Л. О. Жандарбекова Қазақ тілі оқУ Әдістемелік қҰрал қарағанды 2008ж



бет1/9
Дата09.06.2016
өлшемі0.49 Mb.
#126127
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ

МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ

Л.О. Жандарбекова

ҚАЗАҚ ТІЛІ

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ




Қарағанды 2008ж

ӘОЖ 800


КБЖ 81 я 7

Ж 26
Рецензенттер:
Айкенова Р.А. - ҚММА қазақ және орыс тілдері кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к.

Жақанова Ж.Р. - Қарағанды облыстық тілдерді оқыту орталығының аға әдіскері


Ж 26 Л.О. Жандарбекова «Қазақ тілі» медициналық колледждің «Стоматология» мамаңдығының окушыларына арналған оку - әдістемелік құрал. Қараганда, 2008.

63 бет


Осы оқу-әдістемеліқ құралда граматиқалық тақырыптар және қазақ халқының Ұлы ғұламалары, салт-дәстүрлері туралы мәтіндерімен қатар, стоматология саласына қажет тақырыптар да қамтылды, жазба жұмыстары мен кейбір ресми іс қағаздарына да орын берілген.

Бұл құралды оку орыс тілінде жүретін топтардың студенттері мен оқушыларына және қазақ халқының тұлғаларымен әрі салт-дәстүрімен танысқысы келетін басқа ұлт өкілдері пайдалана алады.


Оқу-әдістемелік құрал Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясы медициналық колледж Әдістемелік кенесінің отырысында қаралды және мақұлданды 18.04.08 ж. № 5 хаттама

ҚММА Ғылыми кенесіне шығарылу үшін ұсынылды және бекітілді

28.04. 2008 ж. № 10 хаттама

Түсінік хат.

Өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді үйретудің сапасын арттыру бағытында көптеген еңбектер жарыққа шығып жатыр.

Медицина колледжінің “Стоматология” және “ Ортопедиялық стоматология» мамандықтарының 2 курс оқушылары үшін 36 сағатқа лайықталып жазылған оқу-әдістемелік құрал оқушыларға тіл үйрету мақсатымен бірге өзара сөйлесіп-сұхбаттасу және тапсырмалар мен жаттығулар орындау негізінде еркін қарым-қатынасқа жетелеу мақсатын көздейді.

Халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған ұлттық мұрасы мен озық мәдениетін, салт-дәстүрі мен дүние танымын оқу материалына енгізе отырып, оқушының бойында отансүйгіштіктің қалыптасуына ықпал етеді.

Еңбекте бағдарлама бойынша игерілуге тиісті грамматикалық және лексикалық тақырыптар берілді. Бұл тақырыптар оқушының сөздік қорын молайтып, ауызекі сөйлеу тілін жетілдіруге, сөйлеу дағдысының қалыптасып, кез келген жағдайда ойын еркін жеткізуге жетелейді, сөздерді тіркестіріп, сөйлем құрап, сауатты жазуға дағдыландырады.

Стоматология саласына қажетті тақырыпқа орын берілген. Іс қағаздарынан хабарлама, анықтама құжаттары, хаттаманың жазылуымен танысады.

Осы оқу-әдістемелік құралды аталған мамандық оқушылары мен қазақ халқының тұлғалары және салт-дәстүрімен танысамын дейтін өзге ұлт өкілдері пайдалануға болады.



Қазақ тілі - мемлекеттік тіл.
Қазақстан Респуликасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі.

Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.

Мемлекеттік тілді меңгеру Қазақстан Респуликасының әрбір азаматының парызы. Үкімет, басқа да мемлекеттік жергілікті өкілді және атқарушы ұйымдар:

- Қазақстан Респуликасының мемлекеттік тілін барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға;

- Қазақстан Респуликасының барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық материалдық - техникалық жағдайларды жасуға;

- қазақ диаспорасына (этникалық қауымдастық) ана тілін сақтауы және дамытуы үшін көмек көрсетуге міндетті.

Мемлекеттік емес ұйымдардың жұмысында мемлекеттік тіл және қажет болған жағдайда басқа тілдер қолданылады.
Жаңа сөздер.
бүкіл аумағында - на всей территории,

қоғамдық қатынастар - общественные отношения,

сала – сфера,

басқару – управление,

заң шығару – законодательство,

сот ісін жүргізу – судепроизводство,

іс қағаздарын жүргізу – делопроизводство,

тілді меңгеру - овладение языком,

парыз – долг,

жергілікті өкілді және атқарушы - местные правительственные и исполнительные ,

барынша дамыту - всемирно развивать,

халықаралық бедел - международный авторитет.

нығайту – укреплять,

еркін меңгеру - свободное владение,

көмек көрсетуге міндетті - обязан оказывать помощь,

ұйым – организация,

қолданылады – используется.
Үндестiк заңы. Ілгеріндi, кейiндi ықпал. Тәуелсіз Қазақстан.

Көршi буындардың, дыбыстардың бiр-бiрiне ықпал жасап, өзара ұқсауы


үндестiк заңы деп аталады.

Үндестiк заңы екiге бөлiнедi:

1. Буын үндестiгi

2. Дыбыс үндестiгi

Буын үндестiгi ( сингармонизм или гармония гласных )

Қазақ тiлiндeгi тума сөдердiң бiрыңғай жуан не жiңiшке буынды болып келуi


буын үндестiгi деп аталады. Бұл заң кiрме сөздерде сақтала бермейдi (кi-тап,мұ-ға-лiм)

Буын үндестiгiнiң мына секiлдi заңдары болады :

1.Сөздiң алғашқы буыны жуан болса, келесi буын да жуан болады.

қа+ғаз


ба+ла
2. Сөздiң соңғы буыны жуан болса, қосымша да жуан болады.

Бала+лар

Алма+ны

3. Сөздiң алдыңғы буыны жiңiшке болса, келесi буын да жiңiшке болады.

Те+ре+зе


Ең+бек
4. Сөздiң соңғы буыны жiңiшке болса, қосымша да жiңiшке болады.

Терезе+ге

Еңбек+тiң
Ескерту:

1. Мына төмендегi қосымшалар буын үндестiге бағынбай, осы күйiнде жалғанады:

-мен, -бен, -пен: Қалам-мен, ағаш-пен, жұлдыз-бен.

-паз: әсем-паз, өнер-паз

-қор: пәле-қор

-нiкi,-дiкi,-тiкi: ауыл-дiкi, Қанат-тiкi, қала-нiкi

-кер: жұмыс-кер.

-қой: сән-қой


2. Басқа тiлден енген сөздер буын үндестiгi заңына бағынбайды : кiтап-тар,пионер-лер. Бiрақ бұларға қосымшалар соңғы буынға қарап жалғанады: депутат-тар-ға,қызмет-шi-лерге
3. Рк.нк,ог дыбыстарының тiркесiне бiткен сөздерге қосымшылар жiңiшке түрде жалғанады: педагог-тi ,парк-ке, банк-тiң.
Дыбыс үндестiгi (Ассимиляция или гармония согласных)

Түбiр мен қосымша немесе сөздер аралағында қатар келген дыбыстардың бiр-бiрене,тигiзетiн ықпалы дыбыс үндестiгi деп аталады.

Дыбыс үндестiгi iлгеріндi, кейiндi ықпал болып бөлiнедi.

Сөз iшiнде алғашқы дыбыстың өзiнен кейiнгi дыбысқа әсерiн тигiзiн, ықпал етуi iлгерендi ықпал делiнедi (прогрессивная ассимиляция)

1. Cөз дауыстағы немесе үндiге аяқталса, қосымша ұяң не үндiден басталады.

Бала+ға

Қол+ды
2.Сөздiң соңғы дыбысы қатаң болса, қосымша қатаңнан басталады .



Дос+қа

Кiтап+тар


3. Сөз ұяңға аяқталса, қосымша ұяңнан басталады

Қыз+дар


Жаз+дар
Ескерту: а) қатаң С және Ш дыбыстары бұл заңға бағынбайды: бала+ша, бар+са. 2) сөз ұяң б,в,г,д, дауыссыздарына аяқталса,қосымша қатаңнан басталады : клөуб+қа,педагог+пен, отряд+қа.
Түбiр мен қосымша немесе сөздер аралығында қатар келген дыбыстардың кейiнгiсiнiң алдыңғы дыбысқа әсерiн тигiзiп, ықпал етуi кейiндi ықпал деп аталады.

Сөз қатаң қ,к,п дыбыстарына аяқталып, қосымша дауыстыдан басталса, қ,к,п дыбыстары ұяң ғ,г,б дыбыстарына айналады.

Жүрек+i=жүрегi

Тарақ+ы= тарағы

Кiтап+ы = кiтабы
1-жаттығу.Төмендегі сөздерге –ы/-і жалғауын жалғап, түбірдің соңғы қатаң дыбысының өзгеру себебін түсіндіріңіздер. Бастық, есеп, жәшік, топ,оқулық, жібек,тәулік, топырақ, биіктік, шаруашылық, ынтымақ, достық.

2-жаттығу.Мына сөз тіркестерін қазақ тіліне аударып, қай заңға бағынып тұрғанын айтыңыздар.

Его группа, мои родственники, твое ремесло, ответ студента, статья журналиста, книга писателя, наша профессия, расписание уроков, желание ребенка, опора родителей, смысл текста, тело человека.

3-жаттығу.Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып, олардың түрліше жалғану себебін түсіндіріңіздер.



  1. –ның/-нің,-дың/-дің,-тың/-тің: бала... ойыншығы, ауыл... малы, өзен... жағасы, қуаныш... белгісі, үй... терезесі, қуаныш... белгісі.

  2. –ға/-ге,-қа/-ке: тау... шығу, кеме... міну, мектеп... бару, орындық... отыру.

  3. –нан/-нен,-дан/-ден,-тан/-тен: бетеге... биік, жусан... аласа, тас... қатты, жүн... тоқылған, қырман... қайтты.



Тәуелсіз Қазақстан


1991 жылы Қазақстан өзінің тәуелсіздігіне қол жеткізді. Тәуелсіздік алғаннан кейін астананы көшіру шешімі қабылданды. Сөйтіп, Қазақстанда жаңа астана пайда болды. Қаланың аты жаңаша – Астана деп аталды.

Саяси тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақстан президенттік жүйемен басқарылатын демократиялық республикаға айналды. Өкімет жүйесі биліктің екі тармағынан тұрады : заң шығаратын өкімет – Парламент, атқарушы өкімет – Президент және Үкімет. Парламент екі палатадан тұрады: Мәжіліс – төменгі, Сенат – жоғарғы. Үкіметті Премьер – министр басқарады.

Республика Президенті болып тумысынан Республика азаматы болып табылатын, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұратын республика азаматы сайлана алады.
Сөздік

қол жеткізу – достигнуть тумысынан – по рождению

алғаннан кейін – с обретением еркін меңгерген – свободно

көшіру шешімі – решение о переносе владеющий

қабылданды – было принято кемінде – не менее

өкімет жүйесі – властные структуры тұратын - проживающий

пайда болды – появилась сайлана алады – может быть

екі тармағы – две ветви избран

заң шығаратын – законодательная басқарады – возглавляет

атқарушы – исполнительная



Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер


  1. Қазақстан өзінің тәуелсіздігіне қашан қол жеткізді?

  2. Қазақстанда жаңа астана қалай пайда болды?

  3. Саяси тәуелсіздікке қол жеткізген еліміз қандай республикаға айналды?

  4. Өкімет жүйесі неден тұрады?

  5. Үкіметті кім басқарады?

  6. Республика Президенті болып қандай азамат сайлана алады?

Мәтін бойынша тапсырма

Мәтінді сөздіктің көмегімен аударып, әңгімелеңіздер.
Фразеологиялық тіркестер.Туған жер туралы мақал-мәтелдер

Фразеологизмдер дегеніміз – сөздердің тұрақтанған тіркестері. Олар бірыңғай лексикалық мағынаға ие.

Фразеологиялық тіркестерді зерттейтін ғылым саласы фразеология деп аталады.

Қазақ тілі фразеологиялық тіркестерге бай. Оларға мақал-мәтелдер, қанатты сөздер жатады.

Мысалы: Көзді ашып-жұмғанша деген тіркес шапшаң дегеннің орнына қолданылады.


Грамматикалық тақырып бойынша жаттығу жұмыстары

1.Фразеологиялық сөздікті пайдаланып, мына сөз тіркестерінің қазақ тіліндегі баламасын анықтаңыздар.

Бегать перед кем-то, угодить, бездушный, белая ворона, в его словах есть доля правды, глаза разбегаются, золотые руки, набрать в рот воды.

2.Мына сұрақты сөз тіркестерінің орыс тіліне аударыңыздар.

Талағы тарс айрылу, қолды-аяқты бала, сенімді аяқтау, ел құлағы-елу, су тегін, көздің жауын алу, қолы ашық, қырғи қабақ болу.

Туған жер туралы мақал-мәтелдер
Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.


Ел-елдің бәрі жақсы,

Өз елің бәрінен де жақсы.


Туған жердің қадірін

Шетте жүрсең білерсің.


Туған жердің ауасы да шипа
Ел іші – алтын бесік.
Туған жердің күніде ыстық, түні де ыстық.
Туған жерге туың тік.
Ит – тойған жеріне,

Ер – туған жеріне.


Туған жердің жуасы да тәтті.
Басқа жерде сұлтан болғанша,

Өз еліңде ұлтан бол.


1-тапсырма. Мақал-мәтелдерді жаттап алыңыздар.

2-тапсырма. Өздеріңіз білетін мақал-мәтелдерді айтып, мағынасын түсіндіріңіздер.


Біріккен сөздер. Қосарлы сөздер. ҚР тұңғыш Президенті.
Екі, кейде одан да артық сөздерден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіретін сөздерді біріккен сөз деп атайды. Біріккен сөздердің мағыналары өте кең, мол.

  1. Тасбақа, қырықаяқ – зоологиялық атау, жәндіктер.

  2. Қозықұйрық, күнбағар – ботаникалық атаулар, шөп түрлері.

  3. Ақсүйек, аққала – ойын атаулары.

  4. Қызыл құм, Сарыағаш, Жезқазған – географиялық атаулар.

  5. Ботагөз, Амангелді – кісі аттары.

  6. Темірқазық, жетіқарақшы – жұлдыз, планета атаулары.

  7. Әлдекім, кейбір, әлдеқашан – есімдіктер.

  8. Екібастұз, Мұратбайұлы – үш сөзден құралып біріккен сөздер.

  9. Аққу, қарлығаш, көкқұтан – құс атаулары т.б.

Сөздердің қосарлануы арқылы жасалған сөздер қос сөз деп аталады.

Қос сөздер бір сөздің қайталануы арқылы жасалады. Мысалы: қора-қора, төбе-төбе.

Қос сөздер екі түрлі сөздің қайталануы арқылы жасалады. Мысалы: ата-ана, жақсы-жаман, екі-үш.

Мағынасыз екі сөздің қайталануы арқылы жасалады: анда-санда, оқта-текте.

Күшейткіш буындардың қосарлануы арқылы жасалады: әп-әдемі, жап-жақсы, үп-үлкен.

Жаңа тақырып бойынша жаттығу жұмыстары:

1-жаттығу. Төмендегі сөздерді пайдалана отырып, қос сөз жасаңыздар.

Биік, жоғары, бес, аласа, үлкен, әке, жеміс, бала, ұрыс, жаман.


2-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерден қос сөздерді теріп, оларды мағыналары, жасалу жолдарына қарай бөліп жазыңыздар.

1. Эшалон ішінде бала-шаға, үлкен-кішіні басқарып келе жатқан бірен-саран әскери адамдар бар.

2. Айнала тым-тырыс.

3. Оқтын-оқтын самал есіп өтеді.

4. Күзде жеміс-жидек піседі.

5. Жиналысқа оқушылардың ата-аналары түгел келді.

6. Ол асығып, тез-тез сөйледі.
3-жаттығу. Біріккен сөздерді мағыналарына қарап жіктеңіздер.

Аққу, Сырдария, Талдықорған, Гүлнұр, әлдеқашан, Көкшетау, Нүргүл, Қызылорда, түйеқұс, әлдекім, әрқашан.



Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев 1991жылы 1 желтоқсанда халықтың сайлауымен Қазақстан Республикасының президенті болып сайланды.

Ол - Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті. Елбасы қазіргі таңда Қазақстан Республикасын көтеруде көптеген қызмет атқаруда. Ардақты президент ұстанған саясат елдің әлеуметтік жағдайын біршама көтерді. Қазақстан Республикасын күллі әлем таныды. Қазақстан қазір 130-ға жуық мемлекетпен экономикалық байланыс жасап отыр. Көптеген елдерде Қазақстаннның елшіліктері бар. Қазақстаннның тәуелсіздігін бүгін дүние жүзі мойындады. Президент елі, жері үшін адал, аянбай еңбек етуде.


Сөздік

Сайлау - выбирать,избрать, выборы

Тұңғыш - первенец,первый

Көптеген - множество, многие

Қазіргі таңда - на сегодняшний день

Күллі әлем - весь мир

Дүние жүзі - мир

Байланыс - связь

Әлеуметтік - социальный
Тіркесті сөздер. Қысқарған сөздер. Қазақстанның табиғат байлықтары.
Екі немесе одан да көп сөздердің тіркесіп келіп, бір тұлға ретінде қызмет етуін тіркесті сөздер дейміз.

Тіркесті сөздерге күрделі есімдер (күрделі зат есім, күрделі сын есім, күрделі сан есім, күрделі үстеу), күрделі етістіктер жатады. Мысалы, «Лениншіл жас», су инженері, колледж директоры – зат есім, қара ала, ұзын бойлы – сын есім, он жеті, бір жүз сексен төрт сан есім, тұра тұр, жазып отыр, ұйықтап жатыр – етістік.


Екі немесе одан да көп сөздердің қысқарып, бір тұлғада келуін қысқарған сөздер дейміз.

Қысқарған сөздер үш түрлі жолмен жасалады:




  1. Сөздердің басқы әріптерінен құралады. Мысалы: ҚММА (Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы)

  2. Бірінші сөздің басқы буынынан және соңғы сөздердің басқы дыбыстарынан жасалады. Мысалы: ҚарМУ (Қарағанды мемлекеттік университеті)

  3. Сөздердің басқы әріптерінен құралады. Мысалы: ҚММА (Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы)

  4. Бірінші сөздің басқы буынынан және соңғы сөздердің басқы дыбыстарынан жасалады. Мысалы: ҚарМУ (Қарағанды мемлекеттік университеті)

  5. Алғашқы сөздің басқы буыны мен соңғы сөзден құралады. Мысалы, медколледж (медициналық колледж).

  6. Бұдан басқа қысқарған сөздердің ТУ-114, ДТ-56, см, кг, мм сияқты түрлері бар.


Өтілген тақырып бойынша жаттығу жұмысы.
1-жаттығу. Берілген қысқарған сөздерді толық етіп жазыңыздар.

ҚарМТУ, педколледж, ҚазМҰУ, дм, ҚР, РФ,АҚШ, ҚХР, КХДР, кг, фарминститут, мг, ҰҚК.


2-жаттығу. Төмендегі қысқарған сөздерді жасалу жолына қарай топтап жазыңыздар.

БАЭ, БҰҰ, пединститут, ҚарМУ, БАҚ, мединститут, СӨЖ, ҰБТ, ҚазҰТУ, ҚММА, «Әлем» СҮ, Т.А.Ж.


3-жаттығу. Берілген тіркесті сөздерді сөз таптарына бөліп жазыңыздар.

Сауда үйі, қала орталығы, аудан әкімі, сөйлеп отыр, аласа бойлы, ұзын шашты, ауыл шаруашылығы, күліп жатыр, аяқ киім, сиыр еті, сырт киім, жүгіріп жүр, қара көзді, жылқы еті, ой еңбегі.


Қазақстанның табиғат байлықтары.

Қазақстан- өте үлкен, әдемі, бай республика.

Оның жері қазба байлықтарға толы.Қазақстанда тас көмір, мұнай, мыс, алтын және әр түсті металдар көп.

Жезқазған мен Балқашта мыс кені бар. Атырау, Маңғыстау, Ақтөбеде мұнай өнімі бар. Қарағанды, Қостанай облыстарында темір бар. Қарағанды, Екібастұзда қара көмір шығады. Фосфорит, хром, алмаз Ақтөбе облысында өндіріледі.

Қазақстанның кен орындары жаңа техникалармен жұмыс істейді.

Қазақстанның кен орындары болашақта көбейіп, дами береді.

Кең байтақ өлкемізде түрлі аң – құстар, шипалы өсімдіктер бар.

Табиғат байлығын қорғап, қамқорлыққа алу – жас ұрпақтың қолында.

Сөздік

Кен – ископаемое, руда



Кең – широкий, просторный

өнім – продукция, производителность

өлке – край, территория

даму – развиваться

қорғау – защищать

қамқорлық – покровительство

ұрпақ – поколение
Сын есімнің шырайлары. Қазақстанның ауыр өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы.
Қазақ тілінде сын есімнің 3 түрлі шырайы бар.

В казахском языке имеется 3 степени прилагательных.



Жай шырай.

Положительная.



Күшейтпелі шырай

Превосходная

.


Салыстырмалы шырай.

Сравнительная.


Мысалы;
Жақсы,


Улкен,
Әдемі,
Көк,
Ақылды,
Жай шырай басқа шыр түрлеріне негіз болады.


РАҚ/ РЕК/ ЫРАҚ/ ІРЕК
ЛАУ/ ЛЕУ/ ДАУ/ ДЕУ
ТАУ/ ТЕУ
Мысалы:

Аласа+рақ, үлкен+ірек, кіші+рек, жас+ырак, таза+лау, кіші+леу, жұмсақ+тау, семіз+деу, ақ+тау, боз+дау, шикі+леу,


С наречиями


Өте/ очень,
Аса/ наиболее,
Тым/ слишком,
Ең/ самый.
Мысалы: Ең әдемі қыз,

Өте ыстық шай,

Тым қызыл көйлек,

Аса білімді ұстаз,


Удвоение первого слога и добавление соединителя

Қап - қара, аппак,

Ып – ыстық, сап – сары.



  1. жаттығу. Мына сөздерді қазақ тіліне аударып, -рақ/-рек, -ырақ/-ірек жұрнақтарымен салыстырмалы шырай жасаңыз.

Белый, веселый, синий, большой, узкий, широкий, маленький, низкий, высокий, сильный, хороший, тонкий, короткий, вкусный, сладкий, длинный, красивый, горячий, горький.



2-жаттығу. Мына сөздерді қазақ тіліне аударып, -лау/-леу, -дау/-деу, -тау/-теу жұрнақтарымен салыстырмалы шырай жасаңыз.
Желтый, зеленый, грязный, ровный, чистый, холодный, теплый, горячий, открытый, длинный, красивый, плохой, веселый, красный, белый, короткий.
3-жаттығу. Қазақ тіліне аударып, үш шырай түрін жасаңыз.
Теплый, желтый, зеленый, грязный, ровный, красный, холодный, горячий, открытый, длинный, веселый, белый, сильный, большой, узкий, широкий, маленький, низкий, высокий, короткий, вкусный, красивый, хороший, тонкий, толстый, черный, мягкий, дорогой, дешевый, сладкий, далекий, ближний, быстрый, медленный.
Қазақстан Республикасының ауыр өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы.
Қазақстан Республикасының халық шаруашылығы – ауыр өнеркәсібі, тамақ және жеңіл өнеркәсібі дамыған, ауыл шаруашылығы бар күрделі кешен.Қарағанды көмір бассейні – республиканың көптеген өнеркәсібінің отын көзі.Машина жасау кәсіпорындарының қажеттігін өтейтін өз металлургиясы бар. Екібастұз таскөмір орнының Қазақстан экономикасында алар орны ерекше. 1911 жылдан бері мұнай беріп келе жатқан Ембі ауданы республикамыз үшін жоғары техникалық сапалы өнім өндіріп отыр. Бұл жерде мұнаймен қатар газ да шығарылады.

Қазақстан – ауыл шаруашылығы дамыған мемлекет. Ауыл шаруашылығы негізін егін, мал шаруашылықтары құрайды. Қазақстанның солтүстігінде егін шаруашылығы дамыған. Дегенмен, Қазақстандағы агроөнеркәсіп кешені шикізат өндіру бағытында дамып келеді. Ауыл шаруашылық шикізаттарын өңдейтін кәсіпорындар қуаты төмен болып отыр. Бұл саланың дамуына қаржы бөлінуі жеткілікті. Нәтижесінде ауыл шаруашылық шикізатын қалдықсыз, кешенді пайдаланып, көптеген қосымша бұйымдар және тағамдар шығару мүмкіншілігі пайдаланылмайды. Агроөнеркәсіп құрылымын жақсарту үшін оның барлық саласы дайын өнім шығаруға бағыттау керек.


Сөздік

Халық шаруашылығы – народное хозяйство қалдық – отход, остаток

өнеркәсіп-промышленность қосымша - дополнительно

отын көзі – источник топлива бағыттау - направлять

кәсіпорын – предприятие кешен - комплекс

шикізат – сырье өнім - продукция

бұйым – изделие өндіру - производить

өңдеу – обрабатывать сала - отрасль

қуат – сила, энергия, мощь бөліну - выделить

төмен – низкий

жеткілікті – достаточно

қажеттігін өтеу – удовлетворение потребности

жоғары сапалы – высококачественный

қүрылымы – структура

шығару – выпускать
Кәсіби тіл дамыту сабағы. Мамандыққа қатысты кәсіби сөздер, терминдер. Тіс және денсаулық.
- Большой коренной зуб - үлкен азу тіс
- кариозный зуб - шіріген тіс
- искусственный зуб - жасанды тіс
- малый коренной зуб – кіші азу тіс
- молочный зуб - сүт тіс
- зуб мудрости - ақыл тіс
- постоянный зуб - тұрақты тіс
- резцовый зуб –күрек тіс
- зубное вещество - тіс заты
- зубной цемент - тіс цементі
- зубные канальцы - тіс өзекшелері
- кариес зуба – тіс жегісі
- кариес сухой –құрғақ жегісі
- десна - қызылиек
- пародонтоз - қанжел
Зубная альвеола - тіс ұялары
Зубная боль, одонталгия-тіс ауруы
Зубная эмаль - тіс кіреукесі
Зубное протезирование - жасанды тіс салу
Зубной зонд - тіс сүңгісі
Зубной камень - тіс тасы
Зубной мост - тістердің қалыбы
Зубной налет - тістегі өңез
Зубной порошок - тіс ұнтағы
Зубной слепок - тістің көшерме бедері
Зубной техник - тіс салушы
Зубы вставные - жасанды тіс салу



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет