Л. Я. Гуревич Халықаралық Бизнес академиясының жоғары оқудан кейінгі ғылыми- методологиялық орталығының директоры, т.ғ. д., социология ғылымының профессоры


Корпоративті басқару кодексін құрудың қазақстандық тәжірибесі



Pdf көрінісі
бет153/193
Дата05.10.2022
өлшемі2.37 Mb.
#462018
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   193
Корпоративті-басқару-Қазақстандық-мазмұн-под-редакцией-С.Филина-книга

Корпоративті басқару кодексін құрудың қазақстандық тәжірибесі 
 
Корпоративті басқарудың сапасы - көптеген қазақстандық компаниялардың 
жанына бататын проблема. 
Рынокта бәсекелесуге қабілетті және табысты болуы үшін, компанияларға :
• 
Инвесторлар мен акционерлердің құқығын сақтау міндетін өзіне алуға; 
• 
Клиенттер мен серіктестер, кредиторларға ашық болуға; 
• 
Тәжірибеде бірлесіп басқарудың жоғары стандарттарын институционалды 
қамтамасыз етуге
232 


Корпоративті 
басқарудың 
модельді 
кодексі 
мен 
қазақстандық 
компаниялардағы бірлесіп басқарудың кодекстерін енгізу мен жетілдірудің 
алғышарты болып: 
• 
Заңнамада жалпылай белгілі бірлескен тәртіп принциптерінің көрінісі 
орын алды, алайда оларды іске асыру тәжірибесі, оның ішінде соттық, 
және бірлескен тәртіп салты енді ғана құрылып жатыр. 
• 
Тиісті бірлескен тәртіп тек заңнама нормаларымен ғана қамтамасыз 
етілмейді. 
• 
Бірлескен тәртіпке байланысты көптеген сұрақтар, заңнама саласының ар 
жағында жатыр, заңгерлік емес, ұйымдастырушылық және этикалық 
сипаты бар. 
• 
Кодекс бірлескен тәртіптің салыстырмалы ең жақсы тәжірибесінің 
ұсынымдарынан тұрады, алайда оның көбі Заң бойынша орындауға 
міндетті болмайды. 
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құнды қағаздар бойынша 
Сарапшы кеңесінің 2002 жылдың 24 қыркүйегінен Қазақстанда бірінші кодексті 
әзірлегенге дейін қазақстандық акционерлік қоғамдардың бірлесіп басқару 
принциптерін пайдаланудағы Ұсынымдары бекітілді (әрі қарай-Ұсынымдар). 
Ұсынымдарда 10 бөлімге бөлінетін ережелер мен шаралар талдап жазылды: 
1 тарау. Корпоративті басқарудың принциптері. 

тарау. Акционерлердің жалпы жиналысы 

тарау. Қоғамның директорлар кеңесі

тарау. Қоғамның орындаушы органы
5 тарау. Қоғамның корпоративті хатшысы. 
6 тарау. Елеулі ұжымдық іс-қимылдар
7 тарау. Қоғам туралы ақпаратты ашу. 

тарау. Қоғамның қаржылық-шаруашылық қызметін бақылау.
9 тарау. Үлесақылар. 
10 тарау.Корпоративті шиеленістерді реттеу.
Осы құжаттың 1 тарауында бірлесіп басқарудың мынадай принциптері 
белгіленіп, олар төмендегі таруларда ашылды: 
1. Корпоративті басқару акционерлерге қоғаммен басқаруға қатысумен 
байланысты өздерінің құқықтарын нақты жүзеге асатындай қамтамасыз 
етуі керек. 
2. Корпоративті басқару қоғам акцияларының тең бөлігіне ие акционерлерге 
тең
қарым–қатынасты қамтамасыз етуі керек. 
3. Корпоративті басқару қоғамның қызметін стратегиялық басқаруды 
директорлар кеңесінің іске асыруын және қоғамның орындаушы 
органдарының қызметін тиімді бақылауын, сонымен қатар директорлар 
233 


кеңесі мүшелерінің оның акционерлеріне есеп берушілігін қамтамасыз етуі 
керек. 
4. Корпоративті басқару тәжірибесі қоғамның директорлар кеңесі мен оның 
акционерлеріне орындаушы органдардың есеп берушілігін қамтамасыз етуі 
керек. 
5. Корпоративті басқару тәжірибесі қоғам акционерлерін қоғам туралы 
толық
және дәлелді ақпараттармен қамтамасыз етуі керек, соның ішінде оның
қаржы жағдайын, экономикалық көрсеткіштері, қызметі туралы, меншік
пен басқару құрылымы инвесторлар мен қоғам акционерлерінің дәлелді
шешім қабылдауына мүмкіндік жасаумен қамтамасыз ету.
6. Қоғамның тиімді қызметін қамтамасыз етуге оның орындаушы органдары 
қоғамның, мемлекеттің және олардың территориясында қоғам мен оның
құрылымдық бөлімшелері орналасқан жергілікті өзіндік басқару
органдарының несие берушілердің мүддесін ескеруі керек. 
7. Корпоративті басқару тәжірибесі акционерлердің заңды тілегі мен 
құқығын
қорғау мақсатында қоғамның қаржылық-шаруашылық қызметіне тиімді
бақылауды қамтамасыз етуі керек. 
Ұсыныстар Қазақстан экономикасының ерекшелігін ескере отырып, бірлесіп 
басқарудың көпшілік мақұлдаған принциптері негізінде жетілдірілді. 
Келесі кезең ретінде, Қазақстан Қаржыгерлерінің қауымдастығы жанындағы 
Бірлесіп басқару жұмыс тобының үйлестіруімен және Ұлттық Банктің ұсынысы 
мен ұжымдық басқару саласындағы қолданыстағы халықаралық тәжірибені 
ескере отырып, қолданыста бар заң шығарушы-нормативті базаның негізінде 
Корпоративті басқарудың Кодекс үлгісі (әрі қарай-Кодекс) жетілдірілді. Осы 
Кодекс 2005 ж. 21 ақпанында Эмитенттер кеңесімен және Қазақстан 
Қаржыгерлер қауымдастығы кеңесімен 2005 ж.31 наурызында қолданды. (№3 
Хаттама). 
Қазақстандық Корпоративті басқару кодексі үлгісінің құрылысы мынадай: 
Кіріспе. 
1 тарау. Корпоративті басқару принциптері. 
2 тарау. Акционерлердің жалпы жиналысы. 
3 тарау. Қоғамның директорлар кеңесі. 
4 тарау. Орындаушы органы. 
5 тарау. Қоғамның ұжымдық хатшысы. 
6 тарау.Маңызды ұжымдық жұмыстар
7 тарау. Қоғам туралы ақпаратты ашу. 
8 тарау. Қаржылық-шаруашылық қызметті бақылау. 
9 тарау. Дивидендтер, үлесақы саясаты. 
10 тарау. Кадр саясаты. 
11 тарау. Қоршаған ортаны қорғау. 
234 


12 тарау. Ұжымдық келіспеушілікті реттеу. 
13 тарау. Қорытынды. 
Модельді кодекстің тараулары бірлескен басқарудың маңызды аспектілерін 
сипаттауды және заңнамада өзінің көрінісін таба алмаған бірлескен басқару 
механизмін сипаттауды ұсынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет