L. N. Gumilyov Eurasian national university баспасөз хабарламасы



жүктеу 16.25 Kb.
Дата27.06.2016
өлшемі16.25 Kb.


БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
2014 жылы 10 желтоқсанда сағ. 11.00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде (Мирзоян көшесі 2, бас ғимарат,302 ауд.) ЮНЕСКО этникалық және діни толеранттылық кафедрасының ұйымдастыруымен дәстүрлі «ТҮРЛІ-ТҮСТІ ӘЛЕМ: ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ СПЕКТРІ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Конференцияға Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰК-нің Қазақстан халықтар Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Башмаков Анатолий Афанасьевич, Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер министрлігінің Сыртқы саясатты сараптау және жоспарлау Комитеті төрағасының орынбасары Коңырбаева Алма Уәлиханқызы, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияның Бас хатшысы Өтегенова Әсел Ермекқызы қатысады.

Сондай-ақ, Ла-Плата ұлттық университетінің профессоры, Аргентина-Қазақстан сауда палатасының президенті  Пауло Ботта (Аргентина) «Көпмәдениеттілік: Латын Америкасының саясаты»; профессор, Халықаралық бейбітшілікті зерттеу ассоциациясы кеңесінің мүшесі, Хенрик Булленс (Дания) «Әскери немесе азаматтық резолюция: қазіргі ойды қайта қарау, түсінік, доктриналар және көзқарастар»; профессор, Халықаралық бейбітшілікті зерттеу ассоциациясы кеңесінің мүшесі, Итир Токсоз (Түркия) «Қауіпсіздік дилеммасынан толеранттылық спектріне дейін»; з.ғ.к., Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының профессоры Примашев Нұрзада Маханбетұлы «Тағаттылықтың тілдік факторы» тақырыбында баяндама жасайды.



Пресс-служба Баспасөз қызметі Press office

ЕНУ им.Л.Н.Гумилева Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ L.N.Gumilyov ENU

Казахстан,г.Астана,ул.Мирзояна 2 Қазақстан,Астана қ.Мирзоян 2 к-сі Kazakhstan,Astana,Mirzoyan st 2

Тел: +7 (717) 270-95-48 Тел: +7 (717) 270-95-48 Tel: +7 (717) 270-95-48



www.enu.kz www.enu.kz www.enu.kz

lyailyarahman@gmail.com lyailyarahman@gmail.com lyailyarahman@gmail.com



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет