L. N. Gumilyov Eurasian national university марат жыланбаевпен күзгі марафон



Дата29.06.2016
өлшемі18.06 Kb.
#165955

МАРАТ ЖЫЛАНБАЕВПЕН КҮЗГІ МАРАФОН

2015 жылдың 10 қазанында сағат 12:00-де Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ аймағында (бас ғимараттың алдындағы Ақбұлақ өзенінің жағасы) әлемнің ең үлкен шөлдерін жалғыз өзі жүгіріп өткен әлемге аты мәшһүр қазақ, әлемдік Гиннес рекордтар кітабына марафондық жүгіру бойынша 7 мәрте кірген рекордшы Марат Жыланбаев бастаған ЕҰУ студенттерінің қатысуымен марафон бастау алады.

ЕҰУ білім алушыларымен ұйымдастырылған спорттық іс-шара Қазақ хандығының 550 жылдығына орайластырылып отыр.

Негізгі жарыстан соң рекордшы студенттермен гір тасын көтеру, қол күрестіру, жүгірудегі кедергілер, арқан тартыс сынды спорттық ойындар мен жаттығулар кешенін жүргізбек.
Анықтама.

Марат Толегенович Жыланбаев - әлемнің ең үлкен шөлдерін жалғыз өзі жүгіріп өткен әлемге аты мәшһүр қазақ, әлемдік Гиннес рекордтар кітабына марафондық жүгіру бойынша 7 мәрте кірген рекордшы.

Ол 12 жасынан жеңіл атлетикамен, велосипед, шаңғы спортымен айналысқан. 1990 жылдан өте алыс қашықтықтарға жүгіруді (марафондық жүгіріс) бастап, осы жылы Барнаул қ-нда (Алтай өлкесі, Ресей) 85 км қашықтықты 6 сағ 43 мин 23 с-та жүгіріп өтті. Рекордтар кітабына енуі 23 күнде 23 марафондық жүгірісімен (күніне 42 км 195 м) басталды. Кейін 15 күнде 30 марафондық, жарты жылда 75 марафондық және бір жылда 226 марафондық жүгіріспен жалғастырды. Еуропаның ең биік шыңы – Эльбрусқа (5642 м) марафондық жүгіріспен 7 күнде (30.8. – 5.9. 1991 ж.) жүгіріп шықты. 20 күнде (2 – 22 сәуір, 1992 ж.) Қарақұм шөлін (1200 км), 24 күн ішінде (1993 ж.) Сахараны (Африка, 1700 км) жүгіріп өтті. Сол жылы Австралиядағы Виктория шөлін кесіп өтті. 1994 ж. үстінен құс ұшпайтын Мохави шөліне (Невада, АҚШ) жорық жасап, оны сәтті аяқтады. 1992 және 1993 жылдары еліміздің таңдаулы 10 спортшыларының қатарына енді. 
https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B0%D1%80%D0%B0%D1%82_%D0%A2%D3%A9%D0%BB%D0%B5%D0%B3%D0%B5%D0%BD%D2%B1%D0%BB%D1%8B_%D0%96%D1%8B%D0%BB%D0%B0%D0%BD%D0%B1%D0%B0%D0%B5%D0%B2

Пресс-служба Баспасөз қызметі Press office

ЕНУ им.Л.Н.Гумилева Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ L.N.Gumilyov ENU

Казахстан,г.Астана,ул.Сатбаева 2 Қазақстан,Астана қ.Сәтбаев 2 к-сі Kazakhstan,Astana, Satbayev st 2

Тел: +7 (717) 270-95-48 Тел: +7 (717) 270-95-48 Tel: +7 (717) 270-95-48



www.enu.kz www.enu.kz www.enu.kz

lyailyarahman@gmail.com lyailyarahman@gmail.com lyailyarahman@gmail.com



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет