L. N. Gumilyov Eurasian national university баспасөз хабарламасы



Дата15.06.2016
өлшемі69.5 Kb.
#137296


БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
2015 жылы 27 қаңтар күні сағат 15.00-де бокстан 2012 жылғы олимпиада чемпионы, Вэл Баркер кубогының иегері, екі дүркін әлем чемпионы Серік Сәпиев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студентерімен кездеседі (Мирзоян к/сі 2, бас-әкімшілік ғимарат,208 ауд).

Шараның мақсаты – студент жастар арасында патриоттық-рухани тәрбиені өрістетіп, салауатты өмір салтын қалыптастыру, Қазақстанда спорттың дамуы мен оны насихаттау арқылы жастарды спортқа баулу.

Еуразия ұлттық университетінің студенттері, мұғалімдері, магистранттары және докторанаттары қатысатын кездесу барысында жеке азаматтық көзқарас, заңға құрмет, еңбексүйгіштік, әлеуметтік жауапкершілік, Қазақстан спортының қалыптасу жолы: бүгіні мен болашағы, жалпы былғары қолғап өнері туралы кеңінен сөз болады деп күтілуде.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Салауатты өмір салты – ұлт денсаулығының кепілі» деп атап өткен болатын. Қоғам қайраткерлері және даңқты спортшылармен кездесуді дәстүрге айналдырған Еуразия ұлттық университеті спорттың қай түрінен болса да биік белестерден көрініп келеді. Спортшыларымыз еліміздегі республикалық жарыстарда ғана емес, әлемдік додаларға да қатысып, көк байрағымызды төрткүл дүниенің төрінде желбіретіп жүр. Мәселен, Олимпиада және Әлем чемпионы Александр Винокуров жыл сайын жаңа оқу жылында магистрант ретінде сөз сөйлеп, студенттерімізді қанаттандырып отырады.



Сондай-ақ Айбек Нұғымаров – «Қазақстан барысы», Әлібек Уақпаев – ІІ Жазғы параазиялық ойындардың екі дүркін алтын жүлдегері, апалы-сіңілі Екатерина мен Александра Немич – ХVІІ Азия ойындарында синхронды жүзуден екі дүркін қола, үш дүркін күміс, екі дүркін алтын медаль иегері. Ал, Руслан Тезекпаев – джиу-джитсудан әлем чемпионы, Айболат Арынғазинов ҚР Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған «Үздік студент – 2014» байқауының жеңімпазы.


Пресс-служба Баспасөз қызметі Press office

ЕНУ им.Л.Н.Гумилева Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ L.N.Gumilyov ENU

Казахстан,г.Астана,ул.Мирзояна 2 Қазақстан,Астана қ.Мирзоян 2 к-сі Kazakhstan,Astana,Mirzoyan st 2

Тел: +7 (717) 270-95-48 Тел: +7 (717) 270-95-48 Tel: +7 (717) 270-95-48



www.enu.kz www.enu.kz www.enu.kz

lyailyarahman@gmail.com lyailyarahman@gmail.com lyailyarahman@gmail.com



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет