ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫ ЖОСПАРЫ
ӘДІСТЕМЕЛІК ТАҚЫРЫП: Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы түлектердің құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған білім берудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру.
ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ МАҚСАТЫ: педагогтердің шығармашылық белсенділігінің дамуына педагогикалық жағдай жасау, өзін-өзі жетілдіру негізінде олардың құзыреттілігі мен педагогикалық шеберлігінің артуын қамтамасыз ету.
МІНДЕТТЕРІ:
педагогикалық ұжымның ғылыми-әдістемелік жұмысқа дайындық деңгейін көтеру;
аттестаттау, курстық даярлау және оқытудың өзге де тәсілдері арқылы педагог кадрлардың сапалық құрамының өсуіне, өздігінен білім алу және өзін-өзі дамыту,кәсіби біліктілік пен шеберлікті арттыру үрдістеріне әдістемелік көмекті жүзеге асыру;
арнайы пәндер бойынша оқулықтар мен электрондық оқу-әдістемелік кешендер жасақтау;
педагогикалық ұжымның даму мониторингін жүйелі жандандыру;
тез өзгеретін жағдайға бейімделетін бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауға әдістемелік көмек көрсету жұмысын жалғыстыру;
оқу үрдісіне кәсіби білім берудің заманауи инновациялық технологияларын енгізу: кредиттік-модульдік технологиялар (70 %); CLIL әдістемесі арқылы пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту (25%); конструктивті оқыту (55 %);
педагогтар мен білім алушылардың зерттеушілік жұмысын ұйымдастыру және жетілдіру, конференцияларға, байқауларға, конкурстарға қатысуын қадағалау (қашықтық, штаттық);
баспасөз беттеріне, әдістемелік сайттарға оқытушылардың мақалаларын жариялауға бағыт бағдар беру;
оқытушылар құрамының сапасын арттыру;
оқытушылар құрамының ғылыми дәрежесін көтеру: магистрлардың және магистранттардың ғылыммен айналысуына қолдау көрсету;
«Білім» бейіні бойынша жаңартылған типтік бағдарламалар негізінде педагогикалық, гуманитарлық колледж студенттеріне арналған оқулықтар жазуға қатысу;
халықаралық меморандумдар бойынша жұмыстарды жүзеге асыруды жалғастыру, жаңа байланыстар орнату мәселелерін іске асыру: Түркия, Ресей;
үштілді білім беруді дамыту: Ағылшын тілін меңгерту курстарын ұйымдастыру /педагогикалық ұжым/ – 50 %;
кәсіби білім берудің мазмұнын жаңғырту мақсатында бес мамандық бойынша білім бағдарламаларын іске асыруда ғылыми-ізденіс топтарын, авторлық ұжымдар, шығармашылық ұжымдардың жұмысын жалғастыру және жетілдіру;
академиялық дербестік аясында білім беру бағдарламаларын жасақтау, енгізу.
Достарыңызбен бөлісу: |