2-
ші жарты жылдығындағы шыққан қиындықтар
аясындағы кедір-бұдырымен
көрінеді. КБ өзіне тән тәжірибесін меңгеруді елді модернизациялау процесінің
жалпы бөлігі ретінде қарау керек; ол тек жеке секторды ғана емес, корпоративті
құрылымдағы нақты әрекеттегі партнер ретінде мемлекеттік секторды да
қамтиды. Мұның «Қазақстандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін
қалыптастыру процесінің стратегиялық басқару жүйесін жасау» міндеттерін
шешудің жолы да осы екенін атап айту маңызды».
4
Басқарудың корпоративті принциптерін кезең-кезеңі мен нығайту мен
қалыптастырудың эволюциялық маңызын баса айту керек. Ол корпорацияның
пісіп жетілуі мен дамуының әртүрлі
кезеңін , сол даму жолындағы пайда
болатын, корпоративті тетіктерді іске қосуда көбейетін ішкі қажеттіліктер мен
ынтаны да бейнелейді.
КБ жетілдіру бойынша ұсыныс пен бағыт беретін мазмұнды құжаттардың
бірі «ОЭСР корпоративті басқарудың принциптері». «ОЭСР корпоративті
басқарудың принциптерінде» бірінші орынға мына принцип қойылған: КБ тиімді
жүйесін жасау тиімді, айқын нарықты дамытуға әкелуі тиіс, заң принциптеріне
қарсы келмеуі тиіс, әртүрлі құқық қорғау органдарының және жүйелеу
органдарын, қадағалау органдарының арасындағы міндеттерді бөлуді анық етіп
анықтау. Қазақстан корпорацияларында шешім қабылдау механизмін түбірлі
өзгерту қажеттігіне негізделген төмендегі Г.Клейнердің
құрылымын
пайдалануды ұсынып отырмыз: корпорация қызметіне қатысатын әр адам
өндірістің төрт факторының бірі болып табылады: біріншіден, жұмыскерлер –
еңбек; екіншіден, акционерлер – қаржылық капитал; үшіншіден, кәсіпорынды
басқарушы –ұйымдастыру
технологиялық фактор; төртіншіден, бас директор –
кәсіпкерлік белсенділік.
Осы құрылымнан КБ қазіргі моделінің схемасы ұсынылады:( 2 сурет). Бұл
схеманы жүзеге асыру үшін жекелеген қатысушылардың барлығы үшін –
(жұмысшылар, акционерлер, басқарушылар) түсініктің демократиялық
мүмкіндігін қамтамасыз ету топтардың арасындағы мүдде консолидациясы. Бұл
жерде жалпы мүдденің басты бағыты тұтас алғанда корпорацияның даму
мүддесіне сәйкес болуы тиіс. Қазіргі таңда корпорация қызметі көптеген –
Азаматтық кодекс, Еңбек кодексі, «Акционерлік қоғамдар туралы»,
«Кәсіпорынның ауқатсыздығы (банкроттығы)» туралы Заңдары мен нормативті
актілерімен, статистикалық есепке, т.б қатысы бар құжаттармен регламенттеледі.
Бұл құжаттардың әрқайсысында белгілі бір басқару не ұйымдастырушылық
шешімдерін
таңдау еркі, мүмкіндігі беріледі. Ал, мұның өзі арам ниетті
кәсіпкерлердің банкроттық ету, күйрету, әріптесті алдау және акционерлер мен
қызметкерлердің құқығын бұзу арқылы әлсіз кәсіпорынды тартып алып алуына
мүмкіндік береді.
Жоғарыда аталғандар корпорацияның жүйелі мәселелерін әрбір актілердің
әрқайсысына жеке өзгеріс енгізу жолымен шешілмейтіндігін көрсетеді. Осыдан
барып, корпорацияның экономиканың тұтас әлеуметтік-экономикалық
248
кәсіпкерлік субъектісі ретінде негізгі қызметін анықтайтын корпорация туралы
заң
дайындап, қабылдау қажеттігі туындағаны анық.
Кез келген тиімді басқару мен өндірістің жаңа технологияларын қолдануға,
өз жұмысында олардың сапалық өзгерістерін бейнелеуі тиіс. Р.Патюрель атап
көрсеткеніндей, «Батыс елдерінде 80-жылдар өнім сапасына күрес ұранымен, 90-
шы жылдарда онжылдық ұраны, өндірістік
процестердің реинжинирингі
принциптері онжылдықтардың ұраны, ал ғасыр соңының ұраны мен өтіп –
кәсіпорынды ұйымдастырудың желілі принциптеріне өту, орта өзгерістеріне
үйрену әдістерін іздеу жетекші тақырып болды.
Қазақстанда, біздің пікірімізше, бизнестің қазіргі даму кезеңі – корпоративті
құрылыс, басқарудың барлық деңгейіндегі корпоративті басқару принциптерін
толық қарқынмен меңгеру ұранымен өтуде. Бұл концепцияны жүзеге асыру үшін
мыналар қажет:
1. КБ өтпелі кезеңге тән моделінен оны құрудың халықаралық
принциптеріне негізделген қазіргі моделіне өту. Ұсынылып отырған КБ моделі
бағалы қағаздың
тиімді нарығын және маңызды, тәртіптелген менеджмент
индикаторларын: компаниялардың нарықтық құны, КБ нарығы, бақылаудың
болуын болжайды.
2. Экономиканың тұтас әлеуметтік экономикалық кәсіпкерлік субъектісі
ретінде оның қызметі нормалар мен негізгі принциптерін кешенді түрде
анықтайтын «Корпорация туралы» заңды дайындап, қабылдау; Бұл заң – оның
солқылдақ тұстарын пайдаланып, кәсіпорынды банкроттық күйрету арқылы,
серіктесті алдау, акционерлер мен қызметкерлердің құқығын бұзу, яғни
рейдерлік жасау арқылы тартып алу мүмкіндігін жою үшін, сондай–ақ тұтастай
алғанда корпоративті бизнес пен оның ұйымдастырылатын формалары және КБ
мүдделілердің бәрінің міндеттері мен құқықтарын нығайтып бекіту үшін қажет.
Талқылауға арналған сұрақтар:
1.
Қазақстандағы корпоративті басқарудың қазіргі кезеңдегі ерекшеліктері
қандай?
2.
Қазақстандағы корпоративті басқаруды дамыту үшін келесі кезекте
қандай қадамдар жасау қажет?
1.
Г.В. Косолапов Экономикалық қауіпсіздік және бизнес құнын басқару // Саясат,- 2007.- №1.-с.26
2.
Родыгин А., Ж. Сидоров Ресей экономикасы: жүз жылдық жалғыздық? // Экономика сұрақтары.
2000. №5 45-61 бет.
3.
Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына
Жолдауы. // Казахстанская правда, 02.03.2007.
4.
ОЭСР корпоративті басқару принциптері.
5.
Г.Клейнер Ресей кәсіпорындарын кім және қалай басқарады? 1 қарау.
6.
Р.Патюрель Желілік ұйымдастыру құрылымын жасау. // Басқару тәжірибесі мен теориясының
мәселелері.
249