L. N. Gumilyov Eurasian national university Баспасөз хабарламасы 2015 жылы 16



Дата01.07.2016
өлшемі15.32 Kb.
#171190

Баспасөз хабарламасы

2015 жылы 16 маусымда сағат 15.00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Евразия» спорт кешенінде (Ы.Дүкенұлы көшесі, 23) ҮІІІ Жазғы Универсиада аясында 23 команда арасындағы еркін күрестен жарыстың салтанатты ашылуы болады. Оған Астана, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Тараз, Шымкент, Талдықорған, Семей, тағы басқа жоғары оқу орындарының спортшылары қатысады.

Универсиаданың мақсаты - спортты насихаттап, дені сау ұрпақ тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастырып, дене шынықтыру арқылы денсаулықты нығайу, отансүйгіштікке тәрбиелеп, Әлемдік универсиада мен олимпиадалық ойындарда өнер көрсететін жас талантты спортшыларды іріктеп дайындау.

Биылғы жазғы универсиадада спорттың баскетбол, волейбол, жеңіл атлетика, еркін күрес, грек-рим күресі, дзюдо, тоғыз құмалақ, жүзу, бокс, қазақ күресі, бадминтон, таеквондо, футбол, шахмат, үстел теннис, карате-до, семсерлесу, жағажай волейбол, гандбол, садақтан ату, спорттық бағдарлау, бильярд, регби, самбо, кикбоксинг, жағажай футбол, теннис, оқ ату, ауыр атлетика және қоян-қолтық ұрыс түрлерінен белгіленген кесте бойынша «Жас батыр» спорт клубында, Назарбаев Университетінде, «Еуразия» спорт кешені мен ЕҰУ-дің №4 ғимараттарында жүріп жатыр.

Маусым айының бірінші жұлдызында басталған шара 20 маусымға дейін жалғасады.

Келіңіздер, көріңіздер!


Пресс-служба Баспасөз қызметі Press office

ЕНУ им.Л.Н.Гумилева Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ L.N.Gumilyov ENU

Казахстан,г.Астана,ул.Мирзояна 2 Қазақстан,Астана қ.Мирзоян 2 к-сі Kazakhstan,Astana,Mirzoyan st 2

Тел: +7 (717) 270-95-48 Тел: +7 (717) 270-95-48 Tel: +7 (717) 270-95-48



www.enu.kz www.enu.kz www.enu.kz

lyailyarahman@gmail.com lyailyarahman@gmail.com lyailyarahman@gmail.com



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет