Л. Я. Гуревич Халықаралық Бизнес академиясының жоғары оқудан кейінгі ғылыми- методологиялық орталығының директоры, т.ғ. д., социология ғылымының профессоры



Pdf көрінісі
бет144/193
Дата05.10.2022
өлшемі2.37 Mb.
#462018
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   193
Корпоративті-басқару-Қазақстандық-мазмұн-под-редакцией-С.Филина-книга

Компания тарихы – бұл да басқару құралы. «Тарих оқытады!». Ел игілігі 
жолында қажырлылықпен еңбек еткен ата-бабалардың ұлағаты кейінгі ұрпаққа үлгі 
өнеге болатындығы сөзсіз. Сонымен қатар ұжымдағы жас мамандарға «осындай 
ізгі іс-шараларды бізге ата-бабаларымыз мұра ретінде қалдырды» десек және нені 
қалдырғанын нақты көрсетсек, онда орындау бағытындағы ұмтылыстың жоғары 
деңгейдегі болатындығы айдай ақиқат.
Қажеттілікке орай қызметкерлердің назарын компания тарихындағы әртүрлі 
құндылықтарға аударып түрлі деректерді атап көрсетуге болады. Басқаша 
айтқанда, өз мекемеңіздің тарихын көздің қарашығындай сақтап және оған 
ұқыптылықпен қарау қажеттігі есте болған жөн. Бұл бұрын да қолға алынған және 
мұның өзі қазіргі кезде де Қазақстанның кәсіпорындарында қалпына келу үстінде. 
Корпоративті мұражайлар пайда болуда, олар бүгінгі күн талабына орай жаңару 
және даму үстінде. Бұл өте ғажайып іс, ол құндылықтар жүйесіне, ұжымның көңіл-
күйіне тікелей ықпал ету арқылы өндіріс қарқынын да арттырады.
Көптеген кәсіпорындарда өнеге үрдістері бар. Ата-аналары жұмыс жасайтын 
орынмен танысуға келген балалардың корпоративті мұражайда ата-аналарының 
217 


еңбек өнімділігін бейнелейтін суреттерді, плакаттарды, хабарламаларды 
тамашалағанын 
көрдім. 
Цех 
қабырғаларында 
зауыттың 
қашан 
ұйымдастырылғандығы туралы жазылған хабарламалар және бүгінгі күн мен 
өндірістің ұйымдастырылу кезеңі арасындағы уақыттың жүз жылдан асуы көптеген 
адамдардың жүрегіне мақтаныш ұялататындығы айқын.
Батырлар – компания тарихының, соның ішінде оның жаңа тарихының бір 
бөлшегі. Батырлар – туған халқы қадірлеп, жас ұрпақ болса оларға еліктеп, оларды 
мақтаныш тұтатын өнегелі тұлғалар. Батырлар өнегесі негізінен алғанда 
кәсіпорынның игілігіне арналған әлеуметтік ерліктердің мысалы болады. 
Кәсіпорын жетекшілерінің материалдық және материалдық емес мәселелерде 
назарын аудару үшін және жұмыста әрбір қызметкер өзін талап деңгейінде көрсету 
үшін және жақсы жұмыс жасау үшін батырларды қалыптастырған жөн.
Әрине, мекеменің негізгі бизнес процестері бойынша батырлардың бірнешеуін 
құрастыру керек. Мәселен, Стаханов және Ангелина өз уақытында еңбек 
өнімділігінің арттыру жолында жан аямай еңбек етті.
Бірақ қазақстандық кәсіпорындардың меншік иелерінде және жетекшілерінде 
батырларды қалыптастыру қатынасы бойынша жеткілікті үлкен скептицизм бар 
екенін жасырудың қажеті жоқ. Олардың есептеуінше, егер біреу мекеме үшін 
ерекше бір нәрсе жасаса, онда ол адамға қаржылай сыйақы ғана беріп және ол 
туралы көп айтпау керек деп ойлайды. Сонымен қатар олар «батырларға» еліктеу 
әсерінен айырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет