242
13
тарау. Қазіргі Қазақстандағы корпоративті басқаруды дамытудың
мәселелері
Г.В.Косолапов
ҚР ҒБМ Экономика институтының докторанты,
э.ғ.к., МАБ доценті,
Қазақстанның корпоративті бизнесінінің өзекті мәселесі корпоративті
басқарудың сапасын көтеру. Бұл үшін меншік иелерінің құқына, жекелеген
компаниялардың мүдделерінің балансын сақтау және тұтастай корпоративті
құрылымға байланысты мәселелердің тиімді шешімін табу өте маңызды.
Бірлесіп басқаруды жетілдіру көпқырлы және кешенді түрде қарауды талап
ететін іс. Ол үшін біз корпоративті құрылыс концепциясын ұсынамыз.
Шешімнің негізгі бағыттары ретінде төмендегілерді қарау ұсынылады:
1.
Қазақстанда басқарудың корпоративті принциптерін бекіту;
2.
Компанияны басқарудың құрылымын КБ принциптері мен оның
бизнесінің даму деңгейін жетілдіру;
3.
Меншікті басқаруды КБ маңызды элементі ретінде жетілдіру;
4.
КБ дамуында маңызды буын ретінде компанияның ақпараттық
айқындығын басқару мен кеңейту;
5.
Қазақстанда КБ даму деңгейінің маңызды индикаторы және оны бақылау,
қажетті буын ретінде КБ нарығын жетілдіруде қор нарығын дамыту;
6.
КБ ұстанымдарында корпоративті бизнеске қатысушылардың өзара
әрекетімен басқаруды жетілдіру;
Транзитті экономикалы елдерде, оның ішінде Қазақстанда да қазіргі заманғы
КБ
дамыту
жоғарыдағы
мәселелерді
шешудің
кешенділігі
мен
толыққандылығына тәуелді.
КБ принциптерінің бекітілу мәселелерін транзитті экономикалы
елдердегідей деп қараймыз. Басқарудың корпоративті принциптерін бекіту
Қазақстандағы КБ да, корпоративті бизнестің де дамуындағы негіз деп
есептелетін кезең. Оның бірінші қадамы нарықтық қатынастардағы
корпоративтіктің экономикалық мазмұнын мойындау, объективті қажеттілікте
КБ принциптерін, корпоративті даму тәжірибесі мен белгілі бір теорияларын
сақтау болып табылады.
Қазақстанның экономикалық дамуының қазіргі кезеңі оны әлем елдері
қауымдастығының нарықтық экономикалық ел деп мойындауымен сипатталады.
Республикада жаңа институциональды орта қалыптасқан, ол жерде жеке
меншік белгілі роль атқарады. Ол әртүрлі түр мен формада: жекеден ірі
корпоративтікке дейін, ұйымдастыру құрылымы әртүрлі акционерлік компания
түрінде кездеседі. Шетелдіктер тәжірибесін Қазақстанның өзіндік ерекшелігін
243
ескере отырып, елдің экономикалық дамуын басқаруды оның барлық
деңгейлерінде жетілдіру жолдарын зерттеу корпоративтік және корпоративті
басқару мәселесін бірінші кезектегі орынға қояды. Бұл мәселе жиналып келіп
салдарын корпоративті бизнеске тигізеді,ал корпоративті бизнестің аяғынан
тұруы мен дамуы республикада қажетті инвестициялық және жалпы іскерлік
климатты жасайды, ел экономикасына, экономикалық өсуде жаңа сапаға
көтереді.
Әлемнің дамыған елдерінде қазіргі заманғы нарықтық экономиканың басты
сипаты меншік түрінің сан алуандығы болып келеді, оны «институционализм»
деген ұғыммен біріктіреді, шаруашылық жүргізудің осы формасымен
белгіленген.Алайда бұл елдерде меншіктің корпоративті формасы белгілі бір
маңызға ие болды және осы формаға негізделген шаруашылық жүргізудің
корпоративті түрі.
Жаңа экономикалық ортада ірі мемлекеттік компанияларда олардың
қызметінің ішкі және сыртқы салаларын атағанымыз корпоравтивті сипатта
болуы мүмкін. Қазіргі заманда корпорация қызметі елдің әлеуметтік
экономикалық дамуының деңгейі сипатында қаралады. Және ең бастысы –
«корпорация» деген терминде емес, кәсіпорынның орындайтын функциясы мен
қызметінің принциптерінің мазмұнында.
Бірге қызмет ету үшін ұйымдастырушылық топтағы тұлғалардың бірігуі:
біріншіден акционерлік компания жасауда жеке, заңды тұлғаның қатысуын;
екіншіден басқарудың қажетті ережелерін жасау, онсыз басқару тиімсіз екендігін
көрсетеді. Осы принциптерді сақтау корпорацияның тиімді қызмет істеуі үшін
аса маңызды мәселелердің бірі.
Бизнестің ірі корпоративті құрылымдары ел экономикасын басқарудың аса
қуатты салалық және салааралық құрылымына айналады. Іс жүзінде олар
республикадағы салалық және салааралық басқару құрылымын қалыптастыруға,
яғни мезоэкономиканы арналған, түзеді.
КБ дамытудың көкейкестілігі КБ өзегін (құрастыратын) түзетін
кәсіпорынның меншік иесі мен менеджерлер арасындағы ушыққан қарым-
қатынасты анықтайды. Егер Қазақстанда нарықтық реформаның бастапқы
кезеңінде оларды бір тұлға орындаса, енді барлық «өркениетті әлем
елдеріндегідей» акция иелері (меншік иелері) басқарушы ретінде кәсіби
менеджерлер жалдауға жиі мәжбүр болады. Оның үстіне, акционерлердің
әртүрлі тобының қарым-қатынасы корпорация ішінде күрделенеді: кіші, ірі,
бақылаушы, бөгеуші, т.б. Осы қарым-қатынастардың түйіндері КБ
принциптерімен жүйеленуге тиісті:
Қазақстанда қалыптасқан КБ жүйесі кейбір ерекшеліктермен сипатталады:
•
Корпорацияда меншікті қайта бөлудің перманентті процесі;
244
•
Көптеген инсайдерлердің (менеджерлер мен ірі акционерлердің)
қаржы ағынын бақылау мен корпорация активтерін «шығарумен»
байланысты өзіндік дәлелдемелері;
•
Директорлар корпусының не бас директордың қолында акциялардың
шоғырлануы (бақылау пакеті);
•
Корпоративті басқарудың дәстүрлі сыртқы механизмдерінің әлсіз
немесе өзіне тән емес рөлі (бағалы қағаздар нарығы, банкрот болу,
корпоративті бақылау мен басқарудың нарығы) т.б.
КБ жүйесінің айтарлықтай кемшілігі корпорация қызметіне қатысушылардың
құқықтық өкілдігінде теңдіктің жоқтығы. Басқару жүйесінің әртүрлі деңгейлері
арасында функциялар мен жауапкершілікті, құқық, билік өкілеттік бөлінуінің
тексерілген және орнықтырылған анық жүйесі жоқ. Бұл жағдай корпорацияның
экономикалық қауіпсіздігінне төнген қатерлердің бірі болып табылады.
1
Корпорацияларды басқаруды орталықтандырудың жоғары дәрежесі
корпорация бөлімшелерінің өзіндік экономикалық деңгейінің төмендеуіне
әкеледі. Ондай басқару жүйесі үшін жетекшіліктің төменгі буынының жоғары
басқарушыға және қосымша директорлар корпусына, жеке бас директорға қатаң
түрде бағынуы тән; бірақ олар өздеріне көбіне шаруашылық жүргізу қызметінің
нәтижесіне сай жауапкершілік артпайды. Бұл корпорациялық басқаруды дамыту
мен қалыптастыру жолында айтарлықтай деңгейде кедергі болады.
Мынаны ұғыну аса маңызды:
КБ бұл өте күрделі процесс, мұнда бір адам барлық басқару рөлдерін,
функцияларын бірдей табысты орындайды деп сенуге болмайды. Әр рөл ерекше
стильді талап етеді. КБ процесі қатысушыларының орындауға тиісті рөлдері
келіспеушілік жағдайындағы орындар. Сондықтан оны бір адам бір мезгілде
қатар алып жүруі ешқашан мүмкін емес. Қарым-қатынастардың бұл түйіні КБ
принциптерімен жүйеленуі тиіс.
Компаниялардың құрылымын қайта қарауда қиындықтардың бірі көптеген
жетекшілердің КБ не екенін, оның (КБ) корпоративті мәдениетін, кәсіпкерлік
этиканы, экономикалық әрекет ережелерін, кодекс, корпоративті тәртіп
принциптерін,т.б. түсінбеуі.
КБ Қазақстанда әзірге жеке меншік құрылымы айқындығы жағынан деңгейі
төмен. Мұның өзі меншікті және бақылаушы құрылымдар айқындығының
жетімсіздігінен көрінеді. Жеке меншіктегі компаниялардың құрылымының
айқындығының жетімсіздігі көбіне акционерлерге және әлеуетті инвесторларға
бақылау жасау механизмдері туралы дұрыс түсінік алуына мүмкіндік бермейді,
бұл Қазақстан жобаларына қатысу мүмкіндігінің қатерін көбейтеді.
245
Компанияларда жеке мүдделер үшін, жекелеген топтар арасында билік үшін
үнемі күрес кезеңі әлі өтіп болмаған. КБ принциптерінің Қазақстанда нығаюына
атқару органдарының, сот билігінің, мемлекеттік органдардың сыбайлас
жемқорлығы, тиімді жұмыс істемеуі, әлсіздігі кедергі болып отыр. КБ
корпоративті принциптерінің бекуі үшін бұл салаларды реформалау өте
маңызды болар еді. Бұған қаржы және басқа да есеп берулерді халықаралық
стандарттарға сай келтіру көмектесуі тиіс.
Зерттеулер көрсеткендей, іс жүзінде көптеген корпорациялар акционерлерге
емес, жеке тұлғалар тобына тиесілі, олар компанияны заңды, заңсыз әдістерді
біріктіру негізінде бақылайды. Жалпы көбіне оның шын иелерін табу қиын, тіпті
табу мүмкін емес, олардың қандай да бір меншік иелері тізімі де жоқ. А.Радыгин
мен Ж.Сидоровтың жазуында: «Бақылау тобындағы акционерлер шын
қожайындар жасаған бір үлгідегі сценариймен жүреді.
Мұндай жағдайда қатардағы «аутсайдердің» шеккен жапасы үшін шын
иелеріне талап қою мүмкін емес, өйткені олар көптеген құрылым артына
жасырулы».² Басқаша айтқанда, транзитті экономикалы елдің көптеген
корпорацияларына тән ерекшелік акционердің бақылау және басқару ісінің
теңдестіруі болып отыр. Оның себебі өз капиталына, қаржы ағымдарына
бақылауды жоғалтудан қорқып кейбір меншік иелері тіпті корпорацияны
оперативті басқаруға өкілдік беруге тәуекел етуге көңілі соқпайды. ³
Сондықтан қазақстандық корпорациялардың бас директорлары көптеген
бақылаусыз ықпал ету тетіктерін сақтайды, ал басқару жүйесі авторитарлы
сипатта болады. Нәтижесінде корпорацияның адами ресурстары, қаржы мүлігі,
еңбек құралдары өзара біріккен күйдегі тұтастығын жоғалтады. Мұның бәрі
қорыта келе, корпорацияның нарықтағы құны мен бәсекеге қабілеттілігін
төмендетеді.
Бұл жерде, айта кету керек, КБ деген ұғым тек мына жағдайда: мәнді ғана
меншік бөлімі басқару мен қаржы бөлімінен, ең болмаса корпорациядағы
басқарудан, қаржы көздерінің белгілі бір көздерін меншікті бөліп қарар болса.
Тап сол меншік иесі функциясы мен басқарушы функцияларын бөлу қазіргі
корпорацияның мәнін анықтайды, КБ жүйесін енгізу қажеттігін тудырады.
Жоғарыда айтылғандардан мынадай түйін жасауға болады: транзитті
экономикалы елдерде , отандық жағдайда КБ өзіндік моделі қалыптасты. Оны
КБ өтпелі кезеңдегі моделі деп атаймыз. Ол 1 суретте көрсетілген.
Бұл модельде меншік иелері, жалдамалы менеджерлер бар, бірақ олардың
компаниядағы өкілеттігі қатаң бөлінбеген. Көрсетілген өтпелі кезең моделінде
меншік иесі құқығы мен осы меншікті басқару құқығы арасы анық бөлінбеген.
246
Керісінше, қуатты бағыт пайда болады: меншік иесі – директорлар кеңесі –
менеджмент,; бөліктерден басқару өзегі қалыптасады. Ол компанияда
кәсіпкерлік, әрі бақылаушы функцияларын атқарады. Бұл модельдің басты
кемшіліктерінің бірі басқару өзегі деген өзінше ішкі ашық акционерлік қоғам
құрады,ал корпоративті басқарудың барлық формальды механизмін
алмастырады. Басқарудың негізгі өзегіне ілікпей қалғандардың ешқандай
мүддесі қорғалмайды. Мұндай жағдайда , кәсіпкерлік функциясын жаулап алуға
үздіксіз күрес жүреді,ал ол тіпті кәсібилігі жоғары менеджментке де компания
тиімді басқаруға табанды бәсекелестік артықшылық қалыптастыруға мүмкіндік
бермейді.
Достарыңызбен бөлісу: |