Л. О. Әділханова Қазақ тілінен 9 – сынып оқушыларын мемлекеттік аралық бақылауға дайындауға арналған тест жинағы



бет4/13
Дата25.06.2016
өлшемі0.99 Mb.
#158521
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

І нұсқа


1.Сын есімнің неше шырайы бар?

а. 4 ә. 3 б. 2



2.Күрделі сын есім жалқы есім ретінде қолданғанда қалай жазылады?

а. Бас әріппен ә. Кіші әріппен б. Сызықша арқылы



3.Дұрыс жазылған сын есімді көрсет.

а. Сарығылт ә. Сарғылт б. Көгілдір



4.Асырмалы шырайда тұрған сөзді тап.

а. Қап – қалың ә. Қалың б. Аса қалың



5. Дұрыс жазылған есептік сан есімді көрсет.

а. 20 дәптерлер ә. 20 дәптер б. 20-дәптер



6. Бөлшектік сан есімді тап.

а. Оннан жеті ә. Ондап б. Ондаған



7. Заттың санын дәл атамай, шамалап көрсететін сан есімнің түрі ата?

а. Болжалдық сан есім ә. Жинақтық сан есім б. Топтау сан есім



8. Бүтін заттардың бөлшегін білдіретін сан есімнің түрі ата?

а. Бөлшектік сан есім ә. Жинақтық сан есім б. Топтау сан есім



10. Бәріне деген есімдік қай септікте тұр?

а. Барыс ә. Жатыс б. Табыс



11. Асты сызылған сөздің орнына тиісті есімдікті қой.

Үстелдің үстінде қағаз жатыр

а. ештеңе ә. мынау б. бірдеме


12.Дұрыс жазылған есімдікті көрсет.

а. Еш – бір ә. Әр – қайсысы б. Әлдекім



13.Қалау райдың жұрнақтарын көрсет.

а. ын, ін, н ә. са, се б. ғы, гі, қы, кі



14. Мен саған/ бару/ жатырмын деген сөйлемде етістікті көсемшеге айналдыр. Қандай жұрнақты қолданасың?

а. а ә. ып б.ғалы



15.Өткен шақтың жұрнағын тап.

а. сы, сі, с ә. ды, ді, ты, ті б. а, е, й



16. Осы шақтағы етістікті көрсет.

а.Біз сенбілікке бара жатырмыз ә. Олар ерте келді б. Ертең келетін болды



17.Қай сөйлемде келер шақтағы етістік бар?

а. Шешінген судан тайынбас ә. Оян, ойлан, ұрандас б. Кітапханадан кітап әкеледі.



18. Қай етістік қалау райда тұр?

а. Менің барғым келеді ә. Қазақша сөйлеуге тырысып жүрміз б. Ол мектепке барып келді



19.Көсемшенің жұрнақтарын анықта.

а. атын, етін ә. қан, кен б.ып, іп, п



20Туынды етістікті көрсет.

а. ойла, тұзда ә. кел, сырғана б. жаз, айт



21.Қазақ тілінде жалғаудың саны нешеу?

а. 5 ә. 4 б. 3



22.Етістіктің шақ категориясын белгіле?

а. Ашық, бұйрық, шартты ә. Өткен, келер, осы б. Өздік, ырықсыз, ортақ



23. Біз кешке жаяу асықпай қайттық деген сөйлемде неше үстеу бар?

а. 4 ә. 3 б. 2



24. Бастауыш болып тұрған үстеуді тап.

а. Ол сабаққа кешігіп келді ә. Ертең сенбілік болады б. Бүгін – ағамның туған күні



25. Туынды үстеуді белгіле.

а. Орысша ә. Бұрын б. Дереу



26. Көңіл-күй одағайларды тап.

а. жә, кәне, тәйт, тек ә. алақай, бәрекелді, әттеген- ай, уһ б. шөк, кә -кә, құру- құру, кіс – кіс



27.Шақыру одағайларды тап.

а. жә, кәне, тәйт, тек ә. алақай, бәрекелді, әттеген- ай, уһ б. шөк, кә -кә, құру- құру, кіс – кіс



28. Асты сызылған сөз қай сөз табына жатады? Жерде бірдеме қыбыр - қыбыр етеді.

а. Шылау ә. Одағай б. Еліктеуіш сөздер



29. Еліктеуіш сөздердің сөйлемдегі негізгі қызметі .......................

а. Пысықтауыш ә. Анықтауыш б. Бастауыш



30.Одағайлар сөйлем мүшелерінен ................. бөлінеді.

а. Үтір, леп белгісі ә. Қос нүкте, сұрау белгісі б. Үтір, сызықша



31.Заттың атын білдіретін сөз табын.............. дейміз.

а. сан есім ә. зат есім б. есімдік



32.Етістіктен жасалған зат есімді көрсет.

а. Айтыс, аялдама, білім, сызық, өлшеуіш ә. Тазалық, сұлулық, әдемілік,көркемділік б.Кісілік, достық, әдебиетші, ағартушы



33.Үстеуден жасалған зат есімді көрсет.

а. Аздық, көптік, жеңілдік ә. Зерттеуші, сезім, қысқыш б. Үлкен, алушы, сатушы



34.Бірге жазылатын күрделі зат есімді көрсет.

а. Балқаш көлі ә. Тас бақа б. Қант қызылшасы



35.Дефис арқылы жазылатын күрделі зат есімді көрсет.

а. Балқаш көлі ә.Ата ана б. Қант қызылшасы



ІІ нұсқа
1.Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

а. 8 ә. 9 б.10



2.Туынды зат есімді көрсет.

а. Қойшы, қалалық, айтыс ә. Бәйтерек, белбеу, тасбақа б. Ел, қала, ауыл



3.Жалқы есімді тап.

а. Өзен ә. Тау б. Алатау



4.Жалпы есімді көрсет.

а. Тау ә. Алатау б. Балқаш



5.Дара етістікті тап.

а. Ұйықтап жатыр ә. Құлай жаздады б. Жүгірді



6.Қатыстық сын есімді тап.

а. Сабырлы ә. Жаман б. Кең



7. Күрделі сын есімді көрсет.

а. Ауылдық ә. Қара ала б. Ашушаң



8. Сын есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

а. 3 ә. 2 б. 4



9. Заттың түсін, сапасын, сынын білдіретін сөз табын.............дейміз

а. зат есім ә. сан есім б. сын есім



10. Сан есімнің сұрақтары?

а. Неше?, қандай? ә. Қанша?, неше? б. Нешінші?, нешеу?



11.Басқа сөз таптарынан сан есім жасалады ма?

а. Жоқ ә. Иә



12.Сөйлемде сан есімдер негізінен ................. қызметін атқарады

а. Анықтауыш ә. Толықтауыш б. Пысықтауыш



13.Сан есімдер құрамына қарай нешеге бөлінеді?

а. 2 ә. 3 б. 4



14.Күрделі сан есімді тап.

а. Он бес ә. Бесеу б. Бесінші



15.Есім сөздердің орнына жүретін сөздерді................ деп атайды.

а. есімдік ә. Етістік б. зат есім



16. Есімдіктер мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

а. 7 ә. 6 б. 5



17.Сілтеу есімдігін көрсет.

а. Кім, неше, қанша ә. Бұл, мынау, анау б. Әркім, кейбіреу, әлдене



18. Жалпылау есімдігін тап.

а. Бәрі, күллі, барша, барлық ә. Ешкім, ештеңе, ешбір, ешқандай б. Бұл, мына, осы, олар



19.Болымсызық есімдігін тап.

а. Бәрі, күллі, барша, барлық ә. Ешкім, ештеңе, ешбір, ешқандай б. Бұл, мына, осы, олар



20.Етістік нені білдіреді?

а.Заттың атын ә.Заттың іс – қимылын б.Заттың сынын



21. Етістіктің сұрақтарын көрсет.

а. Нешінші? ә. Не істеді? б. Қандай?



22.Туынды етістікті көрсет.

а. Жазды ә. Келді б. Тазалады



23. Күрделі етістікті тап.

а. Ұйықтады ә. Құлай жаздады б. Жүгірді



24. Бұйрық рай етістікті сөйлемді тап.

а. Мен қалада оқығым келеді ә. Сен қалаға барып кел б. Ол ұйықтап жатыр



25.Үстеу дегеніміз...........................

а. Іс- қимылдың әр түрлі сапасын, мезгілін білдіреді ә. Заттың сапасын, сынын білдіреді б.Заттың іс- қимылын білдіреді



26.Үстеудің сұрақтарын ата.

а. Қайда?, қашан?, қанша? ә. Қайда?, қашан?, қандай? б. Қашан?, қанша?,қай?



27. Үстеулер құрамына қарай нешеге бөлінеді?

а. 2 ә. 3 б. 4



28. Негізгі үстеуді көрсет.

а. Қазір ә. Қасақана б. Ертелі - кеш



29. Бірігу арқылы жасалған үстеуді көрсет.

а. Үздіксіз, баяғыда, жаңаша ә. Әрең, дәл, жоғары б. Жаздыгүні, ешқашан, таңертең



30.Шылаулар нешеге бөлінеді?

а. 3 ә. 4 б. 2



31.Септеулік шылауды тап.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет