Kz $$$umkd name$пэоәК атауы


$$

Kz $$$umkd name$пэоәК атауы

3-003-000.3.3 Практикалық сабақ №3


бет3/3
Дата08.07.2016
өлшемі458.79 Kb.
#184545
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3

$$$003-003-000$3.3.3 Практикалық сабақ №3

{Сабақтың тақырыбы, жоспары}



Коллаж техникасы. Оның дайындау және орындау тәртібі.

  1. Студенттерге тәжірибелік тапсырманы орындау әдістерін көрсету.

  2. Тәжірибелік бөллім.

  3. Тапсырманы тексеру.

&&&

$$$003-003-001$3.3.3.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №3

Сабақ мақсаты:

студенттерге коллаж жасау технологиясын игерту, және шығармашылық тұрғыда жұмыстар жасату.



Әдістемелік ұсыныстар:

Мақсаты: студенттерге коллаж жасау технологиясын игерту, және шығармашылық тұрғыда жұмыстар жасату.

Қысқаша ақпаратт:

Коллаж (франц. collage – жапсыру, желімдеу) – бейнелеу өнеріндегі техникалық әдіс, кубизм, футуризм суретшілерінің шығармашылық ізденісі кезінде пайда болған бейнелеу өнерінің бір тәсілі. Бұл өнер ағымдары суретшілері қиялына байланысты кез келген өзіне ұнаған заттарды кескіндемесіне пайдаланған. Мысалы, суретшілер түрлі матаның, қағаз, газеттің қиындыларын, әйнек, түйме, фольга, ағаш қалдықтарын, т.б. пайдаланып (жапсырып, желімдеп), шығармшылық жетістіктерге жеткен. Кейіннен коллаж көркемдеу-безендіру саласында қолданылатын болды. Сонымен қатар Коллаж балалар шығармашылығында кең қолдау тапқан өнерге айналды. Олардың ой-өрісінің шыңдалуына үлкен әсер етті. Коллажды алғаш дамытқандардың ішінде суретші Пикассоныңң үлесі зор болды. Желімдеу ісінің негізіне желімнің ағаш бөліктеріне сіңіп, таралу процесі жатады. Желім жіңішке жіп тәрізді талшықтарымен үстіңгі қабаттарды бір-бірімен берік байланыстырады. Желімдеудің сапалы болуына көптеген факторлар әсер етеді. Солардың қатарында желімнің тиісті бөлшектерге неғұрлым терең әрі біркелкі сіңуін, желімделетін үстіңгі қабаттардың бір-бірімен өте тығыз байланысуын, ағаш материалдарының қаншалықты дәрежеде дымқыл екендігін, желімнің нақты кездегі жағдайын және сапасын, преске салған кездегі қысым күшін, сондай-ақ престен шыққаннан кейінгі төзімділік уақытын айтуға болады. Сонымен бірге желімдеудің сапасына әсер ететін фактор ретінде желімнің қаншалықты дәрежеде қоюлану керектігін де естен шығармау керек. Оған қосымша айтарымыз – желім қабатының қалыңдығы шамамен 0,1 мм болуы тиіс. Желімдеп құрастырудың беріктігі мен сапасы ағаш материалдарының дымқылдығы 12-15 пайыздан аспайтын кезде жоғары болады. Ағаш материалдарының дымқылдығы 8-10 % болған кезде өте жақсы, берік желімделеді. Өйткені ол желімнің құрамындағы суды өз бойына тартып алады. Желімдеп жапсырылатын үстіңгі беттердің жағдайына келетін болсақ, олардың аздаған кедір-бұдырлау болғаны, жете өңделмегені мақұл. Өйткені бұл жапсырылатын үстіңгі қабаттардың желіммен жапсырылатын аумағын арттыра түседі.

Желімдеу технологиясымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері: 1. Керекті жеріне аздап қана жақ. 2. Көлемді нәрсе желімдегенде, желімді әуелі оның ортасына жақ, сосын оны таяқшамен тарат. 3. Жолақша немесе майда нәрсе желімдегенде абайла. 4.Желімдеген бөліктің үстінен таза қағаз жауып, сыртынан қолыңмен сипап бас. 5. 5-10 минут салмақтылау, тегіс затпен бастыр. 6. Желімдеп болған соң міндетті түрде қолыңды сабындап жу. 7. Жапсырмалау өнері қай халықтың өнерінде болса да кездеседі. Әсіресе қолданбалы өнерде алатын орны ерекше. Бұл өнер түрі Батыста, орта Азияда жақсы дамыған.
«Жапсырма», «Аппликация», латынның «жабыстыру, қиыстыру» деген сөзінен шыққан. Жапсырмалау өнерін қолданылатын материалдарына қарай үш түрге бөледі:
- түрлі-түсті қағаз, қатты картонмен орындалатын жапсырма;
- Әр түрлі мата, киіз, тері, мақта, қауырсын, жіп т.б. материалдарды қолданумен орындалатын жапсырма;
- табиғи материалдармен (сабан, ши, қамыс, дәндер т.б.) қолданумен орындалатын жапсырма. Материалдар. Коллажды орындауда тіпті қажетсіз болып жатқан кез-келген материалдарды алуымызға болады. оларға : әр түрлі фактурадағы маталарды, қағаз, жіп, тері, киіз, моншақ, түйме, бисерлерді жатқызуымызға болады. бұл арада сол материалдардың түстік шешімін таба отырып олардың жеке фактуралық ерекшеліктерін ескере отырып, жапсыру. Және жалпы коллажды орындаған кезде оның композициялық тақырыбынан ауытқып кетуге болмайды. Суретші коллажды бірден орындамасы бұрын кішкене ізденіс эскиздерін орындап алған жөн. Сонда суретші өзінің композициясында не өргісі келетіндігін толығымен көз алдына келтіре алады. эскизге байланысты материалдардың фактуралық ерекшеліктерін ескере отырын панно бетіне жапсыра беруіне болады. Жалпы композицияның сәтті орындалуы, оның негізіне байланысты. негізгі материалдар коллажда қолданылатын маталарды анықтайды. Масылы: картонда қағаз қиындыларын жапсыруымызға болады; жеңіл матада жіптерді қолдануымызға болады.

Ең алдымен негізі болатын материалды, мысалы матаны, рамкаға керіп аламыз. Кей жағдайда рамканың орнына матаны картонға немесе қатты ватман бетіне жапсыруымызға болады. Алдын-ала қолданылатын материалдарды қиып негігі материалдың бетіне орналастырып аламыз. ең бірінші коллажды қағаздан істеп көрген жөн. Түрлі түсті қағаздарды таңдап алып, бірден оларды қиып ұқыптап жапсыру керек. Келесі жұмысты матадан жасауға болады. матаны үтіктеп дайындап алып оны түстік шешімдерін орналастырып алып, әр түрлі геометриялық формада қиып алып негізгі материалға жапсыруымыз керек. Жалпы маталардың формаларымен олардың түстікорналасуы арқылы суретші өзінің сол мезеттігі көңіл-кұйін бейнелейді. Осы жаттуғалардан кейін бір негізгі материалға әртүрлі материалдарды орналатырып жапсыруға болады. Негізгі материалдың бетіне қосымша материалдардың нобайын салып алуға болады сонда суретші өзінің композициясын орындаған тәжірибе үстінде олардың орындарын ауыстырып жапсыруға мүмкіндік береді.



&&&

$$$003-003-002$3.3.3.2 №3 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

1.Коллаж деген не?

2. Коллажды қандай материалдардан жасауға болады?

3. Коллаж жұмыстарына қандай желімдерді қолдануға болады?


&&&

$$$003-004-000$3.3.4 Практикалық сабақ №4

{Сабақтың тақырыбы, жоспары}



Макраме өнері. Түйін түрлері. Схемалар.

  1. Студенттерге тәжірибелік тапсырманы орындау әдістерін көрсету.

  2. Тәжірибелік бөллім.

  3. Тапсырманы тексеру.

&&&

$$$003-004-001$3.3.4.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №4

Сабақтын мақсаты:

студенттерге макраме өнері, түйіндерді жасау технологиясын игерту және шығармашылық тұрғыда жұмыстар жасату.



Әдәстемелік ұсыныстар:

МАКРАМЕ (өрнектеп тоқу) – белгілі ретпен орналасқан әр түрлі түйіндердің көмегімен тоқу. Түйіп тоқу арқылы әр алуан өрнек шығаруға болады. Тоқу үшін әр түрлі жуандықтағы жіптер, баулар, таспалар пайдаланылады. Ұсақ бұйымдарды әбден ширатылған жіңішке жіптерден тоқиды. Тоқу үстінде керамикалық, ағаш және моншақтар мен сақиналарды қолдануға болады. Бір затқа ілініп қойып немесе арнаулы тоқу жастығын пайдаланып тоқуға болады. Жұмыс жастығын (размері 50 х 3 х 10) поролоннан немесе қалың резинадан оңай жасап алуға болады. Мұны матамен қаптайды. Дайын жастықты ағаш тұғырыққа (желімдейді немесе қағып кереді) бекітеді. Тоқуды бастамас бұрын керіліп тұратындай етіп арқау жіпті түйреуішпен жастыққа түйреп қояды. Оған өріс жібін іле де, бұйымды тоқиды. Кейбір түйіндерді жасауда (мысалы, бұршақ) темірден жасалған шағындау тоқыма ілмек қажет.

Жұмыс барысында 3 жіпті: тоқу үшін жіпті бекітіп қоятын арқау жіпті (мұның орнына тақтайша, шығыршық пайдалануға да болады); түйіндерді байлайтын түйін және түйін түйетін өріс жіптерін ажырата білу керек. Жіпті ілмекке шалу. Бірінші әдіс: өріс жіпті тең ортасынан бүктеп арқау жіптің астыңғы жағынан алады, ілмекті жіпке ілдіріп, екі ұшын ілмектен өткізеді. Екінші әдіс: жіпті екі бүктеп, арқау жіптің астынан алады да, жіптердің ұшын ілмектен өткізеді. Жіпті репс түйінмен шалу. Жіпті бірінші әдістегідей етіп шалады. Сосын өріс жіпті арқау жіптің жоғарғы жағынан шалып алып, ұшын ілмектен өткізеді де түйген түйіндердің жан-жағынан әр жіптен бір-бір орам жасайды. Жалпақ түйін. Жалаң қабат түйінді оңға сол жақтағы өріс жібін түйін жіптің үстіне, оң жақтағы өріс жібін сол жақтағы жіптің үстіне салады. Одан кейін түйіннің астынан өткізіп, сол жақтағы өріс жібінің үстінен суырып алады. Сол жақтағы жалаң қабат түйін – оң жақтағы өріс жібін түйіннің үстіне, сол жақтағы өріс жібін оң жақтағы өріс жібіне салып, түйіннің астынан өткізеді де, оң жақтағы өріс жібіне салып, түйіннің астынан өткізеді де, оң жақтағы өріс жібінің үстінен суырып алады. Оң және сол жалаң қабат түйіндерді қайталау арқылы еспе бау жасауға болады. Қос түйін – оңнан жалаң қабат түйін, содан кейін – солдан жалаң қабат түйін жасайды. Қос түйінді қайталаудан жалпақ бау жасалады. Жалпақ бауды бірнеше жіптен де тоқуға болады, үлгіде (түйін ішінде немесе онымен қатар) сандық белгіде (жіп саны) қойылады. Мысалы, 1 – 3 – 1 (түйінді 5 жіптен жасайды: 3 – түйін жіп және жан-жағынан бір-бірден өріс жібі). Репс түйін. Оң жақтағы түйін жіпті оң қолмен алып, өріс жібінің үстінен ұстайды. Сол қолмен өріс жібін ұстап, түйін жіпті айналдыра орайды. Түйінді тағы бір рет қайталайды. Сол жақтағы түйін – жіпті сол қолмен алып, өріс жібінің үстінен ұстайды. Оң қолмен өріс жібін ұстап, түйін жіпті айналдыра орайды. Түйінді тағы бір рет қайталайды. Тұтас жібек жіптегі әр түрлі тоқу жібінен жасалған бірнеше репс түйін брида құрайды. Ол түйін жіпті көлденең ұстаса – көлденең, егер оны бұрыштата ұстаса – еңкіш болуы мүмкін. Ілмек түйін. Өріс жібін түйін жіпке салады. Оны түйіннен өткізіп, өріс жібінің сыртынан тартады. Шынжыр түйін. Ілмек түйінді оңнан және солдан алады. «Ұлу қабыршағы». Екі қос тегіс түйін (1 – 2 – 1 ); төрт еңкіш брида. Түйін дөңес болып шығуы үшін шеткі екі бриданы керіп, ортаңғы екеуін сол күйінде қалдырады. Бриданың астынан екі қос тегіс түйін жасайды (1 – 2 – 1 ). «Бұршақ» тегіс қос түйіндерден тұрады. 4 қос тегіс түйіннен бау жасайды. Түйін жіптерді жоғары қайырып, оларды баудың үстіндегі түйін және өріс жіптерінен өткізеді. Бұдан соң түйін жіптерді баудан шығыршық жасалатындай етіп тартады. Бауды жалаң қабат тегіс түйінмен бекітеді.Баудағы қос қабат түйіндердің саны үлгіде цифрлармен көрсетілген. Шашақтарды орау қосымша жіптен жасайды. Оның бір ұшы ұзын, екінші ұшы қысқа болатындай етіп орналастырады. Қысқа жағының ұзындығы орамның ұзындығымен тең. 5 – 7 сантиметр қосымша болуы керек. Жіпті шашақ жасайтын бір буда жіпке төменнен қайырылатындай, ал ұштары жоғары қарайтындай етіп орайды. Қысқа шағын және шашақ жасайтын бір буда жіпті ұзын жағымен жоғарыдан төмен қарай орайды. Орам жіптің қайырылған жеріне 1 – 2 сантиметрдей жетпеуі керек. Жіптің қалған ұштарын ілмектен өткізіп, ілмекті қысқа ұштан жоғары қарай тартып орамды бекітеді.

Сумка. Жуандығы 2,5 мм келетін 234 метр бау мен диаметрі 1 сантиметр 4 металл шығыршық дайындайды. Сосын әрқайсысы 5 метрден 46 жіп; ұзындығы 1,5 метр 1 жіп және ұзындығы 70 сантиметр 3 жіп кеседі. Әуелі үлгі бойынша сумканың бауын жасайды: 2 шығыршық алып, оны бір-бірінен 25 сантиметр қашықтықта жұмыс жастығына бекітеді. Шығыршықтың біреуіне ұзындығы 5 метр жіптен ілмек өткізіп, оның екі ұшын екінші шығыршыққа тартады. Сөйтіп арасындағы жіп 8 қабатқа жеткенше шығыршықтарды жіппен орайды. Жіптің қалған екі ұшынан бір шығыршықтан екіншісіне дейін (2) тегіс бау (1 – 8 – 1) тоқиды. Ұзындығы 1,5 метр қосымша жіп алып, оны екі қабаттайды, оған репс түйінмен әрқайсысының ұзындығы 5 метрден 44 жіп өткізеді. Арқау жіптердің ұшын шығыршыққа бекітіп, сумканы айналдыра тоқиды. Бастапқы бриданың астынан ұзындығы 70 сантиметр қосымша жіптен 2 – бриданы тоқиды. Бұдан соң сумканы үлгі бойынша жасайды. Жұмыс біткен соң сумканың ішкі жағын аударады. Қарама-қарсы жақтардың жіптерін жәй түйіндермен жалғап инемен тігеді, артық қалған жіптерді кесіп тастайды.

Алқа. Бұған жуандығы 1 мм 14 метр жіп және диаметрі 8 мм моншақ алынады. Әрқайсысының ұзындығы 60 сантиметр 14 жіппен 2,5 метр 2 жіп кесіп алады. Алқаны үлгі бойынша тоқиды: ұзындықтары 60 сантиметрден екі жіп алып, ортасынан бастап екі жағына түйін бау (ұзындығы 2 сантиметр) жасайды. Бауды екі бүктеп, бұдан пайда болған 4 ұштан қос тегіс түйін жасайды (1 – 2 – 1 ), баудан ілмек (петля) жасайды. Тегіс түйіннен түйіндейтін жіпті алып, оған өріс жібімен репс түйін салады. Репс түйінмен осы жіпке әрқайсысының ұзындығы 60 сантиметр 6 жіп өткізеді. Брида жасайды. Бриданың астынан 2 брида салады. Алқаны «ұлу қабыршағының» суретіндей етіп тоқиды. Моншақты алқаның дәл ортасына орналастырады, оның мөлшері бір (ұлу қабыршағының) үлкендігіндей болуы тиіс. Жіптің қалған ұштарын кесіп тастайды (1 сантиметрге дейін), теріс жағына аударып, бекітеді (тігеді немесе желімдейді). Бауды бөлек тоқиды: ұзындығы 2,5 метрден 2 жіп алады, қажет ұзындықта түйін бау тоқиды. Баудың ұштарын алқадағы ілмекке өткізіп, екі ұшын біріктіреді (тігеді немесе желімдейді), содан кейін жалғанған жерді жіппен орайды. Газет салғыш. Бұған жуандығы 2 мм 300 метр жіп: диаметрі 1 сантиметр 9 ағаш немесе пластмасса моншақ, әрқайсысының ұзындығы 40 сантиметр ағаш тақтайша керек. Газет салғыш: негізгі және қалта бөліктерден тұрады. Негізгі бөлік: әрқайсысы 4 метрден 42 жіп кеседі. Жіптерді екі бүктеп, тақтайшаға шалып іледі. Үлгі бойынша тоқиды. Қарсы кездесетін еңкіш екі бриданың түйін жіптерін моншақтап өткізеді (1). Ұзындығы 40 сантиметр қосымша жіпте көлденең брида тоқиды (2). Қалта бөлік. Әрқайсысы 2 метрден 42 жіп кесіп алады. Жіптерді екі бүктеп, репс түйінімен 2-тақтайшаға шалып іледі. Бұдан соң үлгі бойынша тоқиды. Қалта бөлік пен негізгі бөлікті біріктіру үшін негізгі бөліктің жіптерінен біріншіден 0,5 сантиметр қашықтықта 2 – көлденең брида тоқиды. Бриданы 3-тақтайшада жасайды. Қалта бөлікті негізгі бөлікке беттестіріп, қалта бөліктің жіптерін екі көлденең бриданың арасы (тақтайшалардың үстінен) арқылы негізгі бөліктің екінші жағынан ілгішпен шығарады. Қалтаны бекіту үшін қалтаның екінші жағындағы жіптерден көлденең брида жасайды. Содан соң әрқайсысының ұзындығы 16 метрден 2 жіп және ұзындығы 4 метрден 1 жіп алады. Оларды ортасынан жұмыс жастығына бекітіп, ортадан 3 жіптен ширатпа бау жасайды. Түйін жіптің ұзындығы 4 метр, өріс жібінің ұзындығы 16 метр. Баудың ұзындығы бір жағына қарай 30 сантиметр болады. Одан кейін баудан жіптер арқылы газет салғыштың жоғарғы тақтайшасынан солға және негізгі бөліктен оңға қарай репс түйіндер жасайды. Ширатпа бауды қалта тақтайшасына дейін тоқиды. Сондай-ақ қалта тақтайшасына репс түйіндер жасайды және бауды 3 – тақтайшаға дейін тоқиды. 3-тақтайшада репс түйіндер түйіп, жұмысты шағын шашақтар жасаумен аяқтайды. Шалма белбеу. Бұған екі түсті жіп алынады: 29 метр қоңыр, 14 метр ашық түсті, 6 метрден 4 қоңыр; 6 метрден 2 ашық; 2 метрден 2 қоңыр; 2 метр 1 ашық және 1 метр 1 қоңыр жіп қиып алады. Жіптерді жұмыс жастығына ортасынан мына тәртіппен түйрейді: ұзындығы 6 метр – 1 қоңыр; 2 метр – 1 қоңыр; 6 метр – 1 қоңыр; 6 метр – 1 ашық; 2 метр – 1 ашық; 6 метр – 1 ашық; 6 метр – 1 қоңыр; 2 метр – 1 қоңыр және 6 метр – 1 қоңыр жіп. Белбеуді ортасынан бастап екі жаққа бірдей үлгі бойынша: ұзындығы 1 метр (1) қосымша қоңыр жіпте 4 көлденең брида, әрқайсысы 3 жіп ілмек түйнектен жасалған үш бау (2) 9 жіптегі ілмек түйнектен жасалған бір бау (1 – 7 - 1) салып тоқиды. Ортадағы 3 жіпті қиып, олардың ұштарын баудың ішкі жағына бекітеді (4). Белбеуді әрқайсысының ұзындығы 20 сантиметр 3 бөлек түйін баумен бітіреді.

&&&

$$$003-004-002$3.3.4.2 №4 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

1. Макраме түйіндерінің түрлері?

2. Жіптің ұзындығын өлшеу?

3. Макраме өнерінде қолданатын жіптердің түрлері?

4. Макраме техникасында қандай бұйым жасауға болады?


$$$007-000-000$3.7 Білімді бақылау бөлімі

...


&&&

$$$007-001-000$3.7.1 1-модуль бойынша тапсырма

{Әдістемелік нұсқаулар және тапсырма}



Сәндік-қолданбалы өнерінің түрлері . Ою-өрнек және оның түрлері. Сәндік-қолданбалы өю-өрнектің жазықтық негіздегі белгі, заңдылықтары. Ою-өрнектік композиция құрастыру.

Баға студенттердің орындаған жұмысының сапасына қарай қойылады. Курстын тақырыптық жоспарына сәйкес 1 шығармашылық жұмыс орындалу керек: А3 форматта ою-өрнекті композиция құрастыру.



&&&

$$$007-001-001$3.7.2 2-модуль бойынша тапсырма

{Әдістемелік нұсқаулар және тапсырма}



Аппликация /жапсырмалау / –сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын көркемдеу техникасы. Шығу тарихы Аппликацияның түрлері.

Баға студенттердің орындаған жұмысының сапасына қарай қойылады. Курстын тақырыптық жоспарына сәйкес 1 шығармашылық жұмыс орындалу керек: А3 форматта сюжеттік аппликация құрастыру.


&&&

$$$007-001-002$3.7.3 3-модуль бойынша тапсырма

{Әдістемелік нұсқаулар және тапсырма}



Коллаж техникасы. Оның дайындау және орындау тәртібі.

Баға студенттердің орындаған жұмысының сапасына қарай қойылады. Курстын тақырыптық жоспарына сәйкес 1 шығармашылық жұмыс орындалу керек: А3 форматта табиғи материалдардан коллаж құрастыру.


&&&

$$$007-001-002$3.7.3 3-модуль бойынша тапсырма

{Әдістемелік нұсқаулар және тапсырма}



Макраме өнері. Түйін түрлері. Схемалар.

Баға студенттердің орындаған жұмысының сапасына қарай қойылады. Курстын тақырыптық жоспарына сәйкес 1 шығармашылық жұмыс орындалу керек: Макраме техникасында шығармашылық жұмыс орындау.


Өте жақсы деген бағаға–барлық жұмыстар аяқталып, ұқыпты, таза орындалу керек, жұмыста шығармашылық тәсілдеме байқалу керек. Жұмысқа қосымша түрлі эскиздер жасалған, нобайы болуы керек. Жақсы деген бағаға - барлық жұмыстар аяқталған болу керек, ұқыпты, таза орындалу керек. Жұмысқа қосымша түрлі эскиздер жасалған, нобайы болуы керек. Қанағаттанарлық деген бағаға - барлық жұмыстар аяқталған болу керек.Жұмысқа қосымша түрлі эскиздер жасалған, нобайы болуы керек.Қанағаттанарлық емес деген баға, егерде студент курстын тақырыптық жоспарына тиісті жұмыстарды орындамаса, орындаған жұмыстары алда жазылған талаптарға сай келмесе қойылады.
&&&

$$$007-001-004$3.7.5 1-межелік бақылау тестілері

1. Табиғи материалдарының түрлері, олардын қасиеттері, сапалық айырмашылықтары туралы мәлімет.

2. Ою-өрнек туралы тарихи мәлімет беру.

3. Табиғи материалдармен жұмыс әстеуге арналған құралдар.

4. Ою-өрнек түрлері?

5.Аппликация және оның түрлері.

6. Жазықтық, көлемді, рельефті аппликация.

7. Аппликация туралы тарихи мәлімет.

8. Аппликацияға арналған материалдар мен құралдар.

&&&

$$$007-001-005$3.7.6 2-межелік бақылау тестілері

1.Коллаж деген не?

2. Коллажды қандай материалдардан жасауға болады?

3. Коллаж жұмыстарына қандай желімдерді қолдануға болады?

4. Макраме түйіндерінің түрлері?

5. Жіптің ұзындығын өлшеу?

6. Макраме өнерінде қолданатын жіптердің түрлері?

7. Макраме техникасында қандай бұйым жасауға болады?




$$$007-001-007$3.7.7 Емтихан сұрақтары немесе тестілер үлгілері

Бақылау сұрақтар:

1. Табиғи материалдарының түрлері, олардын қасиеттері, сапалық айырмашылықтары туралы мәлімет.

2. Ою-өрнек туралы тарихи мәлімет беру.

3. Табиғи материалдармен жұмыс әстеуге арналған құралдар.

4. Ою-өрнек түрлері?

5.Аппликация және оның түрлері.

6. Жазықтық, көлемді, рельефті аппликация.

7. Аппликация туралы тарихи мәлімет.

8. Аппликацияға арналған материалдар мен құралдар.

9.Коллаж деген не?

10. Коллажды қандай материалдардан жасауға болады?

11. Коллаж жұмыстарына қандай желімдерді қолдануға болады?

12. Макраме түйіндерінің түрлері?

13. Жіптің ұзындығын өлшеу?

14. Макраме өнерінде қолданатын жіптердің түрлері?

15. Макраме техникасында қандай бұйым жасауға болады?



&&&

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет