Л. Я. Гуревич Халықаралық Бизнес академиясының жоғары оқудан кейінгі ғылыми- методологиялық орталығының директоры, т.ғ. д., социология ғылымының профессоры



Pdf көрінісі
бет143/193
Дата05.10.2022
өлшемі2.37 Mb.
#462018
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   193
Корпоративті-басқару-Қазақстандық-мазмұн-под-редакцией-С.Филина-книга

Әдеттер және дәстүрлер – еңбек нәтижелеріне жағымды немесе жағымсыз 
түрде ықпал ете алатын, анықталған және стандарттық ірі және шағын әрекеттер 
жүйелілігінің қозғалыстағы стереотиптері. Жағымды әдеттер мен дәстүрлерді 
қалыптастыру өндірістің өсуіне жол ашады.
Мәселен, жұмыс басталар алдында 10 минутқа ерте келу әдеті немесе 
жұмысшылар әулетінің дәстүрі. Мекеме мәдениетінде әдеттер немесе дәстүрлер 
бекітілгеннен кейін, қызметкерлер осы бағыттағы іс әрекеттерді дағдылы түрде
ойланбай орындайтын болады. Осылайша, жағымды әдеттер мен дәстүрлерді ойлап 
табу керек және оны қолдау керек. Ал жағымсыз әдеттерді реттеу қажет, тек оны 
бұйрықпен ғана орындатуға болмайды.
Қазақстандық мекемелерде, кәсіпорындарда жұмыс орнының реттілігі, кесте 
бойынша шәй немесе кофе ішуге техникалық үзілістер және т.б. сияқты сирек те 
болса қалыптасқан әдеттерді кездестіруге болады. Тек бір жағдайда ғана 
басшылықтың жағымсыз әдетпен, яғни жұмыс аралығында шылым шегумен 
айналысқандарын да көрдім. Көптеген қазақстандық мекемелерде қалыптасқан 
өнегелі, үлгілі әдеттер де аз емес шығар.
Ал енді 
дәстүрге келетін болсақ, онда олар мекеме құндылығының жүйелеріне 
тығыз байланысты болуы тиіс. Егер компания қызметкерлерді өз құндылығы деп 
жарияласа, онда ол осы құндылықты қандай дәстүрлермен қолдап отырмақ. 
Мәселен, бұрын бұл жұмысшылар әулетін құру және нығайту дәстүрлерімен 
қолданылатын. Қазірде бұл сирек кездеседі.
Тіл – басқарудың жалғыз құралы болып табылады және өзге жағдайлар үшін 
бірқатар көптеген ақпарат береді. Жалпы ауызбірліктің болмауы түсінбеушілікке, 
өзара қарым-қатынастың нашарлауына және тиімділіктің төмендеуіне, бір сөзбен 
айтқанда «Вавилондық ығы-жығылыққа» алып келеді. КСРО аумағында 
онжылдықтар бойы бизнестің болмауы біздердегі іскерлік тілінің қазіргі уақытта 
көбінесе ағылшын тілінің термин сөздеріне негізделуіне алып келгенін айта кеткен 
жөн. Және сонымен бірге қызметкерлер көбінесе осы термин сөздердің мән-
мағынасын түсінбейді, мұның өзі өзара түсінушілікті одан әрі күрделендіруде. 
Қазір «менеджерлер» өте көбеюде, бара-бара әрбір кондуктордың автобус 
менеджеріне айналатын да түрі бар. Ал, менеджер – өзгелерді басқаратын адам, ол 
кәсіби қызметке қарағанда басқару қызметімен көбірек айналысады. Мысалы 
бригадирді менеджер деп атауға болмайды, себебі ол өзгеше кәсіби жұмыспен 
айналысады.
Бұл орайда өзге, анағұрлым күрделі термин сөздер туралы айтпай-ақ қояйын. 
Мәселен, семинарларым және тренигтерімнің жүздеген тыңдаушылары арасында 
«маркетинг» деген сұраққа болар болмастай жиырмаға жетер-жетпес адам ғана 
жөнді жауап берді. Термин сөздері кеңнен қолданылады, бірақ егер де термин 
216 


сөздерді біздер әр түрлі деңгейде түсінсек, онда біздердің жұмысымызда өзара 
жақсы түсіністік және өзара қарым-қатынастар болуының мүмкіндігі қандай? 
Өзара түсіністіктің табылуы үшін ұжымдық глоссарий құру керек. Ол 
қызметкерлерді оқыту арқылы жүзеге асырылады, ең ұтымдысы – олардың
мұғалімдерден білім алғаны жөн, әйтпесе қызметкерлер әр түрлі топтарда 
терминдерді әр түрлі түсіндірілуінің қалыптастыру қаупі де бар. Компанияның 
нормативті құжаттары да жарайды, онда мәтінге енген терминдердің сөздіктері 
(анықтамалары) бар. Осындай құжаттардың жақсы мысалы, үлгісі – заңдар болып 
табылады. Кеңестер кезінде, әр түрлі талқылау сәттерінде терминдердің жалпы 
мағынасын қалыптастыруға да болады. «Осы термин арқылы сіз нені айтқыңыз 
келді?» - деген сұрақты жиі қоятын болса, сонда әр түрлі адамдардың терминдердің 
мағынасын түсінуінде қаншалықты алшақтық болатынына таң қаласыз.
Аңыздар – бұл ойдан шығарылған әңгімелер. Олар көбінесе «қалай» өмір 
сүрудің үлгісі болып есептелінеді. Әдетте аңыздар – ертегілер болып табылады 
және сәбидің ойлау қабілеті, тәжірибесі жеткіліксіз кезеңінде осы ертегілер 
құндылықтары қалыптастырылады. Құндылықтарды сондай-ақ ең жақын, ең 
қымбат адамдар – ата-аналар, әжелер мен аталар да қалыптастырады.
Компания басшылығына қызметкерлерге компанияға тиімді стереотиптер мен 
құндылықтарды беретін аңыздарды құру немесе таңдап алудың маңыздылығы зор. 
Олар осы аңыздарды насихаттауы да керек. Мұндай аңыздар «еңбек жетістіктері» 
туралы немесе кәсіпорында жұмыс жасамаған белгілі және белгісіз қаһармандар 
тарихы туралы әңгімелерден құралуы да мүмкін. Мысалы, жас басшыларды 
тәрбиелеу үшін әлемнің әйгілі менеджерлері Деминг немесе Якокка туралы 
әңгімелер жарайды.
Дегенмен, менің ойымша, қазақстандық кәсіпорындар, осы құрал туралы 
мүлдем ойланбайтын тәрізді. Бірақ «HR форумы» бағдарламасында, 2009 жылғы 
сәуір айында Алматы қаласында өткен, корпоративті аңыздар мен аңыз әңгімелерді 
құрастыру бойынша мастер-классты көрдім. Бастамаға жол салынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет