Л. Н. Гумилев атындағы



Дата19.06.2016
өлшемі21.2 Kb.
#147402



Л.Н. Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университетінің жанындағы «Отырар кiтапханасы» ғылыми орталығы






Научный Центр

«Отырар кітапханасы»

при Евразийском национальном университете им.Л.Н.Гумилева


00010, Астана қаласы

Янушкевич көшесі, 6 үй

тел/факс: 8 (7172) 37-12-12





00010, г.Астана,

ул.Янушкевича, д.6,

тел/факс: 8 (7172) 37-12-12

ҚАЗАҚ РУХАНИЯТЫНЫҢ ҚОРМАЛЫ

Қазақ елінің өңіріне ұлтының ырыс түймесі болып қадалған тағы бір нысаналы тұлғаның өмірі үзіліп түсті.

Сейіт Кенжеахметұлы - халқының бойындағы «қарапайымдылық» атты ұлы қасиетті табиғи түрде сіңірген, сол қасиетті өмір сүрудің өзегіне айналдырған, тіршіліктің бар тауқыметі мен қуанышын бастан кешіріп, әр адамның бойынан ізгілікті ғана іздеген, елінің ұмытқанын еске салып, халық жадының қормалына айналған, ағаларын – алақанында ұстаған, інілерін – ағаларынан да бетер құрмет тұтқан, әпке-қарындастарын қызындай сыйлаған, жабығып жүргенде – жаныңды жадырататын, қуанышыңа қуанышын үстеп қосатын, еліне деген езіліп тұратын ет жүрегіне шемен бітпеген, ешкімді жұмсамай – соның орынына өзін өзі жұмсайтын, ғұмыр бойы туған жері – Торғайына тамсанып, тауыса алмай өмір сүрген аяулы азамат еді.

Елінің алдындағы парызын толық өтеген, табиғат сыйлаған бар қасиетін халқы үшін несиесіз атқарған, дүниеге қарапайым қалпында келіп, қарапайым ғана қалпында ешкімге базына артпай өмірден өткен аяулы арысын – ағайын-жұрты, өзі жеті жыл қызмет істеп, қазақ этнография ғылымын әлемге танытқан «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығының алдына аза тұтып, асыл ұлды еліне - Торғайына, мәңгілік бақи сапарына аттандырып салды. Артында – жазылмған «Торғай» атты энциклопедияның беті ашық қалды. Ол арманды, сол жазылмаған тарихты соңында қалған жансүйер достары қаперінде ұстап, ұлағат алған інілері мен шәкірттері жүзеге асырады деген сенімдеміз. Оның айту мен жазуға таусылып бітпейтін мінезі мен ұстыны туралы жақсы сөздердің алдағы уақытта айтылары анық. Осындай аяулы азаматты өмірге әкеліп, халқына қалтқысыз қызмет етуге мүмкіндік берген Торғай еліне мың да бір тағзым.

Мәңгілік сапарың оң, көрден қияметқайымға дейінгі сапарыңда жаратқан Аллам алдыңа жарығын түсіріп отырсын.



Қадірлес інілерің – Қаржаубай Сартқожаұлы, Тұрсын Жұртбай, Несіпбек Айтұлы.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет