L. N. Gumilyov Eurasian national university баспасөз-хабарламасы



Дата03.07.2016
өлшемі45.7 Kb.
#174119


БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМАСЫ
2014 жылдың 19 желтоқсанында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде (сағ. 10.00, Ғылыми кеңес залы, 259 ауд.Мирзоян көшесі 2, бас ғимарат) Алаш және Түркістан автономияларының 97 жылдығына арналған «Түркістан мұхтариятынан Алаш Автономиясына дейін: қазақ мемлекеттілігінің негіздері және тарихи сабақтастық» тақырыбында республикалық ғылыми конференция өтеді.

Совет тарихнамасында «Қоқан автономиясы» деп аталған Түркістан мұхтариятын құру туралы шешім Қоқан қаласында емес – Орынборда, тіпті IV төтенше жалпымұсылман сиезінде емес – Бүкілресейлік Уақытша үкіметтің құлауына қарамастан, оның комиссары міндетін атқара берген Әлихан Бөкейханның резиденциясында қабылданды. Оны 1917 жылғы аласапыран оқиғалардың белортасында жүрген башқұрт ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, Әлихан Бөкейханның саяси шәкірттерінің әрі үзеңгілестерінің бірі Заки Уәлиди Тоған (Ахмет-Заки Уәлидов) өз естеліктерінде айғақтайды. Заки Уәлидидің мәлімдеуінше, Петроградта Уақытша үкімет құлап, ізінше большевиктер Ташкенттегі билікті де басып алған соң, 1917 жылғы қазан айының соңы мен қараша айының басында Орынбордағы Уақытша үкімет комиссары Әлихан Бөкейханның резиденциясында бас қосқан Алаш қайраткерлері маңызды тарихи шешімге келді. Олар «Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалыс күшеймей, не Қазақстанда, не Башқұртстанда ол кең өріс ала алмайды» деген ортақ пікірге келді. Екі күндік қызу талас-тартыстан соң Мұхаметжан Тынышбайұлы, Мұстафа Шоқай және Заки Уәлиди Тоған Ташкентке, одан әрі қарай Қоқанға шұғыл түрде аттанады. Нәтижесінде 1917 жылдың 27 қарашасында «Түркістан мұхтарияты» немесе «Түркістан автономиясы» жарияланды.

Осындай маңызды тарихи оқиғаларды қазіргі отандық және кейбір шетелдік тарихшылардың бұрынғы советтік тарихнаманың «дәстүрін» жалғастырып, бұрмалап сипаттауы әлі де байқалады. Сондықтан отандық және шетелдік тарихи деректердегі Түркістан автономиясына қатысты біржақты тұжырымдардан арылып, тарихи шындыққа негізделген деректерді басшылыққа алатын уақыт келді. Қазіргі Орта Азия халықтарының ұлт-азаттық қозғалысына серпін беріп, Түркістан автономиясын құрудағы Алаш көсемдерінің ықпал-беделін, жетекші рөлін әділ бағаламау, сондай-ақ Қоқан автономиясының тарихи маңызын Алаш автономиясынан жоғары қою сияқты сыңаржақ көзқарас қалмай келеді. Мұстафа Шоқайды жетекші орынға қоямын деп, Түркістан автономиясының алғашқы премьер-министрі Мұхамеджан Тынышбайұлын рөлін төмендетіп, Ахмет-Заки Уәлидидің ықпалын таза естен шығаруды - тарих мойындамайды.

Конференция жұмысына «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысы мен Орта Азия елдерінің тарихын зерттеуші отандық және шетелдік ғалымдар, ҚР парламентінің депутаттары, қоғам қайракерлері, жоғары оқу орынының студенттері қатысады. Алаш қайраткерлерінің мұрағат мұралары, іргелі еңбектерінен кітап көрмесі ұйымдастырылады. Іс-шара барысы «Бабалар қорымындағы» хан Кенесары Қасымұлы сарбаздары және мемлекеті қайраткері Смағұл Садуақасұлы рухына құран бағыштаудан басталмақ. Алаш қайракерлерінің рухына арналып ас берілмек.

Ұйымдастыру комитеті.

Байланыс: (7172) 70-95-47 (сл.),

E-mail: alashorda2014@mail.ru


ПРЕСС-РЕЛИЗ

республиканской научно-теоретической конференции

«ОТ ТУРКЕСТАНСКОЙ АВТОНОМИИ (МУХТАРИАТА) К СОЗДАНИЮ АВТОНОМИИ АЛАШ: ИСТОКИ И ПРЕЕМСТВЕННОСТЬ КАЗАХСКОЙ ГОСУДАРСТВЕННОСТИ», посвященной 97-летию Алашской и Туркетанской автономий, которая состоится в 10.00 час. 19 декабря 2014 года в ЕНУ им. Л.Н.Гумилева (зал Ученого совета, ауд. № 259,ул.Мирзояна 2,главный корпус ЕНУ)

Решение о создании Туркестанской автономии (мухтариата), более известной как «Кокандская автономия», было принято не в Коканде, а в Оренбурге (!), и не на IV чрезвычайном Всемусульманском съезде, а в резиденции... Алихана Букейхана (!), казахского национального лидера, исполнявшего обязанности комиссара Всероссийского Временного правительства даже после его свержения 25 октября 1917 года. Об этом свидетельствует в своих воспоминаниях Заки Валиди Тоган (или Ахмет-Заки Валидов) - очевидец и непосредственный участник революционных событий в 1917 года, лидер башкирского национально-освободительного движения, один из учеников Алихана Букейхана. По его свидетельству, после свержения Временного правительства в Петрограде и захвата власти в Ташкенте, лидеры «Алаш», в конце октября – начале ноября 1917 года, собравшись в резиденции комиссара Временного правительства Алихана Букейхана в Оренбурге, пришли к мнению, что «пока освободительное движение не наберет силу в Туркестане, оно не развернется ни в Казахстане, ни в Башкортостане». После двухдневнего совещания, Мухамеджан Тынышбайулы (Тынышпаев), Мустафа Шокай и Ахмет-Заки Валидов выехали в Ташкент и далее в Коканд, где 27 ноября 1917 года было объявлено о создании «Туркестон мухториати» или «Туркестанской автономия».

Между тем в отечественной историграфии продолжается негативный опыт прошлого, когда те или иные важные исторические факты трактуются в угоду сиюминутным политическим интересам. Одним из них является как раз история «Туркестанской автономии. В трудах наших и зарубежных исследователей, Туркестанская автономия рассматривается как самостоятельная инициатива ее отцов-основателей и как самостоятельное автономное образование. В этих трудах роль и историческое значение Кокандской автономии ставится гораздо выше, чем Автономии Алаш. При этом исключительная заслуга приписывается одному Мустафе Шокаю, тем самым незаслуженно предавая Мухамеджана Тынышбайулы (Тынышпаев), в действительности первого премьер-министра Туркестанской автономии, и Ахмета-Заки Валиди - анафеме.

В работе коференции участвуют отечественные и ряд зарубежных ученых-историков, специализирующихся на исследовании истории движения «Алаш» и национально-освободительного движения в Средней Азии в целом, депутаты парламента РК, общественные деятели и студенты. Будет организована выставка книг, архивных материалов, распродажа сборников сочинений деятелей «Алаш». Мероприятие начнется с возложения венков на могилы воинов последнего казахского хана Кенесары и видного государственного деятеля Смагула Садуакасулы в «Бабалар қорымы».



После конференции будет дан ас в честь деятелей «Алаш».
Оргкомитет.

Контакты: (7172) 70-95-47 (сл.),

E-mail: alashorda2014@mail.ru



Пресс-служба Баспасөз қызметі Press office

ЕНУ им.Л.Н.Гумилева Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ L.N.Gumilyov ENU

Казахстан,г.Астана,ул.Мирзояна 2 Қазақстан,Астана қ.Мирзоян 2 к-сі Kazakhstan,Astana,Mirzoyan st 2

Тел: +7 (717) 270-95-48 Тел: +7 (717) 270-95-48 Tel: +7 (717) 270-95-48



www.enu.kz www.enu.kz www.enu.kz

lyailyarahman@gmail.com lyailyarahman@gmail.com lyailyarahman@gmail.com



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет