Валютаға сұраныс пен ұсыныс. Валюта бағасына әсер етуші факторлар. Валютаға баға белгілеу және баға белгілеудің турлері.

1. Баймұратов О. Қазақстан қаржы нарығы: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2007. -Әлемдік экономикалық ғылым. Сер. 7-том.- 296с.

2. Қаржы нарығы және делдалдары Ұ.М. Искаков, Д.Т. Бохаев, Э.А. Рузиева, Алматы, 2008ж.






6 - Тақырып. Бағалы қағаздар нарығы және оның қызметтері мен құрылымы


Бағалы қағаздар нарығының түсінігі және оның құрылымы мен түрлері. Бағалы қағаздар нарығының түсінігі. Бағалы қағаздар нарығының құрамдас бөлігі. Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары. Бағалы қағаздардың түрлері. Негізгі бағалы қағаздар. Туынды бағалы қағаздар. Бағалы қагаздардың жіктелімі. Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру. Жекешелендіру, экономиканы қайта құрастыру процессі ретінде. Қазақстандағы бағалы кағаздар нарығының жағдай.

1. Баймұратов О. Қазақстан қаржы нарығы: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2007. -Әлемдік экономикалық ғылым. Сер. 7-том.- 296с.

2. Қаржы нарығы және делдалдары Ұ.М. Искаков, Д.Т. Бохаев, Э.А. Рузиева, Алматы, 2008ж.






7 - Тақырып. Сақтандыру нарығы. Сақтандыру компаниялары және қорлары


Сақтандыру нарығын дамытудың негізгі аспектілері. Сақтандыру нарығының қызмет ету ерекшеліктері. Сақтандыру нарығының қатысушылары. Сақтандыру нарығының құралдары. Қазақстандағы сақандыру нарығының дамуы. Қазақстанда сақтандыру нарығын құқықтық қамтамасыз ету. Сақтандыру нарығының қазіргі жағдайы. Сақтандыру қызметінің негізі. Сақтандыру комианиялары сақтандыру нарығының алғашқы буыны ретінде. Сақтандыру компанияларының турлері. Қазақстандағы сақтандыру компанияларының қызметі.

1. Баймұратов О. Қазақстан қаржы нарығы: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2007. -Әлемдік экономикалық ғылым. Сер. 7-том.- 296с.

2. Қаржы нарығы және делдалдары Ұ.М. Искаков, Д.Т. Бохаев, Э.А. Рузиева, Алматы, 2008ж.






8 - Тақырып. Зейнетақы нарығы және оның ішіндегі қаржылық инститтуттар.


Қаржы нарығы жүйесіндегі зейнетақы нарығының орны. Зейнетақы нарығының мәні. Зейнетақы нарығының қатысушылары. Зейнетақы жүйесінің түрлері. Ынтымақтастық зейнетақы жүйесі. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі. Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесін жетілдіру. Қазақстанда зейнетақы жүйесін реформалау. Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесін құқықтық қамтамасыз ету.

1. Баймұратов О. Қазақстан қаржы нарығы: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2007. -Әлемдік экономикалық ғылым. Сер. 7-том.- 296с.

2. Қаржы нарығы және делдалдары Ұ.М. Искаков, Д.Т. Бохаев, Э.А. Рузиева, Алматы, 2008ж.



2. Қаржы делдалдары және қаржылық делдалдықтарының Қазақстан Республикасында қызмет көрсетуі


9 - Тақырып. Қаржы делдалдары және қаржылық делдалдықтар


Қаржылық делдалдықтың артықшылықтары. Тікелей және жанама қаржыландыру. Қаржы делдалдарының түрлері. Коммерциялық банктер және несие ұйымдары. Зейнетақы қорлары. Инвестициялық компаниялар және қорлар. Сақтандыру ұйымдары. Басқа да қаржылық делдалдар.

1. Баймұратов О. Қазақстан қаржы нарығы: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2007. -Әлемдік экономикалық ғылым. Сер. 7-том.- 296с.





10 - Тақырып. Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы кызметі


Қаржы нарығы жүйесіндегі коммерциялық банктердің орны. Банктердің инвестициялық және несиелік стратегиялары. Банктердің несие саясаты. Бағалы қағаздар нарығында коммерциялық банктер эмитенттер мен инвесторлар ретінде. Банктердің инвестициялық портфелінің құрылымы. Инвестициялық банктер, олардың әртурлі елдердегі қызметін реттеудің тежірибесі. Коммерциялық банктердің брокер-дилерлік қызметі. Банктердің кастодиандық қызметі. Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен операциялары.

1. Баймұратов О. Қазақстан қаржы нарығы: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2007. -Әлемдік экономикалық ғылым. Сер. 7-том.- 296с.

2. Қаржы нарығы және делдалдары Ұ.М. Искаков, Д.Т. Бохаев, Э.А. Рузиева, Алматы, 2008ж.






11 – Тақырып. Инвестициялық компаниялар және қорлар


Инвестициялық компаниялар мен қорлардың қалыптасуы. Инвестициялық қорлардың түсінігі. Инвестициялық қорлардың қызметінің өзіне тән ерекшелігі. Инвестициялық қорлардың типтері Бағалы қағаздар нарығындағы инвестициялық қорлардың жіктелімі. Инвестициялық процестен инвестициялық компаниялардың рөлі.

1. Баймұратов О. Қазақстан қаржы нарығы: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2007. -Әлемдік экономикалық ғылым. Сер. 7-том.- 296с.

2. Қаржы нарығы және делдалдары Ұ.М. Искаков, Д.Т. Бохаев, Э.А. Рузиева, Алматы, 2008ж.






12 - Тақырып.

Арнайы мамандандырылған қаржылық - несиелік институттар




Банктік емес ұйымдардың несие бepyi. Несиелік серіктестіктердің кызметі мен түрлері. Ломбардтардың қызметі. Арнайы мамандандырылған банктердің қызметі. Қазақстандағы Даму банктерімен инвестициялық жобаларды несиелеу. Қазақстандағы Тұрғын үй-құрылыстық жинақ банкінің қызметі.

1. Баймұратов О. Қазақстан қаржы нарығы: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2007. -Әлемдік экономикалық ғылым. Сер. 7-том.- 296с.

2. Қаржы нарығы және делдалдары Ұ.М. Искаков, Д.Т. Бохаев, Э.А. Рузиева, Алматы, 2008ж.






13 - Тақырып. Қор биржасы, оның құрамы мен қызметгері


Қор биржасының түсінігі. Қор биржасының пайда болуы. Қор биржасының ұйымдастырушылық заңдылық және экономикалық жақтары. Қор биржасының құрамы мен қызметтері. Қазакстан қор биржасы айналымындағы қаржылы құралдары. Шетел валюталары. Айналысқа шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздар. Корпоративтік бағалы қағаздар. Депозитті сертификаттар.


1. Баймұратов О. Қазақстан қаржы нарығы: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2007. -Әлемдік экономикалық ғылым. Сер. 7-том.- 296с.

2. Қаржы нарығы және делдалдары Ұ.М. Искаков, Д.Т. Бохаев, Э.А. Рузиева, Алматы, 2008ж.



3. Қазакстан Республикасының
қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу мен қадағалау тәртібі

14 - Тақырып. Қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу және бақылау


Қаржы нарығын реттеу. Қаржы нарығын реттеудің
моделдері. Қаржы нарығын реттеудің әдістері. Қазакстан Республикасының
қаржы нарығын реттеудің заңнамалық негізі. Қазақстан
Республикасының "Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу мен қадағалау тұралы" заңы.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің қызметінің негізгі бағыттары. Экономиканы ақша-несиелік реттеу. Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің лицензиялау қызметі.

Агенттік кызметінің негізгі бағыты. Агенттіктің негізгі қызметкері. Агенттің кызметтері. Агенттіктің басқару органдары. Лицензияны алу үшін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына қойылатын талаптар.


1. Баймұратов О. Қазақстан қаржы нарығы: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2007. -Әлемдік экономикалық ғылым. Сер. 7-том.- 296с.

2. Қаржы нарығы және делдалдары Ұ.М. Искаков, Д.Т. Бохаев, Э.А. Рузиева, Алматы, 2008ж.

3. Мақыш С.Б. Банк ісі: Оқулық.-Алматы: Жеті жарғы, 2009. – 552 бет.





15-Тақырып. Өзін-өзі реттеу ұйымдары

Қаржы нарығындағы кәсіби қатысушылардың өзін-өзі реттеу ұйымдарының ролі өзін-өзі реттеу ұйымдарының түсінігі. Өзін-өзі реттеу ұйымдарының негізгі міндеттері. Қазақстанның өзін-өзі реттеу ұйымдарының қызметі. Kәcіби қатысушылардың өзін-өзі реттеу ұйымдарының ережесі.

1. Баймұратов О. Қазақстан қаржы нарығы: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2007. -Әлемдік экономикалық ғылым. Сер. 7-том.- 296с.

2. Қаржы нарығы және делдалдары Ұ.М. Искаков, Д.Т. Бохаев, Э.А. Рузиева, Алматы, 2008ж.


&&&


###001-006#1.6 СӨЖ тақырыптары тізімі және мазмұны
Кесте 3 - СӨЖ тақырыптары тізімі және мазмұны



СӨЖ тақырыптары

СӨЖ мазмұны

Тапсыру мерзімі (апталар)

Баллдар

1

2

3

4

5

1

Қазақстандағы ақша нарығының анықтамасы, қазіргі жағдайы

Ақша нарығының құралдары.. Вексель айналысы. Банктік акцептер. Чекпен есеп айырысу. Төлем міндеттемелері, төлем талаптары. Аккредитивтер. Пластикалық карточкалармен есеп айырысу.

3




2

ҚР–ғы валюталық нарықтың проблемалары, тенденциялары, перспективалары


Қазақстанның валюталық саясаты: жағымды тенденциялары және қарама-қайшылықтары.

Қазақстанда валюталық дағдарыстың пайда болу мүмкіндігіне талдау



6




3

Қазіргі кездегі ҚР бағалы қағаздар нарығына талдау


Қазақстандық қор нарығының биржалық айналымына талдау

ҚР туынды бағалы қағаздарды реттеудің заңдылық тәжірибесі




9




4

ҚР қазіргі кездегі сақтандыру нарығына талдау


Қазақстандағы сақандыру нарығының дамуы. Сақтандыру нарығының қазіргі жағдайы. компанияларының турлері. Қазақстандағы сақтандыру компанияларының қызметі.

12




5

Қазіргі кездегі ҚР зейнетақы нарығының қызмет ету мәселелері мен оларды шешу жолдары.


Қаржы нарығы жүйесіндегі зейнетақы нарығының орны.. Ынтымақтастық зейнетақы жүйесі. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі. Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесін жетілдіру.

15



&&&


###001-007#1.7 Пәнді оқу бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулар

Курс барысы: 15 тақырып жинақталып «Қаржы нарығы және делдарлары» курсының барлық тақырыптамасын қамтиды.

Аудиторлық дәрістік курс студенттердің білімін жүйелеудің негізгі және маңызды қайнар көзі болып табылады.

Дәрістер – оқу жұмысының формасы, оның мақсаты берілген пәннің теоретикалық сұрақтарын логикалық формада қарастыру.

Дәрістің негізгі арналамы болып ғылыми білімнің негізін сала отырып, негізгі бағыттары мен мазмұнын және оқу жұмыстарының барлық түрлерінің мінезін, соның ішінде студенттердің өздік жұмыстарын анықтау. Бұл пәнді жетістікті оқудың шарты болып тәжірибелік (семинарлық) сабақтарды жүргізу болып табылады.

Тәжірибелік сабақтар – оқу жұмысының бір формасы болып табылады, ол студенттердің дербестігін, іскерлігін және дағдысын дамыту үшін бағытталған.

Тәжірибелік (семинар) сабақтар жоспар бойынша өткізіледі, студенттердің сабаққа жүйелі түрде дайындалуын талап етеді. Тәжірибелік сабақтар пәннің неғүрлым қиын сұрақтарының терең зерттелуіне мүмкіндік жасайды және студенттердің өздік жұмыстарының нәтижесіне бағалаудың негізгі формасы болып табылады. Мұның бәрі қазіргі маманға керекті дағдыларды игеруге көмектеседі.

ОСӨЖ орындаудың әдістемелік сипаттамасы: «Қаржы нарығы және делдарлары» пәннің орындау барысында әрбір студент шығармашылық жұмыс немесе эссе түріндегі ОСӨЖ жұмысын орындауға тиісті.

Эссе жұмыс тақырыбын ұстаздың өзі береді немесе студент өзі таңдап алады. Эссе жазудың басты мақсаты таңдалған тақырыпты қысқа түрде, бірақ тақырыпты толықтай атын, керекті ақпаратпен қамтамасыз ету. Бұл жерде студентке эссенің дайындау үшін берілген тақырыпты тек қана оқу курсынан бекітіп пайдалану сұрақтары ғана емес, сондай-ақ арнайы тиісті сұрақтарды зерттеу, статистикалық мәліметтер өзінен жұмыс істеп пайдалану, қаржы нарығындағы және жалпы қаржы жүйесіндегі мәселелермен айналысу талаптары қойылады.

Студент эссені дайындау кезінде барлық ақпарат көздерін пайдалану қажет. Сондай-ақ интернет желісінен де ақпарат қарастыру қажет. Егер берілген мәселе байыпта көзқарастар болса, студент оларды келтіріп дәлелдеу қажет.

Егер берілген тақырыпта сандық көрсеткіш мәліметтер кездесетін болса (нарық параметрлері, оның сегменттері, қатысушылар саны, эмиссия т.б.), онда жаңа мәліметтер сандар және олардың ақпарат қайнар көзі көрсетілуі қажет.

Кейбір тақырыптарды толығымен ашып көрсету қажет болады, бұл үшін экономикалық немесе қаржы анализ жасалынады және оның тек маңызды элементтері және қорытындысы ғана көрсетіледі.

СӨЖ орындаудың әдістемелік сипаттамасы: «Қаржы нарығы және делдарлары» курсы бойынша кредиттік формамен оқитын студенттер үшін СӨЖ реферат түрінде орындалады. СӨЖ орындауға кірісу алдында студент өз реферат тақырыбын зерттеп алу керек. Реферат А4 форматындағы стандартты ақ қағаздың бір жақ бетіне қолмен немесе компьютермен басылған әдіспен жазылуы тиіс. Екінші әдісті қолданған кезде мәтін Microsoft Word мәтіндік редакторында Times New Roman, 14 өлшем, дара жоларалық интервалымен компьютерде басылуы тиіс.

Реферат келесі жол мөлшерін қатаң түрді сақталуымен орындалады: сол жақ – 25-30мм, оң жақ – 10мм, үстіңгі және астыңғы жол мөлшері – 20мм. Қызыл жол 5 белгіге немесе 15-17мм-ге тең болуы тиіс. Тақырыптар мәтіннен бір жол үстінен және астынан бөлініп жазылады. Беттерді оң жақ үстіңгі бұрышта нөмірлеу керек. Реферат көлемі 5 беттен кем емес болуы тиіс. Рефератты орындағаннан кейін берілген тақырып бойынша пайдаланған әдебиеттер тізімін беру керек, қол қойып, күнді жазу керек. Бұл тізімде оқулықтар және периодикалық әдебиеттер шығу күндерінің мәліметтерімен қоса жазылады.

&&&

###001-008#1.8 Курс форматы



Қатысу - дәріске, практикалық сабақтарға міндетті түрді қатысуы. Егер сіз белгілі бір себептермен сабаққа қатыспасаңыз, онда таңдалмаған мәліметтер үшін жауапкершілікті өзіңізге аласыз.

Тәртіп - сабақ барысында бұзылған тәртіп үшін студент аудиториядан шығарылып және курс бойынша қанағаттанарлықсыз деген баға алады.

Бақылау тапсырмалары – олар міндетті түрде орындалып , белгіленген уақытта тапсырылуы керек. Мерзімінен кеш тапсырылған жұмыстардың бағасы кемітіледі.

Үй тапсырмасы - әрбір сабаққа студенттер әдебиеттердің негізгі және қосымша тізіміне сәйкес дайындалуы керек. Сабаққа кешігіп қалған немесе дәріске қатыспаған студенттер автоматтыы түрде 0 балл алады.

Тапрсырмаларды дайындау:

0 балл, кем тапсырғандардың баллдары кемітіледі.

&&&

###001-009#1.9 Курс саясаты



Сабаққа қатысу: Аудиторлық және тәжірибелік сағаттарға қатысу міндетті түрде. Белгілі бір себептермен қатыса алмаған жағдайда барлық өткізілген сағаттар бойынша меңгерілген материалдар бойынша жауапкер боласыз.

Тәртібі: Пәнді жүйелі түрде өткізуге кедергі жасау - аудиториядан шығарылу және/немесе курс бойы «қанағаттанарлық емес» бағасымен жазаланады.

Бақылау жұмыстары: Міндеті түрде орындалуы және бекітілген мерзімде өткізілуі керек. Кешіктіріліп өткізілген жұмыстардың бағасы автоматты түрде төмендетілген бағамен бағаланады.

Үй жұмысы: Әрбір сабаққа студенттер негізгі және қосымша әдебиет тізіміне сәйкес дайындалуы керек. Сабақта болмаған немесе кешігіп келген студенттерге автоматты түрде 0 балл қойылады.

Тапсырманы орындамау: 0 балл, жұмысты кешіктіріп тапсыру-баллды төмендету.

Межелік аттестация: Межелік аттестация қорытындылар сабаққа қатысу, студенттің өздік жұмысты бекітілген мерзімде орындау, сабақ кезінде ауызша немесе жазбаша жауап беру, межелік бақылау қорытындысының есебі негізінде қойылады.

Емтихан: Қорытынды емтихан рұқсат етілген барлық студенттер үшін емтихан билеттері немесе тест бойынша ауызша сұрау ретінде жүргізіледі. Емтихан барлық өткен материалды қамтиды. Емтихан кезінде көшіру қатаң түрде тыйым салынған.

&&&


###001-010#1.10 Баға қою саясаты

Рейтингтікті шығару сызба (мұғалімнің сабақ журналы бойынша толтырылады) көмегімен жасау ыңғайлы, мұнда рейтингті шығару үшін керекті көрсеткіштер әрбір ұяшықта баллмен берілген.

Сызбаға «өте оңды студент» енгізілген, ол әрқашан максималды мүмкін баллдар мөлшерін алады. Бұл өте оңды студенттің рейтингі 100% тең. Барлық студенттерді өте оңды студентпен салыстырады. Сызбаның әрбір бағанасына мұғалім студентті бағалайтын жұмыс түрлерін жазады:


  • Сабаққа қатысу;

  • ОСӨЖ орындау графигі бойынша аудиторлық бақылау жұмысын орындау (АБЖ);

  • СӨЖ орындау жоспары бойынша жазбаша талдамалық ұмысын (ЖТЖ) орындау;

  • Өздік жұмысы графигін орындау;

  • Студенттік конференция, пәндік олимпиадаларға және т.б. қатысу;

  • Басқа жұмыс түрлері.

Бір межелік бақылау жұмысы тапсырмаларының барлығын орындаған студент «өте оңды студент» секілді 100% алуы мүмкін.
4 Кесте -Студенттің рейтингін есептеу



Студент-

тің тізім

бойынша №


Са

Бақ


Қа

Қат


Ысу


Ү

Ж


А

Б

Ж



...

Ө

Ж

Г



1

Р1,

%


са

бақ


қа

қат


ысу

Ү

Ж


А

Б

Ж



...

Ө

Ж

Г



істеп

өтеу


2

Р2,

%


1. Иванов А.М.

15

30

-



10

55

44

25

40

35



20

30

205

80

2. Кажикенов Е.М.

18

40

40



20

118

94

20

45

40



20

-

243

95
















































к. Идеальдық студент

20

45

40



20

125

100

25

45

40



20

-

255

100

Иванов А.М. студенттің рейтингін есептеу мысалы:

Бірінші рейтинг:

.

Екінші (қорытынды) рейтингті есептеген кезде ∑1 нәтижесіне екінші кезең кезінде барлық жұмыс түрлері бойынша студенттің алған баллдарын қосу керек. Сондай-ақ стулент Ивановтың бұл баллдарға қоса тағы 30 балл бұрын орындалмаған АБЖ үшін қосылған. Сонда Ивановтың екінші рейтингі мынаған тең:

.

Егер студент ауырғаннан (сәйкес ұйымның құжатымен расталған) немесе басқа орынды себептермен сабақтан қалса, бекітілген уақытта межелік бақылауды тапсырмаса, ол межелік бақылауды индивидуалды түрде өтеуге құқығы бар. Бұл кезде институт директоры берілген құжаттарға сәйкес межелік бақылауды тапсырудың индивидуалды мерзімін қояды және студентке индивидуалды рейтинг ведомосін береді.

Студент пән бойынша қорытынды бақылауға жіберіледі, егер оның семестр бойынша жиынтық рейтингтік баллы 50%-дан көп немесе тең болса. Пән бойынша қорытынды баға шкала бойынша анықталады.

&&&


###001-011#1.11 Студент білімін бақылау

Студент пән бойынша қорытынды аттестация 50 % алған жағдайда емтиханды тапсыруға рұқсаты бар. Пән бойынша емтихан бағасы емтихан – (40%), қорытынды аттестация және бақылау (60%) модульдер бойынша бағаның максималды көрсеткіштерінің сомасы ретінде анықталады, ол 100% құрайды.


5 Кесте- Студент білімін бақылау



Студенттің тапсырмаларын және жұмыстарының түрлері

%

Балдар

1.

Дәрістерге қатысу

10

6

2.

Сабаққа қатысу және практикалық сабақтарда жауап беру .

15

9

3.

Үй тапсырмасын орындау.

10

6

4.

Жазбаша талдамалық жұмыстар (ғылым жұмыстар; реферат;кестелерді құру; графиктерді, слайдтерді, эконмикалық тапсырмаларды сөзжұмбақтарды құру).

30

18

5.

ОСӨЖ орындау графигі бойынша тапсырмалар және жаттығулар шешімімен аудиториялық бақылау жұмыстарын орындау.

15

9

6.

Бақылау жұмыс № 1

10

6

7.

Бақылау жұмыс № 2

10

6

Барлығы

100

60


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет