2)
Лицензияланатын қызмет түрін жасауда клиенттер мүддесі мен құқығы
қорғалуы;
3)
Лицензиялардың қаржылық тұрақтылық (нормативтері) критерийлері, не
өзге де көрсеткіштері және пруденциальды нормативтерінің сақталуы;
4)
Ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе жою;
5)
Ерікті түрде лицензияны қайтаруға байланысты лицензияның қызметінің
тоқтауы;
Өзін өзі жүйелейтін ұйымдарда бақылау функцияларын орындауға («Бағалы
қағаздар нарығы туралы» Заңның 112-бабы) Агенттіктің құқығы бар:
1)
«өзін өзі жүйелейтін ұйым туралы, сондай ақ оның мүшелерінің қызметі
туралы
ақпарат беруді талап етуге;
2)
өзін өзі жүйелейтін ұйымға орындауға міндетті алдын ала жазылған талап
бағыттауға, оның орындалуы туралы есепті талап етуге; »
Осының бәрінен басқа, АҚ жыл сайын көпшілік ақпарат құралдарында
капиталындағы барлық өзгерістерін көрсететін жылдық бухгалтерлік баланс,
есеп,
ақша қозғалысы туралы есеп, пайда мен залал туралы уәкілетті органдар
белгілеген мерзімде есеп беруді жариялауға міндетті; Қоғам басқа да қаржылық
есебін қосымша жариялауға құқылы.
Экономикалық жағдайды сараптау, ақша несие статистикасын қалыптастыру
мақсатында ҚР Ұлттық Банкі өз құзыреті шамасында бағалы қағаз нарығындағы
субъектілерінен қажетті ақпарат алуға құқылы.
Осы Заңмен белгіленген, хабарланған
акция шығарылымын тіркеу
мерзімінің сақталуын бақылау мақсатында, әділет органдары оның сұрауы
бойынша ұйымдастыру құқықты формасындағы тіркелген акционерлік
қоғамның заңды тұлғасы туралы ақпаратты уәкілетті органға береді.
Жоғарыда айтылғандардан, Қазақстандағы АҚ қызметі
сырттан да, іштен де
жеткілікті бақыланатыны көрінеді.
Талқылауға арналған сұрақтар:
1.
АҚ қызметін бақылаудың қандай түрін білесіз? Бақылаудың әр түрінің
негізгі мазмұнының мәні неде?
2.
АҚ ішкі бақылауды кім жасай алады?
3.
Акционерлердің қандай бақылау функциялары бар?
4.
АҚ мемлекет қатысуымен бақылаудың қандай ерекшеліктері бар?
5.
Директорлар кеңесі АҚ жұмысын қалай бақылайды?
6.
АҚ сыртқы бақылауын қалай және кім бақылайды?
7.
АҚ мемлекеттік бақылаудың қандай міндеттері бар?
185