Л. Я. Гуревич Халықаралық Бизнес академиясының жоғары оқудан кейінгі ғылыми- методологиялық орталығының директоры, т.ғ. д., социология ғылымының профессоры


 Тарау. Корпоративті басқару дегеніміз не?



Pdf көрінісі
бет16/193
Дата05.10.2022
өлшемі2.37 Mb.
#462018
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   193
Корпоративті-басқару-Қазақстандық-мазмұн-под-редакцией-С.Филина-книга

Тарау. Корпоративті басқару дегеніміз не?
С.А. Филин
Іскерлік әкімшілігі докторы. 
Корпоративті басқарудың анықтамасы
 
Корпоративті, яғни ұжымдық басқару (corporate governance) мекемедегі 
биліктің (governance) қалай құрылғаны және қалай жүзеге асырылатынымен 
байланысты атқарылады. Ұжымдық басқаруды корпорацияларды басқарумен 
шатастыруға болмайды. Ұжымдық басқарудың тақырыбы кең ауқымды. Атап 
айтарлығы, Қазақстанда акционерлік қоғам болып саналатын корпорацияда ғана 
емес, кез-келген құқықтық формадағы мекемедегі билікке де қатысты мәселе. 
Ұжымдық басқару теория және тәжірибе жүзінде фирмадағы билікті бөлу мәселесі 
сияқты агенттік мәселелерін талдаумен де айналысады. Оның мақсаты принципал 
мен агенттің арасындағы қарама-қайшылықты шешу. Классикалық теорияда 
принципал ретінде фирманың иесі, ал агент ретінде топ-менеджер шығады. Алайда 
принципалдың анықтамасы кейбір толықтыруларды қажет етеді. Заң тұрғысынан 
алғанда компанияның әрбір акционері меншік иесі болып табылады.
1
Нақты 
тұрғыда, оның ішінде Қазақстанда шешім қабылдауға, компанияның стратегиясын 
дайындауға тек ірі акционерлер ғана ықпал ете алады.
«Корпоративті басқару компанияның құрылымы мен қызметін басқару мен 
қадағалаудың процестеріне қатысты».
IFC 
«Корпоративті басқару компанияның басшылығы, оның директорлар кеңесі, 
акционерлер және басқа қызығушылық танытқан тұлғалар арасындағы бірнеше 
қарым-қатынасты қамтиды. Ұжымдық басқару сонымен қатар, компания 
қызметінің мақсаттарын белгілейтін және оның жетістікке жету тәсілдері және 
сонымен қатар оның нәтижелерін, бақылау тәсілдерін анықтайтын құрылымды 
қамтамасыз етеді». 
ҰБ ЭСДМ принциптері, 2004 
Осыған байланысты ірі акционерлер өздерінің құқықтарын компанияны 
бақылау арқылы жүзеге асырады, ал басқа акционерлер миноритарлар ретінде 
сипатталады, оларды дивиденттерді алу мен бағаның келесі қолайлы өзгеруі 
кезінде компанияның акцияларын сату қызықтырады деп жиі айтылады,
2
Осындай барлық жағдайда бақылаушы акционерлерде әртүрлі жағдайлар мен 
артықшылықтар болады, олар менеджментпен қарым-қатынасты өз беттерінше 
құрады, келесі бір жағдайда басқаруға белсенді түрде қатысып, ал екінші бір 
жағдайда Директорлар кеңесі арқылы басты шешімдерге бақылау жасайды.
3
Қазақстандық тәжірибеде акцияның ең көп пакетін иеленген негізгі акционер 
Директорлар кеңесінің төрағасы атанады және осындай тұрғыдан акционерлік 
қоғамның жұмысын басқарып, қадағалайтын жағдайлар жиі кездеседі. Компания 
33 


қызметінің тиімділігі мен оның ішіндегі ұжымдық басқарудың сапасы арасындағы 
байланыс жекелеген қиыншылық та туғызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет