Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ХАБАРШЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКА сериясы, № 1•2019
41
ISSAI
5500-
5599
Апат зардаптарын алдын
алу мен жоюға бөлінген
қаражат аудиті бойынша
нұсқаулық
2013
Әрбір 5 жыл, алғашқы қайта
қарау 2018ж
ISSAI
5600-
5699
Эксперттік бағалау бойын-
ша нұсқаулық
2010
Әрбір 3 жыл, алғашқы қайта
қарау 2013ж
INTOSAI GOV
INTOSAI
GOV
9100-
9199
Ішкі бақылау
2007, 2010
Алғашқы қайта қарау 2016ж
NTOSAI
GOV
9200-
9299
IБухгалтерлік есеп стан-
дарттары
2010, 2013
-
Ескерту: кесте келесі әдебиет көздері негізінде автормен құрастырылған -[6],[7, 60 б.]
Экономиканың мемлекеттік секторындағы INTOSAI аудит стандарттарын 1-суретте
көрсетілгендей 3 топқа біріктіруге болады [3, 79 б.].
Сурет-1. INTOSAI аудит стандарттарының топтастырылуы.
(Ескерту: [3, 79 б.] әдебиет негізінде құрылған)
Жалпы стандарттар – тәуелсіздік, құзыреттілік, тиісті тексеру, іріктеу және оқы-
ту, сондай-ақ мемлекеттік аудиторлардың біліктілігін көтеру, нұсқаулықтарды дайындау,
біліктілікті қамтамасыз ету және т.б. мәселелерді анықтайды.
Рәсімдік стандарттар – жоспарлау, қадағалау және инспекциялаумен байланысты
мәселелерді анықтайтын аудитті жүргізу стандарттары. Сонымен қатар бұл стандарттар
келесі мәселелерді қамтиды: ішкі бақылау, заңдар мен нормативтік-құқықтық актілерді
сақтау, аудиторлық дәлелдемелер мен фактілерді жинау, аналитикалық процедураларды
қолдану.
Есеп беру стандарттары – толықтық, аяқталғандық, тақырыпқа сәйкес келу, уақы-
тылы есеп беру және т.с.с. талаптарға сай келетін есепті дайындау ережелерін анықтайды.
Отандық стандарттардың жіктелуіне келетін болсақ, оны келесідей жіктеуге болады (Сурет-2) [2]:
|