Л. Б. Гончаров атындағЫ Қазақ автомобиль жол институты күндізгі және сырттай оқыту нысандары бойынша экономикалық мамандықтар студенттері үшін диплом



жүктеу 0.96 Mb.
бет1/5
Дата01.07.2016
өлшемі0.96 Mb.
  1   2   3   4   5


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Л.Б.ГОНЧАРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АВТОМОБИЛЬ - ЖОЛ ИНСТИТУТЫ

Күндізгі және сырттай оқыту нысандары бойынша экономикалық мамандықтар студенттері үшін

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫН

ОРЫНДАУ ЕРЕЖЕСІ

АЛМАТЫ- 2010

Құрастырушы: Екеева З.Ж. э.ғ.к., доцент,

Байжаксынова Г.К., э.ғ.к., доцент

Күндізгі және сырттай оқыту нысандары бойынша 050506 «Экономика», 050511 «Маркетинг», 050509 «Қаржы», 050508 «Есеп және аудит», 050507 «Менеджмент» экономикалық мамандықтары студенттері үшін диплом жұмысын орындау ережесі.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының 5.03.016-2009 «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Жоғары оқу орындарында диплом жұмысын (жоба) орындау ережесі» (2009 жылдың 01 қыркүйегінде енгізілген) талаптарына сәйкес құрастырылған.

Рецензент:



э.ғ.д., Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ

«Экономиканы мемлекеттік реттеу»

кафедрасының меңгерушісі Маянлаева Г.И.

«Экономика» қафедрасының мәжілісінде қарастырылған.


Қаулы № 2 от «8 қазан» 2010 жыл
Кафедра меңгерушісі, э.ғ.к.,доц. _______________ Екеева З.Ж.

Л.Б.Гончаров атындағы ҚазАЖИ Оқу-әдістемелік кеңесі басып шығаруға ұсынған.

Қаулы № 2 от «21 қазан» 2010 жыл.
ОӘК төрағасы, т.ғ.к., доцент _____________ Айдарбеков Е.К.
Мазмұны






Кіріспе...........................................................................................................................

4










1

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ……………………..…

5

1.1

Диплом жұмысының мақсаты және міндеттері…..….……………………………..

5

1.2

Диплом жұмысының тақырыбын қалыптастыру……………………………….….

6

2

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ, КӨЛЕМІ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ ……….…

8

2.1

«Экономика», «Маркетинг», «Қаржы», «Менеджмент» мамандықтары үшін диплом жұмысының мазмұны және құрылымы…..………………………………..

8


2.2

«Есеп және аудит» мамандығы үшін диплом жұмысының мазмұны және құрылымы ……………………………………………………………………….…....

12


2.3

Диплом жұмысының аңдатпасына қойылатын талаптар ……………………….…

14

2.4

Мәтінді баяндау тілі және стилі ……………………………………………………..

14










3

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫН ОРЫНДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ……………………..

15

3.1

Диплом жұмысының тақырыбын таңдау және тапсырманы рәсімдеу ………...…

15

3.2

Диплом жұмысына материал жинау………………………………………………..

17

3.3

Жұмысты ұйымдастыру және диплом жұмысын орындау барысын бақылау …...

17

3.4

Ғылыми жетекшінің міндеті. ……..…………………..……………………………...

18

3.5

Диплом жұмысына сын-пікір берушінің міндеті ………………………………..…

19










4

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫН РӘСІМДЕУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ ………………………...…

20

4.1

Диплом жұмысын рәсімдеуге қойылатын талаптар……………………………….

20

4.2

Диплом жұмысын қорғауға ұсыну тәртібі және диплом жұмысын қорғауды ұйымдастыру.................................................................................................................

23














Қосымшалар..................................................................................................................

25











КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыс – бұл Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының 5.03.016-2009 «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі жоғары оқу орындарында диплом жұмысын (жоба) орындау ережесі» (2009 жылдың 01 қыркүйегінде енгізілген) талаптарына сәйкес, студенттің Л.Б. Гончаров атындағы ҚазАЖИ-де оқуының соңғы кезеңінде өз бетімен орындалатын жазбаша ғылыми-зерттеу бітіру жұмысы болып табылады.

Диплом жұмысын орындау бойынша Ережені әзірлеудің мақсаты – экономикалық мамандық студенттеріне диплом жұмысын міндетті талаптар, ережелер, ұсыныстарға сәйкес орындауға көмектесу.

Диплом жұмысын орындау бойынша Ережеде диплом жұмысының ғылыми деңгейіне, орындалу сапасына, тәжірибелік ұсыныстарға қойылатын талаптар қарастырылған.

Диплом жұмысын орындау бойынша Ереже дипломдық жұмыстың мамандық бойынша теориялық білімі мен практикалық дағдысын жүйелеуге, бекіту мен кеңейтуге және нақты ғылыми, техникалық, экономикалық, өндірістік, сонымен қатар мәдени мақсаттарды шешуге; ғылыми зерттеу әдісін меңгеру және өз бетінше жұмыс жүргізе алу мен мәселелерді шешу кезіндегі эксперимент жүргізу дағдыларын дамыту; студенттің қазіргі заманғы өндіріс, ғылым, техника, мәдениет және кәсіби құзырлылық жағдайындағы өзбетілік жұмысқа дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Диплом жұмысын орындау бойынша Ереже диплом жұмысын орындау және рәсімдеуде күндізгі және сырттай бөлім студенттеріне, ғылыми жетекшілерге әдістемелік көмек көрсетуге арналған.

1 ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ


    1. Диплом жұмысының мақсаты және міндеттері

Дипломдық жұмыс – бұл Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының 5.03.016-2009 «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Жоғары оқу орындарында диплом жұмысын (жоба) орындау ережесі» (2009 жылдың 01 қыркүйегінде енгізілген) талаптарына сәйкес, студенттің оқуының соңғы кезеңінде өз бетімен орындалатын жазбаша ғылыми-зерттеу бітіру жұмысы болып табылады.

Дипломдық жұмыс мамандық бойынша теориялық білімі мен практикалық дағдысын жүйелеуге, бекіту мен кеңейтуге және нақты ғылыми, техникалық, экономикалық, өндірістік, сонымен қатар мәдени мақсаттарды шешуге; ғылыми зерттеу әдісін меңгеру және өз бетінше жұмыс жүргізе алу мен мәселелерді шешу кезіндегі эксперимент жүргізу дағдыларын дамыту; студенттің қазіргі заманғы өндіріс, ғылым, техника, мәдениет және кәсіби құзырлылық жағдайындағы өзбетілік жұмысқа дайындығын анықтауға бағытталған [3].

Дипломдық жұмыстың мазмұны диплом алдындағы тәжірибе өту базасына сәйкес келіп, келесі талаптарға жауап беруі тиіс:



  • сәйкес мамандық пен ғылым саласы бойынша ғалымдар, аналитиктер, практиктер өткізген зерттеулер мен жобалар шешімдерінің қорытындылануы;

  • зерттелген обьектілер бойынша ғылыми негізделген теориялық тұжырымдардың болуы;

  • нақты мәселелерді шешуді қамтамасыз ететін ғылыми негізделген нәтижелердің болуы;

ҚР МЖМБС 5.03.016-2009 сәйкес диплом жұмысының тақырыптары:

  • мамандықтарға және мамандарды даярлау бағытына сәйкес болуы қажет;

  • қазіргі жағдай мен болашақтағы экономикалық ғылымның дамуына сай болып, экономика мәселелері мен шынайы міндеттерін есепке алуы керек;

  • шығарушы кафедрада әзірленіп, факультеттің ОӘК-де қаралып бекітіледі;

  • диплом жұмысы тақырыптарының 30%-ы жыл сайын жаңартылып отырылуы тиіс.

Дипломдық жұмысты жазуда әрбір студентке кеңес беру және қадағалау мақсатында кафедраның ПОҚ-нан ғылыми зерттеу, басылым салалары студенттің мамандығына сәйкес келетін профессорлар, доценттер, тәжірибелі оқытушылары ғылыми жетекші ретінде тағайындалады.

Диплом жұмысын орындаудың мақсаты:



  1. мамандық бойынша теориялық білім мен тәжірибелік дағдыны жүйелендіру, бекіту, кеңейту және оны нақты ғылыми, экономикалық, өндірістік мәселелерді шешуде қолдану;

  2. өз бетінше жұмыс істеу дағдысын дамыту, ғылыми зерттеу әдістемесін меңгеру және қарастырылып отырған мәселелер мен сұрақтарды шешуде эксперимент жасап үйрену;

  3. қазіргі өндіріс жағдайында студенттің өз бетінше жұмыс істей білуін анықтау және оның кәсіби құзыреттілігін бағалау.

Дипломдық жұмысты жазу үшін бітіруші кафедра ұсынысымен әрбір студентке ғылыми жетекші тағайындалады және дипломдық жұмыс бірқатар талаптарға сай болуы керек:



  1. ғалымдар, талдаушылар, практиктер, менеджерлер, экономистер жүргізген зерттеу нәтижелерін, жобалық шешімдерді қорытындылау;

  2. зерттеліп отырған объект бойынша ғылыми негізделген тұжырымдардың болуы;

  3. қолдану барысында нақты міндеттердің шешілуін қамтамасыз ететін ғылыми негізделген нәтижелердің болуы.

Осыған орай дипломдық жұмысты орындау барысында келесі міндеттер шешіледі:

    • зерттеудің өзектілігін дәйектеу, ғылыми әдістерді қолдану арқылы зерттеу объектісіне сәйкес қойылған мақсаттар мен міндеттерді шешу;

    • зерттеу тақырыбы бойынша теориялық мәліметтерді логикалық түрде көрсетіп, аналитикалық мәліметтерді талдау;

    • шаруашылық субъектінің экономикалық қызметін жетілдіру және зерттеу пәнінің даму перспективасын анықтау бойынша сенімді және нақты ұсыныстар беру;

    • жұмыстың қорытынды тарауында негізгі ұсыныстар мен қорытындыларды тұжырымдау.

Дипломдық жұмыс нақты бір шаруашылық субъектісінің қаржы-шаруашылық қызметі материалдары негізінде орындалады. Әдетте мәліметтерді студент диплом алдындағы тәжірибені өту барысында жинайды.

Дипломдық жұмыстың нәтижесі Мемлекеттік аттестациялау комиссиясының ашық мәжілісінде қорғау және дипломды қорғаушыға сәйкес мамандық бойынша «бакалавр» академиялық дәрежесін беру болып табылады.


1.2 Диплом жұмысының тақырыбын қалыптастыру
Дипломдық жұмыстың тақырыбы кафедра мәжілісінде бекітілген тақырыптар тізімінен таңдалады. Студентке диплом жұмысының тақырыбы диплом жұмысы қорғалатын оқу жылының басында анықталып, Л. Б. Гончаров атындағы ҚазАЖИ ректорының бұйрығымен бекітіледі. Дипломдық жұмыстарды жазу тәжірибесі жұмыс тақырыбын таңдауға арнайы әдебиет көздерін алдын-ала зерттеу, тәжірибе өту орнында жұмыс істейтін мамандармен, кафедра оқытушылармен кеңесу басты ықпал ететінін көрсетеді. Дипломдық жұмысты жазу үрдісі, яғни оны дайындау, орындау және қорғау, өзара байланысты бірнеше кезеңдерден тұрады:

    • тақырыпты тандау (өтініш);

    • зерттеу мәселесі бойынша әдебиет көздерін тандау;

    • ғылыми жетекшіні тағайындау;

    • дипломдық жұмысты жазу кезіндегі ұйымдастырушылық құжаттарды дайындау (тапсырмалар, күнтізбелік жоспар кестесі);

    • дипломдық жұмысты жазу және көркемдеу талаптарымен танысу;

    • іріктеліп алынған әдебиет көздерін ғылыми тұрғыдан жинақтап қорыту және зерттеудің теориялық тарауын мазмұндау;

    • диплом алдындағы тәжірибе өту барысында жиналған талдаулық мәліметтерді қолдану;

    • зерттеудің конструктивтік тарауын дайындау (зерттеу мәселесі бойынша ұсыныстар);

    • белгіленген талаптарға сәйкес жұмысты безендіру;

    • дипломдық жұмысты қорғау күнінен бір ай бұрын ғылыми жетекшіден жұмыс жайлы пікір алу;

    • дипломдық жұмысты қорғау күнінен бір ай бұрын ғылыми жетекшінің пікірі бар жұмысты кафедраға ұсыну;

    • кафедра менгерушісінің жұмысты қорғауға рұқсаты берілгеннен кейін қорғау күнінен екі апта бұрын сыртқы рецензентке дипломдық жұмысты жіберу және жазбаша түрдегі рецензия алу;

    • қорғауға шығарылатын мәліметтерді кесте және сурет түрінде көркемдеп , баяндама жазу;

    • мемлекеттік аттестациялық комиссия алдында жұмысты қорғау.

Жұмыстың тақырыбы студенттің теориялық біліміне, ғылыми қызығушылықтарына және диплом алдындағы тәжірибені өту орнына немесе жұмыс орнына (сырттай және кешкі бөлім студенттері үшін) байланысты таңдалады. Сонымен қатар студентке жұмыс тақырыбының өз нұсқасын ұсыну құқығы беріледі (тақырыпты ашуда жеткілікті теориялық және тәжірибелік мәліметтер болып, кафедра меңгерушісі рұқсат берген жағдайда). Мұндай жағдайда студент таңдаған тақырыбының негіздері дәлелденген тұжырымдамасын немесе осы тақырыпқа тапсырыс берген мекеменің хатын кафедраға тапсыруы керек.

Сырттай бөлімде оқушыға диплом жұмысын (жобаны) өндірістік қажеттілікке сәйкес таңдап алуына рұқсат беріледі

Дипломдық жұмыстың тақырыптары кафедра мәжілісінде бекітіледі. Тақырыпты таңдаған кезде оның өзектілігін, қаншалықты дәрежеде зерттелгенін, студенттің тәжірибелік мағұлматтарды жинаудағы жеке қызығушылықтарын ескеру қажет. Әдебиеттерді таңдау барысында бірден іріктеліп алынған басылымдардың библиографиялық тізілімін құрастыру қажет.

Ғылыми жетекшімен жұмыстың тақырыбын келісіп тандағаннан кейін студент кафедра меңгерушісінің атына осы тақырыпта жұмыс жазу үшін рұқсат алу мақсатымен өтініш жазады. Диплом алдындағы тәжірибені өту орнына және студенттің өтінішіне сәйкес кафедра студенттерге тақырыптарды және ғылыми жетекшілерді бекіту туралы шешім қабылдап, оны университет бойынша бұйрықпен бекітуге ұсынады.

Ғылыми жетекші студентке ғылыми-әдістемелік көмек ұсынады. Ол:


    • дипломдық жұмыстың жоспарын жасауға қатысады, жоспар уақыт өте келе нақтылануы мүмкін ;

    • дипломдық жұмысты орындау тапсырмаларын береді;

    • студентпен бірге дипломдық жұмыстың орындалуының барлық кезеңіне күнтізбелік жоспар кестесін жасайды (Қосымша В). Күнтізбелік жоспар кесте – бұл студент пен ғылыми жетекшінің біріккен жұмысын анықтайтын жұмыс құжаты болып табылатындықтан пікір және рецензиямен бірге дипломдық жұмыстағы конвертке салынады;

    • студентке дипломдық жұмыстың мазмұнына байланысты қажетті негізгі, анықтамалық, статистикалық әдебиеттер және т.б. көздер бойынша кеңес береді;

    • күнтізбелік жоспар кестеге сәйкес белгіленген жұмыстардың уақытылы және сапалы орындалуын қадағалай отырып, кеңес беру кестесін құрайды;

    • диплом жұмысының (жобаның) барлық тарауының көлемін белгілейді және диплом жазушы мен кеңес берушінің жұмысын үйлестіреді.

    • дипломдық жұмыстың орындалуы аяқталғаннан соң, жұмыс жайлы пікір жазады. Оның мазмұны белгіленген талаптарға қаншалықты сәйкес екенін көрсетіп, қысқаша мінездеме береді.

Дипломдық жұмыс тақырыбы таңдалғаннан кейін ғылыми жетекші жұмыс бойынша тапсырма береді. Диплом жұмысына тапсырма келесілерді қамтиды:

    • дипломдық жұмыс тақырыбы, оны университет бойынша бекіту бұйрығының нөмірі, уақыты;

    • дипломдық жұмысты өткізу уақыты;

    • студенттердің дайындаған бастапқы материалдар мен дерек көздерінің сипаттамаларынан (өндірістік, диплом алды практика есебі, ҚР статистика бойынша Агенттігі мәліметтері, қызмет етуші субъектілердің есебі, бастапқы ақпараттар);

    • студент қарастыратын сұрақтар тізімі;

    • ұсынылатын әдебиеттер тізімі;

    • кестелік материалдар тізімі (кесте, сурет).

Диплом жұмысының тақырыптарының мүмкін бағыттары 1 қосымшада берілген.

2 ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ, КӨЛЕМІ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ
2.1 «Экономика», «Маркетинг», «Қаржы», «Менеджмент» мамандықтары үшін диплом жұмысының мазмұны және құрылымы
Мазмұны бойынша диплом жұмысы жоғары оқу орнының нақты бір мамандық студентінің өз бетімен орындаған ғылыми жұмысы болып табылады.

Диплом жұмысы мазмұнының негізін таңдалған тақырып бойынша зерттеу нәтижелері құрайды. Материал қысқа, түсінікті, жақсы редакцияланған, тәжірибелік есептеулерді қамтыған болуы керек.

Сөздерді және атауларды қысқартуға болмайды.

Диплом жұмысының көлемі 60-90 парақты құрайды. Қосымшалар көрсетілген көлемге кірмейді.



Диплом жұмысының құрылымы

Диплом жұмысының құрылымдық элементтеріне келесілер кіреді:



  1. мұқаба (Қосымша 3);

  2. титулдық парақ лист (Қосымша 4);

  3. диплом жұмысын орындауға тапсырма (Қосымша 5);

  4. қазақ, орыс, ағылшын тілінде аңдатпа (Қосымша 6);

  5. - мазмұны; (Қосымша 7)

  6. - кіріспе;

  7. негізгі бөлім;

  8. - қорытынды;

  9. пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

  10. - қосымшалар.

Мұқаба

Мұқабада келесі мәліметтер болады:

- диплом жұмысы орындалған ұйымның атауы,

- студенттің аты-жөні,

- дипломдық жұмыс тақырыбының атауы,

- жұмыс түрі – дипломдық жұмыс ,

- мамандық шифры және атауы,

- қала, жыл.

Мұқаба 3 қосымшаға сәйкес рәсімделеді.

Титул беті диплом жұмысының бірінші беті, ол белгіленген қатаң тәртіппен толтырылады.

Титул бетіне келесі мағлұматтар келтіріледі:

– диплом жұмысы орындалған ұйымның атауы,

– диплом жұмысы орындалған кафедра атауы;

– жұмыс түрі –дипломдық жұмыс;

– «тақырыбына» деген сөздің көрсетілуімен, диплом жұмысы тақырыбының атауы,

– мамандықтың атауы және шифры,

– сол жағында «орындаған», қарама-қарсы оң жағынан студенттің тегі және аты жөні,

– бір жол төмен «ғылыми жетекшінің ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы» және тегі мен аты жөні,

– кафедра меңгерушісі мен деканның қолы;

– қала және жыл көрсетіледі.

Титул беті жалпы беттердің нөмірленуіне қосылады, бірақ оған нөмір қойылмайды.



Титул беті 4 қосымшаға сәйкес рәсімделеді.

Жұмыстың «Мазмұнында» кіріспе, барлық тараулардың, параграфтардың атауы, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі, қосымшалардың атауы және әрқайсысының басталу беттері көрсетілуі керек. Тараулардың және параграфтардың атауын қысқартып жазуға, басқа түрде келтіруге немесе орындарын ауыстырып жазуға тыйым салынады.

Мазмұны 7 қосымшаға сәйкес рәсімделеді.



Кіріспе (көлемі 2-4 парақ)

«Кіріспеде» жұмыстың ең өзекті мәселелерін, мақсаты мен міндеттерін, ғылыми жаңалығы, зерттеу объектісі мен пәнін, зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері, сонымен қатар оның тәжірибелік маңыздылығы мен жариялымдылығын (ғылыми мақалалары, конференция баяндамалары болған жағдайда) көрсету қажет. Кіріспе мен қорытынды – бұл дипломдық жұмыстың ең маңызды тараулары, өйткені осы тарауларды оқыған кезде жазылған жұмыстың сапасы туралы алғашқы ой-пікір қалыптасады.

Дипломдық жұмыстың мақсатын тұжырымдау нарықтағы (кәсіпорындағы) мәселелерді талдап, экономикалық құбылыстардың арасындағы заңдылықтарды табуға бағытталуы керек. Әдетте дипломдық жұмыстың мақсаты екі бөлімнен тұрады: біріншісі – «зерттеу» деген сөзбен басталады (зерттеу мәселесі), ал екіншісі – осы мәселені шешетін ұсыныстарды әзірлеу (немесе даму перспективаларын анықтау).

Дипломдық жұмыстың міндеттері мақсатына байланысты анықталады. Онда төмендегідей сөздер қолданылады: талдау, әзірлеу, жалпылау, дәлелдеу, ендіру, зерттеу, анықтау, көрсету, сипаттау, жүйелеп баяндау, ұсыныстар ұсыну, болжамдар жасау, өзара байланысын анықтау, болашақтағы дамуын айқындау.

Міндеттерді анық тұжырымдау маңызды, өйткені міндеттердің мазмұны, тізімі және олардың орындалуына байланысты дипломдық жұмыстың құрылымы анықталып, сәйкес тараулардың атаулары белгіленеді.



Дипломдық жұмыстың пәні оның тақырыбымен анықталады және зерттеу объектісінің даму болашағын сипаттайтын шаруашылық-экономикалық қатынастардың жиынтығын зерттеудің авторлық ыңғайын көрсетеді. Зерттеу объектісі ретінде − нақты шаруашылық немесе нарық субъектілерінің экономикалық қызметі алынады.

Кіріспе Мазмұны 7 қосымшаға сәйкес рәсімделеді.



Негізгі бөлім (60-80 парақ)

Диплом жұмысының негізгі бөлігінде, орындалған дипломдық зерттеулердің мәнін, мазмұнын, әдістемесі мен диплом жұмысының негізгі қорытындыларын білдіретін мәліметтер келтіріледі, ол жекелеген бөлімдер мен параграфтардан тұрады.

Жұмыста жүйелеу мен қисынды жазу талаптарын қатаң сақтау негізінде үшінші тараудың мазмұны бірінші және екінші тараулардың негізгі тұжырымдарын, ал екінші тарау – бірінші тарауда жасалған теориялық-әдістемелік сипаттағы қорытындыларды қамтуы тиіс.

Жұмыстың бірінші тарауы (көлемі 2-3 параграф, 20-25 парақ) теориялық сипатта болады. Ол зерттеу тақырыбын ғылыми-теориялық және әдістемелік тұрғыдан, ғылыми әдебиеттерді және ресми мәліметтерді (нормативтік-құқықтық құжаттарды, статистикалық ақпаратты, ағымдық басылымдарды) сыни талдау, сонымен бірге зерттеу тақырыбындағы әр түрлі көзқарастарды жалпылау негізінде жазылуы тиіс. Жұмыста шетелдік тәжірибе қарастырылуы керек. Бұл тарауда зерттелетін үрдістің мәнін, мазмұнын, ұйымдастырылуын және оның құрамдастарын терең зерттеп, оны салыстырмалы талдау арқылы негіздеп, өз ұсынымын көрсету қажет.

Бірінші тарауда әдебиет көздері мен басқа материалдар негізінде зерттеу мәселесіне теориялық талдау жүргізіліп, мәселе теориясының қазіргі жағдайы туралы шетелдік және отандық ғалымдардың, әйгілі практик мамандардың түрлі ойлары жалпыланады. Бірінші тарауда түсініктемелік-категориялық аппараты айқындалып, қолданылатын негізгі терминдердің анықтамалары мен түсініктемелері беріледі.

Сонымен қатар берілген мәселені шешу бойынша қолданылатын экономикалық заңдар мен заңдылықтар және оған ықпал етуші әлеуметтік, ұйымдастырушылық, саяси алғышарттары анықталуы қажет. Мәселеге байланысты көрсеткіштер тобы, көрсеткіштердің қарқындылығының (немесе пропорцияларының) сандық бағалауы, өзара байланысы көрсетілуі керек. Жалпы экономикалық міндеттердің қойылуы мен негізделуі беріледі.

Бірінші тараудың соңында мәселе теориясы бойынша қысқаша қорытындылар жасалып, оны практикалық зерттеу қажеттілігі негізделеді.


  1   2   3   4   5


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет